КӨНЕРГЕН СӨЗДЕРДІҢ ТҮСІНДІРМЕСІ Бостан – бірнеше мағынасы бар: 1. Бұтақ, берек, үрім. 2. Гүлжазира,
баубақшалы өлке. 3. Өз билігі өзінде, ерікті, еркін. 4. Кең, бос.
Кебе – бірнеше мағынасы бар: 1. Кебе (қыста туған қой төлінің
көк темдегі аты). 2. Қағба; қасиетті жер; халық көп жиналатын орын.
3. Қайын ене.
Кепиет – бірнеше мағынасы бар: 1. Ерекше қасиет, кие; құпия күш.
2. Кесір, кесапат, қырсық.
Күдері – әбден иі қанып жұмсартылған тері, бұғы, бұзау терілерінен
иленіп өңделген былғары.
Қатпа – бірнеше мағынасы бар: 1. Ішек қызметінің бұзылуы, созыл
малы түрде өтетін ауру. 2. Арықша келген жұқа, ілмиген адам.
Нарт – бірнеше мағынасы бар: 1. Шымқай қызыл, қыпқызыл. 2. Ит
ке не бұғыға жегуге арналған сібір халқының жіңішке ұзын шанасы.
Пір – діни қауымдастықтың басшысы, жетекшісі.
Тәхсил – мұнда: оқу төлемі, қаражат деген мағынада. Қазақ ішінде қымыз ішіп, күзгі тәхсилгә қаражат жинап алу үшін мұғалімділікке шыққан Ғазиз есімді ноғай жігіт, жасы жиырма екілерде – ашық пікірлі ұсүл тағылымынан жақсы ғана хабары бар еді (М.Дулатұлы, Бақытсыз
Жамал).
Хадим – мұнда: ескі, бұрынғы деген мағынада. Екі жылдай қазақ ішіне шығып, қазақтың сырын білгендіктен және де Сәрсенбайдың пікі- рін аңғарып сөйлескен уақытында өзін шіп-шикі ескі жолмен оқыған ха димі етіп көрсетті (М.Дулатұлы, Бақытсыз Жамал).
Хәттә (хатта) – мұнда: тіпті, кейде деген мағынада. Хәттә Жамал сол қиссалардың бағзы бір өлеңдерін жатқа да біліп, бір ойынға бара қал са, «Жамал, өлең айт» дегенде тартынбай айтып салушы еді (М.Дулатұлы, Бақытсыз Жамал).
Хилаф келмеу – мұнда: қарсы келмеу деген мағынада. Себебі ол, «Аз уақытта мен бұларды түзей алмаспын, онан да бұларға хилаф кел- мей, өйтіп-бүйтіп қаражат жинап алайын», деп ойлады (М.Дулатұлы, Бақытсыз Жамал).