126
1 -
т ә с і л . Құмшекер, жұмыртқа және сүтті мұқият араластырып, үздіксіз
араластырып отырып қайнатады. Шәрбатты 104-105°С
температураға дейін
көп қайнатып суалтады да сүзгілеп салқындатады.
2 -
т ә с і л . Құмшекер мен сүтті араластырып, 104-105°С
температураға
дейін (жұқа жіппен байқап көреді) 60-80 минут ішінде көп қайнатып
суалтады; жұмыртқаларды 5-7
минут ішінде шайқап, сүтті-қантты
шәрбаттың бөлігін құяды (жұмыртқалардың санына 1:1 қатынаста).
Артынша сүтті-қантты шәрбаттың қалған бөлігімен араластырып, 95°С
температурада 5 минут ұстайды. Дайын шәрбатты сүзгілеп, салқындатады.
Осылайша
шоколадты, кілегейлі-жаңғақты «Шарлотт» және т.б.
кремдерді әзірлейді.
«Глясе» кремі. Жұмыртқаларды алдымен жай айналымдармен, одан
кейін жылдам айналымдармен 20-25 минут ішінде шайқайды. Шайқалған
массаға ыстық қантты шәрбатты құйып, масса 28-26°С-қа дейін суымайынша
шайқайды. Алынған массаны алдын ала шайқалған сары маймен
біріктіріп,
біркелкі қою масса болғанша тағы да 5-10 минут шайқайды. Шайқау
соңында коньяк немесе десертті шарап пен ванильді ұнтақ қосады.
Достарыңызбен бөлісу: