Танова, А. К. Жундибаева



Pdf көрінісі
бет74/84
Дата25.01.2023
өлшемі1,76 Mb.
#62947
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84
Байланысты:
httpsoqylyq.onlinewp-contentbooks292292.pdf

Роза Мұқанова
1964 жылы туған
Роза Мұқанова – 1964 жылы 14 қазанда Шы
ғыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Көлденең 
ауылында дүниеге келген. 
«Жарық дүние» (1994), «Дүние кезек» (1997), 
«ҚұдіретКие» (2001) әңгімелері мен драмалық хи
каяттары, ІІ томдық шығармалар жинағы (2007) 
жарық көрді. 2008 жылы «Көркем әдебиет» серия
сымен «Жазушы» баспасынан әңгімелер жина ғы 
шықты. Аудармалары: 2001 жылы Рабғүзидің 
«Қиссасүләнбия» кітабын ал ғаш рет қазақ тіліне 
тәржімалады. 1996 жылы «Мәңгілік бала бейне» 
пьесасы қойылды. 2001 жылы «Қазақфильм» ки
ностудиясы «Қыз жылаған» әңгімесінің желісімен кино түсірді.
Қазақстан Жастар одағы сыйлы ғы ның, «Жалын» журналының
Т. Айбергенов атындағы сый лығының (1989), Халықаралық «Алаш» әде
би сыйлығының лауреаты (2002).
1-тапсырма. Роза Мұқанованың шығармашылығы туралы шағын хабар
лама дайында. Әңгіменің не себепті «Мәңгілік бала бейне» деп аталғанына 
назар аудар. Әңгімеде халық басындағы қандай трагедиялық оқиға баян
далады?
Мәңгілік бала бейне
Меңіреу қалпы, делсал болып мүлгіген жымжырт түнді бетке алып, 
терең сайға шыққан Ләйләқыздың жолында қара жамылған әлде бір 
бейне қараңдап, сусып барады. «Жапан түзде жүрген неғылған жан?» – 
дейді қызкөңіл алабұртып. «Мен адамдар әулетінің рухымын», – дейді 
бейтаныс үрейлі үн сонау алыс бір жақтан дауыс салып. Терең сайға бет 
алған Ләйләқыз бұл сәтте беймезгіл рух тұрмақ, адамзат қасиетінің өзіне 
де сенуден қалған. Тек қана осындай меңіреу түнді, сол түнмен аймала
сып, толықсып тұратын қияқтай әдемі Айды сырлас еткен. Көкірегін кеу
леген мұңарызын осы арада, терең сайда сыбырлайтын. Дөпдөңгелек Ай 
толықсып, сүттей аппақ көркімен қара жамылған Қарауылға сән беретін. 
Кейде үңіліп қарап қалған кіпкішкентай Ләйләқызбен, бытшыт бо
лып айырылып жатқан Қарауылдың жеріне есіркей қадалатын. Біресе 
осы түнді де, кішкентай ауылды да менсінбей, қиғаштай шалқайып 
керіліп жатып алатын. Бәлкім, сонда үңірейіп, ойылып жатқан жаралы 
12–3452
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


178
жерге қарап: «Апырай, сенде шыныменақ қасиет қалмаған ба? Тозған 
шүберектей осынша жырымжырым болып, не күн туды? Түн ішінде 
сайға келіп, жасырынған мынау неғылған жан? Он алтыдағы бойжет
кен қыздың кейпі ме? Сорлыау мәңгі бақи бала кейіпте қалуыңа не се
беп болған, бұл азаптың қай түрі?» – деп бұлардың өздеріне кінә артып 
тұра ма? Әлде Қарауылдың жеріндегі бар сойқанды сезіп, әлдекімдерге 
көктен аңырап, қарғыс айта ма, әйтеуір, жанындағы жұқалтаң бұлттарға 
екі бүйрегін кезек тіреп алып, зарлап тұрғандай көрінеді. Ләйлә Айға 
қараған қалпы қалғып бара жатыр екен, селт етіп, көзін ашты. Жана
рынан үзілген бір тамшы жас дір етіп, иегіне құлады. «О, жарық Ай, 
мүсіркеме сен мені. Мен күнәсіз қыз боламын. Сезімім бүтін, ақылым 
дұрыс. Бірақ мынау тіршілік дүниесінен безінген жұдырықтай жүрегім 
кек пен қасіретке толы. Мен өзіме адам сияқтымын, басқаларға адам 
емес, адам пейілін тәубеге түсіретін мүгедекпін. Қарауылдың адамдары 
мені көрген сайын: «Мұны Алла тағала адамдар тәубесіне келсін, қол
аяғының саулығына, он екі мүшесінің дін амандығына шүкір етсін деп 
жаратқан», – дейді. Солай ма, жарық Ай? Мен саған ғана, сенің өзіңе 
ғана сенемін. Тым болмағанда үмітімді сен ақтарсың. Сонда бұл жұрт 
нені айтады? Мен кіммін, осы? Мәңгілік пе? Шыныменақ мәңгілік өспей 
қалған бала кейіп пе?» Ләйләқыз сөйлеп отыр. Мылқау Ай дөңгелеп 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


179
алыс тап барады. Ләйләні де, жерді де аймалап барады. «Өз жасыма лайық 
қыз болғым келеді. Иә... иә... Менің де әпәдемі, нәпнәзік қыз болғым 
ке...л...е...ді...». – Ләйлә, жаңағы өзі жасырынып отырған қапқараңғы 
терең сайдан жүгіріп шықты. Жасаурап, үкідей қадалған қыз көзіне сұп
сұлу, аппақ Ай үрке қашып бара жатқандай көрінді. Сол сегіз жасар 
мәңгілік бала бейнеде өспей қатып қалған Ләйлә, тамыры адырайған егде 
қолдарын сермеп көкке көтерді.
– Е...е...е...ей... Қашпа, менен, қашпа! Бәрібір, сені тауып аламын. 
Жасқандың ба, сен де менен жиіркенемісің, сен де менен қорқамысың, 
жарық Ай?!
Ай барған сайын алыстап, сырғып барады... Мүгедек қызды да, жы
рымжырым болып айырылған жер бетін де менсінбей, қапқараңғы түн 
серігін қолтықтап, толықсып, керігіп барады, ұзап барады. Ләйләқыз 
одан сайын дауыстап, қол бұлғап айғайлап тұр.
Үй ішіндегі өзіне тосырая қарайтын, ішіпжеп қадалатын көздерді 
көргісі келмеді. «Жұрт ұйқыға батқанша отыра тұр сам да болар» деп 
есік алдында кідіріп қалды. Сол сәт тосын шыққан дауыстан шошып 
кетіп, баж ете түсті. Қатира екен.
– Әй, қас қарайса, жын қуғандай осы сен қайда кетесің? Не пәлең 
бар, а?
Ләйлә үнсіз төмен қарады. Ісініп, қызарған жанарын да, әбден сілесі 
қатып шаршаған күйін де тәтесіне сездіргісі келмеді. «Менің мұңымды 
бөлісер Қатира ма, онан да үнсіз тұр ға нымның өзі жақсы» дегендей ләм
мим деп тіс жармады.
– Қайда жүрсің деймін мен саған?
Ләйлә тағы да үн қатпады. «Жоқ, жоқ. Терең сайда отыратыным
ды ешкімге, ешбір жанға айтпаймын. Мен Аймен кездесуге, сонымен 
сырласуға барамын. Жарық Айдан басқа жанымды түсінер жан таппаған 
соң терең сайға жүгіремін. Ол сәтте мені іздемеңдер, менен сұрамаңдар, 
мені көрмеңдер!»
– Е, енді саған жетпей жүргені меңіреулік пе еді? Оған да жетерсің, 
меңіреу де атанарсың.
Қыздың көзі жарқ етті. Қатира мырс етіп, айызы қанғандай қыздың 
аяққолына сұқтана қарады. Ләйләқыз мүгедек денесіне сабырлылық 
жинай алмай, ызаға булығып, қалшылдап барады. Қолы мен аяғына 
әлдекімнің көзі түсе қалса, қу жанын қоярға жер таба алмай намыста
нып, есі шығатын. Мынау шамадан тыс үлкейіп бара жатқан егде қолдар 
мен жетілмей қалған аяғына ешкімнің көзі түспесе екен, байқамаса екен 
деп зар қағатын. Ал, Қатира болса әдейі қақшиып, шошына именіп, 
мұның жанды жеріне тие түскісі келгендей сұқтана, жиіркене көз таста
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


180
ды. Осындайда Ләйләқыздың жаны шырқырап, жасырынар жер таппай 
алас ұрады.
...Жетілмей қалған сәби бетін жапжалпақ алақанымен басып алып, 
жүресінен отыра кетті. Сол қалпы пысылдап бастап, төзімі таусылып, 
көз жасына ерік берді. Мұндайда бүкшиіп, босағада жылап отырған 
Ләйләқызға бірдебір жан: «Әй, мынаған не болды, тиіскен кім?» – 
деп сұрамайды да. Бәлкім, осылай бейшара күй кешіп, жылап отыруы 
заңдылық деп ойлай ма? «Ей, байғұс, көз жасыңды біз емес, Құдай 
көрсін. Соның ілтипатын күт, пейілін көр!» – дей ме, теріс қарап күбірлеп 
өте шығатын. Ләйлә мұны да сезетін. Түн ішінде жарқырап, толықсып 
шығатын мылқау Айды есіне алып, терең сайға қарай жүгіре жөнелгісі 
келетіні де сондықтан. Терең сайға түскен Ай сәулесі бұрынғысынан да 
жапжарық. Жер бетін кезіп, жылжыған қалпы Ләйләқызды іздеп жүр. 
Қарауылдың суынан да, жерінен де, тауынан да сұрап, беубеулеп іздеу 
салады. «Қайда кеттің? Неғып бүгін терең сайда жоқсың?» деп анадауыс 
жыпжылы алақанымен қолын жайып, сай ішінде қалықтап жүргендей. 
Түн жамылған сай ішін жапжарық Ай таң атқандай ағартып бара
ды. «Құлынымай» деген анадауыс еміреніп келіп, сай ішін жағалап 
кетті. Солақ екен тыптыныш бір әлем орнады да, көкірегі қарс айыры
лып, анабейне дауыс салды. «Сен құрсақта жатқанда Дегелең тауының 
түбінен жер астын дүмпілдетіп, жарылыс болып жатушы еді, сол басыл
ды ма? Іңгәләп, бесікте жатқан сен талай рет сол жарылыстан қорқып, 
шыр етіп, қолдыаяққа тұрмай безілдеп кетуші едің. Сол әдетің ес 
білгенше қалмап еді... Сен Шыңғыстаудың етегінен көтерілген ауадағы 
қыпқызыл саңырауқұлақ іспетті лаулап тұрған алауға қызығып, жүгіре 
жөнелетін едің, қазір ше? «Апа, тау жақтағы әуеде қалықтап тұратын 
саңырауқұлақ бүгін тағы да түсіме кірді», – дейтін ең. Сонда әжең 
жарықтық: «О, қарғатайымау! Сен де, Құдай жеткізсе сол саңырауқұлақ 
сияқты жұрттың көзінің жауын алып, лаулап тұратын боласың», – деп 
мейірленіп, маңдайыңнан сүюші еді. «Қазір қайдасың? Қайда кетіп 
қалғансың?» Сай ішіндегі дауыс әлсіреп сөніп, Ай көтеріліп, биіктеп 
бара жатқандай болды. Сол қалпы, терең сайдағы әр тобылғының түбінен 
Ләйләқызды іздеп, кезіп барады. Бірақ бұл жолы Ай бетіне еміреніп 
қарайтын терең сайдағы қыз бейнесі көрінбеді. Адамдар қарақұрым бо
лып, көп жиналған жерден бойын аулақ салып, көзге түспеуге тырысып 
жүруші еді. Қатира қоярдақоймай бұған жікжапар болып, жабысып 
алды. 
– Жүр, Қарауылда той бар. Сонда барайық. Сен сорлы да бір сейіліп 
қайт.
Ләйлә не айтарын білмей, кезерген жұқалтаң ернін тістелей берген: 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


181
«Елдің көзіақ... Жұрттың сөзі...» Бұл ойын Қатираға сездіріп, мүсәпір 
күй танытқысы келмеді. Сылтауратып: «Шаршап отырмын», – деген.
– Қойей, жүр енді, жүр! – деп, әйел қызды жұлмалай берді де, 
көнбейтін болғасын, қолын әр жерден бір сумаңдатып, қытықтай баста
ды. Қыз қарқылдап кеп, қыстығып күле орнынан көтерілді де, үпүлкен 
алақанымен әйелді кеудесінен итеріп қалды. Сол сәт, Қатираның өңі құп
қу болып кетті.
– Бармасаң қой әрі!
– Барамын! – Кенет Ләйлә әлдекімге ерегіскендей, «барамын» деді.
– Ләйлә, Ләйлек! Ақ Ләйлек!
Қыз жыпжылы жігіт дауысына елең етті. Қаптаған жұрттың ара
сынан әлдекім жырылып қолын созып бұған қарай жақындай түсті. 
«Ой...й, – деп таңданды қыз. – Құмарды қара, Құмар! Қандай әдемі бо
лып өсіп кеткенсің. Ғажап! Өзіммен бір партада отырған Құмарым ғой, 
көршім ғой. Құмар... Иә, сен мені үнемі «Ләйлек, Ақ Ләйлек» дейтінсің. 
«Ләйлек деген құстың аты. Ол сондай нәзік, сүйкімді құс» дейтінсің! Қыз 
біртүрлі есінен адасқандай есеңгіреп тұрып қалды.
– Таныдың ба? – деді жігіт ақырын жымиып.
– Таныдым. Heгe танымауым керек? Сен сондай өзгеріп, әдемі болып 
кетіпсің. Бақыттысың ғой... Кешір мені, ренжіме...
– Сен де... сен де бақыттысың, Ләйлек. – Құмар қыздың мәңгілік 
құрысып қатып қалған бала бейнесіне мән бермеді, көрмегенсіді, 
білмегенсіді. Қыздың онсыз да өзіне қадалған мұңлы жанарына жара 
салғысы келмеді. Оның ішкі дүниесінің ойсырап тұрғанын да сезбеген
дей, қыздың кіпкішкентай иығына қолын салып:
– Ләйлек, жүр билейік. Мен сені биге шақыруға келдім.
Сол сәт, жәудіреп қараған Ләйләқызды жерден көтеріп алып, 
маңдайынан сүйді. Қыз жүрегі езіліп кетті. Жігіт қызды көтерген қалпы 
қаптаған көпшіліктің дәл ортасына еніп барады. Екеуі де бүкіл дүниені 
бір сәт ұмыт еткендей, айналып билеп жүр. Ләйләқыз көзін жұмды. 
Басы айналып кетті ме, әлде ұмыт болған қыз сезім селт етіп, мұның әлсіз 
денесінің тынышын алды ма, көзін аша алмады. Сол қалпы Құмардың 
мойнынан қапсыра құшақтап қатып қалыпты. Жігіт сәл сыбыр етіп:
– Ләйлек! Ақ Ләйлек, – деді. 
Қыз есеңгіреп барып көзін ашты.
– Тойға келіп едік. Ауылда ешкім де қалмауға айналған ба, қалай? 
Сені көріп қуанып кеттім...
... Өзіне сөйлеп тұрған жігіттің дауысы бұл жолы әсерсіз болды ма, 
әлде тағы бір сүреңсіз, сұрғылт ойдың шырмауына түсіп кетті ме, әйтеуір, 
Құмардың бірдебір сөзіне құлақ аспады. Меңіреу адамша сілейіп қатып 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


182
қалыпты. Қыз егделеп кеткен қолын жасыра қойды. Ұйқыдан оянғандай 
есін жиып, жанжағына қарады. Жалғыз өзі.
– Құмар, Құмар! Қайдасың?..
Қыз жанжағына жалтақтай қарады. Ығыжығы халықтың арасынан 
жігітті іздеген қыз аласұрып, адамдарға тіксіне карап:
– Құмар қайда? Қайда жібердіңдер, қайда кетті? Қайда... Қайда?! –
деп сұрастыра берген. Өмірінде алғаш рет адамдармен қатарласып, арман 
дүниесінің жалынын мықтап бір ұстағандай еді, ол да сусып қолынан 
шығып кетті. Жаңа ғана бар қасірет атаулыдан біржола арылып, 
әуеде қалықтап жүр еді, топ етіп қара жерге қайта түсті. Қыз тағы да 
жанұшыра: «Құмар!» – деп дауыстап қалып еді, әлдекімдер мырсмырс 
етіп күлгенін, пышпыш етіп сөйлегенін сезді.
...Бұл кезде Қарауыл қаралы күйде еді. Қарттар жағы күңіреніп, 
таяғына сүйеніп, күрсініп тұрған. Қара жамылған әйелдер бірбірімен да
уыс салып көрісіп, сайсүйегіңді сырқыратып зарлап жүрген. Бастарын 
әрең көтеріп: «Айырылдық қой! – дейді. – Болашақтан үміт жоқ бейбақ 
болдық қой. Ұрпақсыз тұл қалдық қой. Атабаба жері еді, күлін көкке 
ұшырды ғой». Әлсіреген әйелдер бірінің иығына бірі басын сүйеп, еңіреп 
жылаулы. Есі шыққан Ләйлә Қатираны іздеп таба алмады. Қарауылға не 
болғанын, неге осынша аңырап, зарлап жатқанын ұқпады. Көзі атыздай 
болып, шарасынан шығып кете жаздап тұр. «Ойпырай, не күн туған? He 
болған адамдарға?!» Қыздың қолаяғы қалшқалш етіп, көзі жұмылып 
бара жатты. Қарауылдың тұрғындары сол күні қақ айырылып, үңірейіп 
жатқан жерді көрді. Тартылған су мен тұтылған Айды көрді.
...Бас жағындағы өзін бағып отырғандарға көз салды. Екеуі де көрші 
ауданның басшы азаматтары сияқты.
– Өзіңнің көңіліңді де сұрай келдік, – дегендеріне Ләйлә масайрап, 
өңі қашқан жүзіне қызғылт рең жүгіріп, көзін жерге салды. Осы келіп 
отырған екеуден қыз жақсылықтың нышанын күтіп, сөздің аяғын бақты.
– Қарағым Ләйлә, сенің де көрген қасіретің аз емес. – Жаңағы сөз 
бастаған күмілжіп отырып қалды да: – Ертең біздің ауданда қаралы 
жиын өтпек. Өзің сияқты балаларды өткенде қала жаққа алып кеткен. 
Содан әлі күнге дейін хабар жоқ. Енді, міне, көзге көрінер өзің қалған 
екенсің. Ертең өтетін қаралы жиынға өзіңді қолға ұстап көтеріп шықсақ 
деген ой келіп еді. Солақ екен, қыздың құлағы шулап, басы айналып 
кетті.
– Алапат күннің белгісі ретінде, ел басына қатер тұнған күннің 
белгісі ретінде. Иә... иә, әйтеуір жақсылықтың емес, жамандықтың, тек 
жамандықтың белгісімін. О, Құдай...
– Ал, Ләйлә, жолға жиналсақ...
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


183
Қыз талықсып барып көзін ашты. Бұл жолы әлгі бір ағылтегіл бо
лып, жанарына толып кететін жас көрінбеді. Бірақ әлсінәлсін өкси берді. 
«Жамандықтың белгісі болғым келмейді. Мені аяңдаршы. Мен ел көзіне 
оғаш, мү гедек болғаныммен, жақсылықты ғана аңсаймын. Мен тек жақ
сылықты...» Отырғандар түнеріп, үнсіз қалды. Қыз дың онсыз да үзілгелі 
тұрған нәзік жанын ешкім түсіне алмады.
– Намысқойын қарай гөр! Жаман неменің! – деп, Қатира күңккүңк 
етті. Ләйлә көзін қайта ашып, отырған адамдарға ұзақ телміріп жатты. 
Сосын оларға сыбырлап:
– Құмар да бола ма? Ол да сол қаралы жиынға қатыса ма? – деді, әрең 
жұтынып. Отырғандар еш нәрсе түсінбеді. Ләйлә көзін қайта жұмып
ұзақ жатты да, бір уақытта апанық етіп:
– Бармаймын, бара алмаймын. Кідірмей жүре беріңіздер, – деді. 
...«Қасиетті жер еді, қадірден әбден жұрдай болды. «Жақсының арты 
жын» деуші еді. Шыныменақ адам естіп, көз көрмеген қасіреттің бәрі 
Абай ата басқан топырақтан шығып жатқан жоқ па? Алланың әмірі де
ген осы да!» деп ойлады Ләйләқыз. Төсек тартып жатқан қыз бетіне 
Ай сәулесі түсті. Қарауылдың барлық терезесінен сығалап, іздеп, тінтіп 
жүріп, Ләйләқызды әрең тауып алған сияқты. Аппақ болып дөңгеленіп, 
ерекше бір нұрмен қыз бетіне төніп тұр. Науқас қыз Айға қарап алғаш 
рет жымиған. Көптен күткен жанашырын, сырласын терезе сыртынан 
бай қап қалып, қыз жүрегі елжіреп сала берген. Өз тағдырына, адамдарға 
деген өкпесі сол күнгі ағылтегіл көз жасына айналды. Сол сәт жап
жарық Айдан мәңгілік адасып қалатындай тағатсыздана сүйсініп тағы 
да қарады.
– Қасірет шеккен жан иесінің жалғыз ғана сырласы өзің екеніңді 
ұмытпа! – деді.
Ай да, қыз да бірбірімен ажыраса алмай, бірінбірі қимай ұзақ айма
ласты. Жарық Ай Ләйләқызды қара жерге қимады. Ләйлә да алғаш рет 
Айды түн қойнына қимаған. Ұзақ кідірістен кейін, екеуінің бірбіріне 
деген тартылыс сезімі әлсірей берді. Екеуі екі тіршіліктің елшісіндей 
елеңдеп, алшақтап қашып бара жатты. Жапжарық Ай қыз бен жерді 
айналып, алыстап барады. Ләйләқыздың жанары Айға қадалған 
қалпы айырылғысы келмеді. Сон шалық қиналып жатып тырысып еді, 
жігері жететін емес. Бойына біткен күшқайрат мүлдем азайып барады, 
бітіп барады. Қыз бетіне түскен Ай сәулесінен самайына қарай құлап, 
жол салып, дөңгелеп жатқан көз жасы анық көрінеді. Жанарындағы 
көлкілдеген жастың әсері ме, қыз көзінің сәулесі азайып кеткендей бол
ды. Жанталасып, егде қолдарымен көз жасын сүртіп тастауға тырысып 
еді, қозғалтпады. Ләйләқыз мұңайып жанарын бір жұмып, дем алып, 
тағы ашамын деген, бірақ... Жан тапсырған төсектегі қыз суретін ұзақ 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*Кни а е
ста ена иск
чите н б аз ате н х е
х
с
асн
иказа инист а б аз ани и науки ес уб ики Казахстан т 17 а 2019 
а 217


184
аймалаған Ай биіктеп, жылжып кетті. Мәңгілік қоштасып кетті. Екі 
тіршілік: бірі – жер баласы, бірі – түн баласы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет