41
Жұмыртқа мен пияз енгізілген. Масса 6 сағатқа дейін ылғал бөлмей сақтала
алады.
Бірыңғайланған балықты котлет массасының
рецептурасы, 100 кг массаға кг
Балық (сүйексіз терілі сүбе) ............................................................ 59,3
Нан ..................................................................................................... 14,9
Су ....................................................................................................... 15,8
Жұмыртқа .............................................................................................. 5
Тазаланғаң басты пияз .......................................................................... 5
Тұз .......................................................................................................... 1
Бұрыш ............................................................................................... 0,05
Массаны әзірлеу үшін балықтың сүйексіз терілі сүбесі, суда жібітілген
қатты бидай нанын және
пиязды еттартқыштан өткізеді, жұмыртқа, тұз,
бұрыш қосып, жақсылап араластырады. Массадан котлет қалыптайтын
автоматтан домалатпалар жасап, кепкен
нанға аунатып, май жағылған Е1 х
65
функционалды ыдыстарына бір қатарға орналастырып, жөнелту
тоңазытқыш камерасына жіберіледі. Домалатпалар жасаудың жалпы мерзімі
–
12 сағат, оған қоса өндіруші кәсіпорнында сақтау мерзімі 4
сағаттан
аспайды.
Тефтели мен бұршақ етті арнайы саптамалары бар еттартқыштың
көмегімен қалыпқа келтіреді. Тефтелиді май жағылған функционалды
ыдыстарға, ал бұршақ етін тесікті ыдысқа салады.
Бұл жартылай
фабркиаттарды жылумен өндіретін аспаздық цехқа жібереді.
Достарыңызбен бөлісу: