Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


  кілкілдек, тұздалмаған, майсыз ірімшік, суланған майшабақ, теңіз өнімдері  қосылған салаттар мен винегреттер дайындайды. Сорпалар



Pdf көрінісі
бет136/174
Дата13.06.2022
өлшемі2,37 Mb.
#36784
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   174
149 
кілкілдек, тұздалмаған, майсыз ірімшік, суланған майшабақ, теңіз өнімдері 
қосылған салаттар мен винегреттер дайындайды.
Сорпалар: әртүрлі көкөністерден щи, борщ, қызылша сорпасы, етті және 
көкөінсті көк сорпа, картоп, түрлі жармалар, домбайлар қосылған 
вегетариандық сорпалар. Дәмін жақсарту үшін алдын ала буланған, артынша 
шала қуырылған басты пияз, бөктірілген сәбіз, ақжелкен және балдыркөкті 
пайдаланады.
Картоп және басқа көкөністер: картопты шектеулі түрде көмір-
сулардың күндізгі нормасын есепке ала отырып пайдаланады. Көбіне 
қайнатылған күйде. Көмірсуларды сондай-ақ сәбізде, қызылшада, жасыл 
бұршақта есепке алады. Қырыққабат, кәділер, асақабақ, салат, қияр, қызанақ, 
баялдыларды, қайнатылған, пісірілген, бұқтырылған күйде жиі пайдаланған 
тиімдірек. Сирек – қуырылған күйде. Тұздалған көкөністерге шектеу 
қойылады.
Жармалар: көмірсулардың күндізгі нормасы шегінде шектеледі. 
Шашыраңқы ботқаларды қарақұмық, арпа, бидай жармаларынан, ал сұйық 
және жабысқақ ботқаларды сұлы жармасынан әзірлейді; бұршақ тұқым-
дастарды пайдалануға мүмкіндік бар.
Жұмыртқалар: күніне 1,5 аспайтын данада шала пісірілген және омлет, 
соның ішінде ақуызды түрінде пайдалануға кеңес береді; сарыуыздарға 
шектеу қойылады.
Сүт және сүт өнімдері: сүт және сүтті қышқыл сусындарға кеңес 
беріледі; жартылай майлы сүзбе және одан жасалатын өнімдер, тұздалмаған 
және майсыз ірімшіктер тиімдірек, қаймақ – шектеулі.
Майлар: тұздалмаған сары және ерітілген майлар, сонымен қатар, өсімдік 
майлары қолданылады.
Балық: әсіресе, асылған, пісірілген, кейде қуырылған (асылғаннан кейін) 
түрде майсыз балық қолданылады. Рационға суланған майшабақ, өз 
шырынындағы және томаттағы балық консервілерін қосуға болады.
Ет және құс еті: майсыз сиыр, бұзау, қоян, тауық, күркетауық еті, 
сонымен қатар, балық. Котлет массасынан дайындалған өнімдер, асылған тіл, 
шұжықшалар, пісірілген шұжықтар (докторлық, диеталық).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет