жаңа
піскен қызанақтарды тазалап, жуады. Көкөністерді жұқа тілімдермен
кесіп, майонез бөлігімен және «Южный» тұздығымен дәмдейді. Жұмырт-
қаларды бітеу етіп пісіреді.
Дәмделген көкністерді білікшелеп салып, үстіне жұмыртқалардың жарты
бөліктерін қойып, оларға қалған майонезді қосады.
Берер алдында тағамды
туралған ет сілікпесімен және көкөністермен әрлейді.
Майшабақ және пиязбен турамаланған жұмыртқалар. Бітеу етіп
пісірілген жұмыртқаларды өн бойымен кесіп, сарыуызын бөліп алады. Оны
езгілеп, еттартқыштан өткен майшабақ мәйегімен және пиязбен біріктіреді.
Алынған массаны майонездің жартысымен дәмдеп,
ақуызға сарыуыздың
орнына қояды; жұмыртқа бекем болуы үшін ақуыздың төменгі жағынан
кішкене тілім кесіп алады. Жұмыртқаларды тәрелкеге орналастырып,
қырына гарнир (жасыл бұршақ, жаңа піскен қияр және қызанақ) салады.
Жұмыртқаларға қалған майонезді қосады.
Жұмыртқаларды басқа да турамалармен толтыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: