§36. Табыс жалғаулы сөз тіркестері
Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер – сабақты
етістіктер. Қазақ тілінде сабақты, салт етістіктердің тұлғалық
айырмашылықтары болмағанымен, олардың мағыналық ерек-
шеліктерін табыс жалғаулы есімдердің олармен тіркесе алатын не
тіркесе алмайтынына байланысты айыруға болады. Мысалы, кес,
ұр, шал, ал, бер, шақыр, сұра, сой, қама, жаз, оқы, бас, сана, та-
ста, көзде, қолда, тыңда, жібер, қала, жама, тік, іш, же сияқты
кісінің қимыл-əрекетін, ісін білдіретін етістіктер сабақты болады
да, күл, қуан, қайғыр, жыла, шошы, есіне, жалық, ауыр, терле,
тоң, шомыл, тырыс, шаттан, масаттан сияқты кісінің көңіл
күйін білдіретін жəне маңыра, ұлы, бозда, кісіне, мөңіре, сайра,
тула, ақса, ойнақта, жоғарыла, жел, жорт, күркіре, жымыңда,
аһыла, уһіле, жылтыңда сияқты заттың қимылдық күйін білдіретін
етістіктер салт болады. Бұларға етіс жұрнақтары жалғанып,
сабақты етістік салтқа, салт етістік сабақтыға ауыса береді:
С а л т
С а б а қ т ы
С а б а қ т ы
С а л т
Қуан
Қуант
Ат
Атыл
Шарша
Шаршат
Көр
Көрін
Күл
Күлдір
Жаз
Жазыл
Жел
Желдір
Тыңда
Тыңдат
Нан (сен)
Нандыр
Қыр
Қырын
Сайра
Сайрат
Жу
Жуын
Күркіре
Күркірет
Түсір
Түсірт
Түс
Түсір
Шығар
Шығарт
614
Қазіргі қазақ тілі
Қазақ тілінде жоғарғыдай етістіктердің мағыналарын түрлен-
діруде етіс жұрнақтары ерекше рөл атқарады. Соның нəтижесінде
етістіктер бірқалыпта қатып қалмай, жылысып, ауытқып меңге-
ретін сөзімен сабақтылық, салттылық байланыста болу арқылы
ерекше икемділік қасиетке ие болады.
Кейде сабақты не салт деп ұғынылатын етістіктер екі жаққа
бірдей болуы мүмкін.
Қара – негізінде салт етістік. Сондықтан сен маған қара, балаға
қара, жерге қара, терезеге қара болып, барыс (кейде шығыс,
көмектес) септікті сөздерді меңгереді. Солай бола тұрып, түріңді
қара, Омарбекті қарай көр дегендей сабақтастық байланыста да
жұмсалады.
Сондай-ақ, ойна – кісінің күйін білдіретін салт етістік. Сол
себептен: Ол балалармен ойнады. Балалар есік алдында ойнады
болып айтылса, Балалар асық ойнады. Күлəш Татьянаның рөлін
ойнады дегенде, ол сабақтастық қатынаста табыс септіктегі сөздер-
ді өзіне бағындырып тұрады:
Қақ – сабақты етістік.
- Жарайсың, Баймағамбетім, – деді де Байболат ұмтылып
барып, оны арқаға қақты (С.Омаров) деген сөйлемде ол табыс
жалғаулы сөзбен (оны) сабақтастық байланыста тұр. Дəл осы
сияқты баяндауышы бар:
Мəз болады болысың,
Достарыңызбен бөлісу: |