Барыс септікті меңгеретін септеуліктер: дейін, шейін, қарай,
қарсы, таман, т.б. Мысалы: Соған шейін бітірмесе өзім бір жай-
лы қыламын (С. Мұқанов). Бір күні үйге отыра алмағасын Қо-
жаш үйінен түс ауа шығып, тым болмаса Ғайшамен дидарласып
кетейін деп Амантай ауылына қарай беттеді (С. Көбеев).
Табыс септікті меңгеретін септеуліктер: туралы, жөнінде,
жайында, дейін, шейін, т.б. Абай бүгін орыс достары туралы көп
айтты (М. Əуезов).
Шығыс септікті меңгеретін септеуліктер: соң, бері, кейін,
бетер, бұрын. Мысалы: Сонан бері төрт жыл араларында хат
үзілген емес (З.Шүкіров).
Көмектес септікті меңгеретін септеуліктер: бірге, қабат,
қатар. Мысалы: Себумен қатар қорғау қажет (Ғ. Мұстафин). Кеу-
десі толы арман еді, əн еді, бəрін өзімен бірге əкетті (Б. Соқпақбаев).
Біздің шахталардың жайын Алматыға дейін жазып жібер-
ген кім? (Ə. Əбішев). Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп
бара жатыр екен (Б. Майлин) деген сөйлемдердегі қарай, дейін
шылауларының қызметін талдай келіп, А. Ысқақов Алматыға,
үйіне сөздерінен шылауларды түсіріп айтуға болатындығын, бірақ
оны түсіріп айтуда кейде ойды тиянақтау жағы əлсірейтіндігі ай-
тылады [45, 375]. Мысалы, сол сөйлемдерді «Біздің шахталардың
жайын Алматыға жазып жіберген кім? Жалт қарасам, Шұға
үйіне кетіп бара жатыр екен», деп те айта беруге болады. Бұл
сөйлемдердегі негізгі қарастырып отырған үйіне қарай түйдекті
тіркестер де, сол сияқты кейінгі сөйлемдердегі Алматыға,
үйіне сөздері пысықтауыштық қатынаста жұмсалған. Бұл жер-
де олардың синтаксистік қызметінде ешбір өзгешелік жоқ. Сон-
да, бірінші сөйлемде шылаулар қатысып жұмсалса, екінші сөй-
лемде шылаусыз жұмсалған. Бұл арадағы айырмашылық тек
олардың мағыналық реңктерінде ғана демекпіз. Өйткені бірінші
сөйлемдердің мағыналық ерекшеліктері, яғни мекендік жағы
айқынырақ. Жоғарыдағы мысалдарда шылаулар өзі қатысты сөз-
дің мағынасын толықтыра түседі деген қағиданы дəлелдей түседі.
426
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Осы күнгі əдебиеттерде шылау қатысты сөйлем мүшесінен
немесе сөз тіркесінен шылауды алып тастағаннан сөйлем мағы-
насы онша өзгеріске ұшырамайды деген қағида басым. Шы-
лау өзі тіркескен сөздің мағынасын тек толықтыра түсумен ғана
шектелетін сияқты. Дегенмен мына сөйлемдер құрамындағы
шылаулардың қалай жұмсалғандығын талдап көрейік.
а) Күлпаршын жайында Совет арқылы қанықпын (С. Ома-
ров). Ысқақ жайында мұндай əңгімелер көп (Б.Соқпақбаев).
ə) Оған дейін Баршын мен Бөбек қол шанада буылып-түйіліп
жолға əзір тұрған жүкті бұзып, ыдыс-аяқ, ас-суды кемеге қайта
шығарды (Ə. Сариев).
б) Содан бері ақ жаңбыр толассыз сорғалап, малды да, жанды
да мезі қыла бастаған еді (Ə. Əбішев). Осы мысалдарға қарағанда
шылаулардың өзі қатысты сөздердің синтаксистік қызметін ай-
қындауда қызметі ерекше. Совет арқылы, Ысқақ жайында, Оған
дейін, Содан бері сияқты күрделі сөйлем мүшелерінен көмекші
сөздерді алып тастасақ, бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздердің ара-
сында синтаксистік мағыналық байланыс болмайды. Осы себеп-
тен олардың арасында, жоғарыдағы формада байланысуы да,
синтаксистік қатынасы толық тұрақтамаған бейберекет сөздер
тобы шығады. Сөйтіп, өзара түсінісуге қажетті синтаксистік
заңдылықтары сақталған айқын сөздерден арқылы, жөнінде, дейін,
бері, бұрын (қайталанып келген шылаулармен) шылауларының
түсіп қалуынан мағыналық айқындығы жоқ топтардың келіп
шыққанын көреміз. Бұған қарағанда, шылаулар өзі қатысты сөз-
дердің мағынасын айқындаушы деген пікірмен бірге, кейде он-
дай қасиеттеріне қоса шылаулар өзі қатысты сөздің синтаксистік
қызметі мен байланысу формасында айқындаудағы қажетті құ-
рал десек орынды.
2) Модаль сөздер. Тілімізде сөйлем мазмұнының ақиқат шын-
дыққа қатынасы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін арнау-
лы сөздерді модаль сөздер дейді [33, 241]. Модаль сөздер есімді,
етістікті болып екіге бөлінеді. Есімді модаль сөздер тобына:
сияқты, сықылды, секілді, тақылетті, тəрізді, рəуішті, шамасы,
зады, рас, мүмкін, бəлки, расында, шынында, керек, тиіс, қажет,
əрине, т.б. сөздер жатады. Етістікті тобына: білем, көрінеді, дейді
екен, болар, шығар сөздері жатады. Модаль сөздер, біріншіден,
427
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөйлемде синтаксистік байланысқа түспейді, екіншіден, арнайы
өзіндік қызметі жоқ, өздігінен сөйлем мүшесі қызметін атқара
алмайды деп айтылып жүр. Жалпы, модаль сөздер сөйлемде екі
түрлі орында, сөйлем ішінде (ортасында) жəне сөйлем соңында,
жұмсалады.
Жалпы, əрбір сөз табының арнайы синтаксистік қызметі бар
екендігі белгілі. Алайда модаль сөздердің синтаксистік қызметі
бар деп айтылмайды. Мысалы: Асан сияқты бала келді, – де-
сек, келді баяндауыш, бала бастауыш, ал Асан сөзі қаншалықты
толық мағыналы болғанымен, өзіндік қызметі өз бойынан бай-
қалмайды. Синтаксистік қызметі тек сияқты сөзіне байланысты
айқындалады. Сөйтіп сияқты сөзінің əсерінен енді Асан сөзі
анықтауыш қызметінде жұмсалады. Бұған қарағанда, өзіндік
мағына мен қызметі жоқ деп табылатын модаль сөздер белгілі сөз
таптарымен түйдекті тіркес құрау кезінде олардың мағыналық
тобын да, синтаксистік қызметін де анықтайды. Модаль сөздер
толық мағыналы сөздермен түйдектеліп, не есім, не етістікке
қатысты болуына сай анықтауыштық, пысықтауыштық қызметте
жұмсала береді. Сол сияқты модаль сөздерге түрлі қосымшалар
жалғау арқылы да басқа сөйлем мүшелерінің қызметін көрсетуге
болады. Мысалы, Бесіктен белі шықпай жатып ғалым бола қа-
лады, – деп, біз секілділерді кінəлайды да («Жұлдыз»). Бірақ
Домбаев сияқтылардың шамына тие беретінің жаман (З. Шүкіров).
3) Көмекші есімдер. Көмекші есімдер сан жағынан сонша-
лықты көп емес. Оларға алды, арты, үсті, жаны, қасы, арасы,
ортасы, іші, сырты, басы, беті, шеті, түбі, төбесі, тұсы, маңы
сөздері жатады. Мысалы: Үй іші лық толған кемпір-шал, қатын-
қалаш, қыз-келіншектер түгелдей егіліп отыр (Ө. Қанахин). Вин-
тер бар пəле менің үйім маңында екен деп, кең сарай үстіне бар
мүлкін шығартады (I. Есенберлин). Оның қасында жүргенде
жайма-шуақ көктемде далада оңаша келе жатқандай жаның да
жайлы, құлағың да тыныш (Т. Ахтанов). Міне, осындағы көмекші
есімдер ілік жалғауының ашық не жасырын тұлғалы есімдерімен
түйдекті тіркес құрап, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын
сөздерді өзінің тұлғасына қарай пысықтауыш сөйлем мүшесіне
ауыстырып отыр. Көмекші есімдер басқа-басқа сөйлем мүшесінде
жұмсалатын сөздерден пысықтауыш сөйлем мүшесін жасаса,
428
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
кейде көмекші есімдерге -ғы, -гі жұрнағының қосылуы арқылы,
керісінше, пысықтауыш сөйлем мүшесінен үйдің қасындағы,
терезенің маңындағы анықтауыш сөй лем мүшесі жасалады.
4) Көмекші етістік. Көмекші етістіктер тек баяндауыштың
құрамында келіп қана қоймай, басқа сөз таптарымен тіркесіп,
өзінің тұлғалану ерекшелігіне қарай басқа да сөйлем мүшелері
қызметінде жұмсалады. Көмекші етістіктердің ішінде де кейде
көмекші етістіктері есімше тұлғасында тұрған басқа сөздермен де
түйдекті түрде əртүрлі сөйлем мүшесін жасаудың бір тəсілі болып
табылады. Əсіресе, де есімше тұлғалы көмекші етістіктер септеліп
те, көптеліп те жұмсалуына қарай өзі қатысты сөзді əртүрлі сөй-
лем мүшелеріне өзгерте береді. Мысалы: Сонда байқағаны:
тəуір дегені тіпті тəуір екен де, жаман дегені тіпті жаман екен
(С. Мұқанов). Міне, қараңдаршы, теңіз романтикасы, теңізшілер
өмірі деген осы (Ə. Сəрсенбаев). Сөздерін білмегенімен əуені өте
байсалды Назқоңыр үнді келеді екен (Б. Момышұлы). Қазақта «Ал-
тын, күміс тас екен» деген мақал бар (С. Мұқанов). «Абылайдың ақ
үйі» дегенді айтпадыңыз ғой (С. Мұқанов). Мен құлағына бірінші
рет шалынған құда түсу дегенді де түсіне алғаным жоқ, жұрттың
неге күлгенін де білмедім (Ə.Сəрсенбаев). Гүлшат артық алынған
билет үшін өзін айыптымын дегендей қысылыңқырап қалып
еді (С. Шаймерденов). 1,2 сөйлемдердегі курсивпен жазылғаны –
бастауыш, 3 сөйлемде баяндауыш, 4 сөйлемде анықтауыш, 5,
6 сөйлемде толықтауыш, 7 сөйлемде пысықтауыш қызметінде
жұмсалған.
Міне, көмекші сөздер деп аталатын бұл сөздер тобы өздері
жеке тұрып сөйлем мүшесі болмағанымен, негізгі сөздерде тір-
кесіп келіп, олардың синтаксистік қызметтерін айқындауда басты
тұлға. Бұл көрсетілген көмекші сөздердің: шылаулар, көмекші
етістік, көмекші есім, мо даль сөздер негізгі сөйлем мүшесі болып
тұрған сөздерді бүтіндей екінші бір сөйлем мүшесіне ауысты-
рып жібереді. Сонымен, көмекші сөздер өздерінің жеке тұрғанда
синтаксистік қызметі жоқ делінгенмен, негізгі сөздермен түйдек-
ті тіркесте келгенде олардың синтаксистік қызметін өзі айқын-
дайды.
5) Негізгі сөз бен шартты райлы бол етістігі. Бұл формалы
сөйлем мүшелерін көмекші сөзді сөйлем мүшелерінен жеке алып,
429
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
өз алдына қарастыру орынды сияқты. Өйткені көмекші сөздерде
дербестік жоқ болса, бұл бол көмекші етістігінде мағыналық
жағынан нақтылық бар. Сондықтан да ондай көмекші етістік ар-
қылы барлық сөйлем мүшелерінің жасалуы қазіргі кезде белсенді
түрде қолданылады. Мысалы: Дəл қазір Аққұртқа кіммен болса да
айқасқа түсуге дайындалды. Енді болса Аққұртқа Тасшайнардың
кең ығына тығылып, бойы жылып, көңілі орнына түсе бастады
(Ш.Айтматов). Осындағы курсивпен жазылған сөзге болса сөзі
қосылып барып сөйлем мүшелері жасалып отыр.
6) Сол сияқты қысқарған сөздер мен жеке дыбыстардан да
сөйлем мүшелерінің жасалуы қазіргі кезде баршылық. Олар да
əрбір сөйлем мүшелерінің жасалуында жеке-жеке беріліп оты-
рады.
7) Бір сөздің қайталануы арқылы құралған сөйлем мүше-
лері. Сөйлем мүшелері тек дара жəне күрделі түрлерімен бірге
бір сөздің қайталанып жұмсалуы арқылы да жасала береді. Мұн-
дай формалы сөйлем мүшелері күрделі құрамда болғанымен,
жасалуы жағынан əдеттегі күрделі сөйлем мүшелерінен ерекше.
Тілімізде қайталаудың бірнеше жолы бар. Бастады, Нұреке, ба-
стады! Нұрымжанның ауылы ғой, Нұрымжанның ауылы! Алай-
да... алайда оны бір көре алмай, қалай ғана іштен тынбақпын.
Біріншіден, – деді Жұман да барынша сабырлы сөйлеуге ты-
рысып, – мен ол кісінің астымызға атын беріп, аузымызға асын
тосқан жақсылығын ұмыта қойған жоқпын. Ұмытпаймын да.
Ұмытпаған екенмін деп мен арадағы жеке бастың сыйластығын
қоғамдық мүдделерімен айырбастай алмаймын (К. Сегізбаев).
Міне, бұл бір автордан алынған жеке немесе текстегі сөй-
лемдерде курсивпен жазылған сөздердің бəрі қайталанып беріл-
ген. Бірақ бұл қайталанған сөздер делінгенімен, олардың əрқай-
сысы бір-бірімен грамматикалық байланысы жоқ, бір-біріне қа-
тыссыз əртүрлі сөйлем мүшелері. Бір ғана сөздің өзара граммати-
калық байланысқа еніп, сөз тіркесі жағынан біріне-бірі бағы-
ныңқы, басыңқы сыңарда жұмсалатын топтары да бар. Өзгені
не қылайын, отаршылдың саясатын қолданбас-ау дейтін білім
кеңесі екеш білім кеңесі де мені аямады (М. Дулатов). Таңатар
мен Кебек өзінің оң қолы, атыс десе атысқа дайын, сарбаз
(Н. Əбуталиев). Тіпті, өзі екеш өзі де осындай ілуде бір қалыптан тай-
430
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
ып ойына түспесе, есіне алып жарымайды емес пе? (Ə.Кекілбаев).
Енді қыстың осы басталғаны басталған (А.Сейдімбеков). Осы
сөйлемдегі білім кеңесі екеш білім кеңесі, өзі екеш өзі, атыс десе
атысқа, басталғаны басталған деген қайталанған сөздер сол то-
бымен сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметінде жұмсалады.
ƏДЕБИЕТ
1. Жапаров А. Азыркы кыркыз тили. ІІ бөлім. Фрунзе, 1966.
2. Бəйтенов І. Сөйлем мүшелері туралы // Халық мұғалімі, 1939.
3. Басымов Х. Ауыл мұғалімі, 1938.
4. Жұбанов Қ. Жаңа грамматикалық жаңалықтар жайынан // Ауыл
мұғалімі, 1937.
5. Аманжолов С. Сөйлем мүшелерін топтастыру мəселелері // Тіл
мəселелері. 2 жинақ, 1936.
6. Басымов Х. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері // Халық мұғалімі, 1939.
7. Леви Брюль. Первобытное мышление. М., 1930.
8. Потебня А.А. Из записок по русской грамматике. М., 1958.
9. Мещанинов И.И. Члены предложения и части речи. М.-Л., 1945.
10. Марр Н.Я. Избранные работы, II.
11. Андреев Н.Д. Ранний индоевропейский праязык. Л.,1986.
12. Потебня А.А. Из записок по русской грамматике. М., 1958.
13. Шахматов А.А.
Синтаксис русского языка. 2-ое издание. 1941.
14. Hermann
Раut. Prinzipen der Spachgeschichte. 1921.
15. Мещанинов И.И. Члены предложения и части речи. М.-Л., 1945.
16. Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.
1940.
17. Iespersen O. Hen Volk, 1964.
18. Гвоздев А.Н. Формирование у ребенка грамматического строя рус-
ского языка. М., 1949.
19. Артемов В.А. К вопросу об интонации русского языка. Учен. зап. I
МГПИИЯ, Т.VI. Экспериментальная фонетика и психология речи.
М., 1953.
20. Аяпова Т.Т. Развитие синтаксиса речи детей. Алма-Ата, 1988.
21. Проблемы фразеологии. Исследования и материалы. М.-Л., 1964.
22. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1978.
23. Сəрсенбаев Р. Қазақ тілі фразеологиясы. Алматы, 1973.
24. Айтбаев У. Способы передачи фразеологизмов в переводах произ-
ведений А.М.Горького на казахский язык. Алма-Ата, 1971.
25.
Қожахметова Х. Фразеологизмдердің көркем əдебиетте қолданы-
луы. 1972.
431
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
26. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971.
27.
Валюсинская-Донскова З.В. Глагольные фразеологизмы в качестве
главного компонента словосочетания//Совещание языковедов юга
России и Северного Кавказа по вопросу о связи в словосочетании.
Тезисы докл. Ростов на-Дону, 1961.
28. Жуков В.П. Некоторые общие положения о соотношении фразеоло-
гизма со словом//Вопросы фразеологии. III. Труды Самаркандского
госуниверситета им. А.Навои. Самарканд, 1970.
29. Амосова А.Н. Основы английской фразеологии. Изд-во Ленинград-
ского университета, 1968.
30. Жуков В.И. Соотношение фразеологической единицы и ее компо-
нентов со словами свободного употребления в филологической на-
уке. М., 1978.
31. Фразеологический словарь русского языка. Под.ред.А.И.Молотко-
ва. М., 1978.
32. Бектұров Ш., Серғалиев М. Қазақ тілі. Алматы, 1979.
33. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.
34. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1974.
35. Сауранбаев Н. Қазақ тілі. Алматы, 1948.
36. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971.
37. Байтұрсынов А. Тіл – құрал. Сөйлем мүшесі жəне түрлері. III-бөлім.
Тіл танытқыш кітап. Орынбор, 1924.
38. Грамматика современного русского литературного языка. М., 1970.
39. Шаазизов Ш Ш. Подлежащее и его выражение в современном уз-
бекском литературном языке.Ташкент, 1973.
40. Закиев М.З. Синтаксический строй татарского языка. Изд. Казан-
ского университета, 1963.
41.
Джапаров А. Главные члены предложения в современном киргиз-
ском языке. Фрунзе, 1964.
42. Адмони В.Г. Введение в синтаксис современного немецкого языка,
М., 1955.
43. Бабайцева В.В. Изучение членов предложения в школе (Пособие
для учителя). М., 1975.
44. Маслов Д.С. Введение в языкознание. М., 1975.
45. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. Алматы, 1964.
432
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
II. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ
СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ
Тұрлаулы мүшелер деп сөйлем құрауға негіз болатын бас
мүшелерді айтамыз. Қазақ тілі білімінде болсын, басқа да
түркітану саласындағы еңбектерде болсын тұрлаулы мүшелерге,
негізінен, бастауыш пен баяндауышты жатқызатыны белгілі.
Алайда кейбір еңбектерге көз жүгіртсек, тұрлаулы мүшелерге тек
бастауыш пен баяндауышты ғана емес, басқа да сөйлем мүшелерін
жатқызушылық кездеседі. Орыс тіл білімінің өзінде баяндауышты
арнайы сөйлем мүшесі дейді де, ал бастауышты толықтауыштың
бір түрі дейді. Кейде тұрлаулы мүшелерге бастауыш пен баяндау-
ышты жатқыза келіп, оның аясын кеңейтіп те жібереді. Сондықтан
да кейде тұрлаулы мүшелердің құрамына толықтауыштың кейбір
түрін, тіпті пысықтауыштың да кейбір түрін қосып жіберетіні
кездеседі [1,60]. Міне, осы сияқты талас пікірлерді түркітану
еңбектерінен де байқауға болады. В. Насилов «Роль сказуемого в
уйгурском предложении» деген мақаласында тұрлаулы мүшелерге
тек баяндауышты ғана қатысты деп біледі [2]. Автор сөйлемді
тиянақтау жағынан келгенде тек баяндауыш қана басты тұлға деп
ұғады да, оған ерекше мəн береді. Сол сияқты екінші бір көзқарас
бойынша, тұрлаулы мүшелерге негізінде əрі бас тауышты да, баян-
дауышты да жатқызса, енді үшінші көзқарас бойынша тұрлаулы
мүшелерге, яғни бастауыш пен баяндауышқа тура толықтауышты
да қоса қарайды. Əрине, тұрлаулы мүшелер туралы əртүрлі
пікірлер болғанымен, қазіргі кезде тұрлаулы мүшелерге баста-
уыш пен баяндауышты жатқызу орынды деп білеміз. Бірақ осы
тұрлаулы мүшелердің қайсысы қайсысына қатысты деген мəселе
төңірегінде де орыс тілінде, сол сияқты түркітану еңбектерінде
əртүрлі талас пікірлер кездесіп отырады. Орыс тілі білімінің өзінде
бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүшелерге жатқызып,
осы екі сөйлем мүшелері өзара теңдік дəрежеде жұмсалады ма,
433
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жоқ бірі екіншісіне қатысты ма? деген мəселенің төңірегінде де
əртүрлі түсіндірушілік бар. А.А. Шахматов, А.И. Смирницкий, т.б.
пікірлері бойынша, баяндауышты бастауышқа бағынышты сөй-
лем мүшесі десе [3], керісінше, Б.А. Абрамов, А.А. Холодович,
И.П. Раскопов бастауыш баяндауышқа бағынышты деп ұғады [4].
Ал үшінші бір көзқарас бойынша, бастауыш пен баяндауыш бір-
біріне бағынышты емес, екеуі де сөйлемде тең дəрежедегі сөйлем
мүшелері [5], И.И. Мещанинов, И.Ю. Шведов бастауыш пен
баяндауышты тіпті бір-біріне қатысты емес деп түсіндіреді [6].
Қазақ тіл білімінде бастауыш пен баяндауыштың бір-біріне
қатысы туралы мына жайттарды айтуға болады. С. Аманжолов
бұрынғы кезде бастауыш пен баяндауыш тең дəрежедегі сөйлем
мүшелері деген пікірін теріске шығара келіп, сөйлемнің негізгі
қазығы бастауыш, ол екеуі тең дəрежеде емес деген пікірді ай-
тады. Ол бастауыштың рөлін жоғары бағалайды да, баяндауыш
бастауышқа тəуелді деп көрсетеді [7]. Ал М. Балақаев бастауыш
пен баяндауыш арасына үзілді-кесілді шешім айтпай-ақ, олардың
əрқайсысын синтаксистік қызметінің қай тұрғыдан қаралатынына
қарай, бастауыштың ой иесі болу жағынан ерекшеленгенімен,
сөйлемді тиянақтау жағынан келгенде баяндауыштың орны ерек-
ше деген қағидаға келеді. Бұл жерде автор оларды бір-бірінен
алшақ тұратын категория емес, байланысты екендігін, дегенмен
баяндауыш бастауышқа бағынатынын ашық айтады [8]. Ж. Бола-
тов, Р. Əміров баяндауыш бастауыштың грамматикалық көршісі,
яғни бастауышқа бағынышты деген пікірге тоқталады [9]. Міне,
жоғарыда көріп отырғанымыздай, тұрлаулы мүшелерге қай сөйлем
мүшелерін жатқызу керек деген мəселе төңірегінде де, сол сияқты
бастауыш пен баяндауыштың бір-біріне қатысы туралы да əртүрлі
көзқарастар бар екенін байқадық.
БАСТАУЫШ
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің бірі – бастауыш. Сөйлемде
бастауыш екі түрлі жағдайда кездеседі. Біріншіден, сөйлемде
ашық түрде бастауыш болып тұрады, екіншіден, сөйлемде ба-
стауыш жасырын келуі де мүмкін. Бірақ ол жасырын келгенімен,
бəрібір баяндауыш арқылы оны тауып алуға болады. Сонымен
434
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бірге бастауыштың зерттелуі, оның ережесі, сұраулары, тұлғасы,
жаса луы, құрамы, сөйлемдегі орны жəне мағынасына қарай бө-
лінуі зерттеліп келеді. Бастауыш туралы қазақ тіл білімінде
көптеген оқу құралдары, оқулықтар жəне ғылыми мақалалар
жарық көрді [10]. Бастауыш туралы еңбектердің біразында негізгі
мəселелерімен бірге олардағы кейбір жанама мəселелеріне де
назар аударылған
[11]. Бұл еңбектерде қазақ тіліндегі бастау-
ышты басқа тілдермен салыстыру, орын тəртібі жəне стильдік
қызметтері де сөз болады. Енді сол ғалымдарға сөз берсек. Х. Ба-
сымов: «Бастауыш болатын сөз мағынасы жағынан сөйлемдегі ой
іргесінің иесі болады», – десе [12,22], С. Аманжолов: «Сөйлемдегі
айтылған ойдың иесі болып тұрған сөйлемнің мүшесін бастауыш
дейміз», – дейді [13,9]. М. Балақаев пікірі «Сөйлемнің кім? не?
туралы екенін білдіретін, айтылған ойға негіз болатын тұрлаулы
мүшені бастауыш дейміз» деп келсе [14,18], Р. Əміров «Сөйлемде
айтылған ойдың кім, не туралы екенін атап, баяндауыш арқылы
айтылған қимылдың, сапаның кімге қатысты екенін білдіретін
сөйлем мүшесін бастауыш дейміз»
деген ережені айтады [15, 113].
С. Аманжолов, А. Əбілқаев, И. Ұйықбаев авторлығындағы мек-
теп грамматикасында: «Сөйлемде атау септігінде тұрып, басқа
мүшелерге бағынбайтын тұрлаулы мүшені бастауыш дейміз», –
делінген.
Қазақ тіл білімі мен түркітану əдебиеттеріндегі бастауыштың
ережелері туралы мына жайттардың айтылғандығын көруге бо-
лады. Біріншіден, бастауыштың ойдың иесі болуы. Екіншіден, ең
алдымен, оның қандай сұрауларға жауап беретіндігі бірінші орын-
ға, ал ойдың иесі болуы екінші орынға қойылуы. Үшіншіден,
ойдың иесі деуден гөрі ойдың, баяндауыш арқылы айтылған
қимылдың, сапаның кімге қатысы – басты нəрсе болуы. Төртіншід-
ен, бастауыштың басқа мүшелерге бағынбайтындығы. Бесіншіден,
бастауыштың тұлғалық ерекшеліктеріне, яғни атау септікте
келетіндігі. Алтыншыдан, сөйлемдегі басқа сөздермен, баяндау-
ышпен синтаксистік қатынастары.
Бастауыш басқа сөйлем мүшелеріне қарағанда ойдың иесі
ретінде қолданылатындығы айқын. Бұл жағынан бастауыш басқа
сөйлем мүшелерінен айқын ерекшеленеді. Бірақ бастауыш жеке
қолданылып өмір сүре алмаса керек, ол қалайда басқа мүшелері-
435
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мен, оның ішінде баяндауышпен синтаксистік байланыста
айтылғанда ғана мағыналары айқындала түседі. Бастауыш бо-
латын сөздердің сөйлемдегі ойдың иесі болуы – негізгі шарт.
Бастауыштың дəрежесі баяндауышпен тығыз байланыста ғана
айқындала түседі. Мұның кейбір еңбектердегі ойдың иесі деу-
ден гөрі сөйлемнің баяндауышы арқылы айтылған қимылдың,
сапаның кімге қатысты екені осы пікірмен ұштасып жатса ке-
рек. Сол сияқты бастауыш басқа мүшелерге бағынбайтын дейтін
қағида да баса айтылады. Бұл қағида негізінде тұрлаулы мүшелер
төңірегінде ғана сөз болса керек. Тұрлаулы мүшелер сөйлем
құраудың негізі екені айқын да, ал тұрлаусыз мүшелер туралы олай
айту келе бермейді. Тұрлаулы мүшелер біріне-бірі бағынышты,
бағынышты емес деген үзілді-кесілді пікірлерде біз жоғарыда
айтқанымыздай, сөйлем мүшелері тек бір-бірімен байланысқан
кезде ғана ой айқындалатынын білеміз. Олай болса, бастауыш
сөйлемде басты тұлға, бірақ оны бағынбайды деп айтуға келе
бермесе керек. Сол сияқты бастауыштың тұлғалық ерекшелігі де,
əсіресе, атау септікті сөздер бастауыштың тұлғасы дейтін мəсе-
ленің де жігі – күрделі мəселе. Атау септіктегі сөздердің барлы-
ғы тек бастауыш қана болады дейтін пікір қате. Біздіңше, атау
тұлғалы сөздердің сөйлемдегі қолдану ерекшеліктеріне қараудан
барып қана, яғни ондай тұлғалы сөздердің бүкіл сөйлемге не-
месе өзі қатысты сөздермен қатысын айқындау барысында ғана
бастауыштың қасиетін ажырата аламыз. Сонымен, бастауыш,
оның ережесі туралы мынадай қорытындыға келу орынды сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |