Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет246/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

ды; сендерді көріп кеткелі келдім
Етістікті баяндауыш, əсіресе оны күрделендіруші етістік ту-
ралы барлық еңбектерде айтылып келеді. С.Аманжолов күрделі 
етістіктердің алты етістікке дейін де бола беретінін айта келіп, 
көмекші етістіктерге түйдектелетін шылаулардың да шылау-
лы болып кететін жəне аздап мағынаға ие болатыны бар деп 
бөліп көрсетеді. Бірақ автор қандай етістіктер көмекші ретінде 
жұмсалатынын ажыратып көрсетпейді. Осы авторлардың мек-
теп грамматикасында көмекші етістіктер ретінде жүр, бер, ба-
стау сияқты етістіктері ғана ескерілген. М.Балақаев көмекші 
етістіктер олардың негізгі етістіктерге қосатын мағыналарының 
бірдей еместігін бере баста, түс, ал; тұра тұр, бер, қал; шыға 
келді, бастады, қоймады, тұр, кіріп сияқты етістіктер арқылы 
көрсете білген. Автор көмекші етістік арқылы жасалған күрделі 
етістіктердің мағыналық тобын айқындауды мақсат ете келіп, 
оның бес түрін береді. а) -а, -е, -й тұлғалы көсемше + баста; 
ə) -ып, -in, -п, -а, -е, -й+қал, ал, бол, сал, жібер; б) -ып, -in, -п, -а, -е, 
-й+кет, отыр, тұр, жатыр; в) жүр, бер, түс, кел, бар, жəне, қой.
М.Балақаев мұнда, басқа авторларға қарағанда, біріншіден, 
көмекші етістіктерді мол қамтыса, екіншіден, оның көмекші 
етістіктердің қандай тұлғалы негізгі етістіктермен тіркесе 
алатынын да ескертуі орынды. Бірақ автор ондай күрделі 
баяндауыштардың бір-ақ түрін, яғни негізгі сыңары көсемшелі 
түрін ғана көрсетумен шектелген. Оның үстіне автор күрделі 
етістікті баяндауыштың жасалуында тек етістіктерді ғана сөз етіп 
қоймайды, сонымен бірге модаль сөздердің де қатысын дұрыс 
көрсетеді. И.Е.Маманов көмекші етістіктер туралы арнайы жазған
еңбегінде көмекші етістіктердің үш тобына: а) ет; ə) отыр, тұр, 
жүр, жатыр; б) ал, бер, жібер, көр, қал, сал, қой, кет, түс, шық, тұр, 
жазда, таста, ұса, (ұқса), бол, бар, кел етістіктеріне тоқтала келсе 
де, олардың ішкі ерекшеліктеріне бара алмайды. Арнайы зерттеу 
барысында көмекші етістіктерге мыналар жатады: 1) е жəне де 
көмекші етістіктері. Бұл етістіктерді арнайы көмекші етістік деп 
айтуға болады. 2) Отыр, тұр, жүр, жатыр. Бұл етістіктер бірде 


496
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
негізгі мағынаға ие болса, бірде көмекшілік қасиетке ие болады. 
Осы ерекшелігіне сəйкес оларды ауыспалы мағынадағы көмекші 
етістіктер деу орынды. Үшінші топтағы етістіктерге лексикалық 
мағынасы өз алдына бар, бірақ негізгі етістікпен тіркескен кез-
де ол мағынасы күңгірттеніп, ал негізгі мағына негізгі етістікте 
қалады. Сонда, бір етістіктің өзі бірде негізгі мағынаға ие бол-
са, енді бірде көмекшілік қызметке ие болып отырады. Көмекші 
қызметке ие болған етістік енді өзіндегі бұрынғы мағынасын дəл 
бере алмай, көмекшілік қасиетке ие болады. Кейде көмекші болып 
отырған етістіктеріміз негізгі етістікпен орын ауыстыру барысын-
да негізгі етістікке де айналып кете береді. Екіншіден, көмекші 
сыңарлар таза етістікті ғана емес, модаль сөздермен де бірлікте 
келеді. Тым-ақ оңбай жығылсам керек, мұз да шатұр-шұтыр ете 
қалды, қарақұсымның қатты соғылғанына төзе алмай, жарылып 
кеткен тəрізді (X.Ерғалиев). Өне бойы соққы жеген кісідей мыл-
жа-мылжа. Кейде Абай жүріп келе жатқан сияқты емес. Жолдың 
екі жағы тау сияқты да, сол таулар, жартастар бұған қарай өздері 
сырғып, жылжып, қиыс өтіп келе жатқан сияқты (М.Əуезов). 
Осы іспетті таза модаль сөздердің өздері де кейде қабаттасып 
келіп жұмсала береді: Бақшадағы шат-шадыман сайранның ажары 
кіре түсу үшін, менің үнім қосылу керек сияқтанды (С.Мұқанов). 
Ол бүгін алған заттарын бере бастады. Ол бүгін концертті бастап 
береді – деген күрделі баяндауыштардағы беру, бастау етістіктері 
контекске қарай ауыса береді. Мұндай құбылыс барлық етістікке 
тəн. Сондықтан əр автордағы он-он бес лексикалық мағынасы бар 
етістіктер ғана көмекшілік қызметте жұмсалады деп, олардың 
аясын тарылту орынды дей алмаймыз. Яғни күрделі баяндауыш-
тың құрамын ажырату – əлі біржақты.
Көмекшілік қызметте жоғарыда айтылған тек осы үш топ-
ты етістіктер ғана қатысып қоймайды. Сонымен бірге түрлі мо-
даль сөздер (керек, сияқты, тəрізді, секілді), бар, жоқ сөздері де 
қатысты. Бұл соңғы күрделенуші элементтер де əдеттегі етістікті 
көмекші етістіктер сияқты күрделендіруші қызметте жұмсала 
келіп, негізгі етістікке əртүрлі реңктер қосады. Мысалы: Нұржан 
келемеждеп жүрген сияқты (З.Шашкин). Осындағы сияқты 
модаль сөзін алып тастап айтуға болады. Ондай кезде сөйлем 
Нұржанның келемеждеп жүргенін, яғни бір уақытта айтып қана 


497
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
қойды деп ұғуға да болады. Енді модаль сөзінің тіркесі арқылы 
айтқанда Нұржанның əлі де келемеждеуін қоймағанын, тіпті кім 
біледі, жалғастыра беруі де мүмкін екенін білдіреді. 
Əрине, негізгі сыңарлары етістік пен көмекші сыңары таза 
етістіктен (оқыған еді, оқитын болар, оқып отыр) жасалған күрделі 
баяндауыштарды етістікті деп айту орынды, ал оқыған сияқты, 
айтып бар, көргенім жоқ сияқты негізгі сыңары етістіктер де, 
көмекші сыңарлары модаль сөз, бар, жоқ сөздері етістікті не-
месе аралас құрамды күрделі деп айтқанымызбен, əрқайсының 
мағыналық өзгерісі ойлануды қажет етеді. Көмекші сөздер негізгі 
сыңарда əртүрлі реңктер беретіні туралы еңбектерде айтылуда. 
Ол пікірлерге біз де қосыламыз. Негізгі сөз бен көмекші сөздердің 
ондай мағыналық топтары бір ғана көмекші етістіктердің кө-
мекшілік қызметі барысында айтылып жүр. Ал зерттеу барысын-
да мынаны да анық байқауға болады. Біріншіден, таза етістікті 
сөздердің өзі де қабаттасып келуінен күрделі баяндауыш жасала-
ды. Мысалы: үйге кірдім де шықтымайттым болды; оның бұл 
жүрісі мағынасыз, келді кетті, т.б. Толық мағыналы етістіктерден 
болған бірыңғай мүшелі баяндауыштар да тілімізде мол кездеседі. 
Сол сияқты таза көмекші етістіктердің өздері де қабаттасып келе 
береді де, баяндауыштың мағыналық жағын күрделендіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   242   243   244   245   246   247   248   249   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет