Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Қаймақты тұздықтағы саңырауқұлақтар



Pdf көрінісі
бет57/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   174
Қаймақты тұздықтағы саңырауқұлақтар. Қайнатылып кептірілген 
саңырауқұлақтарды, жаңа піскен ақ саңырақұлақтарды, қозықұйрықтарды 
немесе қайнатылған тыржыңқұлақтарды тілімдеп не бөліктеп турап, ауық-
ауық араластыра отырып, дайын болғанша қуырады. Дайын болған 
саңырауқұлақтарға қаймақ тұздығын құйып, 5-10 минут қайнатады. 
Саңырауқұлақтарды шала қуырылған пиязбен де дайындауға болады.
Гарнир ретінде қуырылған саңырауқұлақтарға қайнатылған картоп беруге 
болады.
Табиғи көкөністерден бөлек қуыру әдісі арқылы көкөністі котлет 
массаларынан жасалған өнімдерді де дайындайды. 


69 
Картопты котлеттер. Аршылған картопты қайнатады, құрғатып, ыстық 
күйінде езгілейді, 50-40°С-қа дейін суытып, одан кейін жұмыртқаларды 
салып мұқият араластырады. Массадан 1 порцияға 2 данадан келетіндей етіп 
котлеттерді қалыпқа келтіреді. Кепкен нанға немесе ұнға аунатып, екі бетін 
де негізгі әдіспен қырады. 
Котлеттерді еріген маргарин не май құйып немесе бір жағына қаймақ, 
қызанақ тұздығы, қаймақ тұздығы, пиязды қаймақ тұздығы немесе 
саңырауқұлақ тұздығын құйып береді. Қаймақ пен тұздықты тұздық 
ыдысымен беруге болады. 
Картоп котлерттерін ірімшікпен әзірлеуге болады. Котлет массасына 
үкпе сүзбе, ұн және ерітілген сары май немесе маргарин қосады. Оларды 
картоп котлеттері секілді қуырады. Берер алдында ерітілген маргарин не май 
немесе бір жағына қаймақ құйып береді. 
Картопты зразылар. Котлет массасынан қалыңдығы 1 см шамасында 
болатын, 1 порцияға 2 данадан келетіндей етіп шелпек жасайды. 
Әрқайсысының ортасына турама салады. Шелпектердің жиегін тураманың 
үстінен біріктіріп, жабыстырады. Бүйірі сопақшалау кірпіш пішінін беріп 
кепкен нанға немесе ұнға аунатады да, негізгі тәсілмен қуырады. 
Турама үшін басты пиязды сабандап турап, шала қуырады. Қайнатылған 
саңырауқұлақтарды майдалап турап, қуырады, сәбізді сабандап турап
маймен бөктіреді, жұмыртқаны бітеу етіп пісіреді. Пиязды қуырылған 
саңырауқұлақтармен немесе ұсақталып туралған бітеу етіп піскен 
жұмыртқалармен немесе бөктірілген сәбізбен араластырып, тұздап, 
ұнтақталған бұрышпен дәмдейді.
Берер алдында зразыларға ерітілген майды, қаймақты немесе қызанақты, 
қаймақты не саңырауқұлақты тұздықтарды құяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет