Талғат сайрамбаев


қарқ күлді (Ғ.Мұстафин). Аспан салдыр-гүлдір құлап келе



Pdf көрінісі
бет313/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   332
қарқ күлді (Ғ.Мұстафин). Аспан салдыр-гүлдір құлап келе 
жатқандай болды (Ғ.Мүсірепов). Аяқ бассаң (ол жердің) сортаң 
суы шып-шып шығып жатады (Ə.Сəрсенбаев).


605
Қазіргі қазақ тілі
Еліктеуіш сөздерге етіп, еткізіп түбірлес көмекші етістіктердің 
жалғасуы арқылы олардың негізгі етістіктермен тіркесу 
қабілеті арта түседі. Бұл жағдайда да ондай сөз тіркестері амал 
пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Мария апайдан басқаның бəрі де мырс етіп күліп жіберді
Қара теңіз бұрқ-бұрқ етіп қайнап жатқандай. Əлдеқайдағы 
біздің екі көк қырғи жарқ етіп көріндіҚұлағыма дүрс-дүрс етіп 
аспан жүрегінің соққаны естіледі. Оқтардың гүрс етіп түсіп, 
гүр етіп жарыла бастағаны естіле бастады. Семен бір темір 
қалпақты сақ еткізіп төбеден ұрып жіберді (Ғ.Мүсірепов).
§31. Көсемшелі сөз тіркестері
Көсемшелер – синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге 
ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік 
қасиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау 
тұрып, күрделі мүшенің, мысалы, баяндауыштың құрамында, со-
нымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байла-
нысып пысықтауыштық қатынаста да айтылады.
Соңғы екі жағдайда да көсемшелік тұлғалар бір етіс-
тікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде 
жұмсалады. Солай болғандықтан, көсемшелер тек етістіктерге 
қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың 
етістіктермен тіркесу қасиетін мынадан көруге болады: етіс-
тіктердің модальдық, шақтық, т.б. мағыналарын түрлендіру үшін 
немесе əртүрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу үшін етіс-
тіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің үстіне бірі жамалып, 
өзара қат-қабаттала береді. Мысалы: асықпай оқыды – асықпай 
оқып отыр еді – асықпай оқып кетіп бара жатыр еді; осылардың 
ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауыш мүше қызметінде дер-
бес қолданылған да, қалған көсемшелер тұтас бір түйдекті тіркес 
құраған. Кейде осы тəрізді қат-қабатталудың нəтижесінде бір 
сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын тіркес құрамында бес 
етістік, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын 
тіркестер құрамында одан да көп етістік болады. Мысал үшін мына 
төмендегі тіркестерге назар аударайық: 1. Жүгіріп кету, жүгіріп 
кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді. 2. Асықпай 
оқып отыр, асықпай оқып отыра береді. 3. Асығып оқып кетіп 


606
Қазіргі қазақ тілі
бара жатып, сүрініп кетіп жығылып қала жаздап еді. Соңғы 
мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар құраған: 
соңғы төрт сөз баяндауыш қызметінде (жығылып қала жаздап 
еді), қалған үш топ əртүрлі пысықтауыш қызметінде айтылған: 
1) асығып оқу; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; 3) сүрініп кетіп 
жығылу.
Мұндай мысалдар қазақ тіліндегі көсемшелердің етістікті 
сөз тіркестерін құрауда ерекше икемділігі барлығын дəлелдейді. 
Көсемшелер таза етістікті сөз тіркестерінің көп кездесетін топтарын 
құрайды. Кез келген негізгі етістік мұндай сөз тіркесі құрамында 
не бағыныңқы, не басыңқы сыңар қызметінде жұмсала алады. 
Мысал үшін мына сөз тіркестерінің құрамына көз жіберейік: қуып 
жету, қуып жетіп озу, түсініп сөйлеу. Бұл мысалдағы бағыныңқы 
көсемшелерді мына мысалдағыдай басыңқы етіп айтуға болады: 
ойқастата қуу, бастырмалата қуып жету, оқып түсіну.
Көсемшелердің етістіктермен тіркесуі олардың тұлғасы мен 
мағыналық үйлесіміне байланысты болады. Мысалы, сөйлеу 
етістігімен кісінің ішкі, сыртқы күйін білдіретін көсемшелер ғана 
тіркесе алады: ашуланып сөйлеу, ызаланып сөйлеу, күлімсіреп 
сөйлеу, қылмыңдай сөйлеу, қызараңдап сөйлеу, қутыңдап сөйлеу, 
күле сөйлеу, күліп сөйлеу, қылымси сөйлеу, назданып сөйлеу, біліп 
сөйлеу, түсініп сөйлеу, жақтырмай сөйлеу, ұнатпай сөйлеу, сас-
пай сөйлеу, қорқып сөйлеу, отырып сөйлеу, қырылдап сөйлеу, 
ентігіп сөйлеу, т.б.
Осы келтірілген мысалдардан көсемшелер мен етістіктерден 
құралатын сөз тіркестерінің аясы кең екенін аңғаруға болады. 
Бұдан кез келген көсемшені кез келген етістікпен тіркестіре салуға 
болады деген түсінік болмауы керек. Мысалы, ентіге жүгіру, 
асыға жүгіру, таяқ ала жүгіру, ақсаңдай жүгіру – əбден табиғи 
байланыстағы жарасымды тіркестер. Ал жүгіру етістігімен сызы-
лып, жүре көсемшелерін тіркестіру оғаш болар еді.
Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде 
көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте 
-ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады 
да, -а//-е//-й тұлғалы көсемшелер сиректеу, ал -ғалы//-гелі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет