Талғат сайрамбаев



Pdf көрінісі
бет11/332
Дата29.09.2022
өлшемі2,81 Mb.
#40729
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   332
3. Қабысу. Қабысуда бағыныңқы мен басыңқы мүшелер бір-
бірімен ешбір қосымшасыз келіп байланысады. Қабысуға изафет-
тің І жəне ІІ түрлері жəне ешбір қосымшасыз келіп байланысқан 
барлық сөздер, сол сияқты септік жалғаулары түсіріліп отыратын 
сөздер де осыған енеді.


24
Күрделі сөз тіркестері
Қазақ тіл білімінде қабысу мен жанасу екеуі көп уақытқа 
дейін екі түрлі байланысу формасы ретінде қарастырылып келді. 
Сонда жанасу ешбір қосымшасыз келген сөздердің басыңқымен 
алшақ жəне қабат тұрып, ал қабысу ешбір қосымшасыз сөздердің 
басыңқымен қабат тұрып байланысуы тұрғысынан зерттелді.
Бірақ мұндай қосымшасыз түрде келген сөздердің басыңқымен 
байланысы ғылыми тұрғыдан басқаша қарала бастады. Сондық-
тан профессор М. Балақаев кейінгі еңбектерінде жанасуды қабы-
судың бір түрі деп тауып, оны өз алдына қарастырмайды. Бірақ 
осы негізде мектеп грамматикаларында əлі күнге дейін жанасу өз 
алдына беріліп жүргені белгілі. 
Ендеше, қабысу деп басыңқы мен бағыныңқы мүшелердің 
бір-бірімен ешбір қосымшасыз түрде тіркесуін айтады. Олар 
бір-бірімен қабат жəне алшақ тұрып та байланыса береді. Мы-
салы: Сара жетінші бітіреді ғой? Жақсы оқи ма? (Ғ. Сланов). 
Көк жиекпен астасқан кең дала, кең жазық («Жұлдыз»). Күміс 
жапқан төрт адалбақан екі-екіден бөлініп, екі босағаға жақын 
орнапты (Ғ. Мүсірепов).
4. Қиысу. Қиысу туралы жалпы түркі тілдерінде жəне қазақ 
тілі білімінде онша алшақтық жоқ. Бірақ А.Н. Кононов, А.А. Кок-
лянова изафеттік құбылыстың ІІІ түрін, Е.И. Убрятова бірыңғай 
мүшелердің де байланысын қиысуға жатқызады. Негізінде 
қиысу бастауыш пен баяндауыштың арасында ғана болатыны 
белгілі. Бірақ осыған қарамастан, А.Н. Кононов бастауыш пен 
баянда-уыш арасындағы байланысты қиысуға жатқызбайды. Ал 
А.А. Коклянова тіпті анықтауыш пен анықталатын сөздердің бай-
ланысын да қиысуға жатқызады. Негізінде бұл пікірлерге қосы-
луға болмайтын сияқты.
Сол изафеттік құрылыстың ІІІ түріне матасу жатады да, ал 
бірыңғай мүшелер негізінде тек салаласа байланысу ыңғайында 
қарастырылады. Сөйтіп, қиысу жалпы бастауыш пен баяндауыш 
арасында ғана жақ жəне сан жағынан қиысуы тиіс. Мысалы, Сіз 
ненің жайы болса да жасырмайды екенсіз, мен де жасырмай ай-
тамын (Ғ. Сланов). Үй ішіндегі үлкендер бала мінезіне сүйсініп 
қалды (М.Əуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   332




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет