Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Қатпарлы қамырдан жасалған жартылай фабрикаттар



Pdf көрінісі
бет119/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

Қатпарлы қамырдан жасалған жартылай фабрикаттар. Екі амалмен 
дайындайды: алдымен қалыптап, содан кейін пісіреді.
Жартылай фабрикаттарды қалыптауды қамырды салқындатқаннан 
кейін жүзеге асырады. Оны 2-5 кг-нан бөліктерге кесіп, оқтаумен торттарға 
және кесілген тәтті нандарға арналған қабаттарға 4,5-5 мм етіп жаяды. 
Дайындалған қабатты сумен дымқылданған кондитерлік параққа салады. 
Қамырдың қабатын 15-20 минут ұстап, беткі қабатын пісірер алдында 
бірнеше жерден түйрейді.
Қамырдан түрлі даналық жартылай фабрикаттар да жасайды: хатқалта, 
кітап, үшбұрыш, тіл, бантик, металл түтікшелерден орамалар (цилиндр 
пішінді) және түтікшелер (конус пішінді) жасайды және т.б.
Қатпарлы жартылай фабрикаттарды пісіру 25-30 минут аралығында 220-
250
°С температурада жүзеге асады. Май мен қамырдан су буланады, бірақ 
желімтік буды өнімнен шығармайды. Нәтижесінде қамыр қатпарлары бір-
бірінен ажырап, қамырдың көлемі ұлғаяды.


132 
Қатпарлы торттар. Қатпарлы жартылай фабрикаттың торттың 
өлшемімен кесілген бірнеше қабатына крем немесе конфитюр жағып, 
біріктіреді. Үстіңгі бетіне тегістеп крем немесе конфитюр жағып, үстіңгі 
бетін және қырларын қатпарлы жартыла фабрикаттың қиқымымен және 
шақпақ қант ұнтағымен әрлейді.
Қатпарлы тәтті нандар. Қатпарлы тәтті нандардың негізі тәтті нан 
пішінімен кесілген (тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш және т.б.) қатпарлы 
жартылай фабрикат немесе крем толтырылған түтікше не орама пішініндегі 
немесе бантик, үшбұрыш және не басқа да бетіне түрлі әрлеу жасалған басқа 
пішіндегі даналап пісірілген жартылай фабрикат болып табылады. 
13.5.
Қайнатылған қамыр және одан жасалған 
өнімдер
Қайнатылған қамыр. Бөліктерге кесілген сары май, тұз, және суды 
қайнағанша қыздырады. Қайнап жатқан массаға күрекшемен мұқият 
араластыра отырып, жәймен ұн қосып, біркелкі масса алынғанша 5 минут 
қайнатады. Алынған массаны 70-60°С-қа дейін суытады. Одан кейін баяу 
айналымда үздіксіз шайқай отырып, біртіндеп меланж қосып, 15-20 минут 
қамырды илейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет