2. Сөйлемнің негізгі элементтері
Сөйлем – адам ойын білдірудің ең басты құралы. Сөйлем
өз бойына сөзді де, сөз тіркесін де, тіпті, сөйлем мүшелерін де
ретіне қарай қамти отырып, өзінің мол ауқымдылық қасиетін та-
нытады. Сөйлемнің өн бойынан осы үлкен үш категорияның да
əрқайсысының заңдылықтары нақтылы айқындалса керек. Бірақ
сөз, сөз тіркесі немесе сөйлем мүшелері жеке-жеке объект неме-
се сөйлем мүшелерінің объектісі болғанымен, олар – бірін-бірі
құрауда басты тұлғалар. Сондықтан біз бұл жерде сөз бен сөйлем
мүшелерінің, сөз тіркесі мен сөйлем мүшелерінің өзара ұқсастығы
мен айырмашылықтарына тоқталамыз.
Грамматиканың негізгі бөлімдері – морфология мен синтак-
сис. Бұлардың əрқайсысының іштей өзіндік объектілері бар.
Морфология əрбір сөздің лексикалық мағынасына қарай қай
сөз таптарына тəндігін жəне олардың түрлі морфологиялық
құрамын зерттейтін болса, синтаксис – сөйлемдегі сөздердің
өзара тіркесі жəне сол арқылы сөйлем құраудың басты шар-
ты. Соны мен, бұл екеуінің қарастыратын мəселелері жағынан
бір-бірінен үлкен айырмашылығы бар деп білеміз. Бірақ бұл екі
саланың жеке-жеке объектісі бар болғанымен, олар бір-бірімен
тығыз байланысты да. Морфология, шындап келгенде, синтак-
сис мате риалы, синтаксисті құрайтын негізгі құрал. Морфоло-
гиясыз синтаксис жоқ. Грамматиканың бұл екі саласы бірін-
бірі толықтырып, бір-бірінің ішкі қасиеттерін айқындап тұра-
тындықтан, грамматика деген үлкен ұғымда қаралып отыр. Грам-
матика термині грек сөзі – grammatike techne – «жазу өнері» деген
ұғымды береді.
Морфология да, синтаксис те қазіргі кезде жеке-жеке сала
ретінде зерттелуде. Бұл арада морфология мен синтаксистің
негізгі объектілері туралы сөз қозғаудан гөрі осы екі саланың
өзара байланысы, біріне-бірінің қатысы, əсері сияқты мəселелерін
айта келіп, көбіне сөйлем мүшелеріне сөз таптарының қатысын
айқындауды мақсат еттік. Осы күнге дейін сөйлем мүшелері,
олардың жаса луы туралы мектеп, педучилище мен жоғары оқу
орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарында арнайы
айтылып келеді. Олардың бəрінде сөйлем мүшелерінің сөз тапта-
383
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
рынан жасалатындығы арнайы сөз болып отыр. Жалпы, сөз тап-
тарының синтаксистік ерекшеліктері, біріншіден, əрбір сөз табы-
ның соңында олардың арнайы түрде сөй лем мүшесі болуы,
екіншіден, əрбір сөйлем мүшелерінің жасалуында белгілі бір сөз
таптары жан-жақты айтылады. Осындай тығыз байланыстылық
көп еңбектерде жалпылай айтылғанымен, кейде ол мəселелер ар-
найы түрде де қаралып жүргенін көреміз.
Осы тақырыпқа қатысты еңбектерде сөз таптарының алды-
мен өздеріне тəн, яғни сөйлем мүшелерінен ерекшелейтін жайт-
тары айтылады. Сонымен бірге сол сөз таптарының сөйлемге
мүше болу кезіндегі кейбір ауытқу процестері сөз болады. Бұған
қоса, əрбір сөйлем мүшеле рінің жасалуында сөз таптарының өзін-
дік орны, қатысу ерекшеліктері, мағыналық өзгерісі арнайы қа-
ралады. Мəселен, Аманкелді өзінің жігіттерін 20-30-дан бөліп-
бөліп, таса жерге орналастырды деген сөйлемдегі Аманкелді,
жігіттер, жер сөздері заттық мағынаны білдірсе, бөліп-бөліп
орналастырды сөздерінде қимылдық қасиет, 20-30-дан сөзде-
рінде сандық табиғи қасиеттер бар.
Лексикалық мағына – əрбір сөздің ешбір жалғаусыз атау
күйіндегі мағынасы десек, грамматикалық мағына – сол лекси-
калық мағынасы бар сөзге түрлі қосымшалардың жалғануы
арқылы пайда болған мағына. Əрбір сөз сөйлемде нөлдік тұлғада
жəне түрлі қосымшалар жалғануы арқылы əрі сөз табы, əрі
сөйлем мүшесі ретінде жұмсалады. Сөздің лексикалық мағынасы
енді ол сөздер сөйлем мүшесі болған кезде сақтала ма? Мы-
салы: өзінің есімдігі енді анықтауыш, жігіттерін, 20-30-дан
толықтауыш болып жұмсалып, ол мағынасынан қалай да алшақ-
тап кеткендігін көруге болады. Осы сөздердің сөз табы кезіндегі
мағынасының енді сөйлем мүшесі кезінде болатын алшақтығы,
шындап келгенде, сөздерге грамматикалық мағынаның əсерінен
болуы тиіс. Грамматикалық мағынаға ие болу, негізінде, сөздерге
түрлі жалғаулардың жалғануы немесе түрлі көмекші сөздер мен
демеулердің түйдектелуі арқылы жүзеге асса керек. Сөз табының
лексикалық мағынасы бойынша сөйлем мүшесі болатын əрбір
сөздің, біріншіден, əрқайсысы бір-біріне қатысты, яғни біріне-
бірі бағынышты, бағыныңқы дəрежеде жұмсала келіп, екіншіден,
олардың əрқайсысының сөйлемде белгілі дəрежеде мағынасының
384
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
айқын болатыны ескеріледі. Сонда сөз таптары сөйлем мүшесі
қызметінде жұмсалғанда оның мағыналық жағы да назарға алы-
нады. А. Жапаров сөз таптарының таза лексикалық мағынасының
олар сөйлем мүшесі болып келгенде абстракцияланатындығын
дұрыс көрсете білген [1,39]. Жалпы алғанда, сөз таптары сөйлем
мүшесі болған кезде лексикалық мағынасын сақтайды əрі басқа
бір мағыналық топқа ауысу процесі де айқын байқалады. Осы
сияқты əрбір сөз табындағы заттық, сандық, сындық, қимылдық,
мезгілдік қасиеттері олардың негізгі бір белгілері. Бірақ əрбір сөз
табындағы осы сияқты қасиеттер енді ол сөз таптары сөйлемнің
белгілі бір мүшесі болған кезінде сақтала ма, сақталмай ма,
екіншіден, ол мағыналар сөйлем мүшесіне ауысқан кезде басқа
форма ала ма деген мəселені шешу де қиындық келтіреді. Зат
есімдер заттық мағынаға ие сөздер болғанымен, олар баста-
уыш, толықтауыш қызметінде сол заттық, объектілік қатынаста
жұмсалып, кейде пысықтауыштық қатынасқа ауысып кетеді. Оның
негізгі бір себебі қазіргі кезде лексикалық синтаксис мəселесімен
де тығыз байланысты демекпіз. Сонда, кейбір зат есімдер үнемі
заттық мағынаға ие болса, ал енді бір зат есімдер лексикалық
мағынасы жағынан мезгіл, мекен мағыналарына ие болып оты-
рады. Керісінше, сын есімдер тек сындық қасиетке ие болуымен
бірге септеліп, заттық мағынаға ие болып та жұмсалады ғой.
Бұған қарағанда əртүрлі мағыналық топта жұмсалатын сөз тапта-
ры сөйлем мүшесіне ауысқан кезде сол өзінің мағынасымен қоса
басқа мағыналарға ауысып жұмсала береді.
Сөз таптарының да, сөйлем мүшелерінің де өзіндік сұрау-
лары барлығы айқын. Сөз таптарының əрбір сөзіне сұрақ жеке-
жеке қойылу жағы басым. Əрине, əрбір сөз табының күрделі
түрлері де бар екендігі белгілі. Сол əрбір сөз табының күрделі
түрлеріне де сол сөз табының дара сұрағы ғана қойылса керек.
Сөз таптарының барлығы бірдей сұрақ қоюға ие бола бермейді.
Сұрау қоюға негізінде, дербес мағынасы бар сөз таптарының дара
да, күрделі де түрлері ие болса, одағай, көмекші сөздер (көмекші
есім, көмекші етістік, шылау, модаль сөздер) ондай қасиетке ие
бола алмайды. Ал сөз таптары сөйлем мүшесіне ауысқан кезде
сол дербес мағынасы бар сөз таптарының дара, күрделі түрлері де
белгілі бір сөйлем мүшесінің сұрауларына жауап береді. Кейде,
тіпті, ондай сөздерге басқа сөздердің қосылуы арқылы бірнеше
385
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөздер бір-ақ сұраққа жауап беріп, сөйлем мүшесі болатын сөз
таптарының аумағы сан жағынан молая береді. Сондай-ақ əртүрлі
сөз таптарының бірлігі арқылы да бір сұраққа жауап беріп, бір
сөйлем мүшесі болуы да мүмкін.
Сонымен, жеке сөзбен қатар бірнеше сөз, яғни дербес ма-
ғынасы бар сөздердің күрделі түрлері де бір сұраққа жауап
береді. Сол сияқты дербес мағынасы бар сөздерге көмекші сөз-
дердің түйдектелуі арқылы, тіпті, бірнеше сөзден құралатын
тұрақты тіркестер де бір сұраққа жауап бере алады. Осыған орай,
сөз таптарының сұрауларына қарағанда сөйлем мүшелерінің
сұрауларының аумағы кең. Оның үстіне, сөз таптарындағы сұрау-
лар сөйлемнің ішінде əрбір сөзге тікелей тек өзіне ғана қойылуға
тиісті болса, сөйлем мүшелеріндегі сұраулар біріне-бірі қатысы
бойынша айқындалса керек. Сонда, баяндауышты бүкіл сөйлемге
сұрақ қою арқылы тапсақ, бастауышты баяндауыш арқылы ғана
таба аламыз. Олай болса, сөйлем мүшелеріндегі сұраулар біріне-
бірі қатыстылығымен ерекшеленеді.
Кез келген сөз таптарына сұрақ қоя беруге болмайтын сияқты
сөйлемде барлық сөздерге де сұрақ қоя беруге болмайды. Сөй-
лемдегі сөйлем мүшелерінің ішінде кейде баяндауыш қызметінде
жұмсалған бар, жоқ, керек сөздеріне жəне түрлі айқындауыш
сөздерге де сұрақ қою қиындық келтіретіні белгілі. Сол сияқты
оқшау сөздерге де сұрақ қоя алмаймыз, бірақ олар сөйлемде сөй-
лем мүшесі болмайтындығымен сипатталады. Жалпы, сұраулар
əрбір дербес мағынасы бар сөз таптарына ғана тəн болса, сөйлем
мүшелерінің тек өздеріне тəн сұраулары болады. Сөз таптарының
сұрақтары – əрбір сөз табы үшін негізгі мəселе. Ол сөйлем мү-
шелерінің сұрауларына да сай келуі тиіс. Ал енді ол сөз тап-
тары басқа сөйлем мүшесі болған кезде сол сөйлем мүшесінің
сұрауларына жауап беруге тиіс. Мысалы, жақсы оқушы дегенде
жақсы сын есімі қандай? деген сұрауға жауап беріп, сөйлемде
анықтауыш қызметінде жұмсалса, жақсы оқиды дегенде қалай?
деген пысықтауыштың сұрауына, жақсыға жанас дегенде жақ-
сыға заттанған сын есімі кімге? деген толықтауыштың сұрағына
жауап береді.
Белгілі тіл маманы I.Бəйтенов сөйлем мүшелері, олардың жа-
салуы туралы айта келіп, сөйлем мүшелерін айыру үшін алдымен
386
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мүше басына бірнеше сұраулар сайлап алып, сонан кейін ғана қай
мүше екенін сол арқылы білу керек деген орыс тіліндегі əлі толық
зерттелмей тұрған кездегі пікір екенін, сонымен бірге сөйлем
мүшелерінің бас-басына сұрау таңдап алу, сол бойынша сөйлем
мүшелерін дұрыс айырам деудің дұрыс еместігін батыл сынға
алады [2,119]. Автордың пікірінше, барлық сөйлем мүшелерінің
бас-басына сұрау арнаудың керегі жоқ, тек кейбір мүшелерге
ғана сұрау қоя білу керек дейді де, тек пысықтауышта сұрау бол-
са болғаны, басқа сөйлем мүшелеріне сұрау қоюдың керегі жоқ
деп біледі. Біз автордың бұл пікіріне қосыла алмаймыз. Негізінде,
əрбір сөйлем мүшесінің жеке-жеке сұраулары болуы бұл тек
қазақ тіл білімі үшін ғана емес, жалпы тіл білімі үшін негізге
алынған. Əрбір сөйлем мүшесінің өзіне тəн тұлғалық ерекшелі-
гіне сай олардың сұраулары да сол ыңғайда қалыптасады.
Сұраулар туралы екі нəрсені аңғару керек. Яғни сұрауларды
морфологиялық жəне сөй лем мүшесі тұрғысынан қарастыратын
боламыз. Егер біз бұл арада сұрауларды тек сөйлем мүшелеріне
тели отырып сөз етсек, бұл сұраулар сөйлем мүшелеріне тек осы
қалпында да жəне кейде түрлі морфологиялық өзгерістерге енуі
арқылы да қатысты болады. Осы сұраулардың кейбірі тəуелденсе,
енді бірі көптеліп, септеліп те жұмсала береді. Бұған қоса бұл
сұраулардың тəуелденіп келгендері бастауышқа қатысты болса,
ал септеліп келгендері анықтауыш, толықтауыш пен пысықта-
уышқа қатысты болады. Мысалы:
А. кім? не? кімім? нем?
I. кімнің? ненің? кімімнің? немнің?
Б. кімге? неге? кіміме? неме?
Т. кімді? нені? кімімді? немді?
Ж. кімде? неде? кімімде? немде?
Ш. кімнен? неден? кімімнен? немнен?
К. кіммен? немен? кіміммен? неммен?
Мұнда кім, не? сұрауларының жекеше септеуінің атау септігі
бастауышқа, ілік септігі анықтауышқа, ал қалған септіктегі сөздер
объективті пысықтауышты қатынастарда жұмсалады. Олардың
тəуелденуі де осы іспеттес. Əрине, сұраулардың көптік, тəуелдік
жалғаулары жалғаулық қасиетке ие болса, олардың септелуінде
кейде көнелену процесі байқалады. Сөйтіп, сұраулар дербес мағы-
387
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
налы сөз таптарының бəріне қатысты болса, сөйлем мүшелерін-
де дербес мағыналы сөздер мен көмекші сөздер, күрделі сөздер
тобы мен тұрақты тіркестер, тіпті, сөйлемдерді де білу мақсатында
айтылады да, солар арқылы жауап алу процесінде мағына
айқындалып отырады. Сұрауларға жауап сөздерді көп оқулықтарда
көбіне тек сөз таптарының төңірегінде ғана сөз етсе, біз оларды
оған қоса жоғарыда аталған сөздер тобына да қатысты деп білеміз.
Сөйлем мүшелеріне байланысты негізгі мəселенің бірі – оларға
сұрақ қоя білу. Əрине, əрбір сөйлем мүшесінің белгілі бір сұрақ-
тары бары айтылып отыр. Бірақ осы бес сөйлем мүшесінің, ең
алдымен, қайсысын табу туралы да өзіндік пікірталасы кездесіп
отырады. Бірақ барлық сөйлем мүшелерінің ішінде ең негізгі
ұйытқы сөйлем мүшелері – тұрлаулы мүшелер. Оларды сөйлемді
құраудың басты тұлғасы деу орынды. Бірақ осы екі сөйлем мү-
шесінің алдымен бастауыш немесе баяндауышын табуда біріз-
ділік жоқ. Осы сияқты қайшылықтарды жоғары оқу орындарына
арналған оқу құралдарынан да көруге болады. Осы екі сөйлем
мүшесі сөйлемдегі ойдың иесі болуы мен сөйлемді тиянақтау
жағынан алғанда төмендегідей негіздерге сүйенеді.
Қай сөйлемде де ойдың иесі болуы жағынан бастауыш басты
тұлға. Негізгі ой сол бастауыш төңірегінде болып отырады. Бірақ
сол сөйлемдегі ойдың иесі бастауыш ашық түрде де, жасырын
түрінде де келе береді. Тіпті, жақсыз сөйлемдерде бастауыштың
айтылмайтыны тағы белгілі. Олай болса, бастауыш ашық, кейде
жасырын, тіпті сөйлемде болмауы да мүмкін екен. Дегенмен қай
жағдайда болса да (соңғысынан басқа жағдайда) ол – сөйлемнің
негізгі арқауы, ой желісі. Ал баяндауыш сөйлемде негізінен
сөйлемнің соңында келеді. Сөйлемнің біршама аяқталу процесі
сол сөйлемдегі басқа сөйлем мүшелері арқылы емес, тек баян-
дауыш арқылы ғана жүзеге асады. Осыдан барып тіл-тілде ба-
яндауышсыз сөйлем болуы мүмкін еместігі де ескерілсе керек.
Тіл-тілде сөйлемдер құрылысына немесе тұрлаулы, тұрлаусыз
сөйлем мүшелерінің қатысына, мағынасына, т.б. ерекшеліктеріне
топтау барысының барлығы да баяндауышсыз жүзеге аса алмай-
ды (сұраулы сөйлем туралы пікірталасы басқа екені айқын). Жай
сөйлемді былай қойғанда, тіпті, құрмалас сөйлем жайлы осыны
айтуға болады. Олай болса, ең негізгі пікір – баяндауышсыз сөйлем
388
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
бола алмайды. Осының өзі-ақ оның сөйлем үшін ең қажетті екенін
көрсетсе керек. Екіншіден, ол – сөйлемді тиянақтау жағынан да
басты тұлға. Сол сияқты бастауышты баяндауыш арқылы табу да
жүйелі принцип. Осы негізде келгенде қалайда сөйлемнен баян-
дауышты алғаш табу орынды.
Əрбір сөз табының өзіне ғана тəн көрсеткіштері бар екені
айқын. Зат есімге нөлдік, көптік, тəуелдік жалғаулары тəн болса,
сын есімдерге де нөлдік форма мен сапалық, қатыстық түрлері, сан
есім мен есімдік, үстеулер түрлері, ал етістікке əртүрлі категория-
лар тəн. Əрбір сөз табындағы мұндай категориялар – бір-біріне
ұқсамайтын өзіндік бір көрсеткіштер. Сөз таптарындағы осындай
тұлғалық ерекшеліктер əрбір сөйлем мүшесіне де тəн. Бірақ əрбір
сөз табындағы тұлғалық ерекшеліктер əрбір сөйлем мүшелерінің
тұлғалық ерекшелігіне қатысты болады. Мысалы, бір ғана
бастауыштың нөл дік, көптік, тəуелдік тұлғалары бастауыш бола-
тын барлық сөз таптарына бір жүйеде қатысты болады. Ал септік
жалғаулы сөз дер сөйлем мүшесі болған кезде əрі анықтауыш,
əрі пысықтауыш, əрі толықтауыш сөйлем мүшелерінің біріне қа-
тысты жұмсала береді. Сонда, əрбір сөз табының тұлғалық ерек-
шелігі əрбір сөйлем мүшелерінің тұлғалық ерекшелігіне қарай
ыңғайланады. Жалпы алғанда, əрбір сөз таптарының тұлғасы
сөйлем мүшелерінің тұлғасымен бір деп айтуға болмайды. Əрқай-
сысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Əрбір сөз табының да, əрбір сөйлем мүшелерінің де құры-
лымдық түрі бар. Сөз таптары құрылысына қарай дара жəне
күрделі болып, оның əрқайсысы сөз саны жағынан дараланады.
Олардың күрделі түрлерінің өзі дербес мағынасы бар бірнеше
сөзден немесе дербес мағынасы бар жəне көмекші етістіктермен
тіркесіп келіп те жасала береді. Бірақ сөз таптарының мұндай
құрылымды түрлері дара немесе күрделі болғанымен, сол тобы-
мен бір сұраққа жауап беріп, бір сөз табына ғана қатыстылығымен
ерекшеленеді. Əрбір сөйлем мүшелері де құрылысына қарай да-
ра, күрделі ерекшеліктерге ие болады. Бірақ сөйлем мүшелерінің
күрделі түрлері кемінде екі сөзден бола береді. Сөз таптарындағы
күрделі түрге қараған да, сөйлем мүшелерінің күрделі түрлерінің
кейбір ерекшеліктері бар. Сөз табында көмекші есім, модаль сөз-
дер, шылаулар жеке-жеке сөз табы ретінде жұмсалса, сөйлем
389
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
мүшелерінде олар күрделі сыңардың құрамында ғана жұмсала-
ды. Сол сияқты үйірлі анықтауыштар негізінде əртүрлі сөз тап-
тарынан жасалғанымен, сөйлемде бір-ақ мүше қызметінде жұмса-
луға тиіс. Өйткені үйірлі анықтауышқа енген сөздер сол тобы-
мен бір ғана сұраққа жауап береді. Кейде бір сөйлем мүшесі бол-
ған сөз таптары үйірлі анықтауыш іспетті бірнеше сөз таптарынан
жасалып, бір-ақ сөйлем мүшесінде жұмсалады. Міне, бұл жағы-
нан келгенде сөз таптарының құрылымдық түрлеріне қарағанда,
сөйлем мүшелерінің құрылымдық түрінің аумағы əлдеқайда кең.
Сөз таптарының күрделі құрамында негізінен бір сөз табына
ғана қатысты сөздер болса, ал сөйлем мүшелерінің құрамында,
біріншіден, бір сөз табына қатысты сөздер де, екіншіден, əртүрлі
сөз таптарына қатысты сөздер тобы да кездесе береді. Сөз тап-
тарының күрделі түрлері (етістікте ғана болмаса) көбіне екі сөзден
аспаса, сөйлем мүшелерінде ондай күрделі сөйлем мүшелерінің
саны (тұрақты тіркесті қоспағанда) бірнеше сөзді болып келе
береді. Тіпті, кейде бірнеше сөзді сөйлемдер де (онда бірнеше
сөз таптары бола береді) сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала
береді. Сөйлем мүшелері, оның жасалуы сөз таптарының негізінде
қалыптасады. Сондықтан да сөз таптары ғана сөй лем мүшелерін
құрайды. Сондай-ақ сөз таптарының қызметіндей дəрежеде тұ-
рақты тіркестер, тіпті оқшауланған сөйлемдер де қолданыла
береді.
Тұрақты тіркестер құрамы жағынан күрделі болып келетіні
белгілі. Олар – сөйлем мүшелерінің күрделі түрлерін жасаудың
басты факторы. Əдеттегі сөз таптары сияқты тұрақты тіркестер
сөйлемде мол жұмсала келіп, сөз табы жағынан талданбағаны-
мен, сөйлемде сөйлем мүшесі болу дəрежесіне толық ие сөздер.
Олар сол тобымен бір-ақ сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір-ақ
мүшесі қызметінде жұмсала алады. Тұрақты тіркестер де əдеттегі
сөз таптарының тұлғалық ерекшелігіне сəйкес. Бұлар да əрі сеп-
теліп, тəуелденіп, жіктеліп, көптеліп, кейде кейбір жұрнақтарды
қабылдай отырып, сөйлемнің барлық мүшесі қызметінде жұмса-
ла береді. Бұған қарағанда, сөйлемді құрайтын элементтерге сөз
таптары ғана емес, лексикалық материалдар да қатысты бола-
ды. Осы сияқты сөйлемде тұрақты тіркестей болмағанымен,
синтаксистік топтар да өзара іштей бірнеше сөз таптарынан
390
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөйлемнің ішінде сөйлемдік құрамда келіп, басқа көмекші сөз-
дердің көмегімен сол өзі қатысты сөйлемнің бір мүшесі ретінде
жұмсалынады. Тұрақты тіркестерге қарағанда бұл сөйлемдер
іштей өзара бірнеше сөз таптарынан құралады. Əрбір сөз жеке-
жеке сұрауларға жауап бергенімен, сол тобымен сөйлемде бір-ақ
сұраққа жауап беріп, бір-ақ сөйлем мүшесін құрайды.
Сөз тіркесі мен сөйлем мүшесі де, былайша айтқанда, тарихи
категория. Əрине, жоғарыда айтылғандай, шығуы, қалыптасуы
жағынан сөйлем мүшесі алғашқы орынға ие болатыны белгілі. Бірақ
осы категорияның даму процесінде де өзіндік өзгерістер, біріне-
бірі ұқсамайтын жайттары баршылық. Сөз тіркестері негізінде сөз
табы мен оның тіркесі болғандықтан, олар сөз таптарының қа-
лыптасуымен тығыз байланысты. Əрбір сөз табының өзіндік шығу
тарихы бар. Сол жеке-жеке сөз таптарындағы əрі лексикалық, əрі
грамматикалық құбылыстар олардың өзара тіркесу аясының даму-
ына немесе тарылуына əкеліп соғады. Бір ғана зат есімнің септе-
лу аясының өзіндегі өзгерістер немесе оның əрбір жұрнақтары-
ның көнеленуі, түптеп келгенде, ол сөздердің тіркесу аясының
тарылғанын, енді ондай тіркестердің болмайтынын айқын көрсетсе,
кейбір зат есімдердің архаизмге айналып, қолданудан шығуының
өзі, тіпті, енді ол сөздердің тіркесі жоққа шығуымен бірдей. Бұған
қарағанда, əрбір сөз табындағы болатын архаизм, тарих мəселелері
сөздердің тіркесу қабілетіне үлкен əсер етуі айқын. Керісінше, сөз
тіркестерінің аясының кеңеюіне тіліміздегі жаңа сөздер, түрлі ау-
дарма мəселелері өз əсерін тигізбей қалған жоқ. Бұрын бір ғана
сөздермен тіркесуге тиісті сөздер, енді басқа сөздермен де тіркесе
алатын дəрежеге ие болады. Бұл жөнінде мына жайтты да көрген
жөн. Əрбір сөз табының қазіргі ережелері өз бойындағы қасиетті
толық сақтай алмаса керек. Сын есім ережесінің мəні олардың тек
затқа қатысын, ал үстеу тек қимылға қатысын анықтайтын бол-
са, олар қазіргі кезде сол ережелердегі қағидалардан əрі ауытқып,
сын есім, сан есімдер енді етістіктермен де, ал үстеу есімдермен
де тіркесе алатын дəрежеге ие болды. Сонда, сөз таптарындағы
ішкі, сыртқы даму процесі олардың тіркесу аясының не тарылу, не
кеңею процесіне əкеліп соғады екен.
Сөйлем мүшелеріндегі негізгі мəселе, қай сөйлем мүшесі қай
сөз таптарынан жасалатындығында. Əрбір сөйлем мүшесі үшін
391
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
сөз таптарының жұмсалуы негіз болса, енді бір сөйлем мүшесі
болу үшін бірнеше сөз таптары да негіз бола береді. Тіпті, кей-
де сөз таптарына жатпайтын топтар, яғни тұрақты тіркестер мен
сөйлемдер де сөйлем мүшесі бола береді. Бірақ əрбір сөйлем мү-
шесі үшін сөз таптарының көлемі əртүрлі. Олай болса, сөз тап-
тарына қарағанда сөйлем мүшелерінің аясы əлдеқайда кең. Сөз
таптарын сөйлемнің негізгі құраушы элементі дейміз. Шынын-
да, сөз таптарынсыз сөйлем де болмақ емес. Бірақ қалыптасуы,
қолданылуы жағынан сөйлем жəне оның мүшелері сөз таптары-
на қарағанда ерте қалыптасты деу орынды. Оның өзі – тарихи
құбылыс.
Сөз таптарын сөйлемнің ішінде екіжақты қарастырған жөн.
Біріншіден, сөйлемдегі сөз таптарын сөз тіркесінің ыңғайында
саралаймыз. Сөйлемдегі сөз тіркестері байланысу формалары-
на қарай қабыса, меңгеріле, матаса жəне қиыса байланысқан сөз
тіркестері деп топтау басым. Біз сөз тіркесінің, негізінен, қай сөз
табы қай сөз табымен тіркесе алатындығы тұрғысынан ғана сөз
етеміз. Сонда сөз тіркестерінің бағыныңқы, басыңқы сыңарларына
қарай сөз таптары əңгіме болады. Екіншіден, сөйлемдегі сөздерді
сөйлем мүшелеріне талдаймыз. Сөйлемдегі сөздерді сөйлем
мүшелеріне талдау барысында біз енді оларды қай сөйлем мүшесі
қай сөйлем мүшесімен байланыса алатындығын негізге алып,
сөз таптары мен сөз таптарының арасындағы тіркесті сөйлем
мүшелерінің байланысу қабілетіне қарай саралайтын боламыз.
Сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарлары бар дедік. Ал
сөйлем мүшелерінде дəл ондай қасиет болғанымен, бəрібір бас-
тауыш пен баяндауыштан басқасы соларға қатыстылығымен
ерекшеленеді. Сөз тіркестерінің сыңарлары тұрғысында қай
сөз табы қай сөз табымен тіркесе алу процесі сөз болса, сөйлем
мүшелерінде баяндауышқа, бастауышқа қатысты неме се, т.б.
сөйлем мүшелеріне қатысты жағы ескерілсе керек. Сөз тіркесінде
сөздердің тіркесімділігі, ал сөйлем мүшелерінде байланыс мəселесі
сөз болатынын байқауға болады. Сөз тіркесі сөйлем мүшелеріне
қарағанда қалыптасуы жағынан кеш пайда болған. Оның тари-
хи себептері бар (ол тура лы грамматикалық категориялардың
қалыптасуы бөлімін қараңыз). Оның өзі олардың құрамдарына
да қатысты демекпіз. Сөз тіркестері тек дербес мағыналы сөздер
392
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
арқылы жасалуы міндетті шарт делінсе, сөйлем мүшелері үшін
бір сөз сөйлем мүшесі қызметінде жұмсала беруі жиі ұшырайды.
Сөйтіп, жеке сөздер де (сөз-сөйлемдер) жеке сөйлем бола береді.
Жалпы, сөйлем ең алғашында бір сөзді болып келді деген қағида
негізгі критерий болса, ең алдымен, бір сөзді сөйлем мүшелері
пайда болуы мүмкін деп білеміз. Сонда алдымен сөйлем, соның
негізінде сөйлем мүшелері қалыптаса келіп, сол сөйлемнің ая-
сының кеңеюінің нəтижесінде, яғни сөйлем екі немесе одан да көп
сөзді бола бастауына байланысты ғана сөз тіркестері пайда болуы
ықтимал. Бұл арадағы негізгі мəселе бір сөз тіркесі болатын сөз-
дер бір сөйлем мүшесі десек, керісінше, бір сөйлем мүшесінің
іштей сөз тіркестеріне талдауға қатысы туралы мəселе ойлануды
қажет етеді. Сөз тіркесі сөйлем мүшесінен кейін пайда болды де-
сек те, осы синтаксистік категориялардың бір-біріне ауысу про-
цесі туралы да ойлануымыз қажет.
Сөз тіркесі мен сөйлем мүшелері сөйлемде айқындалады.
Екеуінің де жасалуы тек сөйлем арқылы ғана жүзеге асса керек.
Сөз тіркесінің негізгі мəні дербес мағынасы бар сөз табы мен сөз
тіркесінің негізінде құрылады. Бір ғана қалаға кетті деген сөз
тіркесінен сөз тіркесінің байланысу формасы мен тəсілі, түрлері
мен синтаксистік қатынастарын айқындауға болады. Бұл жағынан
сөз тіркестерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қарастыруға
болатын синтаксистік категория деп білеміз. Сөз тіркестері
сияқты сөйлем мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қа-
рай алмаймыз. Олардың қолданылуы тек сөйлемде тұрғанда
ғана айқындалса керек. Сөйлем мүшелері сөйлемнің ішінде бас-
тауыш не баяндауыштық немесе соларға қатыстылығымен ғана
ерекшеленеді. Сөйлем мүшелеріндегі тілдік қасиеттер сөз тіркес-
терінің объектілеріне қарағанда аз. Сөйлем мүшелері бастауыш,
баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп жеке-же-
ке алынып, талданғанымен, бəрібір екінші бір сөзге қатыстылығы
айқын байқалып отырады. Сонымен, сөз тіркесі мен сөйлем
мүшесінің осындай өзгешеліктері болғанымен, екеуі – бір-бірінен
едəуір түрде дараланатын синтаксистік категория. Сөйте тұра сөз
тіркесі мен сөйлем мүшелерінің ұқсастық жақтары жəне байла-
нысы да жетерлік.
Сөз тіркестері өзара анықтауыштық, толықтауыштық, пысық-
тауыштық қатынаста жұмсалуға тиісті. Кейде ондай қатынаста
393
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
жұмсалатын дербес мағынасы бар сөздерден құралған сөз түрлі
себептерге сəйкес, енді өзара синтаксистік қатынасы жойылып,
таза лексикалық топқа ауысу процесі бо лып отырады. Мұның
өзі сөз тіркесін құрайтын сөздердің мағыналық бірлікте өзара
жымдасуының əсерінен де, кейде ондай сөз тіркестеріндегі кей-
бір сөздердің дербес мағынадан көмекші сөзге ауысу немесе
бірнеше сөздің тұрақталуы арқылы көрінсе керек. Тіпті, əдетте,
сөз тіркесі деп ұғынуға болатын сөз топтарының жиынтығының
бір сұрауға жауап беріп кетуі де, кейде ондай топты сөздердің
мағыналарының əлсіреуінің нəтижесінде осы процесс пайда бо-
лып, соншалықты сөздер енді топ-тобымен сөйлем мүшесі жа-
ғынан бір-ақ қызметке ауыса алатын дəрежеге ие болады. Еркін
сөз тіркестерінен күрделі сөйлем мүшесіне ауысу процесі – барлық
тілде үнемі жүріп отыратын құбылыс. Бүгін, кемпірқосақ, баспа-
сөз, келсап сияқты біріккен сөздер уақтысында кемінде екі сөзден
құралып, өзара еркін сөз тіркесі болғаны белгілі. Сонда олар бұл
күн, кемпір қосақ, баспа сөз, келі can сияқты əрі есімді, əрі етіс-
тікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарларының əлсіреуіне бай-
ланысты енді күрделі лексикалық топ құрайды да, сөз тіркесі жа-
ғынан оның бір сыңары, сөйлем мүшесі жағынан бір-ақ сөй-
лем мүшесі дəрежесіне жетіп отыр. Кейде сөз тіркестерінің ба-
сыңқы сыңарына түрлі жұрнақтардың жалғануынан олардың
грамматикалық қатынасы жойылып, сөз тіркесінің күрделі сы-
ңарын құрайды. Мысалы, 15-20 қой деген сөз тіркесіне 15-20
қойлы ауыл дегенде де қой басыңқы сөзіне - лы қатыстық
сын есімінің жұрнағының жалғануы ол сөздегі басыңқы сөз
бағыныңқы қызметке, яғни сол тобымен анықтауыштық қатынаста
жұмсалатын дəрежеге ауысып отыр. Мұның өзі – жалпы сөз
тіркестерінің сөйлем мүшесіне ауысу процесіндегі өзіндік бір
құбылыс. Бұдан сөз тіркестеріне қарағанда сөйлем мүшелерінің
аясының кеңдігін, екіншіден, мағыналық жағынан да мол
ауқымды екенін көруге болады. Солардың ішінде де 15-20 қойлы
адамдар бар (М.Əуезов) деген сөйлемдегі, сол сияқты ауылдан
келген бала деген үйірлі анықтауышты топты өзара екі сөз тіркесі
деп те немесе бір сөз тіркесі деп те айтуға болады. Бірақ осы
құбылысты қаншалықты осы дəрежеде айтқанымызбен, сөйлемнің
ішіндегі мұндай топты ауылдан сөзі келген сөзімен етістікті сөз
394
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
тіркесін құрап тұр деуге келмейді. Мұндағы есімше сөйлемнің
соңында келіп, баяндауыштық қасиетіндегі мағынасынан дəл осы
тұрғысында оның мағынасы əлсіреген. Сол себепті ол екеуінің
бір-біріне пысықтауыштық қатынасы жойылып, сол тобымен сөз
тіркесінің бір сыңары болу дəрежесіне ауысып отыр. Мұндай сөз
тіркестеріндегі құбылыс кейде өзара сөз тіркесін құрай алмайтын
топтарда да кездеседі. Мысалы: Ас-су ішіп, Əбдірахман екеуміз
ас үйден шыққанда, елдің алды жата да бастап еді (Б.Майлин)
дегенде, Əбдірахман екеуміз өзара сөз тіркесін құрай алмайды.
Бірақ мағыналық бірлікте ол екі сөз сөйлемде бір ғана сөйлем
мүшесі ретінде жұмсалады. Мұның өзі сөйлем мүшелерінің
құралуында тек сөз тіркесінің ізімен емес, сөздердің өзіндік топ-
талу мүмкіндігіне де байланысты. Сол сияқты «Əлін білмеген –
əлек» дегенде, білмеген сөзі адам сөзімен тіркесіп, анықтауыштық
қатынастағы сөз тіркесін құрауға тиіс сөздер. Бірақ осы арада
білмеген сөзін анықтайтын сөздің түсіп қалуына сəйкес білмеген
есімшесі заттанып, сол тобымен сөз тіркесінің енді бір-ақ сыңары
пайда болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |