ІІІ
СӨЙЛЕМНІҢ
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ
КІРІСПЕ
СӨЙЛЕМ ЖƏНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
I ТАРАУ
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МƏСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ
Сөйлем мүшесі, оның негізгі белгілері
Сөйлем, оның негізгі элементтері
Сөйлем мүшелерінің зерттелуі
Грамматика салаларының даму процесі
Сөйлем мүшелері, олардың жасалу жолдары
-нікі, -дікі, -тікі жұрнақты сөйлем мүшелері
Сөйлемнің де сөйлем мүшесі болуы
Көмекші сөзді сөйлем мүшелері туралы
II ТАРАУ
СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ, ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУЫ
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Бастауыш
Баяндауыш
369
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
КІРІСПЕ
Синтаксис, оның негізгі объектілері қазақ тіл білімінде Қазан
төңкерісіне дейін жəне онан кейінгі уақыттан бастап зерттеліп
келеді. Бұл мəселе туралы əртүрлі көзқарастар болып келгені
белгілі. Соңғы кезде синтаксистің негізгі объектісі ретінде сөз
тіркесі мен сөйлем синтаксисі қаралып келеді. Бұлай бөлудің
теориялық та, практикалық та мəні бар.
Сөйлем синтаксисі, оның ішінде, сөйлем мүшелерінің зерттелуі
1935-40 жылдар арасында жақсы қолға алынды. Ол кезде сөйлем
мүшелері туралы А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Х. Басымов, І. Бəй-
тенов, С. Аманжолов, М. Балақаев, Ə. Ермеков сынды ғалымдар
көп еңбек сіңірді. Олардың арасында да сөйлем мүшелері, сөйлем
түрлері туралы əртүрлі көзқарастар, талас пікірлер болды.
Сөйлем мүшелеріне ерте кезден-ақ назар аударушылық басым
болды. Бірақ қанша жыл өтсе де синтаксистегі бұл аталған тілдік
категория осы күнге дейін жеке əрі арнайы зерттеудің объектісі
болмай отыр. Бұл еңбекте бастауыш пен баяндауыш арнайы
алынып, олар туралы көзқарастар, жасалу жолдары, сұраулары,
түрлері жəне т.б. ерекшеліктері ғылыми тұрғыда сөз болмақшы.
СӨЙЛЕМ ЖƏНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ
(ПРЕДИКАТИВТІЛІК)
Сөйлем – синтаксистің ең негізгі бірлігі, өйткені сөйлем ғана
тілдің негізгі қызметтерін анықтай алады. Ол өзіне ұқсас тілдік
басқа құбылыстардан коммуникативті қызметі мен шындық
болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беру жағынан ажыра-
тылады. Адам сөйлескенде тыңдаушыға белгілі ойды білдіру не
одан бір нəрсе туралы білу үшін сөйлейді. Сөйлеу айналадағы
түрлі құбылыстар туралы болады. Мысалы: Осыдан соң барлық
үлкендер қауырт көтеріліп, шығып кетті (М. Əуезов). Қырдағы
370
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
өзіміздің шаруаны емде (X. Ерғалиев). Мұнда бірнеше адамдар-
дың тез көтерілуі, шығып кетуі мен өзімізге тиісті тірлікті рет-
теу туралы сөз болып отыр.
Сөйтіп, сөйлем – коммуникативті қызметі бар синтаксистік
бірлік. Сөйлем синтаксистің ең басты объектісі дегенімізбен, ол
бір жағынан тілдік басқа категорияларды, яғни сөз арқылы сөз
тіркестерін өз бойына қамти алады. Олар сөйлемде құрылыс ма-
териалы ретінде танылады. Жоғарыдағы сөйлемдерді құраушы
сөздер де сөз тіркестері арқылы ғана сөйлем құрап тұр. Сол сияқты
сөйлемнің өзі де синтаксистік басқа категориялардың бөлшегі
ретінде құралады.
Бұрын синтаксис объектісінің ең жоғары сатысы сөйлем
делініп, тек сөйлемді қарастырумен шектелетінбіз. Ол дұрыс та,
дегенмен ғылым дамиды, оның шегін айқындауды бір фактімен
ғана шектеуге болмайды. Қазіргі кезде тілімізде текст, абзац,
күрделі синтаксистік тұтастық сияқты категориялар да объектіге
алына бастады. Сонда, сөйлемді күрделі синтаксистік тұтастықты
құрайтын элемент ретінде де қарауға мүмкіндік аламыз. Бірақ
қолданылуы жағынан алғанда жеке сөйлемнің қызметі ерекше.
Сөйлем – синтаксистің ең көп аспектілі бөлімі. Олардың бой-
ынан екі үлкен мəселені, яғни сөйлемнің жасалуын жəне сол
арқылы олардың семантикалық белгілерін айқындауымыз керек.
Сөйлемнің негізгі мəселесі оның құрылымы, жасалуы болып та-
былады. Сөйлемді құрауда басты мүшелер – баяндауыш пен бас-
тауыш. Бұл сөйлем мүшелерінсіз сөйлем болуы мүмкін де емес.
Сөйлемнің негізгі белгілері. Сөйлемнің негізгі белгілері ту-
ралы ғалымдар арасында түрліше пікірлер бар. В.В.Бабайцева
сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік жəне интонаци-
яны ғана алса [1,60], П.А. Чахоян предикативтілік пен модальдық-
ты [2,554], Н.С. Валгина оған предикативтілік, модальдылық
пен интонация үшеуін де жатқызады [3,14]. Ал П.А. Лекант мо-
дальдылықты предикативтіліктің бір түрі [4,5] дейді. Сөйтіп,
сөйлемнің белгілерін кейбір авторлар түрліше беріп жүр. Сонда
жалпы сөйлемнің белгілері предикативтілік, модальдылық жəне
интонация үшеуінің төңірегінде сөз болады. Бірақ кейде осы мо-
дальдылық пен предикативтіліктің қайсысы негізгі, қайсысының
қызметі ерекше деген мəселе төңірегінде де түрліше көзқарас
371
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
кездесіп қалады. Бірде предикативтілік пен модальдылық сөй-
лемнің негізгі белгілері ретінде тең алынса, енді бірде модаль-
дылықтың объектісіне предикативтілікті қосып та жібереді.
В.В. Виноградов модальдылыққа қарағанда предикативтілікті
кең көлемде қарады. Соңғы кезде осы пікір басым болып жүр.
Оның дəлелдеуінше, предикативтіліктің мазмұны модальдылық,
уақыт жəне жақ арқылы бөлініп көрсетіледі де, осылардың
əрқайсысы негізгі фактор делінеді [5, 80]. Ендігі бір тіл маманы
Н.Ю.Шведова, керісінше, предикативтіліктің осы қасиеттерінің
ішінен жақты (лицо) шығарып тастаса [6,544], С.Г. Ильен-
ко «есімнамалық – предикативтіліктің маңызды тұсы» деп көрсе-
теді [7, 154-159].
1970 жылы шыққан «Орыс тілінің академиялық грамматика-
сында» сөйлемнің ережесі былай берілген: «Сонымен, жай сөйлем
объективті модальдылық категориясы мен синтаксистік шақ
категориясына жəне оларды білдіру құралдарының тиісті жүйе-
сіне ие болады. Бұл екі категория бір-бірінен бөлек өмір сүрмейді,
олар ажырамайтын бірлік – предикативтілік категориясын құ-
райды. Предикативтілік категориясы əрбір сөйлемге қатысады
жəне оның грамматикалық мағынасы болып табылады» [6]. Қазақ
тіл білімінде М. Балақаев, Р. Əміров, О. Төлегенов [8] сөйлемнің
негізгі белгісі ретінде предикативтілік пен модальдылықты алып,
олардың əрқайсысының жасалу жолдарына көп назар аударады.
Сонымен, сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік,
модальдылық жəне интонация үшеуін де бірдей жатқызу орын-
ды деп санаймыз. Оларды бір-бірімен тең немесе біріне-бірі
басыңқылық қызметте жұмсалады дейтін пікір олардың ішкі ерек-
шеліктерін ескермеуден туса керек. Сөйлем бүкіл тілдік катего-
рияларды өз бойына жинақтай келе, өзіндік үлкен екі қасиетімен
дараланады. Біріншіден, əрбір салынып жатқан үйдің іргетасы
мен қабырғалары негізінен оның жалпы тұлғасын құрап, үй екен-
дігін көрсететін болса, сөйлемде де оның негізін құрайтын эле-
мент – бастауыш пен баяндауыш. Осы екеуінің негізінде ғана
оның модальдылық қасиеті айқындалса керек. Сондықтан да,
ең алдымен, сөйлемге тəн қасиет ол – предикативтілік. Преди-
кативтілікке көбінесе тек жақ, шақ мəселесі ғана негіз болады.
Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады. Ал пре-
372
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
дикативтілік мына үш нəрсенің байланысы: а) субъект-преди-
кат арасындағы (логикалық аспект); ə) тема-рема арасындағы
(коммуникативті аспект); б) бастауыш-баяндауыш арасындағы
(грамматикалық аспект).
Жалпы сөйлем бір бас мүшелі, екі бас мүшелі немесе мүше-
ленбейтін сөйлемдерден құралса, предикативтіліктің ең жоғары
түрі екі бас мүшелі сөйлемдерде нақты, бір бас мүшелі сөйлемдер-
де жартылай, ал мүшеленбейтін сөйлемдерде болмайды. Miнe,
бұған қарағанда предикативтілік – тек бастауыш пен баяндауыш
арасындағы таза грамматикалық құбылыс. Предикативтіліктің ар-
найы көрсеткіші – жақ жəне шақ көрсеткіштері. «Предикат» деген
термин баяндауыш екені белгілі. А.М. Пешковский «предикатив-
ность» деген терминнің орнына «сказуемость» деген терминін
енгізген болатын.
Шақ категориясы. Шақ категориясы – істің əртүрлі уақыт-
та істелгенін, я істелетінін, я істеліп тұрғандығын көрсетеді.
Етістіктегі істің дəл мезгілдері ерекше тəсілдермен белгіленеді,
олар осы шақ, өткен шақ жəне келер шақ түрлерінде беріледі.
Орыс тілінің «Грамматика современного русского литератур ного
языка» еңбегінде синтаксистік шақ категориясы, біріншіден,
сөйлемнің құрылымдық ерекшелігімен, екіншіден, етістік үлгі-
лерімен, сөйлемнің тұрлаулы мүшесін құрайтын негізгі етіс-
тіктермен, үшіншіден, сөйлем құрамына ендірілетін быть көмек-
ші етістігі арқылы беріледі дейді.
Жақ категориясы. Жақ категориясы айтушы, тыңдаушы жə-
не III жақта айтылады да, ол көрсеткіш етістік арқылы көрінеді.
Жақ категориясының қосымшалары отыр, тұр, жатыр, жүр
етістіктеріне тікелей жалғанады. Басқа етістіктерге түрлі қосым-
шалардан соң жалғана келе, баяндауыштың қай жақта тұрғанды-
ғын көрсетеді. Сөйтіп, сол жақтық көрсеткіш арқылы сөйлемнің
бастауышы да белгілі болады.
Модальдылық белгісі. Сөйлемнің ең негізгі тұлғасынан
кейінгі мəселе – сол сөйлем арқылы адамның қуану, шаттану,
еркелеу, шошу, ашу-ыза, күдіктену, күшейту, əсерлеу, құптау,
құптамау, жақтырмау, сену, мүмкіндік, керектілік, болжалдық
сияқты, т.б. қасиеттері. Яғни олардың семантикалық белгілерін
анықтау – екінші орындағы мəселе. Сөйлемнің бойындағы мұндай
373
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
қасиеттердің барлығы да модальдылық белгісі арқылы беріледі
де, олардың негізгі көрсеткіштері рай категориясы, модаль сөздер
мен демеуліктер жəне интонация болуы тиіс.
Рай категориясы. Рай категориясы – етістіктің морфология-
лық категориясы. Морфологиялық тұрғыдан əрбір райдың өзіндік
жұрнақтары, яғни көрсеткіштері бар. Сол көрсеткіштер арқылы
істің болып жатқандығы, болатындығы, болып кеткендігі ай-
қындалады.
Бұйрық рай. Бұйрық райлы етістіктер біреуге не біреу арқы-
лы тыңдаушыға бұйыра сөйлеп, істің, əрекеттің орындалуын та-
лап етеді.
Шартты рай. Шартты райлы етістіктер -са/се жұрнағы ар-
қылы істің, қимылдың, т.б. орындалуына, істелуіне шарт қойып,
келешекте істелу қажеттігін білдіріп тұрады.
Қалау рай. Қалау рай етістіктері қимыл-əрекетті істеуге
істеушінің ынтасын білдіріп, тілек, қалау мағынасында айтылады:
а) -ғай/гей, -қай/кей (барғайсың); ə) айтсаңшы; б) -ғай е – барғай
еді; в) -ғы/гі – барғым келеді, барғысы келеді; г) барса игі еді,
қойса екен.
Ашық рай. Өткен шақ: жедел өткен шақ -ты/ті; бұрынғы
өткен шақ -ған/ген; ауыспалы өткен шақ -атын/етін, -ушы/уші -е,
(барушы едім). Осы шақ: нақ осы шақ – отыр, тұр, жатыр; ауыспа-
лы осы шақ -а, -е, -й – отырамын. Келер шақ: болжалды: -ар/ер/р;
мақсатты: -ғалы/гелі; ауыспалы: -а, -е, -й.
Демеуліктер. Демеуліктер баяндауыш сөздерге дефис жəне
дефиссіз де жалғанып, ол сөздерге əртүрлі қосымша реңктер
береді. Жалпы, демеуліктердің атының өзі олардың сөйлемдерге
қандай мағына үстемелеп тұрғандығын көрсетуімен нақтыла-
нады: а) сұраулық демеуліктері: -ма/ме, -па/пе, -ба/бе сұраулық
мəн тудырады; ə) күшейткіш демеуліктер: -ақ, -ау, -ай, -да/де,
-ақ – күшейткіш мəн; -ау – риза болу, шаттану, ренжу, күйіну,
мақұлдау, қолдау сияқты мəндер; -ай – таңдану, таңырқау; -да/
де – күшейту мəнінде; б) нақтылық демеуліктер: -қой – нақты-
лау, тұжырымдау, мақұлдау, т.б. реңктер; -ды – нақтылай түсу
мəнінде; в) шектік демеуліктер: ғана – шек қою мəнінде; г) ай –
шек қою, тежеу; д) болжалды демеуліктер: ау – күшейту; түгел,
түгіл, тұрсын, тұрмақ – болымсыздық мағына; екеш – қомсыну,
кемсіну, мұқату.
374
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Модальдылық сөйлемде бүкіл сөйлемге қатысты бола ма,
жоқ, əлде жеке бір мүшесіне ме? Демеуліктер көптеген сөз тап-
тарына тіркеседі жəне олар сөйлемнің кез келген сөйлем мүшесі
бола ала ды. Осы ерекшелігіне байланысты олар көбіне баянда-
уыш болғанымен, басқа да кез келген сөйлем мүшелері арқылы
модальдылықты білдіре береді. Бұл – сөйлем туралы негізгі
пікір. Сөйлем негізінен сөйлем мүшелерінен құралатыны белгілі.
Сондықтан сөйлемге қатысты көптеген мəселелердің ішінен біз
тек сөйлемнің тұрлаулы мүшелері жайында ғана сөз қозғамақпыз.
ƏДЕБИЕТ
1. Бабайцева В.В., Максимов Л.Ю. Современный русский язык. Син-
таксис. Пунктуация. М., 1981.
2. Теоретическая грамматика английского языка. М., 1983.
3. Валгина Н.С. Синтаксис современного русского языка. М., 1973.
4. Лекант Я.А. Синтаксис простого предложения в современном рус-
ском языке. М., 1974.
5. Грамматика русского языка. Синтаксис. Т. II. Ч. I. М., 1960.
6. Грамматика современного русского литературного языка. М., 1970.
7. Ильенко С.Г. Персонализация как важнейшая сторона предикативно-
сти. В сборнике «Теоретические проблемы синтаксиса современных
индоевропейских языков». М., 1975.
8. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1954; Əміров Р. Жай сөйлем синтаксисі.
Алматы, 1983; Төлегенов О. Қазіргі қазақ тіліндегі жалпы модальды
жəне мақсат мəнді жай сөйлем типтері. Алматы, 1968.
375
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
I. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
МƏСЕЛЕЛЕРІ
1. Сөйлем мүшесі, оның негізгі белгілері
Сөйлемнің өзі екіжақты қарастырылатыны белгілі: а) сөйлем-
нің құрылысы, айтылу мақсаты жəне оған қатысатын сөйлем
мүшелерінің арақатынасы жəне б) сөйлемді құрайтын элемент-
тер немесе сөздердің сөйлем мүшесі болу ерекшелігі. Сөйлемге
қатысты осы екі мəселенің əрқайсысының өзіндік зерттелу объек-
тілері бар. Соның ішіндегі ең негізгі мəселенің бірі – сөйлем
мүшелері. Сөйлем мүшелері, яғни сөздер, сөйлемнің ішкі бөлік-
тері. Олар – сол сөйлемді құрауда басты тұлға. Сол сөздердің
қатысуы арқылы ғана сөйлем құрала алады. Міне, сол сөйлемді
құрайтын əрбір сөздің өз орны, өз қызметі, өз мағынасы, өз қасие-
ті бар.
Қазақ тіл білімінде сөйлем бес сөйлем мүшесі арқылы құра-
лады. Негізінде сөйлем мүшелерінің сөйлемдегі қасиетін айқын-
дау сонау 1930 жылдардан бастап-ақ зерттелініп келеді. Қазақ
тіл білімінде сөйлем мүшелерінің зерттелуін былайша топтауға
болады:
1) 1922-1940 жылдар арасындағы ғылыми айтыс;
2) 1940 жылғы оқулық, ғылыми еңбектер бағытындағы айтыс;
3) 1950 жылдан кейінгі əртүрлі бағыттағы айтыс. Əсіресе сөй-
лем мүшелерінің анықтамасына келгенде ғалымдар арасында
түрліше көзқарастар бар. Сөйлем мүшесінің өзіндік қасиетін ай-
қындауда 1940 жылға дейінгі жəне онан кейінгі əдебиеттерге шо-
лу жасасақ, мынаны көруге болады. Сөйлем мүшелері, олардың
негізгі белгілері, жасалуы, тыныс белгілері туралы айтыстар сол
I кезеңде жақсы қойылған еді. Бұл кезеңдегі сөйлем мүшелері-
нің жасалуы жайлы А.Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов,
X. Басымов, І. Бəйтенов, Ə. Ермеков, М. Балақаев, т.б. ғалымдар
алғаш сөз етушілер болды. Ол уақытта сөйлем мүшелері тура-
376
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
лы айтыстар да негізінен оларды топтау мəселесіне, жасалуы-
на қатысты ойлар жан-жақты айтылып отырды. Ең алдымен,
сөйлем мүшесі туралы анықтамаларды талдап көрелік. Х. Ба-
сымов пікірінше, «1) Сөйлемдегі сөзді сөйлем мүшесі дейміз;
2) Сөйлемде қанша сөз болса, солардың барлығын соншалық
сөйлем мүшесі дейміз; 3) Сөйлемдегі мағыналы сөзді сөйлем
мүшесі дейміз; 4) Сөйлемдегі əртүрлі сұрауға жауап берген сөзді
сөйлем мүшесі дейміз».
Сөйлем мүшелері туралы кейінгі кездегі авторлардың пікір-
лері де жинақталды:
М. Балақаев: «Сөйлемде грамматикалық мағыналарға ие бо-
лып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем
мүшесі дейміз». М. Серғалиев: «Сөйлем ішінде басқа сөздермен
синтаксистік қатынасқа түсіп, бір сұрауға жауап беріп, бір ұғым-
ды білдіретін жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дей-
міз». Р. Əміров: «Сөйлем мүшелері – сөйлем құрауда қалыптас-
қан қатынастық компонент. Сөйлем мүшелері ретінде толық
мағыналы сөздер қолданады».
Сөйлем мүшелерін зерттеген ғалымдардың ішінде тек X. Ба-
сымов қана сөйлем мүшелерінің жасалуы, оларға қатысты сөз дер
тобы жəне сөйлем мүшесі туралы көзқарастарға өзіндік топшылау
жасай білген. Ол сөйлем мүшесі туралы əртүрлі тұжырымдардың
бірінші жəне төртінші түріне қосылмайды. Бұл туралы автор,
біріншіден, кез келген сөздер сөйлем мүшесі бола бермейді,
екіншіден, əртүрлі сұрауға жауап беретін сөздердің барлығы
сөйлем мүшесі бола бермейді, тек бірыңғай сұрауға жауап беретін
сөздер сөйлем мүшесі бола болады деп көрсетеді. Автор сөйлем
мүшелері дегенге сұрақ қоя келіп, енді өзіндік пікір ұсынады.
Біріншіден, сөйлем мүшелері болатын сөздер айтайын деген ойды
білдіруге қатысты ешбір көмекші сөздерсіз жұмсалған негізгі
мағынаға ие сөздер болады. Екіншіден, сөйлемдегі айтайын де-
ген ойды білдіруге керекті негізгі сөзге енді көмекші сөздердің
қосақталып жұмсалуы арқылы сөйлем мүшесі жасалады дейді.
X.Басымовтың бұл пікіріне қарағанда сөйлем мүшелері дербес
мағынасы бар жəне ондай дербес мағынасы бар сөздерге түрлі
көмекші сөздердің қосақталуы арқылы жасалады. Дегенмен автор
сол сөйлем мүшелері туралы берген ережелерді жан-жақты талдау
жасауға онша бара алмаған.
377
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Сөйлем мүшелері туралы ережелердің əрқайсысының жетіс-
тіктеріне, кемістіктеріне өзіндік талдау қажет сияқты. Алғашқы
ережелер бойынша, біріншіден, сөйлемге қатысты кез келген
сөздердің барлығы да сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын
сияқты. Сөйлемге қатысты сөздер, олардың тобы бұл жерде еш
сараланбай алынып отырғандығы айқын. Шынында, сөйлемнің
ішінде дербес мағынасы бар, дербес мағынасы жоқ сөздердің
тобы бар. Тіпті, дербес мағынасы бар сөздердің өздері сөйлемде
мүше бола бермейтіні де бар. Сөйлем ішінде келетін оқшау сөз-
дер, айқындауыштар, былайша алғанда, дербес мағыналы сөздер
бола отырып, белгілі бір сөйлем мүшесі бола алмайды, бүкіл
сөйлемге немесе жеке бір сөзге қатыстылығымен ғана ерекше-
ленеді. Сонда, қаратпа, қыстырма, одағай, қосарлы, қосалқы жəне
оңашаланған айқындауыштарды құрайтын сөздердің барлығы да
дербес мағынасы бар сөздер. Бірақ бұл топтағы сөздер сөйлемнің
ішінде қолданылғанымен, əдеттегі бес сөйлем мүшесі сияқты
сөйлем мүшесі бола алмайды. Сондықтан сөйлемнің ішінде
жұмсалатын дербес мағынасы бар сөздердің өзін де екшеп, қай-
сысы сөйлем мүшесі бола алады, қайсысы сөйлем мүшесі бола
алмайды деп топтау да сөйлемнің өзіндік қасиетін жан-жақты
айқындауда басты шарт болуы керек.
Екіншіден, сөйлемнің ішінде көмекші сөздер тобы да бар-
шылық. Оларға көмекші есім, көмекші етістік, модаль сөздер жəне
шылау сөздер де қатысады. Сол сияқты бұл топтардан басқа есе,
рет, мəртебе сияқты сөздер жеке тұрғанда мағынасы болғаны-
мен, сан есіммен қосарланып айтылғанда ғана сөйлем мүшесі
бола алады.
Сөйлемдегі сөздер немесе сөйлемде қанша сөз болады дейтін
тұжырымдар сөйлем мүшесінің жасалуында ойлануды қажет
етеді. Əрине, сөйлем құрайтын осы жоғарыда аталған сөздер. Осы
сөздерсіз сөйлем мүшесі болу да мүмкін емес. Кейбір ережелер-
де əртүрлі сұраққа жауап беретін сөздер сөйлем мүшесі болады
дейтін де пікірлер баршылық. Шынында, сөздер сөйлем ішінде
белгілі бір сұраққа жауап беретіні айқын. Бірақ кез келген сөз
белгілі бір сұрауға жауап береді ме? Жоқ. Əрбір сұрау кез кел-
ген сөздерге қатысты бола бермейді. Сұраулар негізінен дербес
мағынасы бар сөз таптарына қойылатыны айқын. Сондықтан да
378
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
əрбір сөз табының өзіне тəн сұраулары бар. Əрбір сөз табының
өзіне қатысты жеке-жеке сұрақтары болғанымен, олар көмекші
сөздермен түйдектеліп келгенде, сол тобына бір-ақ сұрақ қо-
йылады.
Көмекші сөздер сұрақ қою жағынан ескерусіз делінгенімен,
кейде сол көмекші сөздер өзі қатысты сөздердің бұрынғы сұрау-
ларын өзгертіп, енді басқа бір сұрауларға ауыстыруға себеп бола-
ды. Мысалы: Сіз Қатпа деген адам туралы ештеңе естімедіңіз
бе? Ендеше, Қатпа үшін бұл да қолайлы (Ə. Омаров). Бұрын
көрген дос, таныс тəрізді жаныңды билеп əкетеді (З. Шашкин).
Үй сыртына кеп түскен ат дүбірімен аралас арсылдап үрген ит
даусы келді. Сондай шақтарда, ақпанның басында, бүркеп жауып
тұрған қарлы борасын ішінен бір белгісіз жан келді (М. Əуезов).
Өз басым «Абай» атты романым арқылы ұлтымның етек басты,
енжар, еріншек, сатымсақ мінезін біраз шенедім (Д. Досжанов).
Осы сөйлемдерде Қатпа де ген, дос, таныс тəрізді, ат дүбірімен
аралас, борасын ішінен, романым арқылы сияқты сөз тіркестерінің
бірінші, екінші сөздері анықтауыш, қалғандары пысықтауыш
қызметінде жұмсалған. Осы сөйлем мүшелерінің өзі негізгі сөздер
мен көптік жалғаулы сөздері сөйлемде кім? қандай? немен? нем?
сияқты сұрауларға жауап беруге тиісті сөздер. Бұл Қатпа, дос, та-
ныс, ат дүбірімен, борасын, ро маным сөздері жеке тұрғанда осы
сұрауларға жауап беру арқылы сөйлемде түрлі сөйлем мүшелері
қызметінде жұмсалуға тиіс болғанымен, енді ол сөздер тəрізді,
аралас, ішінен, арқылы көмекші сөздердің тіркесі арқылы ондай
түйдекті топтың сұраулары енді тіпті басқа-басқа сұрауларға
ауысып, дербес мағынасы бар сөздердің бұрынғы сұрауларының
орнына енді қосымша сұрау қосылу арқылы, біріншіден, ол
сөздердің сұраулары, екіншіден, семантикалық мағыналары мүл-
дем өзгеріп кетеді. Сонда Қатпа сөзі деген есімше тұлғалы
көмекші етістік арқылы енді анықтауышқа, ал дос, таныс сөздері
дос, таныс, ат дүбірімен, борасын, романым сияқты анықтауыш,
бастауыш, толықта уыш қызметіндегі сөздер енді пысықтауышқа
ауысып, пысықтауыштың сұрауларына жауап береді. Олар негізгі
мағыналы сөздердің синтаксистік қызметін айқындауда жетекші
қызмет атқарады.
Сонымен, сөздер сөйлемде белгілі дəрежеде бір сұраққа жа-
уап береді деген пікірдің өзін нақтылау да қажет-ақ. Өйткені
379
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөйлемдегі негізгі мағыналы сөздер белгілі сұрауға жауап беруі
негізгі мəселе болғанымен, ал көмекші сөздерге жеке тұрғанда
сұрақ қоя алмаймыз. Шынында, көмекші сөздер ондай қасиетке
ие емес. Бірақ сол көмекші сөздердің өзі негізгі сөздерсіз қол-
данылмайды. Енді оларға қойылатын сұрау тəн болмағанымен,
негізгі сөздердің кейбір ерекшеліктерін синтаксистік жағынан со-
лар меңгеріп кететіндігін айқын көруге болады.
Тұрақты сөз тіркестері де сөйлемде жиі ұшырайтын катего-
рия. Жалпы тұрақты тіркестер туралы бізде осы уақытқа дейін
біржақты ғана айтылып келеді. Тұрақты тіркестер көбіне лекси-
ка саласында арнайы сөз болады, ал олардың сөйлемнің ішінде
сөз таптары дəрежесінде болмағанымен, сол сөз таптарының
ішінде үстеу, еліктеуіш сөздер, кейбір есімдіктер тобы жəне сан
есімдердің кей түрлеріне қарағанда əлдеқайда мол қолданылады.
Сөйлемнің аясын, аумағын кеңейтуде тұрақты тіркестердің қыз-
меті ерекше. Бірақ тұрақты тіркестер де бірнеше сөзден құралып
жұмсалғанымен, олардың сол топтарына бір-ақ сұрақ қойылуы
тиіс. Тұрақты тіркестердің ішінде дербес мағынасы бар сөз де,
дербес мағынасы жоқ сөздер де баршылық. Бірақ олар сол тобы-
мен бір-ақ сұраққа жауап беріп, бір-ақ сөйлем мүшесі қызметін-
де жұмсалады.
Сонымен, сөздерге сұрау қою мəселесінде екі нəрсеге баса на-
зар аудару қажет. Біріншіден, сөйлемдегі негізгі мағыналы сөздер
дара күйінде тұрып, белгілі бір сұраққа жауап берсе, екіншіден,
негізгі сөздер мен көмекші сөздердің түйдектелуі де белгілі бір
сұраққа қатысты болады. М. Серғалиевтің сөйлем мүшесі туралы
ережесінде сөйлем мүшелерінің құрылысына назар аудара келіп:
«Жеке сөзді немесе сөз тіркесін сөйлем мүшесі дейміз» дейтін
де пікірін кездестіреміз. Құрамы жағынан əрбір сөйлем мүшесі
дара да, күрделі де болып келе береді. Əрине, дара сөйлем мүшесі
туралы онша талас пікір болмағанымен, ал сөйлем мүшелерінің
күрделі түрінің таза сөз тіркесінен бола алады дегеніне ой-
лану керек сияқты. Өйткені сөз тіркесінің негізгі бір белгісі
олардың арасындағы анықтауыштық, толықтауыштық жəне пы-
сықтауыштық қатынастардың болатындығы. Əрбір сөйлем мү-
шесі, соның ішінде көбіне бастауыштар күрделі есімдерден жаса-
ла береді. Ондай күрделі есімдерге Арал теңізі, КСРО Конститу-
циясы сияқты күрделі есімдер жататыны белгілі. Міне, осы сияқты
380
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
топтар түрлі морфологиялық өзгерісіне сай сөйлемнің то-
лықтауышы, пысықтауышы қызметінде жұмсалады. Осыған қа-
рап бұл топ тағы сөздер өзара сөз тіркесін құрайды дейтін де пікір
пайда болып отыр. Мұндай топты сөйлем мүшелері делінетін
тіркестер бүгін оқушы, қаланың баласы, қалаға кетті тəрізді сөз
тіркестерімен бір дəрежеде болмаса керек. Егер өзара тіркесе
алатын сөздердің арасында ондай нақтылы қатынас бол маса, ол
сөз тіркесін құрай алмайды. Тұлғалары, сөз таптарының қатысы
жағынан Арал теңізі қабыса байланысқан анықтауыштық
қатынастағы есімді сөз тіркесі деп айтқан болар едік. Арал теңізі
дегенді Каспий теңізі, Қара теңіз деп орын ауыстырып айта ал-
маймыз. Бірақ бұл топтағы сөздерде лексикалану процесі ба-
сым. Олар екі сөзден келгеніне қарамастан, сөз тіркесіндегі орын
ауыстыруға болмайтын күрделі есімге айналған топтар жəне
өзара сөз тіркесін құрай алмай ды да, сол тобымен түйдекті топ
құрайды. Сондықтан да ондай топтар сөйлем мүшесі болған кез-
де сөз тіркесі тұрғысынан емес, лексикалық топ тұрғысынан
ғана қатысып отыр деп білеміз. Сонда күрделі топты сөздер
сөйлем мүшесі болған кезде өзара сөз тіркесі бола алмайды, сол
тобымен түйдекті тіркес құрайды, осы құрамда ғана олар белгілі
бір сөйлем мүшесі бола алады.
Сөйлемдегі сөздер үнемі дара сөзді болып келе бермей,
күрделі, кемінде екі немесе одан да көп сөздерден тұратыны
айқын (бұл жерде ондай күрделі сөздердің əрқайсысының дер-
бес мағынасы бар деген пікірге назар аударылып отыр). Мысалы,
қызыл ала, жиырма бес, оқып отыр сияқты күрделі сөздер сол
тобымен ғана бір сұрауға жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі
бола алады. Жоғарыдағы ережедегі сөйлем мүшесі болады дейтін
пікір төңірегінде айтқан кезде күрделі сөй лем мүшелерінің əрбір
сыңары бір-бір жеке сөз болғанымен, ал мұндай жағдайда олар
жеке-жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайды. Ондай күрделі
сөйлем мүшелерінің əрқайсысының мұндай кезде жеке-жеке
мағынасы негізгі объектіге алынбайды. Сол жиынтығымен ба-
рып қана бір мағынаға ие болып, бір-ақ сөйлем мүшесі бола
алады. Міне, бұған қарағанда сөйлемдегі барлық сөздер үнемі
сөйлем мүшесі бола беруі мүмкін еместігі айқындалса керек.
Сонымен, сөйлем мүшесі туралы ережелерді талдау бары-
сында бірнеше өзіндік пікірлерге кез келіп отырмыз. Əрине,
381
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бұл пікірлердің кейбірі сөйлем мүшелері үшін қажет болса,
бірі керісінше ойлануды қажет етеді. Кейде бір сөйлем мүшесі
ережесіне жаңадан пікір қосуға немесе кейбір пікірлерді алып
тастауға əкеп тірейді. Сөйлем мүшесі дегенімізде, ең алдымен,
нендей мəселелерді қамтиды, оның объектісіне нелер қатысты
деген мəселені де негізге алу керек сияқты.
1) Сөйлем мүшесі болу үшін сөздер бір-біріне қатысты бо-
луы керек. Сөздің өзі сөйлем мүшесі болған кезінде мынадай тұл-
ғада кездеседі:
а) Негізгі сөз, туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз жəне қысқар-
ған сөз түрінде;
ə) Сөздің дербес мағынасы бары да, дербес мағынасы жоғы
да дара-дара күйінде емес, сол негізгі сөз бен көмекші сөздер
түйдектеліп немесе өзара қайталануы арқылы жұмсалады;
б) Сөйлем мүшесі қызметінде тұрақты тіркестер де жұмсала
алады;
в) Сөйлем мүшесі қызметіне сөйлемдер де қатысады;
г) Сөйлем мүшесі ретінде жеке дыбыстар да қатыса алады.
Міне, бұған қарағанда, сөздер сөйлем мүшесін жасаудың ең басты
шарты болуы тиіс;
2) Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде дара күйінде, күрделі
түрінде де қатысады. Ал сөздердің күрделі түрлерінің өзін екі
топқа: а) дербес мағынасы бар сөздердің өзара қатысы; ə) дербес
мағыналы сөз бен көмекші сөздердің түйдектелуі арқылы жəне
кейде дербес мағынасы бар сөздердің қосақталып жұмсалуынан
болған деп бөлуге болады;
3) Сөздер сөйлемге енгенде грамматикалық мағына білдіруі
тиіс;
4) Сөздер сөйлем мүшесі болған кезде белгілі бір сұрауларға
жауап беруі тиіс;
5) Сөздер сөйлем мүшесі қызметінде өзара байланысқа енуі
керек.
Сөйлем мүшесі болу үшін осы негізгі шарттар негізінде мы-
надай анықтама туады: сөйлем мүшесі деп сөйлемде бір не бір-
неше сөздер тобының басқа сөздермен синтаксистік қатынастары
арқылы арнайы бір сұраққа жауап беріп, грамматикалық мағынаға
ие болатын түрін айтамыз.
382
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Достарыңызбен бөлісу: |