108
Өнімді балық секілді безендіріп, құяды. Үлестеп,
көкөніс гарнирімен
береді. Ақжелкек тұздығын бөлек береді.
Турамаланған тауық еті (галантин) немесе турамаланған торай еті.
Өңделген тауық ұшасында омыртқа бойымен бойлық тілік жасап, онда 1 см
қалыңдықтағы жұмсақ ет қабатын қалдырып, терісін бүтіндей кесіп алады.
Қалған жұмсақ етті сүйектерден кесіп алып, сиыр етімен бірге еттартқыштан
2-
3 мәрте, одан кейін езгілеу машинасынан өткізеді. Алынған турамаға шикі
жұмыртқалар, сүт, тұз, бұрыш,
жұпар жаңғағын қосып, қағымдайды. Сонан
соң майда текшемен туралған шпикті, пісте немесе жасыл бұршақты қосып,
араластырады.
Алынған турамамен өнімге бүтін тұлып пішінін беріп теріні толтырады.
Тіліктерді тігіп, жартылай фабрикатты майлыққа
немесе пергаментке орап,
баумен байлайды да сорпада әлсіз қайнауда 1-1,5 сағат аралығында пісіреді.
Дайын тауық етін сорпада салқындатып,
жеңіл баспаққа салып,
тоңазытқышта салқындатады.
Берер алдында тауық етін 1 үлеске 1-2 бөліктен кесіп, гарнирлейді.
Тұздықты (майонез,
карнишон қосылған майонез, ақжелкек) бөлек береді.
Өңделген торайды қарны бойынша бойлап кесіп, сүйектерін алып тастап,
кесілген орнын ішінара тігеді. Қалған саңылау арқылы торайға турама
толтырып, саңылауды тігіп тастайды.
Тураманы тауық етіне дайындағандай етіп, тек торай етінен әзірлейді. Әрі
қарай тауық еті секілді дайындап, алынып тасталған сүйектермен бірге 1,5-2
сағат ішінде бәсең қайнауда пісіреді. Одан кейін галантин сияқты жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: