Тарау.ӘЛ-фарабидің педагогикалық гумандылық КӨЗҚарастарын зерттеу



бет3/12
Дата04.06.2023
өлшемі474,5 Kb.
#98586
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дип.-ӘЛ-ФАРАБИДІҢ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ЖӘНЕ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-КӨЗҚАРАСТАРЫ

Зерттеудің практикалық мәнділігі. Оқырманға гумандылық қасиеттерді қалыптастыруда орта ғасыр ойшылдарының еңбектерінің әдістемесі, Әл -Фараби педагогикасындағы гумандылық ойлар, жоғары оқу орнына арналған әдістемелік курс бағдарламасын жасау.Зерттеуден алынған мәліметтерді педагогикалық тәжірибеде қолдану оқушылар бойында Әл-Фараби туралы білімдер жүйесін арттырады, оларды адамгершілікке тәрбиелейді.
Зерттеу жұмысының базасы. .Зерттеудің ғылыми тәжірибе –эксперименттік базасы ретінде Оңтүсік Қазақстан облысы, Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 гуманитарлық-эстетикалық гимназия- мектебінің 9а сынып оқушылары алынды.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі және негізділігі. Зерттеу жұмысының міндеттеріне сәйкес педагогикалық зерттеу әдістері, тәжірибелік педагогикалық жұмыс нәтижелерінің тиімділігін тексеріп, өңдеумен және алынған деректерді талдау қортындысымен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі.Зерттеу жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен , қорытындыдан және пайдаланылған 80 әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.Жұмыстың жалпы көлемі 65 бет.

I-ТАРАУ. ӘЛ-ФАРАБИ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ГУМАНДЫЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫН ЗЕРТТЕУ.
1.1 Гуманизм – психологиялық- педагогикалық категория ретінде.

Гуманизм (латынша humanus-адамдық,адамшылық)- адамгершілікті, адамға сүйіспеншілік идеясын білдіретін көзқарастар жүйесі. Негізгі мәні - тұлға ретіндегі адамның бақыты мен теңдігін аңсар тұтып, әділеттілік пен қайырымдылық, ізгілік пен мейірбандық принциптерін әлеуметтік ортаның қоғам мүшелерінің күнделікті қарым-қатынасының нормасына айналдыру. Гуманизм идеясының қалыптасу тарихы өте көне замандардан бастау алады. Ежелгі шығыс жұртының, әсіресе, қазақ халқының ауыз әдебиеті нұсқаларында адамшылық қасиет, ізгі аңсарлар ғаламат құдірет иесіне емес, қарапайым пендеге тән амал әдіспен «барша мұратына» жетіп отырады. Орта ғасырларда қазақ топырағында өмір сүрген Асан-Қайғы, Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, т.б. шығармаларында болмыстағы абсалюттік ақиқат, мәңгілік нәрсе-қарабастың емес, қалың бұхара , күллі адамзат қамы үшін істелген ізгі әрекет, жасампаз істер.Түркілік-экзистенциалистік, қазақи -мұсылмандық дүниетанымның алтын арқауы – пәни мен бақи, өмір мен өлім мәселелері нақ осы гуманистік идеялары, имандылық ұстанымдары тұрғысынан шешімін тауып келді.


Гуманизм мәселесі қоғамның қай кезеңінде болмасын ең өзекті проблемалардың бірі болып келген. Тарихқа көз жіберсек, гумандылық қасиетпен қарым - қатынас адам баласы қоғамының және жалпы адамзаттық құндылықтың ең негізгі бастауы ретінде адаммен бірге дамып келе жатқаны белгілі. Соған қарамай бүгінгі таңда қоғамды гуманитарландыру XXI-ғасырдың табалдырығындағы өркениетті дамудың талабына айналып отыр.
"Гуманизм" ұғымына әр саладағы ғалымдар әр түрлі анықтамалар беріп келеді. Ресей философы А. Ф. Лосев: "Гуманизм - философия, филология, тарих тұрғысындағы білімдерінің және ерекше өнердің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге ол адамның ақыл — ойының ерекше бір қасиеті", деп анықтама берсе, Қазақстандық философ Р. Н. Нұрғалиев: "Гуманизм - адамның қадір- қасиеті мен құқын құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасы, адамның игілігіне, оның жан - жақты дамуына жасалған қамқорлықты білдіретін көзқарастарының жиынтығы" - дейді. Ал педагогтар А. А. Бейсенбаева, Г. К. Шолпанқұлова, Қ. П. Кәріпжанова және т.б. гумандылықтың адам бойындағы адамгершілік қасиеттер тұтастығымен анықталатындығын, Қ.Т.Атемова еңбегінде оқушылар бойында гумандылық қасиеттерді қалыптастырудың негізгі бастау көзі отбасы екендігін анық көрсетіп, гумандық ойларды сонау орта ғасыр ойшылдарының еңбектерінен бастау алатынын ашып көрсетеді.
Қазақ совет энциклопедиясының 3-ші томында Гуманизм-адамгершілік,адамдарға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін көзқарас.Гуманизм Қайта өркендеу дәуірінде қоғамдық ой-пікірде,әдебиетте,өнерде,ғылымда алдыңғы қатарлы идеялардың ағымы ретінде қалыптасқан.Бертін келе адамды барынша ардақтайтын,адамгершілік қасиеттерін,бас бостандықтарын қорғайтын біртұтас көзқарастар жүйесіне айналды.Гуманизм қоғам игілігіне белсене еңбек етуге,еңбек адамына ілтипатпен қарауға үндейді деген анықтама берілген.
Гуманизм-дүниетаным принципі.Оның негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігіне,өзін-өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын,абыройын қорғау,адамның бақытқа жету жолындағы құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады.
Гуманизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың қайсібірі болмасын ізгі адам бойында қалыптасқан гумандық қасиеттері арқылы ерекшеленеді деген тұжырым жасайды.
Адамгешілік-қоғамдық өмірдің объективтік заңдылықтарына сәйкес адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге негіз болып табылатын талапқа сай белгілі бір гуманистік принциптерді білдіретін жалпыадамзаттық ұғым.
Гумандық адамзаттық қоғамдық өмірде адамдарға деген қарым-қатынас. Гумандық-жеке тұлғаның рухани бай және үйлесімді дамыған ең негізгі қасиеттерінің бірі.Бұл жеке адамдардың,жеке тұлғалардың жеке даралық келбеті,бұл қоғамның адамдық белгісінің көрінісі.Соңғы жылдары жарияланған философиялық,психологиялық,педагогикалық еңбектерде гумандық ұғымы «ізгілендіру» деген терминмен де айтылып жүр.
«Ізгі» деген ұғым ұлы зиялылардың 20-30ж. жарияланған еңбектерінде адамдардың қарым-қатынас идеясының өзегі деп танылған.Адамгершіліктің мәні бүтіндей адамдардың қоршаған ортамен қарым-қатынасынан көрінеді,адам ол жерде ең жоғарғы құндылық ретінде қарастырылады.
«Гуманизм» деген термин кейіннен ендірілгенмен, гумандық идеялар ертеден айтылып келгені мәлім.Қазақ халқы тарихында «Гуманизм» ұғымы көне түркі әлемінде «жәуанмәртлік» ұғымы аясында қарастырылған. Жәуанмәртлік үғымы парсы халқының «жувонмард» сөзінен аударғанда «жувон» -жігіт, ал «мард» ұғымы жомарттықты, қайырымдылық пен кеңпейілділікті, яғни ұнамды қасиеттерді білдіреді./3/
«Жәуанмәртлік» ұғымы мәнін анықтайтын түсініктер Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастанында орын алған. Бұл еңбекте ақын мораль философиясын арқау етіп, әділет, бақыт, ақыл, қанағат сияқты этикалық күрделі төрт ұғымға мән береді. Оларға төрт кейіпкердің түрікше атын қояды. Күн нұры сияқты барша әлемге ортақ жылулық шуағын тарататын болғандықтан Әділетті -Күнтуды (патша) деп атайды. Бақыт пен байлық, молшылық, дәулет, мансап -шен мағынасын қамтитындықтан Бақытты - Айтолды (уәзір) деп Айға балаған. Өйткені дәулет пен бақта ай секілді бірде толысып, бірде ортайып кейде тіпті кішірейіп адам баласының қолына қонбай кететін болғандықтан оны бақытпен теңестірген. Ал, Ақылды - Үғдырмаш (уэзірдің ұлы), Қанағатты - Ұзғырмыш (уәзірдің кенжесі, қыз бала) деп атаған. Осылайша төрт кейіпкердің ара- қатынасы бір — біріне сұрақ — жауап қою арқылы шешіліп әр мәселе осылардың дүниетанымы тұрғысынан алынып, автордың айтпақ болған негізгі идеясы барынша кең тұрғыда суреттеледі. Оның идеясының ой желісі болған әділет, ақыл, қанағат, рақым, ізгілік жайлы моральдық үғымдардың арғы төркіні тұран жерінде жатқан мәртебеге жетіп, үнемі жарқын болашаққа ұмтылу, жаңаны, өзгерісті қажетсіну бақытқа тән қасиет екендігін түсіндіреді. Ал қанағатты бөліп қарастыруы - оны өмірдің бар қызығын қанағат тұтқан адамдықтың сопылық жолы деп түсінуінен болса керек. Бұл айтылған ойлардан Ж. Баласағұнның адамның адамдығын білдіретін негізгі осы үш қасиет деген пікрде болғанын көреміз.
Жәуанмәртліктің ерте заманда жұрт таныған үш сипаттан тұратыны Кайкаустың «Қабуснама» атты педагогикалық мәні бар кітабында (1082 – 1083ж.) айтылған. Онда: «Адамның - адамдық сипатын білдіретін үш нәрсе бар. Бұл үшеуінің бірі - ақыл, екіншісі - туралық, үшіншісі - жомарттық (адамгершілік, қолашықтық және т.б. қасиеттер)» - делінген. Жомарттық жолына түспек болған адамның үш нәрседен сақ болуын: «Көзіңді жаман қараудан, қолыңды жаман істен, тіліңді жаман сөзден сақта», - деп ескертеді.
Кезінде ғұлама Абайда «Белгілі жәуанмәртлік үш хислат бірлән болар деген сиддық (шындық), кәрәм (ізгілік), ғақыл (даналық)», - деп, жәуанмәртліктің үш түсініктен тұратынын атап өткен. 38 — ші қара сөзінде адам болу, жарым адам, толық адам, адамның - адамдығы, адамшылық және т.б. ұғымдарға талдау бере отырып, жас ұрпақ «... ғылым, білімді махаббатпен игеретін болса, сонда ғана оның аты адам болады» - деп түсіндіреді. Жәуанмәртліктегі үш касиетті өлеңдерінде молынан қамтиды.
Бес нәрседен қашық бол, Адам болам десеңіз,
- деп талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым - бұл бесеуі нағыз адамдық қасиеттер, адам болудың шарты, ал өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - адам баласының дұшпаны екенін ескертеді. Нағыз адам болу үшін адамдықты сипаттайтын үш қасиет болу керектігін: Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек, - деп атап өтеді. Абайдың:
Үш - ақ нәрсе қасиетті
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек
деген өлеңдер қатарындағы адамның - адамдығын сипаттайтын үш негізгі гумандық қасиет жәуанмәртлік идеясының педагогикалық - психологиялық мәнін анықтайды./5,2/.
Гуманизм мәселесін зерттеуші ғалымдардың қайсыбірі болмасын ізгі адам өзінің бойында қалыптасқан гумандық қасиеттері арқылы ерекшеленеді деп тұжырым жасайды. Сонымен зерттеу проблемасы саласында жарық көрген еңбектерге соның ішінде, педагогика мен психология ғылымдарында гумандық қасиеттер ұғымына берілген мазмұнды сипаттамалар, ақыл- білімге тән қасиеттерге (саналылық, терең ойлылық, зеректік, жоғары идеялық, жоғары талап қоюшылық және т.б.), ыстық қайрат іс - әрекетке тән қасиеттерді (көпшілік, еңбекқорлық, белсенділік, жауапкершілік және т.б.) анықтайды. /4,6/.
Бүгінгі таңда студенттер бойына гумандық қасиеттерді қалыптастырудың жолы ойшыл дана ақындарымыз бен жазушыларымыздың мұраларын оқу барысындағы зерттеулер 1 — кестеде көрсетіліп отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет