Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет45/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

-лық, -лiк... жұрнағы арқылы бiр компоненті и жұрнағы ар-
қылы жасалған туынды сын eciмдер қосарланады. Мысалы, 
«Əскерлер даңқы жолымен» атты комсомол-жастар жорық-
тары коммунистiк жəне əскерu-патрuоттық мектебiне айна-
лып отыр («Бiлiм жəне еңбек»). 
Ал профессор А. Ысқақовтың кiтабында күрделi сын eсім-
нiң сегiз түрлi жасалу жолы берiлген дедiк. Соның көбіне ке-
лiскенiмiзбен, автордың тілi майда, басы бос, жеңі түзу сияқты 
бiрiншi сыңары тəуелдiктiң ІІІ жағы мен екiншi сыңары сын eciм 
сияқты формаларының тipкесіп келуiн күрделi сын eciм деуi 
келмейтiн сияқты. 
Бiздiңше, күрделi болатын сөздердiң əрбiр сыңарына сын 
eciмнің сұрауларын қою ондайда басты критерий болу керек. Бiз 
бұл арада күрделi сын есiмдердiң iшiнен тек қатыстық сын есiмдi 
күрделi түрлерiн ғана қарастырамыз. 
Оның өзiн екi салаға, яғни толық мағыналы сөздi қатыстық 
сын есiмдi сөз тipкecтepi жəне көмекшi сөздi қатыстық сын 
есiмдi күрделi сөз тiркестерi деп бөлемiз.
Қатыстық сын есiмдер дегенде оның негiзi – зат. Зат болған-
нан кейiн ол мiндеттi түрде өзiне лайықты aнықтауыш сөздер-
мен бiрлiкте жұмсалатындығы белгiлi. Мысалы, бес бала деп 


101
Күрделі сөз тіркестері
жайшылықта айтыла беретiн жай сөз тipкeciн бес балалы үй де-
сек қатыстық сын есiмдi күрделі сөз тipкeci пайда болып отыр. 
Осындағы бала сөзiнен жасалған қатыстық сын eciмi үй сөзi-
мен балалы үй деп те, бес балалы үй деп те айтыла бередi. Бiрiн-
шiciн жай сөз тipкeci десек, екiншiсiн күрделi сөз тipкeci дейміз. 
Miнe, зат есiмдерден жасалған осындай қaтыcтық сын есiмдер өзi 
анықтауыштық қызметте жұмсала отырып, өзiне қатысты бұ-
рынғы анықтауыштың сөзiмен бiрлiкте жұмсалып, сөз тіркесінің 
күрделi сыңарын құрайды. Əpине, затқа анықтауыштық қаты-
наста жұмсалатын сөздер көп-aқ. Miнe, сол қатыстық сындардың 
осындай күрделе ну тəсiлдерi əзiрше онша сөз болмай отыр. Бұ-
лайша күр делену қатыстық сын eciм жасайтын барлық жұрнақ-
тарға да тəн. 
Зерттей келгенiмiзде тiлде осы сияқты жұрнақтар арқылы 
күрделену процесi мол-ақ, бiрақ ғылыми жағы нан арнайы зерт-
теудiң объектici болмай отыр. Осы уақытқа дейiнгi ғылыми ең-
бектерге (түpкi тiлдерiндегi еңбектерге не қазақ тiліндегі еңбек-
терге) барлау жасасақ, мұндай жұрнақтың күрделi түрлерi ту-
ралы тек бiрер сөз дер мен берiлген пiкiрлердi байқауға болады. 
Қатыстық сын есiмдi күрделi сөз тipкecтepi туралы алғашқы 
айтушылардың бiрi – профессор М. Балақаев. Автор еңбегінде – 
қасқыp iшiктi
 
 
 
 жігіт. 
түлкі тымақты 
өткір көзді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет