Талғат сайрамбаев


Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері



Pdf көрінісі
бет307/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы əр-
түрлі болады. Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер: үстеу-
лер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, 
жалғаусыз зат есімдер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есім-
діктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қа-
шан келеді? не алды тəріздес сөз тіркестерін құрайды. Қ а б ы -
с а б а й л а н ы с қ а н етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңар-
дың ыңғайына қарай: 1) ү с т е у л і с ө з т і р к е с т е р і ; 2) е л і к -
т е у і ш с ө з д і с ө з т і р к е с т е р і ; 3) к ө с е м ш е л і с ө з т і р -
к е с т е р і ; 4) с ы н е с і м д і с ө з т і р к е с т е р і ; 5) с а н е с і м д і 
с ө з т і р к е с т е р і ; 6) з а т е с і м д і с ө з т і р к е с т е р і деген алты 
топқа бөлінеді.
§29. Үстеулі сөз тіркестері
Үстеулерді қимыл процесімен байланыста айтылатын сөздер 
деп қараймыз, сондықтан оларды етістіктермен тіркесу үшін 
қолданылатын сөздер деуге болады. Үстеулер етістіктердің ал-


599
Қазіргі қазақ тілі
дында қабыса байланыста өте жиі кездесетіндіктен, ондай сөз 
тіркестеріне ерекше назар аудару керек. Үстеулер етістікті сөз 
тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынаста, мезгіл, ме-
кен, себеп, мақсат, т.б. мағыналарда жұмсалады.
Мұндай сөз тіркестерін екі топқа бөлген жөн: а) негізгі үстеулер 
қатысты сөз тіркестері; ə) туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері.
Н е г і з г і ү с т е у л е р қ а т ы с т ы с ө з т і р к е с т е р і . Негізгі 
үстеулер деп қазіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп-жаруға 
келмейтін үстеулерді айтамыз (кеше, қазір, енді, жаңа, ертең). 
Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолы-
мен құралған сөздер, мысалы, бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл), 
қосарлы оқта-текте, жол-жөнекей, жалма-жан тəрізді үстеулер 
де жатқызылады. Негізгі үстеулер мен етістіктерден құралған сөз 
тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады:
М е з г і л д і к . Бұл мағынаны білдіру үшін мезгіл үстеулері 
етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Қазіргі 
қазақ тілінде мезгіл үстеуі тіркеспейтін бірде-бір етістік жоқ деу-
ге болады. Оның себебі мынада: етістіктің шақты білдіруі – оның 
басты қасиетінің бірі. Үш шақтың бірінде айтылған етістіктің сол 
шақтық мағынасын дəлдеп, айқындай, толықтай түсетін сөз – 
мезгіл үстеулері.
Етістіктермен қабыса байланысатын мезгіл үстеулерінің сөз 
тіркестері құрамындағы орын тəртібі еркін болады. Мезгіл үстеуі 
етістікпен қатар тұрып та, арасына сөз салып тұрып та байланыса 
береді. Өйткені мезгіл үстеулері сөйлемнің қай жерінде тұрмасын, 
тек өздері қатысты етістіктермен ғана тіркесе алады, сын есім, 
сан есім, есімшелер сияқты қай сөздің алдында тұрса, сол сөзге 
қатысты болып қалмайды. Сондықтан кеше келді, жаңа білдім 
тəрізді сөз тіркестерінің арасына есімдер қойып, үстеуді етістіктен 
қашықтатуға болады: Кеше қарындасым қаладан келді. Жаңа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет