Талғат сайрамбаев


-лы, -лi жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi



Pdf көрінісі
бет48/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   332
Байланысты:
Тал ат сайрамбаев

2. -лы, -лi жұрнақты күрделi сөз тipкecтepi. Мұндай жұр-
нақтар арқылы: малды, көлдi, ағашты, бiлiмдi, қapлы, жүздi, сап-
ты, мүйiздi, т.б. қатыстық сын есiмдерi зат есiмдермен тiркесiп, 
көлдi жер, бiлiмдi жiгiт, қарлы тау, малды жер сияқты жалаң 
сөз тipкeciн құрайды. Сол сияқты -лы, -лi жұрнақты сөздер кей-
де өздерi сөз тiркестepiнің дербес сыңарын құрaғaнымен, кейде 
ондай жұрнақ ты сөздер сөз тipкeciнің жеке сыңары ретiнде қолда-
ныла алмайды. Мысалы, Бұл əлемдегi отыз биенi сауып келiп, 
сүтті сабаға құйып, күмic саnты пicпекпен бiрер рет толғап шық-
қан сауыншы едi (З. Ақышев). Екiншi үйден күдiгi бар бiр кемпiр 
мен басын қалың орамалмен ораған, бетiнде қалың қызылы бар, 
жалnақ жүздi, домалақ тұмсық ке лiншек шықты (М. Əуезов). Осы 
сөйлемдерде күмic сапты, жалnақ жүздi зат eсiм мен қатыстық 
сын есімдерi nicneк жəне келiншек сөзiмен қaтысa байланысқан 
сөз тipкecтepiн құрап тұр. Осындағы күмic саnты мен жалnақ 
жүздi бағыныңқы сыңарларының əрқайсысы жеке-дара толық 
мағыналы сөздер. Бiрақ сонысына қарамастан, саnты немесе 
жүздi қатыстық сын есiмдерi жеке-жеке басыңқы nicneк, келiн-
шек сөздерiмен сөз тipкeciн құрай алмайды. Өйткенi онда онша 
мағыналық байланыс бола да бермейдi. Олардың мағынасы 
өзiнен бұрынғы сөздермен бірлiкте ғана айқындaла түспек. Сон-
да ол сөздер күмiс, жалnақ зат есiмдерiнiң қосақталуы арқылы 
жұмсалған да нақтыланып, сөз тipкecтepiнің толық сыңары қыз-
метiнде жұмсалмақ. Олай болса, -лы, -лi қатыстық сын eciм-
дерi, бiр жағынан, өздерi сөз тipкeciнің бiр сыңары қызметiнде 
жұмсалғанымен, екiншi жағынан, осы тəрiздi жұрнақты сөздерде 
ондай қасиет бола бермейдi екен. Зерттей келгенiмiзде, -лы, -лi 
жұрнақты сөз тipкеciнің қо салқы жағдайды қажет ететiн жайт-
тар төмендегiше: 
а) Бағыныңқы сыңардың негiзгi сөзi зат eciмнeн жа салған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет