146
Рұқсат етілген өнімдер мен тағамдарды іріктеу бойынша №7 диетаға №10
диета өте ұқсас және мәзірде мұндай тағамдарға бөлшекті сызық арқылы екі
санды да жазады – №7/10. Сондықтан №10 диетаның сипаттамасын бірден
қарап кетеміз.
14.2.5.
№10 диета
Жалпы сипаттама. Қан айналымның жетіспеуінен жүрек-қан тамырлары
жүйесі ауруларында, қабынған үдерістерде тағайындалады. Емдік мақсаты –
бұзылған қан айналымын, су-тұз және май алмасуды ас тұзын 5-6 кг-ға дейін
(олардың 2-3 г өнімдердің құрамында болады), бос сұйықтықты 1,2 л-ге
дейін (сорпа, сусын, тәтті тағамдарды қоса), шектеу жолымен қалпына
келтіру, азотты
сығып алынған заттектерді, құрамында холестерині бар
өнімдерді шығарып тастау.
Диетада калий, магний, липотропты заттектердің,
сілтіленетін әрекет
беретін өнімдердің (сүт өнімдері, көкөністер, жемістер) мөлшері артқан.
Ас қорыту жолы аллергиялық серпілістердің дамуында маңызды рөл
атқарады. Бір жағынан ішек-қарын жолында (ІҚЖ) тағамдық, дәрілік,
химиялық және басқа да аллергендердің сіңірілуі болады.
Оның жеңілісі
аллергияның ықтималдылығын көтереді. Екінші жағынан ас қорыту
мүшелері науқас тері арқылы (мысалы, экзема) ағзаға енетін заттектердің
қозуынан туындайтын аллергиялық серпілістердің
пайда болу орны болуы
мүмкін. Осыған сәйкес экзема және басқа да тері ауруларында кейде
сипаттамасы №7 және 10-диеталарға сәйкес келетін қабынуға қарсы диета
сәтті қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: