Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет247/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Есімді баяндауыш
Əрбір сөз табының лексикалық мағынасымен бірге олардың 
өзіне қатысты синтаксистік қызметтері болатыны анық. Сол əрбір 
сөз табындағы синтаксистік қызмет, шындап келгенде, оның 
бір өзіндік ерекшелігі болып табылады. Зат есім көбіне баста-
уыш, толықтауыш; сын есім, сан есімдер – анықтауыш, етістік –
баяндауыш, үстеулер – пысықтауыш қызметінде жұмсалуы – 
олардың негізгі ерекшелігі. Дегенмен бір сөз табы тілдік 
қолдануда үнемі ол қасиетке ие бола бермей, басқа да синтаксистік 
қатынастарға ие бола беретіні қазіргі кезде жалпы ғылыми 
əдебиетте танылған пікір. Бұған қарағанда, əрбір сөз табының ар-
найы жəне ретіне қарай басқа да сөйлем мүшелерінде жұмсалуы 
айқын. Осы ерекшелік арқылы бір сөз табындағы синтаксистік 
қызмет екінші басқа сөз табының қызметіне ауыса береді.


498
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Баяндауыш қызметінде арнайы жұмсалатын сөз табы – етістік. 
Бірақ етістік үнемі баяндауыш қызметінде жұмсалып қоймай, басқа 
да, яғни жоғарыдағы принципке сай анықтауыш, пысықтауыш, 
толықтауыш, тіпті бастауыш қызметтерінде де жұмсала беретіні 
белгілі. Осы іспетті баяндауыш қызметінде басқа да сөз таптары 
жұмсалуы айқын. Ол көбіне бір сөз табына ғана қатысты емес, 
бірнеше сөз табы да бола алады. Соның үлкен бір тобы – зат 
есім, сын есім, сан есім жəне есімдік, үстеу, еліктеуіш жəне басқа 
сөз таптары. Соның бірінші үлкен тобы есімдердің баяндауыш 
қызметінде жұмсалуы бірізді болғандықтан, есімді баяндауыш 
деп жүрміз. Əрине, есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы 
олардың негізгі қасиеті болмағанымен, сөйлемде олар қалайда 
баяндауыш бола береді. Бірақ есімдер негізінде сөйлемде басқа 
сөйлем мүшесі бола отырып, енді олардың баяндауыш сөйлем 
мүшесі болуы үшін өзіндік ерекшеліктері де əсер етуі тиіс. 
Сөйлемді тиянақтау процесінде етістік басты тұлға да, басқа 
топтары оның бағыныңқы сыңары ретінде жұмсалуы арқылы 
синтаксистік қызметке ие болады. Ал енді сөйлемде бастауыш, 
толықтауыш болатын зат есім, есімдік, анықтауыш қызметінде 
жұмсалатын сын есім, сан есімдер енді баяндауыш қызметіне 
ауысқан кезде олардың бұрынғы өздеріне тəн табиғи орын тəртібі 
өзгеріске ұшырайды. Жалпы алғанда, зат есім, сын есім, сан есім, 
есімдіктер сөйлем ішінде анықтайтын затының алдында тұрса, енді 
олар баяндауыш болу үшін сөйлемнің соңында келуі керек. Бұл сөз 
таптары сөйлем соңында келуі арқылы сөйлемді тиянақтап тұра 
алады. Сондай-ақ есімдер сөйлем соңында келіп баяндауыш болған 
кезінде, тұлғалық жағынан əдеттегі қолдану ерекшеліктеріне, 
яғни морфологиялық жағынан бұрынғы қалпымен салыстырғанда 
өзіндік өзгерістері де болады.
Есімді баяндауыш туралы айтылып та келе жатыр. Деген-
мен есімді баяндауышқа қатысты мына жайттар тереңдей түсуді 
қажет етеді: 1) Есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуының 
ғылыми əдебиеттердегі берілу дəрежесі; 2) Есімдердің баянда-
уыш қызметінде жұмсалуындағы тұлғалық ерекшеліктері; 3) Есім-
ді баяндауыштардың жасалуында есімдердің ішкі ерекшеліктері; 
4) Есімдердің баяндауыш қызметіндегі сұраулары; 5) Есімдердің 
баяндауыш қызметіндегі мағыналық ерекшеліктері. Біріншіден, 


499
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік сөз таптары баяндауыш 
қызметінде жұмсалады делінсе, екіншіден, оларды есімді, етістікті 
баяндауыштар деп топтап береді. Ол туралы басқаша айтатын-
дай сөз болмаса керек. Сонымен бірге есім сөз таптары да белгілі 
дəрежеде сөйлемді тиянақтау барысында баяндауыш қызметінде 
жұмсала береді. Біраз есімдердің баяндауыш қызметінде жұмсалуы 
барысында өзара ерекшеліктері бар екені айқын.
Қазақ тіл біліміндегі зерттеу еңбектерде есімдердің баяндау-
ыш қызметінде жұмсалуының тұлғалық ерекшеліктері де сөз бо-
лып отырады. Бұл еңбектерде есімдердің баяндауыш болуының 
өзі түрліше. С.Аманжолов, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, М.Томанов 
есімдердің баяндауыш болуын нақтылы көрсетсе, Ə.Нұрмаханова 
есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалады дегенмен, олардың 
ішінен тек зат есімнің баяндауыш болуын көрсетумен шек-
телген. С.Аманжолов етістік, зат есім, сан есім, сын есім, үстеу 
жəне есімдіктер баяндауыш болатын сөз таптары деп береді 
де, бірақ оларды іштей етістікті, есімді деп бөліп көрсетпейді. 
Бұл сөз таптарының баяндауыш болуын дұрыс көрсете келіп, 
оның өзі екіжақты, яғни алдымен зат есім, сын есім, сан есім 
жəне есімдіктердің баяндауыш болудағы қасиеті жəне олардың 
əрқайсысының баяндауыш болуын жеке түрде арнайы мысалдар-
мен дəлелдеген. Н.Сауранбаев баяндауыш болатын сөздер алды-
мен етістіктер, одан кейін есімдер дей келіп, автор арнайы түрде 
етістікті баяндауыштар, есімді баяндауыштар деп бөліп, алғашқы 
авторларға қарағанда есімдерге есімдікті де жатқызады. Автор 
сонымен бірге осылармен тең дəрежеде баяндауыш болатын сөз 
табы ретінде үстеуді де жатқызады, бірақ оның баяндауыштың 
қай тобына қатыстылығын көрсетпейді. М.Балақаев бұл мəселеге 
1949 жылы шыққан мектеп грамматикасынан бастап-ақ көңіл 
бөліп, есімді баяндауыштардың тұлғасына да баса назар аударады. 
Осы пікірін 1954 жылы академиялық грамматикада жəне «Қазіргі 
қазақ тілі» еңбектерінде де əрі қарай жалғастырды. Осы іспетті 
пікірлер Р.Əміров, Ə.Нұрмаханова еңбектерінен орын алған. 
Мұны сөз таптары бойынша көрсетсек мынаны байқауға бо-
лады. С.Аманжолов зат есімдер нөлдік тұлға мен жатыс, шығыс, 
кейде диалогті сөзде көмектес септігі арқылы жасалуын көрсетсе, 
мектеп грамматикасында жіктік жалғауы арқылы да жасалады деп 


500
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
береді. Н.Сауранбаев, М.Томанов зат есімдер нөлдік тұлғада жəне 
жіктеліп қана жұмсалады десе, М.Балақаев зат есімдер нөлдік, 
көптік, жіктік, септік (жатыс, шығыс) жəне тəуелдік жалғауы 
арқылы жұмсалады дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет