Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


  7  ТАРАУ  АСА КҮРДЕЛІ



Pdf көрінісі
бет46/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   174
58 

ТАРАУ 
АСА КҮРДЕЛІ
ТҰЗДЫҚТАРДЫ
ДАЙЫНДАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ
7.1.
Негізгі қызыл туынды тұздықты дайындау
Шарапты қызыл тұздық (мадера). Шарапты қыздырылған ыдысқа 
құяды, қақпағын жауып, қайнатады да негізгі қызыл тұздыққа құяды. 
Тұздыққа маргарин қатады. Ащы қылу үшін өнеркәсіп өндірісінің «Оңтүстік» 
тұздығын 1 кг тұздыққа 30 - 50 г мөлшерде қосуға болады.
Тұздықты асылған не қуырылған ет, құс еті, жабайы құс еттерінен 
жасалған тағамдарға қосып береді. 
Пиязды тұздық (миронтон). Майдалап туралған пиязды шала қуырып, 
сірке суын, түйірлі қара бұрыш қосып, 5-7 минут қайнатады. Дайын болған 
пиязды негізгі қызыл тұздыққа салады, 10-15 минут аралығында пісіріп
маргарин қатады. 
Домалатпаларға, котлеттерге, қуырылған, қайнатылған шошқа еттеріне 
және басқа да ет тағамдарына қосып береді. Ет тағамдарын көмештеуде 
пайдаланады. 
Пияз және қиярлы тұздық (қышқыл). Пиязды пиязды тұздыққа 
дайындаған секілді әзірлейді, негізгі қызыл тұздықта 10-15 минут пісіріп, 
«
Оңтүстік» тұздығын және майдалап туралып бөктірілген маринадталған 
немесе тұздалған қабықсыз және тұқымсыз қиярларды қосады. Тұздықты 
маргаринмен қатады.
Асылған не қуырылған еттен жасалған тағамдар мен шабылған ет 
өнімдеріне қосып береді. 
Қыша қосылған пиязды тұздық (робер). Майдалап туралып шала 
қуырылған пиязды негізгі қызыл тұздыққа салып, 10-15 минут аралығында 
пісіреді. Тұздықты ас қышасы, тұз, «Оңтүстік» тұздығымен қатады. Бұл 
тұздықты қыша ақуыздары ұйып, иісі шықпас үшін қайнатуға болмайды. 
Тұздықты шабылған ет өнімдеріне, қуырылған шұжыққа, шұжықшаларға, 
қысқа шұжықтарға, қайнатылған желінге қосып береді. 
Пияз және саңырауқұлақты қызыл тұздық (аңшылық). Майдалап 
туралған пиязды аздап шала қуырады. Жартылай дайын болғанша 
бөктірілген балауса саңырауқұлақтарды немесе қайнатылып кептірілген 


59 
саңырауқұлақтарды жұқалап сабан тәріздеп турап, пиязбен бірге 3-5 минут 
аралығында қуырады. Қуырылған пияз бен саңырауқұлақты, түйір бұрышты 
негізгі қызыл тұздыққа қосып, 10-15 минут пісіреді.
Пісіру соңында тұздыққа қайнатылған құрғақ ақ шарап, туралған 
ақжелкен көгін және шырғалжың қосып, маргарин қатады. 
Тұздықты қуырылған жабайы құс етіне, қуырылған табиғи котлеттер мен 
еттен дайындалған басқа да тағамдарға қосып береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет