Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет45/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   174
Көкөністен әзірленген щи. Қымыздық пен саумалдықты бөлек бөктіріп, 
езгілеп, араластырып, ыстық сумен езеді, тұз, қант қосып, қайнатуға дейін 
апарып, салқындатады. Рецептуралар жинағының 3-бағаны бойынша щиге 
текшелеп кесілген немесе үккіштен өткізілген қайнатылған картоп қосады. 
Қияр, көк пияз, бітеу пісірілген жұмыртқа және қаймақты түсі ретінде салып, 
аскөк себеді. Щиді жұмыртқаның орнына қайнатылған сиыр етін қосып 
түсіруге болады. 
Салқын борщ. Қызылша мен сәбізді сабандап турайды. Қызылшаны 
сірке суымен дайын болғанша бөктіреді. Сәбізді бөлек бөктіріп, қызылшамен 
біріктіріп, ыстық су, тұз, қант қосып, қайнатып, салқындатады. 


 
Түсірерде тәрелкеге туралған қияр, көк пияз, қайнатылған жұмыртқа 
салып, борщты құйып, қаймақ қосады. Қиярды шалғаммен алмастыруға 
болады. 
Борщты қайнатылған сиыр етімен, қайнатылған немесе бөктірілген 
балықпен, консервіленген теңіз шаяндарымен беруге болады. 
Бақылау сұрақтары 
1. 
Адам тамақтануында сорпаның маңызы қандай? 
2. 
Сұйық көк сорпаны дайындаудың сұрыптамасы мен технологиясы қандай? 
3. 
Езбе сорпаларды дайындаудың жалпы сызбасы қандай? 
4. 
Өсімдікті өнімдерден езбе сорпа дайындаудың сұрыптамасы мен 
технологиясы қандай? 
5. 
Жануар өнімдерінен езбе сорпа дайындаудың сұрыптамасы мен 
технологиясы қандай? 
6. 
Биск сорпаларын дайындаудың технологиясы қандай? 
7. 
Мөлдір сорпа дайындаудың технологиясы қандай? Оларды қандай 
гарнирлермен береді? 
8. 
Көк сорпаны дайындаудың сұрыптамасы мен технологиясы қандай? 
9. 
Қызылша сорпа, көк көже дайындаудың технологиясы қандай? 
10. 
Көкөністі щи мен салқын борщты дайындаудың технологиясы қандай? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет