132
Қатпарлы торттар. Қатпарлы жартылай
фабрикаттың торттың
өлшемімен кесілген бірнеше қабатына крем немесе конфитюр жағып,
біріктіреді. Үстіңгі бетіне тегістеп крем немесе конфитюр жағып, үстіңгі
бетін және қырларын қатпарлы жартыла
фабрикаттың қиқымымен және
шақпақ қант ұнтағымен әрлейді.
Қатпарлы тәтті нандар. Қатпарлы тәтті нандардың негізі тәтті нан
пішінімен кесілген (тік төртбұрыш, шаршы, үшбұрыш және т.б.)
қатпарлы
жартылай фабрикат немесе крем толтырылған түтікше не орама пішініндегі
немесе бантик, үшбұрыш және не басқа да бетіне түрлі әрлеу жасалған басқа
пішіндегі даналап пісірілген жартылай фабрикат болып табылады.
13.5.
Қайнатылған қамыр және одан жасалған
өнімдер
Қайнатылған қамыр. Бөліктерге кесілген сары май, тұз, және суды
қайнағанша қыздырады. Қайнап жатқан массаға күрекшемен
мұқият
араластыра отырып, жәймен ұн қосып, біркелкі масса алынғанша 5
минут
қайнатады. Алынған массаны 70-60°С-қа дейін суытады.
Одан кейін баяу
айналымда үздіксіз шайқай отырып, біртіндеп меланж қосып, 15-20 минут
қамырды илейді.
Достарыңызбен бөлісу: