Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Жұмыртқамен пісірілген көкөністер



Pdf көрінісі
бет60/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

Жұмыртқамен пісірілген көкөністер. Картоп, пияз және қызанақтарды 
қуырып, көк пияз қосады да, үстіне шайқалған жұмыртқаларды қосып, 
пісіреді. 
Табадағы көкөністі ащы көже. Жаңа піскен немесе ашытылған 
қырыққабатты бұқтырып, шала қуырылған пияз, аршылған және ромб тәрізді 
туралып шарпыланған тұзды қиярлар, туралған тұзды саңырауқұлақтар және 
киеуілдер қосады. Көкөністерді табаға төбешік етіп салып, үгілген ірімшік 
пен кепкен нан себеді және май сеуіп, пісіреді. Дайын болған ащы көженің 
үстін лимон бөлігімен, зәйтүнмен, маринадталған жемістермен әсемдейді. 
8.2.3.
Турама салынып піскен көкөністер
Тәтті бұрыш, баялдылар, кәділер, қырыққабат, қызанақтар және картоп, 
шалқан, қызылшаны турамамен толтырады. 
Турамалау алдында бұрыштан тұқымдарын алып тастап, қайнап жатқан 
тұзды суда 3-5 минут қайнатады. Жас кәділерді көлденіңінен ұзындығы 4-5 
см цилиндрлерге кеседі. Тұқымдарын мәйек бөлігімен алып тастап, тұзды 
қайнап тұрған суда жартылай дайын болғанша пісіреді. Баялдыларды да 
цилиндрлеп кеседі, бірақ қайнатудың орнына тұз сеуіп, ащы шырыны бөліну 
үшін 10-15 минут қалдыра тұрады да, кейін жуып-шаяды. Қызанақтардың 
төбесін кесіп, тұқымдарын алып тастайды. 


72 
Қырыққабаттың қауданын өзегін алып тастағаннан кейін ыстық суға 
салып, 12-15 минут ішінде пісіреді. Содан соң алып, суын ағызып, 
жапырақтарға бөлшектейді.
Көкөністі, күріш қосылған көкөністі, күрішті, саңырауқұлақ қосылған 
күрішті, күріш қосылған етті турамалармен толтырады.
Көкөністі турамамен толтырылған бұрыш. Қырыққабатты бұқтырып, 
шала қуырылған сәбіз, ақжелкен, пияз, қызанақ езбесі, қант және сірке суын 
қосып, дайын болғанша бұқтырады. Алынған турамамен дайындалған тәтті 
бұрышты толтырады да, қызанақ тұздығын құйып пісіреді. Берер алдында 
бұрышқа өзінде піскен тұздықты құйып, ұсақталған көктерді себеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет