600
Қазіргі қазақ тілі
Гудок бүгін бұрынғысынан ұзағырақ айқайлаған тəрізді
(М.Горький).
Мен кеше Щербаковпен сөйлестім (Ғ.Мұстафин).
Ерте туып, кеш қалған (Мақал).
Қожаш кеш келіп,
ерте кетуші
еді (С.Көбеев).
Ол күндіз де, түнде де ағаштарды өсірудің қамын
ойлады (А.Барагин).
Керуен тартып, шұбатып, Астық тиеп
күндіз-түн (Ж.Саин).
Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір
əдемі тарғыл тазы ертіп келді (М.Əуезов).
Биыл, былтыр, жылда, жылма-жыл, қысы-жазы, күзде тəрізді
үстеулер қатысты сөз тіркестері ж ы л м е з г і л і к е з е ң д е р і н
көрсетеді.
Жеңіп ем былтыр ғана Арғынбайды,
Осы үйде домбырасы даңғырлайды.
Жылда осылайша... Бірнеше айды бірге өткізуші еді
(М.Əуезов).
Жаңа, енді, əуелі, енді-енді алдымен үстеулері
етістіктермен
тіркесіп, істің алғашқы кезеңін білдіреді.
Біз жаңа соның себебін біліп келдік (М.Иманжанов).
Өйткені
келген почтаны алдымен өзі тексереді («Жұлдыз» журналынан).
Ұдайы, үнемі, ылғи, ұзаққа үстеулері етістікті сөз тіркестерінің
құрамында жұмсалып, істің с о з ы л у м е р з і м і н білдіреді:
Бұл екі ауылдың арасында мұндай қақтығыс ұдайы болып
Достарыңызбен бөлісу: