130
Қамыр түйіршіксіз
жетілдіре иленбеген ізсіз, түсі ашық сарыдан-сарыға
дейін, жағымды иіс пен эссенцияның жеңіл иісі болуы тиіс.
Қамырды 3-4 кг-нан бөліктерге кесіп, ұн себілген үстелде қабат түрінде
жаяды.
Одан кейін қабаттарды кесіп, оқтаудың көмегімен кондитерлік
парақтарға салады (парақтарды майламайды). Ісудің алдын алу үшін
қамырдың бетін бірнеше жерден түйрейді.
Торттар мен кесілген тәтті нандардың қамырын 3-4 мм қалыңдықта
жаяды. Домалақ пішіні торттарға қамырды
дөңгелек металл ойықпен
пішіндеп, шаршы пішінге пышақпен кеседі.
Сақиналарға арналған қамырды 6-7 мм қалыңдықта жайып, металл
ойықпен пішіндейді. Себетшелерге арналған қамырды 7-8 мм қалыңдықта
жайып,
ирек қалыптарға салып, оның түбі мен қабырғаларына төсейді;
қамырлы қалыптарды парақтарда пісіреді.
Піспенанға кесілген қамырды 4,5-5 мм қалыңдықта жайып, ойықтардың
көмегімен тік бұрышты немесе дөңгелек пішінді піспенандар қалыптайды.
Қабаттарды 220-225°С температурада пісіру ұзақтығы – 10-15 минут,
себетшелер мен сақиналарды – 10-13, піспенандарды – 5-6 минут 220-240°С
температурада.
Тортқа арналған Алма қосылған үгілмелі бисквитті
тортқа және
«Кравковский» тәтті нандарына арналған қабаттарды
жартылай дайын болғанша пісіреді.
Үгілмелі қамырдың түрлерінің бірі болып
үгілмелі жаңғақтармен және
үгілмелі какао ұнтағымен піспенандары болып табылады. Оларды дәл солай
жасайды, бірақ ұнды алдын ала майдаланып
қуырылған жаңғақтармен
немесе какао ұнтаығмен араластырады.
Достарыңызбен бөлісу: