Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық республикалық журнал



Pdf көрінісі
бет14/35
Дата21.01.2017
өлшемі2,75 Mb.
#2412
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35

 
Список литературы: 
1. Республиканский научно-методический, информационно-аналитический журнал «12 жылдық білім беру 
- 12-летнее образование». 
2. А.П.Бердашкевич, Н.В.Тихомирова // Народное образование. – 2011. - №2 .- С.16-19. 
3.  Переход  на  новые  стандарты  в  установленные  сроки  и  по  мере  готовности:  беседа  с  Е.Рыжаковым. 
Новый образовательный стандарт и 12-летнее обучение в школе. 
 
Аннотация.  Біздің  ойымызша,  бағдарламаның  жүзеге  асуына,  білім  жүйесінің  барлық  толассыз 
дамуына  ғылыми  және  ғылыми-методикалық  жүйенің  тарапынан  жаңа  мақсаттар  құрылып, 
қамтамасыздану қажет. 
Annotation.
  We  believe  that  under  the  program  face  new  challenges  to  scientific  and  methodological 
support continuous development of the whole education system. 
 
 
 
681 
М85 
АЙМАҚТЫҚ АҚПАРАТТАРДЫ ТҤСІНДІРУ БАРЫСЫНДАҒЫ 
ҚАЙТАЛАНУ ЖӘНЕ НҤСҚА ТҤРЛЕРІ. 
 
Мусабекова Г.С. 
№47 орта мектеп,  Тараз қ. 
 
Шет  тілін  ҥйрету  барысында  ең  негізгі  принципі  біздің  ойымызша,  ол  шет  тіліне  байланысты 
материалдарды  тҥрлендіріп  және  қайталауды  қосып  ӛткізу.  Осы  екі  факторларды  қосу  арқылы  біз  жиі 
кездесіп, қолданылып тҧратын тіл жҥйесін нақты қорытындылай аламыз. Ағылшын тілі сабақтарында осы 
принципті қолдану ӛте тиімді де оңай болып саналады, әсіресе аймақтық материалдарды қолданған кезде.   
IX-  XI сыныптарға арналған ағылшын тілі оқулықтарында, Ҧлыбритания, АҚШ, Канада, Австралия және 
Жаңа Зеландия елдері туралы очерктері бар. 
Одан  басқа  оқушылар  ӛзінің  туған  қаласы  туралы  белгілі  ақпаратты  ағылшын  тілінде  алады. 
Мазмҧны  бойынша  бҧл  материалдар  бір  бірінен  айырмашылығы  болса  да,  олар  қайталанатын  сӛз 
тіркестерімен сӛйлемдерді қамтиды. 
Осы  жҥйелерге  байланысты  біз  бірнеше  мемлекеттер  мен  аймақтық  материалдары  бар  оқулық 
кестелерді  жасадық.  Мысалы  осындай  кестенің  бір тҥрі;What  town  (  city)  is  the  capital  of….?   The  capital 
of…. is…. . 
 
England 
Scotland 
Wales 
Northern Ireland 
The United Kingdom 
The USA 
Canada 
New Zealand 
Australia 
The Khakas Republic 
 
         Washington, D.C 
Canberra 
Wellington 
Abakan 
Edinburgh 
Cardiff 
London 
Belfast 
Ottawa 
Dublin 
 
 
 
Осы  кестені  пайдалана  отырып,  біз  11  біртипті  (бірақ  бірдей  емес)  сҧрақтарға  жауап  бере  аламыз, 
сонымен қатар жҥйесі бір 11 сӛйлем қҧрастыра аламыз бірақ әр- тҥрлі ақпараты бар.Айта кететіні, кесте « 
дайын  ақпаратты»  қамтымайды.Бҧл  ақпаратты  жақсылап  анықтап  алу  керек,  ол  оқушылардан  кӛп 
жҧмысты талап етеді.Кестемен жҧмыс жасауда мынадай нҧскалары бар; 
1.Мҧғалім; What is the capital of  Canada? 

Оқушылар; The capital of Canada is Ottawa. 
2.Мҧғалім бір де бір сӛз айтпайды, тек қана мемлекетін айтады, мысалы; 
Scotland. Осы белгіге байланысты, оқушылар  біріге отырып сҧрақ қҧрастыру  
керек; What city is the capital of Scotland? Содан кейін жауабын беру керек; 
The capital of Scotland is Edinburgh.Хор мен жҧмыс кестенің лексикалық  
Материалы  біткенше  жҥреді.  Бҧндай  кестені  барлық  сыныптарда  қолдануға  болады.  Кесте  ӛткенді 
қайталауға және тақырыпты тҥсінуге кӛмектеседі. 
Б ірнеше кестелердің ҥлгісін кӛрсетуге болады. 
Where is…. Situated? 
What river is ….. situated on? 
…… is situated on ….. 
London 
Glasgow 
New York City 
Washington D.C 
Krasnoyarsk 
Abakan 
Moscow 
the Moskva River 
the River Yenisei 
the River Thames 
the Glyde 
the Potomac River 
the Hudson River 
the River Abakan 
 
What is the residence of ….? 
The residence of …. is….. 
 
The Queen of England 
The British Prime Minister 
The British Government 
British Parliament 
The US President 
The US Congress                                            
The White House 
the Capitol Building 
Whitehall 
Westminster Palace 
Buckingham Palace 
       Number 10, Downing Street 
 
Осындай кестелердің басқа тҥрі болуы мҥмкін; 
What minerals is …. Rich in ? 
What is the area (population) of …..? 
What does the industry (agriculture) of ….. produce ? 
How many…. does …… consist  of ? 
Осындай  кестелермен  жҧмыс  жасау,  кӛптеген  сӛз,  сӛйлем  тҥрлерін  жаттап  алуға  және  еске  сақтау 
қабілеттерін  асырады.  Бірақ  бҧл  жҧмыс  бекер  жаттап  алу  дегенді  білдірмейді.Қайта,  материалды  жақсы 
қабылдауға әсер етеді. 
 
Пайдаланған әдбиеттер: 
1.
 
Биккинин И.Д. ―Тюркизмы в английском языке‖, Ватандаш. – Уфа, 1998. – №1. – с.176-180 
2.
 
Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений 
в системе образования, Алматы:Ғылым.2001. 
3.
 
Shuchard, B. The structure of American English», New York. 1998. – p 73 

4.
 
Haugen, Einar. The analysis of linguistic borrowing, Language. 1950. – p 210-231 
 
Аннотация. С нашего точка зрения изучая английский язык главный и важный принцип это 
повторят и обновлять материалы связывающий с английским языком. 
Annotation. From our point of view, studying English major and important principle is to repeat and update 
binding materials with English. 
 
 
 
 
374.018 
М85 
 
МЕКТЕПТІҢ ЖОҒАРЫ САТЫСЫНДА БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУДЫ ЖҤЗЕГЕ АСЫРУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Мустафина М.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ. 
  
Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дaмыту  мәселелерінің  негізгі  мақсаты  –  білім  беру 
жҥйесінің  барлық  деңгейінде  қоғамның  талаптарына  сәйкес  келетін  білімді,  кәсіби  біліктілігі  жоғары, 
бәсекеге  қабілетті  тҧлғаны  тәрбиелейтін  білім  негізін  қалыптастыру.  Білім  берудің  адамға,  жеке  тҧлғаға 
қарай  бағытталуы  ,  білім  мазмҧнының  демократиялылығы,  заман  талабына  сай  білім  беру  мен  ҧлттық 
тәрбие  ҥрдісінің  гуманистік  сипаты  –  12  жылдық  білім  берудің  әдіснамалық  негізі  ретінде  қызмет  ете 
алады. Білім беруде,білім алушының дербес мҥмкіндіктері , жас және жеке ерекшеліктері ескерілуі қажет. 
Оқушының  жеке  тҧлға  ретінде  дамуы,  ӛзіндік  кӛзқарасының  қаллыптасуы,  ой-ӛрісінің  кеңеюі  мектеп 
қабырғасынан  басталып  арнайы  орта  оқу  орындарында  жалғаса  тҥседі.  Сондықтан  да,  12  жылдық  білім 
беретін  мектептегі  ҥрдіс  жеке  тҧлғаға  бағдарланған  оқыту  ҧстанымына  негізделіп,  оқушының  жеке 
ерекшеліктеріне қарай  қоғамдағы  ӛзгерістерге  бейім  даму  мҥмкіндігін айқындауды қажет  етеді. Яғни  12 
жылдық  білім  беру  жҥйесіне  кӛшу-әлемдік    білім  кеңістігіне  еркін  енуді  кӛздейтін  заман  талабынан 
туындап  отырған  мәселе.  Қоғамның  жедел  ақпараттануы  мен  қарқынды  дамуы  білім  беруге  қойылатын 
талаптарды  тҥбегейлі  ӛзгертті.  Еліміз  оқытудың  «Нәтижеге  бағытталған  білім  беру»  моделіне  кӛшті. 
Ал,нәтижеге  бағытталған  білім  беру  дегеніміз  жеке  тҧлғаның  қҧзырлығын  қалыптастыру.  Білім  берудің 
басты мақсаты – білімге, білік пен дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде лайықты ақпаратты 
ӛзі  табу,  талдау  және  оны  пайдалану  сӛйтіп қарқынды  дамып  жатқан  заманға  лайықты  ӛмір  сҥру  болып 
табылады.  Ҥшінші  мыңжылдық  –  қҧзыреттілік  білім  беру  жағдайында  мамандардың  инновациялық  
даярлығын қажет ететін, жаңа тҧрпатты инновациялық іс-әрекет кезеңі. 
Яғни,  қазіргі  ӛзекті  мәселелердің  бірі  -  ӛзгермелі  әлеуметтік  және  экономикалық  жағдайда  ӛмір 
сҥруге  дайын  ғана  емес,  айналасындағы  шынайы  ӛмірге  белсенді  қатынасын  байқатып,  оны  жақсартуға 
ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тҧлғаны қалыптастыру болып табылады. 
Тҧлға  –  мазмҧнды  кҥрделі  ерекше  әлеуметтік  ҧғым.  Оның  ӛсуі  мен  қалыптасуы  ортасы  мен 
қоғамдық ӛмірге тәуелді. Адамның тҧлғалық қалыптасуы – ҥздіксіз және кҥрделі процесс. Демек, оқушыға 
білім  бере  отырып,  біз  оқушының  жан-жақты  дамуына  мҥмкіндік  жасауымыз  қажет.  Білім  беру 
барысында  оқушының  жеке  тҧлға  ретінде  ерекшеліктерін  ескеру  –  баланың  ӛзін-ӛзі  жан-жақты  дамыту 
мәселесін  оңтайлы  шешуге  мҥмкіндік  береді.  Бҥгінгі  ҧрпаққа  әлемдік  білім  беру  стандартына  сәйкес 
жаңаша  білім  беруімізді  ӛркениетті  дамудың  ӛзі  талап  етіп  отыр.  Сондықтан  да  бҥгінгі  таңда  жалпы  12 
жылдық  білім  беру  жҥйесіне  кӛшумен  жеке  тҧлғаның  бойында  мәдени,  рухани  қҧндылық  қасиеттерін 
қалыптастыра  оқытумен  қоса  тәрбие  де  аса  маңызды  орын  алады.  Жеке  тҧлғаның  бойында  мәдени 
қҧндылық  қасиеттерін  қалыптастыруда  оқыту  мен  тәрбиенің  теориясы  мен  практикасын  ҧштастыра 
отырып  жҥргізу  қамтамасыз  етілуі  керек.  12  жылдық  оқу  мерзіміне  кӛшу  жауапты  жҧмыс  екені  даусыз. 
Оны жҥзеге асыру арқылы білім беру жҥйесі жалпы әлемдік  білім аймағына ене алады. Осындай деңгейде 
болу  ҧрпағымыздың  жер  шарының  кез-келген  жеріне  барып  қалаған  мамандығын  игеруіне  мҥмкіндік 
береді. 
Осыған  байланысты  жеке  тҧлғаға  қойылатын  мынадай  талаптар    алдыңғы  орынға  шығады: 
креативтілік,  белсенділік,  әлеуметтілік  жауапкершілік,  ой  -  ӛрісінің  кеңдігі,  жоғары  кәсіби  деңгейлі 
сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы. Осыған байланысты оқу әрекетін дҧрыс 
ҧйымдастыру қажеттілігі туындайды. 
Білім алу, іскерлік пен дағдының қалыптасуы тек оқу әрекетінде ғана болады деп бір жақты тҥсінуге 
болмайды.Ол басқа әрекеттерге де тән, бірақ олар ӛте баяу жҥреді, ҧзақ уақытты талап етеді. 
12  жылдық  орта  білім  берудің  қҧрылымдық-мазмҧндық  моделі  тӛмендегі  ҧстанымдар  негізінде 

ҧйымдастырылады: 
- жеке тҧлғаның жас және жеке ерекшеліктерінің басты назарда болуы; 
- жеке тҧлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; 
- кҥтілетін нәтижелердің оқушы жетістіктеріне бағыттылығы; 
- оқытудың сабақтастығы; 
- әрбір оқыту сатысының даралығы. 
12  жылдық  білім  мазмҧнының негізгі  ӛзегі  – қарқынды  дамып  келе  жатқан  ӛзгермелі қоғамда  ӛмір 
сҥруге  икемді,  жеке  басының,  сондай-ақ,  қоғам  пайдасына  қарай  ӛзін-ӛзі  толық  жҥзеге  асыруға    дайын 
білімді,  шығармашылыққа  бейім,  қҧзыретті  және  бәсекеге  қабілетті  тҧлғаны  қалыптастыру  мен  дамыту 
болып  табылады. Білім  алушы  білім  алудың  белгілі  бір  сатысымен  (мектеп немесе  жоғары  оқу  орнымен) 
шектелмейді.  Бҥгінгі  таңда,  демек,  болашақта  да  білім  қажеттілігі    адамның  белсенді  ӛмірін  қамтиды. 
Сондықтан  жастардың  бҥгінгі  білімі  –  болашақта  ӛз  білімін  жетілдірудің  және  ӛз  бетімен  білім 
алуларының  тек қана негізі.  Мҧнан  шығатын  қорытынды  оқушыларды ҥздіксіз  білім  алуға  дайындаудың 
тиімді жолдарын іздестіру ӛзекті мәселелердің бірі екендігі сӛзсіз. 
Қазіргі заманғы тҧлға кеңейген әлеуметтік кеңістікте , ішкі икемділігі мен тҥрлі  мҥдделерін кӛрсете, 
ӛзін жетілдіруге  ҧмтыла, адамзат тҧрмысының маңызын сезінуге бағдарлану керек. 
Орыстың ҧлы педагогы В.А.Сухомлинский мектептің басты міндеті  - әрбір адамның дарындылығын 
ашу,  оны  толыққанды  шығармашылық,  интеллектуалдық  еңбек  жолын  бағдарлау.  Әрбір  оқушының 
қайталанбас  дарынын  дӛп  басып  табу,  аша  тҥсу,  қастерлеу  бҧл  –  тҧлғаны  адамзат  қадір-қасиетінің 
ӛркендеуінің жоғары деңгейіне дейін кӛтеру деген сӛз деп атап кӛрсетеді. 
Дәстҥрлі  мектептен  бағдарлы  оқытудың  айырмашылығы  оқушыларға  тереңдетіп  оқу  ҥшін  нақты 
басым бағытты таңдап алуға мҥмкіндік береді. Таңдау бірнеше нҧсқада берілетіндіктен, бағдарлау-бҧл ең 
алдымен,  білім  берудің  еркіндігін,  вариативтілігін  ескереді.  Ал  оның  тереңдетіп  оқытудан  ерекшелігі- 
оқушыларға бірін бірі толықтырып отыратын бірнеше пәндер тобын оқуға мҥмкіндік туғызылған.  
Бағдарлы  оқытудың  қазіргі  жағдайының  кҥрделілігі,  ең  алдымен,  бағдарлы  оқытудың  жедел 
қарқынмен енгізілуімен байланысты. Оның салдары ретінде бағдарлы оқытудың жеке аспектілерінің жете 
ойластырылмағанынан  туындап  отыр.  Бҥгінгі  кҥнгі  оқушылардың  бағдарлы  сыныптарды  таңдап  алуы 
кӛбінесе болашақ кәсіпті таңдап алумен байланысты емес. Ата-аналары мен балаларының нақты бағдарды 
таңдап алуы нақты қоғам қажеттіліктеріне сәйкес келе бермейді. 
Мамандыққа  бағдар  беру  –  12  жылдық  оқытудың  басты  міндеттерінің  бірі.  Бағдарлы  білім  беру  –
оқытудың    жоғары  сатысында  емес,  негізгі  мектептен  бейіналды  даярлық  болып  басталады.  Оқушының 
бейіналды дайындығы – бҧл бейіндік оқытудың қҧрамдас бӛлігі, жалпы орта білімнің жоғарғы сатысында 
қажетті дайындық кезеңі. 
Негізгі  сатының  ерекшелігі  оқушының  мектептегі  жоғары  сатысындағы  бейіндік  оқытуға  саналы 
таңдау  жасауға    бағдар  беретін  бейіналды  дайындықтың  жҥргізілуі  болып  табылады.  Бейіналды 
даярлықтың  негізгі    мақсаты-  таңдау  курстарын,  ақпараттық  жҧмыстарды,  бейіндік  бағдарды 
ҧйымдастыру арқылы оқушылардың ӛзін-ӛзі анықтауына ықпал беретін білім беру кеңістігін қҧру.  
Қазіргі  таңда   социолог-  ғалымдардың зерттеулері  бойынша   жастардың 40%  -ының  мамандықтары 
ӛздерінің  қызығушылықтар  мен  қажеттіліктеріне  ,  мҥмкіндіктері  мен  қабілеттеріне  еш  сәйкес  келмейді 
екен. Бҧл адамның жҧмысқа деген қабілетін тӛмендетіп қана қоймай, рухани, психологиялық тоқырауға да 
алып  келеді. Бҧл  еліміз  егемендік  алып,  нарықтық  экономикаға  кӛшкеннен  бері  айқын  кӛрінуде.   Мектеп 
практикасында  ҦБТ  тапсыратын    мектеп  тҥлектерінің  басым  кӛпшілігінің    ӛздерінің  қай  мамандықты 
таңдайтынын  айқындап  ҥлгермейтіндігі,  4-ші  пәнді  (таңдау  пәні)  ауыстырушылық  жиі  кездеседі. 
Ауыстырғанда бір-біріне ӛзара байланысты пәндер  емес, физиканы таңдап тҧрып, ҦБТ кезінде әдебиетке 
ауысып  жатады.  Бҧл  оқушылардың  бейіндік  бағдарының  толық  айқындалмағанын  кӛрсетеді.  Осындай 
мәселелерден шығудың бір жолы дҧрыс жолға қойылған бағдаралды даярлық болып табылады. 
Бейіналды дарлықтың  мақсаты-  
-
 
 11-12  сыныптың  бейіндік  оқытуды  таңдау  барысындағы  оқушыға  ӛзін-ӛзі  анықтауға  жағдай 
жасау; 
-
 
тҥрлі бейіндік оқытуды таңдаудағы ӛзінің шынайы қабілеттілігін бағалауға қалыптастыру; 
-
 
қызығушылығы мен қабілеттілігіне сәйкес бейіндік оқытуды таңдауға кӛмектесуді іске асыру; 
-
 
оқуды бейінді таңдау мотивациясының жоғары деңгейін қалыптастыру. 
Жалпы  орта  білім  берудің  екінші  сатысының  негізгі  бағдары-  жалпы  білім  алуға  жағдай  жасау, 
адамдар  арасындағы  және  этносаралық  қатынастар  мәдениетін,  тҧлғаның  біртҧтас  кӛзқарасын,  ӛзін-ӛзі 
анықтауын қалыптастыру,  тҧлғаның ӛзін-ӛзі  ҧйымдастыру  тетіктерін,  кәсіби  және  танымдық  ой-пікірінің 
туындауына, теориялық  ойлау тәсілдері  мен  ғылыми таным әдістерін  игеруіне ықпал ететін  оқу  әрекетін 
ҧйымдастыру. 
Бағдарлаудың  міндеті-  мектептегі  әрбір  оқушы  ӛзін  табуы  ҥшін,  қандай  қызмет  саласына  ӛзінің 
бейім  екенін  тҥсінуі  ҥшін  оларға  жағдай  туғызу  болып  табылады.  Бағдарлы  оқытудың  мақсаты  – 

мектептің  жоғары  сатысының  орта  және  жоғары  кәсіби  білім  беру  ҧйымдарымен  сабақтастығын 
қамтамасыз ету, сол оқу орындарына оқушыларды тҥсуге дайындау болып табылады.  
Оқушылар бағдарлы сыныптарға келген кезде бірқатар проблемаларға тап болады. Олар: 
-
 
Қолданбалы курстардың оқушылар сҧранысына сай келмеуі 
-
 
Мектептердегі әлеуметтік  білім  ортасының ерекшелігі;  ресурстық  орталықтардың,  оқушылардың 
теориялық  білімін  жетілдіретін  талапқа  сай  жабдықталған  кабинеттер,  зертханалар,  оқу 
шеберханаларының жоқтығы;  
-
 
Жалпы білім берудің ҥш сатысы арасында жҥйелі байланыстың болмауы; 
-
 
Педагогикалық ҧжымның кәсіби потенциалы 
-
 
Мектеп тҥлектерінің ҦБТ-дағы тӛртінші пәнді таңдаудағы толғаныстары; 
Осы  мәселелер  аясында  бағдаралды  дайындық  жҧмыстарын  ҧйымдастыру  жҧмыстарына 
тоқталайық. 
Тҧлғаның  бейіндік  бағдарын  анықтауы  –  бір  рет  қана  болатын  қҧбылыс  деп  қарауға  болмайды,  ол 
адам  ӛмірінің  маңызды  кезеңін  қамтитын  ҧзақ  та  кҥрделі  ҥдеріс.  Осы  кезде  адам  ӛзінің  жеке  бас 
ерекшелігін,  қызығушылығы  мен  қажеттіліктерін,  әлсіз  қырлары  мен  басым  тҧстарын  танып  біле 
бастайды.  Ӛз  білімі  мен  таңдайтын  мамандығына  қажетті  білімді    саралай  бастайды.  Сондықтан  да, 
бейіналды даярлықты 2 кезеңмен жҥргізіледі. 
1.
 
Ақпараттандыру 
2.
 
Бейіндік бағдарды анықтау 
1.  Ақпараттандыру  кезеңі - оқушы мен ата-ананаң келешекте білім траекториясын жоспарлау мен 
таңдауға  кӛмектеседі.  Оқушының  білім  кеңістігігінің  еңбек  рыноктарында,  бейіналды  дайындықтың  
жҥйесінде ӛзін-ӛзі  бағдарлауға жағдай жасайды.  
Ақпараттандыру кезеңінде қолға алынатын жҧмыстар: 
а)  бҧқаралық ақпарат қҧралдарын пайдалану 
б)  жоғары  оқу  орындары  мен  кәсіптік  оқу  орындары  шығарған  анықтамалық  кітаптар  кең  ақпарат 
береді 
с) мамандақ иелерімен тілдесу болуы шарт. 
2.  Бейіндік  бағдарды  анықтау,  түрлі  қызмет  саласындағы  тұлғаның  қызығушылығы  мен  
қажеттілігін, бейінін анықтау кезеңі. 
Кез  келген  мамандықты  игеру  ҥшін  адамның  еңбек  әрекетін  қамтамасыз  ететін  мҥмкіндіктері  мен 
дайындығы  болады.  Бҧл  –  физикалық  және  ақыл-ойдың  жҧмыс  қабілеттілігі,  ой-ӛріс  белсенділігінің 
деңгейі,  бейімділігі  мен  қабілеті,  оқу  мен  жҧмысқа  деген  қарым-қатынасы.  Негізінен  осы  қабілеттер 
адамды  еңбекте  табысқа  жетелейді.  Бала  ӛзінің  осы  қасиеттерін  аяғына  дейін  толық  біле  бермейді.  Осы 
тҧста  психодиагностиканың  берер  кӛмегі  мол.  Ол  адамның  ӛзін-ӛзі  тануына,  ӛз  қызығушылығы  мен 
мҥмкіндіктерін  дәл  анықтай  отырып,  ӛзін-ӛзі  қабылдауы  мен  жетілдіруін  белсендіреді.  Бейіналды 
дайындық – бҧл болашақ кәсіби іс-әрекетті есепке ала отырып, бейіндік оқуды таңдау барысындағы  9-10 
сыныптардық  ӛзін-ӛзі  анықтауға  бағытталған  ақпараттық  жҥйе  және  ҧйымдастыру  іс-әрекетіндегі 
педагогикалық ҧжымдық, психологиялық-педагогикалық демеу. 
Қорыта  айтқанда,  қазіргі  кезде  бағдарлы  оқыту  кӛптеген  жаңа  проблемалармен  қабаттаса  ӛтіп 
келеді,  ал  бҧл  ӛз  кезегінде  білім  беруді  басқаруоргандары  мен  мҧғалімдерден  жҧмыла  кҥш  жҧмсауды 
талап етеді. 
 
Пайдаланылєан әдебиеттер: 
1.
 
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тҧжырымдамасы. 
2.
 
Бахишева С. «12 жылдық білім беру және оқушы тҧлғасы».Білім кілті.[№1, 2006] 
3.
 
Жазықбаева  Ҧ.  «Жеке  тҧлғаны  қалыптастырудағы  12  жылдық  білім  берудің  тиімділігі».  Білім 
әлемі. [№1, 2007] 
4.
 
Дәулетов  Н.  «Бала  қабілетіне  қарай  білім  беру  –  бҧл  ӛмір  талабы».  Егемен  Қазақстан.  [19 
қазан,2005] 
5.
 
Жҧмабаев М. Педагогика. Алматы: Ана тілі,1992 
 
Аннотация. В данной статье рассматривается подготовка профили учеников 12 летнего 
образования. 
Annotation. This article explains how to prepare profiles of students 12 years of education. 
 
 
 

ӘОЖ: 37.14.07 
      Ш.  33 
 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Шаханова Э.А. 
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты,Тараз қ. 
 
Ғылым  мен  техниканың  дамуы  білім  беру  саласындағы  оқу  ҥрдісіне  жаңа  ақпараттық 
технологиялардың    кӛптеген  тҥрлерін  алып  келді  және  білім  ордаларында  ақпараттық  технологияларды 
қолдану  жолдары  туралы  жиі  айтылуда.Ақпараттық  технологияларды  әрбір  сабақта    колдану  бізге  әдіс-
тәсілдерді таңдауға, сабақтарымыздың қызықты болып ӛтуіне кӛмектеседі. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атап кӛрсеткендей, «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен 
байланысты, әлемдік стандартқа сай мҥдделі жаңа білім беру ӛте қажет»  - екендігі жастарға  білім беруші 
біздер  ҥшін  тҥсінікті  мәселе.  Олай  болса,  жас  ҧрпақты    салмақты  ойлауға  тәрбиелейтін,  ӛмірге  деген 
кӛзқарастарын қалыптастыра  алатын,  еркін  сӛйлеп, ӛз  пікірін  ашық  айта  алатын  ойлы  ҧрпақ  тәрбиелеуде  
ақпараттық технологияны оқу ҥрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. 
Ақпараттық  технологияларды  игеру  қазіргі  заманда  әрбір  жеке  тҧлға  ҥшін  қажеттілікке  айналуда, 
сондықтан  ғылым  мен  техниканың  жылдан-жылға  жедел  қарқынмен  дамуына  байланысты  ақпараттық 
технологияларды ҥздіксіз қолдануымыз керек.  
Қазіргі кезде кез-келген білім ордаларында мультимедиялық электрондық оқыту қҧралдарын барлық 
пәндерді оқыту ҥшін  пайдаланады. 
   Мультимедиялық презентациялардың артықшылықтары мынадай: 
1.Барлық студенттердің зейінін белсендендіреді;  
2.Студенттердің оқу ҥдерісіндегі және оқу ҥдерісінен тыс  жҧмыстарын байланыстырады;   
3. Олардың оқу уақытын ҥнемдейді; 
4.Презентацияға  интерактивті  тақтаны  қолдану  жаңа  лексикалық,  грамматиқалық,  фонетикалық 
материаларды  кӛрнекті  жҥйелеуге  мҥмкіндік  жасайды  және  де  барлық  тілдік  әрекеттерді  оқытуға  тірек 
болады;  
5.Тҥрлі мәтіндік аудио және бейне кӛрнекіліктерді қиыстырады. 
Оқу  ҥрдісінде  кӛптеген  электрондық  ресурстарды,  мультимедиялық  бағдаламаларды,  Ғаламтордан 
алынған  материалдарды,  интерактивті  тестілерді,  бағдарламаларды    пайдаланамын,сондай-ақ,  сабаққа 
қатысты  кӛптеген  акпараттарды  табамыз,  атап  ӛтер  болсам,ӛз  елімізде,  басқа  елдерде  болып  жатқан 
оқиғаларды,  әлемдегі  экологиялық  жағдайларды,  ҧлттық  мерекелерді  және  т.б.  Осылайша,  ӛзге  ҧлт 
ӛкілдеріне  тіл  ҥйретуде  олардың  ақпараттык  қҧзыреттіліктері  маңызды  орын  алады,  яғни,  керекті 
ақпаратты  тауып,  оның  мазмҧнын  беру  біліктіліктерінің  жоғары  болуына  жағдай  жасайды.  Кез-келген 
пәнге  деген  студенттердің  қызығушылығын  қалыптастыруда  қиындықтар  болады.Сонымен  қатар, 
ғаламторды  пайдалану  әрбір  ҧстаздың  кҥнделікті  жҧмысында,  т.б.  жаңа  технологияларды  танып,  ӛз 
біліктілігін кӛтеруде  әсері мол. 
Жаңа ақпараттық технологияларды колдану- бізге әдіс- тәсілдерді дҧрыс  таңдап,  сабақтарымыздың 
қызықты  болып  ӛтуіне  кӛмектеседі.  Ақпараттық  технологияларды  қолдану  оқыту  ҥдерісін  ӛзгертіп, 
студенттердің жҥйелі ойлау қабілеттерін қалыптастырады. 
Ақпараттық  қҧралдардың  ішінде  электронды  оқулықтардың  ролі  ерекше.  Электронды  жолмен  тіл 
ҥйрету - студенттерге ӛздігінен білім алуға,алған білімдерінің тиянақтылығын арттыруға жол ашады. 
Электронды оқулықпен жҧмыс кезінде студенттердің   ақыл-ой қызметі, мҥмкіндіктерін талдау және 
ӛңдеу  арқылы  танымдық  қызметін  басқару  ҥрдісі  жҥріп  жатады.  Оқытудың  мҧндай  ақпаратты  әдістері, 
студенттерді  сабақтың  басты мәселелеріне  назар  аударуларына  мҥмкіндік  жасайды.Біз«Тілді  ҥйретпейді, 
тілге ҥйрену керек» деген қағиданы  басшылыққа алуымыз керек. 
Ақпараттық технология оқытудың жаңа тҥрлерін, амалдарын пайдалана отырып,белгілі бір уақытта 
жоғары нәтижеге жетуді талап етеді.Ақпараттық компьютерлік технологиялар колдану арқылы сабақтарда 
біз студенттердің оқу дағдыларын дамытамыз. 
Қазір  электрондық  оқулықтар  білімді  ақпараттандырудың  негізгі  факторларының  бірі  болып 
табылады.  Оқу  ҥрдісінде  электрондық  оқулықты  пайдалану  арқылы  монологтық  айтылым,  сҧхбаттық 
айтылым,тыңдап тҥсіну, оқылым, жазылым сияқты айтылымның барлық тҥрлерін қамтитын жҧмыстарды 
жҥргізуге  болады.  Осы  жҧмыстар  арқылы  тіл  ҥйренуші  ӛтілген  материалдар  негізінде  белгілі  бір 
лексикалық  минимум  кӛлемінде әңгіме  жҥргізе  алуға  және толық  хабар  жасап,  ҥйренуі керек.[Ә.Бакиева, 
Ф.Байбатанова.Мемлекеттік  тілді  оқытуда ақпараттық технологияны пайдалану\\  Қазақ тілі мен  әдебиеті, 
2013,  №8,  24-б.].  Электрондық  оқулықты  университетте  қолдану-  студенттердің  жоғары  белсенді 
дҥниетанымын  және  ӛзіндік  жҧмыс  аясын  кеңейтеді,  жан-жақты  ақпараттандыруға  мҥмкіндік 

береді.[Г.Рысбаева.»Электрондық  оқулықтардың  қажеттілігі»\\  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  орыс 
мектебінде,2004,№12,28-б.].  
Ақпараттык  технологияларды  қолдану  студенттердің  пәнге  деген  қызығушылықтарын 
жоғарылатады, басқа тілді ҥйренуде психологиялық кедергілерден ӛтуге кӛмектеседі.  
Ӛзге  ҧлт  ӛкілдеріне  мәтіндік  тапсырмалар  ақпараттық  технология  арқылы    жҥйелі  тҥрде  беріледі. 
Бағдарламаға  сай    тақырыптардың  сабақтас  болуы  міндетті  тҥрде  қарастырылған.  Қазақ  тілін  оқытуда 
мәтіндік  талдау  грамматикалық  ҧғымдарды  немесе  ережелерді тҥсінуге кӛмектесіп  қана  қоймай,  сондай-
ақ,  ӛзге  тілді  студенттердің  бір-бірімен  пікір  алысуына  мҥмкіндік  жасайды.  Мәтіндік  тапсырмалар 
мазмҧнына  қарай:  лексикалық,  морфологиялық,  фонетикалық,  орфографиялық,  синтаксистік  және 
пунктуациялық  болып  бӛлінеді.  Ал  қолданылуы  жағынан  –  салыстырмалы,  сӛзді  кӛрсету,  анықтау, 
тиістісін қою болып бӛлінеді. 
Мәтіндік ақпарат технологияларды пайдаланудағы негізгі мақсаттарға мыналар жатады: 
-
 
ақпаратпен жҧмыс жасау іскерлігін қалыптастыру; 
-
 
қоғамның жеке тҧлғасын дайындау; 
-
 
берілетін оқу материалының кӛлемін студент меңгере алатын деңгейге дейін ӛсіру; 
-
 
студент бойында іскерлікті, шешім қабылдай білу іскерлігін қалыптастыру. 
Тілді  еркін  меңгеріп  шығуы  ҥшін  жаңартылған  теориялық-методологиялық  негізде  және  тҧлғаға 
бағытталған  жаңа  инновациялық  технология  мен  ақпараттық  әдістері  пайдалану  арқылы  тіл 
ҥйренушілердің  шығармашылық  қабілетін  дамытып,  ӛз  бетінше  тіл  ҥйренуге  кӛмектеседі.  Оларға  тілді 
ҥйреніп,  қызығушылықтарын арттыру ҥшін жоғарыда айтылған мәселелерді қолданып отыруымыз қажет.  
Қазақ тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану әрбір   сабағымыздың ҧтымды және 
қызықты  ӛтуіне кӛмектеседі. Бҧрынғы дәстҥрлі әдістерді осы сияқты тҥрлі ақпараттық технологиялармен 
толықтыра отырып,тіл ҥйренушілердің лингвистикалық қабілеттерін арттыратындығымыз сӛзсіз.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет