597
Қазіргі қазақ тілі
Барыс, шығыс, көмектес, кейде жатыс септіктерінде айты-
лып, сын есіммен тіркесетін сөздер толықтауыштық қатынаста
жұмсалады:
Жуас түйе жүндеуге жақсы. Қаршыға, бүркіт
тазалыққа үйір,
қарақұс, күшеген өлексеге үйір (Мақал).
Өнімсіз іске шеп-шебер (Абай).
Көңілсіз құлақ ойға олақ (Абай).
Істегенің еліңе жақсы, үйренгенің өзіңе жақсы. Жақсы –
ісімен
жақсы (Мақал).
2. З а т е с і м д е р . Зат есімдердің ішінде
ағаш, тас, көмір
сияқты атаулардан гөрі
күш, бай, сын сияқты абстракт зат есімдер
баяндауыш қызметінде сөз тіркесінің меңгеруші (басыңқы)
бөлшегі болып көп жұмсалады.
Елім менің жерге бай. Айдынды шалқар көлге бай (Жамбыл).
Қашпақ, қумақ –
ерге сын,
көшпек, қонбақ –
жерге сын (Мақал).
Сендер бір-біріңе қонақсыңдар (Ғ.Мұстафин).
Білгенге маржан,
білмеске арзан, надандар баһра ала алмас (Абай).
3. З а т т ы ң к ү й і н б і л д і р е т і н е с і м д е р .
Бар, жоқ, көп,
аз, мəлім, бəрібір, мүмкін тəрізді заттың əр алуан күйін білдіретін
есімдер сөз тіркесінің құрамында басыңқы болып көбірек айты-
лады:
Достарыңызбен бөлісу: