Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет310/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

тез-тез қайталап жіберді (Ғ.Мүсірепов). Ол ақырын ғана жол 
үстіне қисайып отыра кетті де, қайта тұрды (Ғ.Мүсірепов). 
Абай ақырын аяңдап, əкесінің үйіне келді (М.Əуезов). Біреулер 
қатты-қатты қарқылдап, біреулер ақырын ғана ыржияды 
(Ғ.Мұстафин). Мұрат жалма-жан қалтасындағы 20 тиынды 
алды ... артынша кілт тұрып қалды (М.Иманжанов).
Кенеттен, етпетінен, шалқасынан, қолма-қол, көзбе-көз, 
тікелей, зорға, əрең, босқа, əбден тəрізді сын-қимыл үстеулері 
етістікті сөз тіркестерінің құрамында қ и м ы л д ы ң б о л у 
т ə с і л д е р і н білдіреді. Мысалы: кенеттен шыға келу, етпетінен 
құлау, қолма-қол беру, көзбе-көз сөйлесуБайжан əбден ұзап кет-
кен соң, əйел де үйге қарай беттеді (Ғ.Мүсірепов). Шойынқұлақтың 
кірпігі əрең қимылдайды («Ер Төстік»).
Көп, аз, талай, бірталай, анағұрлым, мұнша, бастан-аяқ, 
біржолата тəрізді сан-мөлшер үстеулері етістіктермен тіркесіп, 
анықтауыштық-пысықтауыштық қатынасқа түседі.
Қожаш бастан-аяқ барлық сырын айтты. Ертең біржолата 
қайтамыз (С.Көбеев).
Үстеулер кейде күрделі болып келеді:
Келесі жылы құрғақшылық болса қайттің? (Ж.Тілеков). 
Алдыңғы күні ақтар Фортқа жақындап қалған (В.Вишневский). 
Əбіш келер жылы оқуын тамамдап қайтатынын айтты 
(М.Əуезов). 
Т у ы н д ы ү с т е у л е р қ а т ы с т ы с ө з т і р к е с т е р і . Басқа 
есім сөздерге – -ша//-ше, -дай//-дей, -сыз//-сіз, т.б. аффик-
стер жалғану арқылы туынды үстеулер жасалатыны белгілі. Ол 
аффикстердің соңғы екеуі қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем 


602
Қазіргі қазақ тілі
құрамында пысықтауыш мүшелердің де қызметін атқара береді. 
Қатыстық сын есімдер ондайда үстеуге айналып кетпейді. Ондай 
тұлғадағы үстеуге айналған сөздер көбінесе етістіктермен тіркесте 
жұмсалады.
Туынды үстеулер мен етістіктен құралған сөз тіркестері əртүрлі 
а н ы қ т а у ы ш т ы қ - п ы с ы қ т а у ы ш т ы қ
қ а т ы н а с т а р д а 
жұмсалады: -ша//-ше қосымшалы үстеулермен (биылша, бүгінше, 
қазірше, ізінше, артынша) келген сөз тіркестері қимылдың əртүрлі 
мезгілдік кезеңдерін білдіреді. Бұл үшін ол үстеулер көбінесе 
қимыл етістіктерімен тіркеседі: биылша барма, бүгінше тоқтай 
тұр, əзірше жүрмеймін, ізінше кейін қайт, артынша қарадым.
Қабашбай, ізінше қалаға тарт (Ғ.Сланов). Бүгінше демал, 
ертең Қызылжарға аттанатын бол! (Ж.Тілеков). Бүгінше жат-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет