Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет317/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

сатерек екі жауады (Мақал). Ит бір сүрінсе, қырық сүрінеді 
(Мақал).
Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-əрекеттің ш а -
м а м е н а л ғ а н д а ғ ы қ а р қ ы н ы н білдіреді:
Би-болыстар екі-үш қонып... ауылнайға қарай кетті (С.Кө-
беев). Қожаш та қамшымен Шалқанды бір-екі тартып өтті 
(С.Көбеев).
Сан есімдер етістікті сөз тіркесі құрамында рет, дүркін 
сөздерімен қосарланып, қимылдың д ү р к і н д і л і к д ə р е ж е с і н 
көрсетеді:


610
Қазіргі қазақ тілі
Ғайша бірер рет көзінің астымен Қожашқа қарап қойды
Шалқан Жүністі қамшымен екі-үш рет сілтеп өтті (С.Көбеев). 
Бұл мəселе обкомда бірінші рет қаралғанда, аудан өкілі боп 
Рахмет те қатынасты (С.Мұқанов). Бейсен екі дүркін сөйлеп 
үлгерді (Х.Ерғалиев).
Сан есімдер есе сөзімен қосарланып келіп, етістіктермен 
тіркескенде, қимылдың сандық тұрғыдан д а м у д ə р е ж е с і н біл-
діреді:
Жұмыс аумағы үш есе ұлғайды (Ғ.Мұстафин). Олар жоспар-
ды бірі үш есе, бірі бес есе орындады (Ғ.Мұстафин).
Мезгіл мағыналы есімдер мен сан есімдер тобы етістіктер-
мен тіркесіп, к ү р д е л і с а н м ө л ш е р і н білдіреді: алты ай із-
деді, бес километр жүгірді, он сағат істеді. Мұндай сөз тір-
кестерінің сан-мөлшерлік мəні көбінесе мезгілдік, мекендік бо-
лады: Ауылдастар бір төбені бір ай қазды (Х.Ерғалиев). Бұлар 
байдың үйінде екі-үш күн жатты (С.Көбеев). Иванов 10 минут 
сөйледі (Ə.Нұрпейісов). Жомарттың жоспарын Жанат сегіз 
күн ұстады (Ғ.Мұстафин). Үш адым алға кетті. Он километр 
жүгірді.
§34. Зат есімді сөз тіркестері
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы 
зат есімді тіркестер болады. Зат есімдер сабақты етістіктермен 
қабыса тіркесу арқылы əрі мағыналық, əрі грамматикалық тығыз 
байланыстағы сөздер тобын құрайды. Сөз тіркестерінің бұл түрі 
тура объектілік қатынаста жұмсалады. Жалғаусыз табыс септіктегі 
зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте 
қайнасқан байланыста тұрады. Мысалы: жер жырту, киім тігу, 
бала оқыту, кітап оқу, мылтық ату, қымыз ішу.
Кейбір зат есімдер етістіктермен бір тіркесте жиі қолда-ны-
луының нəтижесінде жəне керісінше, өздерінің бұрынғы дер-
бестігінен айырылып, түйдекті тіркес қалпында баяндауыштың 
не басқа бір мүшенің құрамына еніп кетеді. Мысалы: сөз сөйлеу, 
темекі тарту, орақ ору, жол жүру, төсек салу.
Мұндай тіркестердегі зат есімдер, сырт қарағанда, қимыл-
дың объектісі болып көрінгенімен, қолдану тəжірибесінде табыс 
жалғауын қабылдамайды. Ал жоғарыда келтірілген (жер жыр-


611
Қазіргі қазақ тілі
ту, киім тігу, т.б.) зат есімдер табыс жалғаулы болып та неме-
се жалғаусыз да жұмсала алады. Бұл ерекшелік алдыңғылардың 
(сөз сөйлеу, орақ ору) құрамындағы сөздердің тығыз байланысты 
екенін, дербестігінің жоқтығын көрсетсе, соңғылардың (жер жыр-
ту, киім тігу) оларға қарағанда, арасының алшақтығын аңғартады.
Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сөз тіркестерін 
тіркесу ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлуге болады:
1. Н а қ т ы л ы з а т е с і м д е р д і ң қ и м ы л д ы , қ о з ғ а л ы с т ы 
б і л д і р е т і н е т і с т і к т е р м е н т і р к е с і . Мысалы: ағаш кесу, 
пішен ору, таяқ ұстау, ет турау, гүл отырғызу, шам жағу, тері 
илеу, үй салу, кілем тоқу.
Шанаға екі қап сұлы сал, толтыра шөп сал (Ғ.Мүсірепов). 
Қыз-келіншек үй тігер (Абай). Жақып өз бөлмесінде жантайып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет