157
14.3.7.
Жармалар мен макарон өнімдерінен әзірленген
тағамдар
Диеталық тамақтандыруда №8 және №9 диеталардан басқаларында ұнтақ,
қарақұмық, күріш, сұлы, арпа, бидай жармалары мен макарон өнімдерін
пайдаланады.
Жармалардан шашыраңқы, жабысқақ және сұйық ботқалар
пісіріп,
пісірмелер мен пудингтер, домалатпалар, құймақтар дайындайды.
Кейбір тағамдарда ботқаға мейіз, алма, сүзбе, сәбіз салады.
Макарон өнімдерін қайнатылған түрде маймен (1-7/10 диеталары),
ірімшікпен (№2 және 5 диеталар), сүзбемен (2-7/10 диеталары), томат және
ірімшікпен (№2 және 5 диеталар), және пісірме түрінде (№5 және 7/10
диеталар), сүзбе қосылған кеспе түрінде (№2, 5 және 7/10 диеталар)
қолданады.
14.3.8.
Кондитерлік өнімдер
Бұл өнімдердің сұрыпталымдары көлемді емес.
Бисквитті таяқшалар (№ 8 және 9 диеталардан басқа). Жұмыртқа
ақуыздарын
қою көбікті етіп шайқап, оған ақырындап қант, сарыуыз,
крахмалмен
араласқан бидай ұнын қосып, ақырындап араластырады.
Кондитерлік қалтамен май жағылып, ұн себілген
табаққа сопақша келген
таяқшаларды салып, 180-200°С температурада пісіреді.
Бисквитті ақуыз таяқшаларын жұмыртқа саруызынсыз дайындайды.
Осылайша май қосылған қайнатылған бисквитті (дәл сол диеталар), алма
қосылған бисквитті орама (№1, 2 және 7/10 диеталар), сүзбе және күріш
қосылған үгітіліп тұратын бәліш (№2 және 7/10 диеталар), ірімшікті
таяқшаларды (№2 және 9 диеталар) дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: