Ірімшікті таяқшалар. Жұмыртқа ақуыздарын шайқап, оларға сарыуыз,
үгілген ірімшік қосып, араластырып, қасықпен май жағылған табаққа
сопақша шелпек түрінде салады. 180-200°С температурада пісіреді.
№9 диетаға бәліштер, ватрушкалар, піспенандар және кебектерден
дайындалған басқа өнімдер әзірлейді.
Кебектерден әзірленген піспенан. Кебектерді үлкен елекпен елеп,
табаққа жұқа қабатпен салып, қуыру шкафында кептіреді, артынша
сындырады. Жұмыртқа ақуыздарын қою көбікшеге шайқап, шайқауды
доғармай отырып, сарыуыз, сорбит және кебектерді қосып, ақырындап
араластырады. Май жағылған табаққа қасықпен сопақша шелпектерді салып,
180-
200°С температурада пісіреді.
Бақылау сұрақтары
1.
Емдік және профилактикалық тамақтандырудың маңызы қандай?
2.
№1 диетаның емдік мақсаты қандай? Бұл диетада қандай өнімдер және
оларды аспаздық өңдеудің қандай тәсілдері қолданылады?
3.
№2 диетаның емдік мақсаты қандай? Бұл диетада қандай өнімдер және
оларды аспаздық өңдеудің қандай тәсілдері қолданылады?
4.
№5 диетаның емдік мақсаты қандай? Бұл диетада қандай өнімдер және
оларды аспаздық өңдеудің қандай тәсілдері қолданылады?
5.
№7/10 диеталарының емдік мақсаты қандай? Бұл диеталарда қандай
өнімдер және оларды аспаздық өңдеудің қандай тәсілдері қолданылады?
6.
№8 диетаның емдік мақсаты қандай? Бұл диетада қандай өнімдер және
оларды аспаздық өңдеудің қандай тәсілдері қолданылады?
7.
№9 диетаның емдік мақсаты қандай? Бұл диетада қандай өнімдер және
оларды аспаздық өңдеудің қандай тәсілдері қолданылады?
8.
№11 диетаның емдік мақсаты қандай? Бұл диетада қандай өнімдер және
оларды аспаздық өңдеудің қандай тәсілдері қолданылады?
9.
№15 диетаның емдік мақсаты қандай? Бұл диетада қандай өнімдер және
оларды аспаздық өңдеудің қандай тәсілдері қолданылады?
10.
Радиацияға қарсы диетаның емдік мақсаты қандай? Бұл диетада қандай
өнімдер және оларды аспаздық өңдеудің қандай тәсілдері қолданылады?
11.
Диеталық тамақтандыруда тағамдарды дайындаудың ерекшеліктері
қандай?
|