Тамшылары



Pdf көрінісі
бет24/84
Дата04.05.2023
өлшемі0,97 Mb.
#89956
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84
Харам астың азабы
Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) бір қызметшісі бар 
болатын. Кешкі асты ылғи да сол даярлап әкелуші еді. 
Алайда Әбу Бәкір алдына әкелген астың қайдан, қалай 
13
Мәнакиби- Чиһар Яры- Гузин


63
Сахабалар сабағы
келгендігін бәрін тәптіштеп сұрап білмейінше асқа қол 
созбайтын. 
Әлгі қызметшісі бір күні кешке әдеттегідей тамақ 
әкелді. Әбу Бәкір Сыддық бұл жолы тамақтың кімнен 
сатып алынғандығы, дастарханға қойылғанға дейін 
қалай келгендігі туралы ешқандай сұрақ сұрамастан 
бірден бір қасық алып аузына салды. Оның бұл тосын 
әдетіне таңырқаған құлы:
– Қожайын-ау, сіз күнде тамақтың жай-жапсарын 
сұраушы едіңіз, бүгін қалайша сұрап жатпастан ауыз 
салдыңыз? – деп сұрайды. 
Бұны естігенде Әбу Бәкірдің (р.а.) көзі жасқа шы-
лана:
– Е, қайтейін-ай, қу аштық соған қаратты ма?! Енді 
кеш те болса маған тамақтың қайдан қалай келгенін 
айт, – деді мұңая. 
Қызметші:
– Исламға дейінгі уақытта мен халыққа өнер 
көрсетуші едім. Бір күні кездесе кеткен бір топ кісінің 
қолқалауымен оларға өнер көрсеткенім бар еді. Сол 
мезет олардың маған ақы ретінде ұстатар ештеңелері 
болмай, ақысын кейінірек бермек болып уәде берген 
еді. Бүгін соларды көріп, берген уәделерін естеріне сал-
дым. Олар өздері жемек болып отырған тамақтарынан 
маған берген болатын, – деді. 
Бұл жайсыз жауапты естігенде Әбу Бәкір (р.а.) 
іштей қатты реніш білдіріп, абайсызда болған 
қателігіне қатты өкінді. Тіпті бет-жүзін тарам-тарам 
жас жуып кетті. Алдында тұрған тамақты лақтырып 
жіберді. Сұқ саусағын аузына тығып жіберіп қақала-
шашала құса бастады. Бір көгеріп, бір қызарып өзін 


64
Тағылым тамшылары
қатты қинады. Жылымшы ғана су ішіп тағы да құсты. 
Бір орында байыз таппай мазасы кетті. Асқазанында 
ештеңенің қалмағандығына әбден көзі жеткенде ғана 
барып тоқтатты. Қасындағылар таңдана:
– Түкке тұрғысыз бір татым тамаққа бола осынша-
ма қиналғаныңыз қалай? – деп сұрағанда, ол:
– Иә, – деді, – өйткені бірде Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
«Ішкен-жегені харам болған кісілерге 
Аллаһ тағала Жұмақты нәсіп етпейді» дегенін естіген 
едім.
Сөйтті де басын жоғары көтеріп:
– Уа, барша әлемнің Иесі! Байқамастан жеп қойған 
бір шайнам ас үшін қолымнан келгенін істеп, бәрін де 
құса алғанымша құстым. Егер әлгі тағамнан бойымда 
қалып, тамырыма еніп кеткен нәрсе болса, Өзің кешіре 
гөр! Тозақ отыңа шыдай алмайтын қауқары жоқ, әлжуаз 
құлмын ғой, – деп дұға оқып егіле тілек тіледі...
Иә, берік тақуалығына сүйсінген бұл досы жайлы 
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
«Әбу Бәкір тура 
менің көзім, құлағым секілді» деген еді
14
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет