Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет315/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

күле қарайды (Ғ.Сланов). (Ол) қуаныш ете қарап отыр (М.Əуе-
зов).
Кейде -ғалы//-гелі, -қалы//-келі жəне -а//-е тұлғалы көсем-
шелер өздеріне қатысты болатын есімдермен бірге сөз тіркесінің 
құрамында қимылдың м а қ с а т ы н білдіреді:
Айғырды Шығайбай үйірге салғалы... құлын алғалы алыс-
тағы елден алдырыпты (Алдар Көсе əңгімелері). Базаралы 
Құнанбайға сəлем бере келген-ді... (М.Əуезов). Достық білдір-


608
Қазіргі қазақ тілі
гелі келдік, – деді Қожекең (Ғ.Мүсірепов). Сен маған сəлем бере 
келген шығарсың? (М.Əуезов).
-ғалы//-гелі, -қалы//-келі жəне -а//-е тұлғалы көсемшелер-
мен келген тіркестер күрделі не үйірлі мүше қызметінде мезгілдік 
қатынаста жұмсалады:
Ел жата Олжабек көше жөнелген (Ғ.Мұстафин). Осы сəлемді 
ести сала Базаралы атқа мінген (М.Əуезов).
Қос сөз түрінде келген көсемшелер етістіктермен тіркесіп, 
қимылдың дүркінділігін, созыңқылығын білдіреді:
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың (Мақал). Ұрыны ұрып-
ұрып үйден қуып жіберіпті (Алдар Көсе əңгімелері). (Ол) ... 
тəтті талқанды аузын толтыра-толтыра асады (Ғ.Мұстафин). 
Сары тазы енді таңғалып тұрып-тұрып, ақырында Абай ұзап 
кете бастаса, тынышсызданып, үре бастайды (М.Əуезов).
Бұлардың барлығы көсемшелердің мағыналық жағынан да, 
тұлғалық жағынан да етістіктермен қ а б ы с у жолымен тіркесіп, 
етістікті сөз тіркестерінің ең көп таралған тобын құрайтындығын 
дəлелдейді.
§32. Сын есімді сөз тіркестері
Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі – сирек кездесетін 
құбылыс. Барлық сын есім етістіктермен тіркесе бермейді, барлық 
етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер 
етістіктермен тіркескенде, қимылға не күйге тəн қасиетті, сапаны 
білдіреді. Барлық етістік бірдей ондай сапалық пысықтауыш болу-
ын керек етпейді.
Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан 
көп емес, тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау 
қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты 
кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тəрізді 
сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланы-
ста бола алады.
Сапалық сын есімдердің ішінде мұндай етістікті сөз тіркес-
терінің бағыныңқы сыңары болады: жақсы, жаман, қатты, 
ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ, т.б. Мысалы, жақсы сөйледі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет