Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері



Pdf көрінісі
бет61/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   174
Байланысты:
Шильман-Тамақтандыру-кәсіпорындарындағы-технологиялық-үрдістер.-Оқу-құралы

Көкөністі голубцы. Қырыққабаттың өзексіз қауданын тұзды суда 
жартылай дайын болғанша пісіреді, жапырақтарға бөлшектеп, жапырақ-
тардың шыбықтарын аздап жаншылайды. Қырыққабаттың дайын жапырақ-
тарына тураманы салып, хатқалта түрінде бүктейді. Жартылай фабрикат-
тарды жайпақ қаңылтыр табаға немесе табаға салып, қуырады. 
2
/
3
биіктікте 
қаймақты немесе қызанақ қосылған қаймақты тұздықты құйып, пісіреді. 
Турама үшін майдалап туралған сәбіз, шалқан және басты пиязды шала 
қуырып, ақжелкен көгін қосады. Ал саңырауқұлақтарды қуырып, 
қайнатылған шашыраңқы күрішпен және бітеу етіп пісіріліп, майдалап 
туралған жұмыртқамен біріктіріп, барлығын араластырады. Кептірілген 
саңырауқұлақтарды қолданған жағдайда оларды салқын суға салып, 3-4 
мәрте жуады да қайнатады. Артынша майдалап турап, қуырады. 
Көкөністі турамамен толтырылған кәділер. Дайын кәділерді (8.1-
бөлімде келтірілген) көкөністі турамамен толтырып, май жағылған жайпақ 
қаңылтыр табаға салады. Үгілген ірімшік сеуіп, пісіреді. Содан кейін 
кәділерге қаймақ тұздығын немесе қызанақ қосылған қаймақ тұздығын не 
болмаса қаймақтың өзін құйып, қайнатады. 
Турама үшін сабан түрінде немесе ұзыншалап туралған ақбас 
қырыққабатын қуырады; сәбіз бен ақжелкенді немесе балдыркөкті текшелеп 
не сабан түрінде турап, шала қуырады. Бөлек жартылай шеңбермен туралған 
басты пиязды шала қуырып, оны қырыққабат және тамырсабақтармен 
біріктіреді. Шала қуырылған қызанақ езбесін, майдалап туралған және аздап 
қуырылған көк пиязды, жасыл бұршақты, үгітілген сарымсақты, ұнтақталған 
бұрышты қосып, араластырады және қыздырады. 
Көкөністі турамамен толтырылған баялдылар. Дайын баялдыларды 
көкөністі турамамен немесе саңырауқұлақ не жұмыртқа қосылған көкөністі 
турамамен толтырып, жайпақ қаңылтыр табаға бір қатар етіп салады. Аз 
мөлшердегі су не сорпа қосып, дайын болғанша пісіреді. Берер алдында 
қаймақты немесе қызанақ қосылған қаймақты тұздық құяды. 
Турамасы үшін сәбіз, ақжелкен (балдыркөк) және басты пиязды алдыңғы 
тағамдағыдай дайындап, араластырады. Шала қуырылған қызанақ езбесін, 


73 
қуырылған қызанақтарды, үгітілген сарымсақты қосып, қайнауға дейін 
апарады. Содан кейін турамаға бөліктеп туралған қайнатылған жұмыртқалар 
немесе майдалап туралып қуырылған саңырауқұлақтар және тұз, бұрыш 
қосады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет