Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет28/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Бугрова О. Социальные программы для пенсионеров // Социальная защита // Со-
циономия. – М., 2003, №6. – С.11-14.  
2. Закон Республики Казахстан от 17 июля 2001 г. №246-II ЗРК «О государственной 
адресной социальной помощи». 
3.  Альперович  В.  Д.  Социальная  геронтология.  Ростов-на-Дону:  Феникс,  1997.  – 
557с. 
4.  Косенко  О.Ю.  Социально-экономические  и  организационные  аспекты 
социальной  защиты  пожилых  людей  в  регионе:  Дис...  канд.  экон.  наук:  08.00.05.  – 
Москва, 2003. – 175 с. 
5. Основы социальной работы.  Под ред. Басова. – Москва, 2005. – 256 с. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
228 
6.  Демографический  ежегодник  Казахстана,  агентство  РК  по  статистике,  2009.    – 
С.40. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Иманбердиева Г.А., магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
Меры социальной поддержки стариков в Казахстане 
В этой статье рассмотрены социальные проблемы пожилых людей как социально-
демографической  группы,  а  также  проанализированы  мероприятия  по  социальной 
поддержке в Казахстане. 
Ключевые  слова:  деформация,  акцентуация,  сихогимнастика,  реабилитация, 
соматика. 
 
SUMMARY 
 
G.A. Imanberdieva,  master  
(Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
 
Social support measures for the elderly in Kazakhstan 
In  this  article  the  social  problems  of  elderly  people  are  considered  as  socially-
demographic group  and also events are analysed on social support in Kazakhstan 
Keywords: deformation, accentuation sihogimnastika, rehabilitation, somatic. 
 
 
 
ӘОЖ 316.3/.4 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР 
ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР 
 
Д. Имамбаева, магистрант  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік  
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Мақалада  индустриалдық-инновациялық  үдерістердің  әлеуметтік 
мәселелерін  шешудің  әлеуметтанулық  теорияларының  тарихы,  олардың  қазіргі 
Қазақстан  жағдайына  қажетті  жақтары  қаралған.  Бұл  үдерісті  шешуге  арналған 
мемлекеттік бағдарламаларға талдаулар жасалған. 
Түйін  сөздер:  индустрия,  инновация,  әлеуметтік  мәселелер,  экономикалық  өсу, 
инновациялық үдеріс. 
Қоғамдық  өмірдің  көптеген  салаларындағы  өзекті  мәселелер  әлеуметтік  дамумен 
тығыз байланысты. Қазіргі заманғы шарықтап дамыған техникалық прогресс, өндірістің 
индустрияландырылуы, ғылымның қарқынды дамуы қоғамның әлеуметтік құрылымына 
да үлкен өзгерістер алып келді.  
ХХІ  ғасырда  әлемдегі  «жаңа  индустриялық  елдер  ең  жаңа,  алдыңғы  қатарлы 
технологияларды  қолданады.  Олар  экономикалық  өсуге  бағдар  ұстанады,  көп 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
229 
 
еңбектенеді,  кәсіпкерлікпен  айналысады,  тәртіпке  бағынады  және  білікті  жұмыс  күші, 
білім  деңгейі  өте  жоғары».  Осы  тұжырымға  сәйкес  қазіргі  заманда  ең  дамыған  елдер 
көшін  бастап  тұрған  АҚШ,  Ұлыбритания,  Жапония  және  Германия  өнеркәсіп  пен 
өндірістің даму дәрежесінің жоғарылығына жаңа технологиялар арқылы қол жеткізді [1].    
Индустриялық қоғам туралы технократиялық тұжырымдамалар жасаған У. Ростоу, 
Р.  Арон,  А.Тоффлер  сияқты  ғалымдар  бірқатар  негізгі  әлеуметтанулық  модельдерді 
ұсынды.  Индустриялық  қоғам  теориясының  мақсаты  қазіргі  заманғы  әлеуметтік-
экономикалық  даму  тенденцияларын  ашу.  Бұл  теория  қазіргі  заманғы  әлеуметтік-
экономикалық  даму  үрдістерін  анықтап  берді  және  мұнда  өндіргіш  күштердің  даму 
деңгейі  негізге алынады. Осы тұрғыда У.  Ростоу өзінің  «Экономикалық өсу сатылары» 
атты еңбегінде дамудың бес сатысын көрсетіп берді:  
- дәстүрлі – феодализмге дейінгі қоғам;  
- өтпелі қоғам;  
- өнеркәсіптік төңкеріс кезеңі;  
-  индустриалдық  қоғам  –  өнеркәсіптің  күрт  дамуы,  өндірістің  жаңа  салаларының 
пайда  болуы,  ғылым  мен  техника  жетістіктерінің  кеңінен  енгізілуі,  қала  халқы 
тұрғындарының өсуімен сипатталады; 
-  жаппай  тұтынушылар  дәуірі  –  өнеркәсіптің  негізгі  салалары  ретінде  қызмет 
көрсету саласы мен бұқаралық тұтыну тауарларының өндірісі басымдық алуы, яғни бұл 
ХХІ ғасыр бейнесі [2]. 
 Ростоудың пікірінше, ешбір ел бұл сатыларды аттап өтуі немесе басқаша тәртіппен 
өтуі  мүмкін  емес.  Тек  қана  әр  елдің  даму  жолы  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Артта  қалған 
елдер алдыңғылардың тәжірибесін үйреніп, оларды қуып жетуге тырысады. Бесінші саты 
–  қазіргі  заманғы  капитализмде  қоғамның  негізгі  мүддесі  тұтыну  мен  игіліктерге  қол 
жеткізуге  ойысты.  Тұтыну  төңкерісі  жүріп  жатыр,  яғни  ұзақ  мерзімдік  заттарды 
(тұрмыстық  машиналар,  автомобильдер  т.с.с.)  тұтыну,  жеке  қажеттіліктерді 
қанағаттандыру деңгейі өте жоғары және соған сәйкес тұтыну тауарларын өндіруші және 
қызмет  көрсету  салалары  жетекші  орын  алады.  Бұл  кезеңде  қала  маңындағы  бір 
отбасылы  үйлерге  қоныстану,  бала  туудың  күрт  өсуі,  консервіленген  тағамдарды 
қолдану, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің құрылуы  –  «қоғамдық игілік мемлекеті» 
типі  тән.  Осындай  өзгерістер  нәтижесінде  жаңа  орта  тап  –  жоғары  білікті  мамандар, 
техниктер пайда болады. Алайда бұл кезең сонымен бірге бағаның өсуі, жұмыссыздық, 
қоршаған  ортаның  ластануы,  ірі  қалалар  мәселесінің  ушығуы,  қылмыстың  өсуімен  де 
сипатталады.  
Әлеуметтану ғылымының негізін салушылардың бірі Э. Дюркгейм қоғамдық еңбек 
бөлінісі нәтижесінде капиталистік қоғамда пайда болатын әлеуметтік интеграцияны атап 
көрсетті. Адам іс-әрекеті түрлерінің көбеюі және мамандануы адамдар арасындағы өзара 
тәуелділікті  күшейте  түседі.  Ал  бұл  өз  кезегінде  қоғамдағы  өзгерістерді  жеделдетеді 
және  соның  салдарынан  дәстүрлі  ұйымның,  құндылықтардың,  нормалардың  бұзылуы 
әлеуметтік мәселелерді туғызады. Олардың ішіндегі ең маңызды факторлар урбанизация 
және  индустриаландыру  үдерістері,  –  дейді  ғалым.  Урбанизация,  яғни  ауыл  халқының 
қалаға көшуі дәстүрлі құндылықтардың алмасуына әкеп соғады. Құндылықтары ауысқан 
жеке  тұлға  жаңа  қоғамда  қабылданған  нормалар  мен  ережелерге  сәйкес  келе 
алмаушылықпен  бетпе-бет  келеді.  Осылайша  индивидтің  жеке  бас  проблемалары, 
ажырасу, заңсыз неке,  некесіз қатынастар және т.с.с. ауытқулар пайда болады. Мұндай 
мәселелердің  шешімін  табу  жеке  адамның  әлеуметтік  жағдайларға  бейімделуі  арқылы, 
сондай-ақ  мемлекеттік  әлеуметтік  бағдарламалардың  көмегімен  жүзеге  асырылуы 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
230 
мүмкін [3].  
Өндіріске  жаңа  технологияларды,  жаңа  құрал-жабдықтарды  енгізу  өндірістің 
әлеуметтік  құрылымын  өзгерте  отырып,  әлеуметтік  өзгерістердің  тууына  алып  келеді. 
Яғни, өндірісте жаңа құрал-жабдықтарды жұмыс істету үшін мамандарды қайта даярлау 
қажет, демек өндірістегі қарым-қатынас мәдениеті де өзгереді, адамдар неғұрлым жайлы 
жағдайда жұмыс істейтін болады. Бұл өзгерістер нормалардан, құндылықтардан, мәдени 
элементтер мен символдардан көрініс табады және соған сәйкес құндылықтық бағдарлар 
да ауысады.  
Қазақстан  қазіргі  таңда  индустриялық  қоғам  құру  үстінде.  Қоғамның  жаңаруы, 
экономикалық  тұрақты  дамуы  индустрияландыру  және  инновациялар  арқылы  жүзеге 
асырылады. Өнеркәсіптің дамуы елдің экономикалық ахуалының деңгейін айқындайтын 
бірден-бір  көрсеткіш.  Өнеркәсіп  кешенін  дамыту  динамикасы  экономикалық 
тәуелсіздікті,  ұлттық  қауіпсіздікті  нығайтуды,  халықтың  тұрмыс  деңгейін  көтеруді 
қамтамасыз  етудің  стратегиялық  міндеттерін  айқындайды.  Елдегі  жалпы  ішкі  өнімнің 
өсуі  де  өнеркәсіп  пен  өндіріске  тығыз  байланысты.  Сондықтан  да  қоғамдық  өндіріс 
салаларының  ішінде  өнеркәсіп  жетекші  орын  алады  және  ол  индустрияландырудың 
шешуші факторы болып табылады. Осы тұрғыда Қазақстан Республикасында өнеркәсіп 
саясатын  жүзеге  асырудың  өзектілігіне  орай  ел  экономикасында  индустриялық-
инновациялық даму бағыты таңдап алынды.  
Қазақстан  Республикасының  «Үдемелі  индустриялық-инновациялық  дамуының 
2010-2014 
жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасының»  басты  міндеті 
экономиканы  әртараптандыру  және  оның бәсекеге  қабілеттігін  арттыратын  басым 
секторларын  дамыту,  экономиканың  басым  секторларын  дамытудың  әлеуметтік 
тиімділігін  күшейту  және  инвестициялық  жобаларды  іске  асыру,  индустрияландыру 
үшін қолайлы орта жасау сияқты басым бағыттарды құрайды. Бұл бағдарлама бойынша 
жүзден астам жоба жүзеге асырылуда. Мұндағы инвестицияның көлемі 1 трлн. 249 млрд. 
теңге (8,6 млрд. АҚШ  доллары) құрайды. Алдағы  уақытта осы бағдарламаның аясында 
шағын қалалардың проблемалары шешілуі  тиіс. Ол үшін  шағын қалалардағы өнеркәсіп 
өнімдері  көлемін  ұлғайту;  шағын  және  орташа  кәсіпорындар  санын  екі  есеге  арттыру; 
күнкөріс көрсеткішінен төмен табыс табатындар санын қысқарту (6%-дан аспауы керек); 
жұмыссыздықты  азайту  (5,5%-дан  аспауы  керек);  апатты  жағдайдағы,  бос  не  құлағалы 
тұрған тұрғын үйлерді мүлдем жою көзделген [4].  
 Бағдарламаны  іске  асыруда  әлемдік  қоғамдастықтың  үшінші  индустриялық 
революцияға 
енгені, 
жұмыс 
күшіне, 
өндірістің 
орналастырылуына 
және 
ұйымдастырылуына  қойылатын  талаптардың  өзгергені  ескерілді.  Экономиканы 
әртараптандыру  арқылы  республиканың  орнықты  дамуын  қамтамасыз  ету 
қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізеді.  
Индустрияландыру  дегеніміз  тек  экономика  емес,  сонымен  бірге  ол  әлеуметтік, 
саяси  және  мәдени  өзгерістерді  қамтиды.  Қоғам  тек  индустриялық  жаңартулар  жан-
жақты,  барлық  сала  бойынша  жүргенде  ғана  алға  жылжитыны  дәлелденген.  Бұл 
модернизация үздіксіз, үнемі жүре беретін үдеріс. Алайда, қоғам тұтастай біртекті дами 
қоймайды, онда артта қалушы аймақтар мен шет аудандар міндетті түрде болады. Міне, 
осындай  аумақтар  әлеуметтік  даму  үдерісінен  тыс  қалып,  тұрақсыздық  пен 
қайшылықтардың  тууына  себеп  болуы  мүмкін.  Ал  бұл  өз  кезегінде  даму  мен  жаңару 
қағидаттарына төнген қатер болып табылады [5].  
Америкалық  әлеуметтанушы  ғалым  Элтон  Мэйо  индустриалдық  қоғамда 
әлеуметтік  жанжалдардың  тууына  себеп  болатын  өнеркәсіптік  тәртіпсіздіктер 
жұмысшылардың өздерінің заңды экономикалық және топтық мүдделерін сақтауға деген 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
231 
 
ұмтылысынан  бастау  алатынын  және  сондай-ақ  жеке  тұлға  ретіндегі  психикалық 
тұрақсыздығының  көрінісі  екендігін  дәлелдеп  берді.  Яғни,  әлеуметтік  жанжалдардың 
төркіні  тереңде  жатыр.  Тәжірибелік  телімде  жүргізілген  эксперименттері  нәтижесінде 
Мэйо топтық ұйымшылдық пен басшылықтың қысым жасамауына көп назар аударады. 
Ол  өнеркәсіп  жетекшілерінің  әлеуметтік  тепе-теңдікті  жаңғырту  және  ұстап  тұрудағы 
рөліне маңыз береді. Осындай еңбектеріне орай басқару теориясындағы өндірістік ұжым 
мүшелері  мен  тұлғаның  әлеуметтік  аспектілерінің  өзара  қарым-қатынастарын  зерттеу 
Элтон  Мэйо  есімімен  байланыстырылады.  Зерттеу  нәтижесінде  Мэйо  басшылық  пен 
жұмысшылар  арасындағы  қайшылықты  жоюға  және  өнеркәсіптік  үйлесімге  қол 
жеткізудің жолдарын көрсетіп берді.  
Адами  қатынастар  тұжырымы  бойынша,  адамдар  іс-әрекетінде  ең  алдымен 
әлеуметтік  мұқтаждық  басымдық  алады.  Егер  де  басшылық  жұмыскердің  әлеуметтік 
қажеттіліктерін қанағаттандыра алса, жұмыскер де өз тарапынан оның бұйрықтарын оң 
қабылдайды. Тиісінше, еңбек өнімділігінің тиімділігі өседі. Экономикалық ынталандыру 
әлеуметтік-психологиялық  жағынан  жағымды  әсер  етеді.  Демек,  еңбекті  басқарудың 
басты міндеті – еңбектің әлеуметтік мәселелерін шешу, оны неғұрлым гуманизациялау. 
Мысалы,  2011  жылдың  16  желтоқсанында  Жаңаөзен  қаласындағы  ереуілге  шыққан 
жұмысшылар  мен  құқық  қорғау  қызметкерлері  арасында  қақтығыс  болып,  соның 
салдарынан  көп  адам  опат  болды.  Еңбек  дауына  байланысты  туындаған  әлеуметтік 
шиеленіс 
салдарынан 
«Қаражанбасмұнай» 
және 
«Өзенмұнайгаз» 
мекемесі 
жұмысшыларының жеті ай бойғы ереуілі жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Бұған мұнай-газ 
кәсіпорындары басшыларының және жұмыс берушілердің жұмыскерлердің талаптарына 
дер  кезінде  жауап  қатпауы,  тиісті  шаралар  қолданбауы  басты  себеп  болды.  Бұл 
кәсіпорындағы әлеуметтік ахуалға басқару жүйесі тарапынан жіті мән бермеудің айқын 
көрінісі болып табылады.  
Осы тұрғыда өндіріс орындарында жүргізген тәжірибелерінің нәтижесінде Э. Мэйо 
менеджменттің мынадай жетекші қағидаларын ұсынады: 
1. Әр адамның өз қажеттіліктері, мақсаттары мен оған түрткілері бар. 
2. Жағымды мотивация бойынша жұмысшылармен жеке тұлға ретінде қарым-
қатынас жасау қажет. 
3. Жұмысшының жеке басының және отбасы проблемалары еңбек өнімділігіне 
теріс салдарын тигізуі мүмкін.  
4. Адамдар арасында ақпарат алмасу маңызды, ал тиімді ақпарат басқарудың 
шешуші факторы болып табылады [6]. 
Осылайша,  Мэйо  ұйымның  тиімді  қызмет  етуі  үшін  әр  деңгейдегі  жұмыскерлер 
арасындағы  ынтымақтастық  болуы  тиіс  екендігін  атап  көрсетті.  Мэйоның  Хоторн 
эксперименттері адам ресурстарын басқарудың адами қарым-қатынасқа ұласуын бастап 
берген маңызды еңбек болып табылады. Өйткені, өндіріс – әр мемлекеттің бет-бейнесін 
айқындайтын  құбылыстың  бірі.  Мейо  тұжырымдап  берген  менеджменттің  жетекші 
қағидаларының  ішінде  адамдардың  жеке  мұқтаждықтары,  қажеттіліктері,  мақсаттары 
болатыны,  жұмысшылармен  тұлға  ретінде  қарым-қатынас  жасаудың  жағымдылығы, 
жұмысшының жеке және отбасылық проблемалары еңбек өнімділігіне теріс әсер ететіні, 
адамдар  еңбегінің  әлеуметтік  және  психологиялық  аспектілерін  ескере  отырып 
жүргізілетін басқару инновациялық өсуге ықпал ететіні, экономикалық ынталандырумен 
бірге әлеуметтік-психологиялық қолдаудың тиімділігі басты орын алады. Демек, қазіргі 
заманғы  индустриалдық  өндіріс  ғылыми  және  технологиялық  жетістіктерді  қолдана 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
232 
отырып,  еңбек  үдерісінде  орнықты  байланыстарды  қамтамасыз  етуге  ұмтылуы  аса 
маңызды.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Грейсон Дж.,
 
0'Делл К. Американский менеджмент на пороге XXI века. – М., 
1991. – С. 303-304. 
2. Теория стадий экономического роста У. Ростоу
 // http://wdi.ru
 
3. Дюркгейм Э. Социология //ihtik.lib.ru. 
4. Қазақстан Республикасының «Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 
2010-2014 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // http://adilet.zan.kz 
5. Волков Ю.Г., Мостовая И.В. Социология // ihtik.lib.ru. 
6. Мэйо Э. Человеческие проблемы индустриальной цивилизации // ihtik.lib.ru. 
   
РЕЗЮМЕ 
 
Имамбаева Д., магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
Социальные проблемы и индустриально-инновационные процессы 
современности 
  В  статье  рассмотренa  история  социологических  теории,  необходимые  для 
решения  социальных  проблем  индустриально-инновационных  процессов,  их 
необходимость для современных ситуации Казахстана. Сделан анализ государственных 
программ, направленных на решение этих процессов.  
Ключевые  слова:  индустрия,  инновация,  социальные  проблемы,  экономический 
рост, инновационый процесс. 
SUMMARY 
 
D. Imambaeva, master   
(Kazakh State Women’s Teacher Training University) 
Social problems and industrially-innovative processes of modernity 
The article is made out the history of sociological theory imperative for social problem of 
innovation-industrial  processes  their  necessary  for  modern  situation    of    Kazakhstan.  The 
analysis of government programs has made which are directed for solution of  these processes.  
Keywords: industry, innovation, social problems, economic growth, innovation process. 
 
ӘОЖ 364.4:613.98 
 
ГЕРОНТОЛОГИЯ ІЛІМІ: БИОЛОГИЯЛЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК, 
МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ 
 
А. Куленбек, магистрант  
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Бұл  мақалада  қазіргі  таңда  дүниежүзін  алаңдатып  отырған  өзекті 
мәселелердің  бірі  –  қарт  адамдар  санының  күрт  өсуі,  қартаю  процесінің  жылдам  өрбу 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
233 
 
жағдаяты және қоғамдағы оларға көрсетілетін әлеуметтік көмек шараларының жүргізілу 
барысы  мен  қадағалау  үдерісі  сияқты  геронтологиялық  ахуалдардың  биологиялық, 
медициналық, әлеуметтік қырларының арабайланысы туралы мәселелер қарастырылады.  
Түйін сөздер: Геронтология, гериатрия, прогерия, Вернер синдромы.      
Елбасының  Қазақстан  халқына  арнаған  Жолдауында  адам  денсаулығын  сақтауға, 
олардың  өмір  жасын  ұзартудың  жолдарын  қарастыруға  ерекше  мән  беріліп, 
азаматтарымыздың  белсенді  өмір  сүруінің  орташа  жасын  72-ге  жеткізу  туралы  баса 
айтылғандығы  бәрімізге  белгілі.  Алайда  мұның  үш  қыры  бар:  біріншісі  –  әлеуметтік, 
екіншісі  –  биологиялық,  үшіншісі  –  медициналық.  Осы  мәселелерді  бірінен-бірі 
ажырағысыз  қарастырып,  нақты  шаралар  қолданғанда  ғана,  елімізде  адам  жасын 
ұлғайтуға  болады  екен.  Бұл  орайда,  әлемге  әйгілі  дәрігерлер  мен  мамандардың 
тәжірибесін де үйренудің артықшылығы жоқ. Сондықтан да еліміздің Денсаулық сақтау 
министрлігі  Отанымызда  тұңғыш  рет  Қазақстандағы  геронтологияның  көкейкесті 
мәселелері  мен  оны  жетілдірудің  жолдарын  қарқынды  түрде  қолға  алды.  Мәліметтерге 
жүгінсек,  дәл  қазіргі  кезде  65  жастан  асқан  адам  кемінде  бір  созылмалы  науқасқа 
шалдықса,  жетпістен  соң  екінші,  сексеннен  соң  үшінші  дерт  қосылады  екен.  Яғни, 
мұндай  кедергілерге  тосқауыл  қою  үшін  жасы  келген  кісіге  күтім  керек.  Күтім  азық-
түлікпен қамтасыз ету сияқты өмір сапасын арттырумен ғана шектелмейді, ол өз ортасы, 
адамдармен  қарым-қатынасы  сияқты  психологиялық  ықпалдарға  да  байланысты. 
Ендеше,  бұл  ахуал  аясында  зерттейтін  мәселелер  де  көп,  қабылдайтын  шешімдер  де 
жеткілікті болып отыр.  
Дүниежүзінде  қарт  адамдардың  саны  күннен-күнге  өсіп  бара  жатқандықтан, 
олардың  денсаулығы  мен  өмір  сапасы  хақындағы  мәселелер  өзектілене  түсіп  келеді, 
себебі, тек экономикалық мүдде ғана емес, гуманистік мүдделер де бұл ахуалды елеусіз 
қалдыра  алмайды.  Сондықтан,  бүгінгі  күні  осындай  жағдаятты  зерттеумен,  оның 
ғылыми-теориялық негіздерін сараптаумен айналысатын арнайы ілім қалыптасқан, ол  – 
«геронтология»  деп  аталады,  бұл  термин  «герон»  –  қарт,  «логос›»  –  ғылым  деген  екі 
сөздің тоғысуынан шыққан. Поль де Кюридің айтуы бойынша, бұл  терминді  алғаш рет 
Илья Мечников ұсынған болатын. «Геронтология» қартаю процесін ғана зерттемейді, ол 
сонымен  қатар  қартаю  кезеңіндегі  адам  денсаулығын  және  өмір  ұзақтығына  да  мән 
береді [1].  
Геронтология  ілімінің  ресми  емес  түрде  қай  кезеңде  пайда  болғандығы  туралы 
әртүрлі  пікірлер  айтылады.  Бір  зерттеушілер  геронтология  ерте  заманда  пайда  болған 
ғылым  деп  айтады,  яғни,  медицина  ғылымының  атасы  Гиппократ  және  Ибн  Сина, 
философтар  Цицерон  және  Сенеканың  аттарымен  байланыстырады.  Ал  кейбіреулердің 
пайымдауы  бойынша,  геронтология  өз  бастауын  кейінгі  жүзжылдықтың  екінші 
жартысында,  қоғамда  қарт  адамдардың  саны  едәуір  өскен  шағында  пайда  болған, 
кейіннен,  ресми  түрде  ең  алғаш  геронтологиялық  ғылыми  зерттеулер  институттары 
құрылған.  Осы  айтылған  пікірлердің  екеуі  де  дұрыс  деп  айтылды,  яғни  геронтология  – 
жас  ғылымдардың  ішіндегі  ең  көнесі  (ресмиленбеген  түрде)  және  көне  ғылымдардың 
ішіндегі ең жас ғылым (ресмиленген) болып саналады.  
Қоғам  мен  ғылым  дамыған  сайын  адамзат  тарихында  өмірді  ұзарту  және  өлімді 
ысырып  тастауға  әр  уақытта  әртүрлі  амал-тәсілдер  іздестірілген,  бірақ  оның  нақты 
эксперименталдық  жұмыстары  мен  практикалық  қорытындысы  XX  ғасырда  ғана 
қолданыла  бастады,  өте  жас  ғылымдардың  жетістіктері  арқылы  өркендей  түсті: 
биохимия, биофизика, психоаналитика, психофизиология және т.б. Сондықтан да бүгінгі 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
234 
таңда геронтология: қартаю биологиясы; гериатрия; герогигиена; геропсихология сияқты 
салаларды тудырып, өркендеп келеді.  
Сондай-ақ  мынадай  міндеттерін  де  жүйелеп  алған:  қартаюдың  молекулалық 
генетикалық  механизмдерін  зерттеу;  жасқа  байланысты  жасуша  қызметі  мен  белок 
биосинтезінің өзгерістерінің арасындағы байланысты анықтау; организм қызметі мен зат 
алмасуының  нейрогуморальдық  реттелу  механизмдерін  зерттеу;  қартаю  үрдісінде 
организмнің  бейімделу  мүмкіндіктерін  анықтау;  адамның  қартаю  ерекшеліктерін 
кешенді  түрде  зерттеу  және  соның  негізінде  қарт  адамдардың  еңбек  әрекетінің 
ұзақтығын, жұмысқа қабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған шараларды жетілдіру; қартаю 
қарқынын  баяулататын  және  өмір  ұзақтығын  арттыратын  әсерлерді  іздестіру  т.б.  Осы 
тұста,  біз  қарастырып  отырған  мәселемізді  талдау  үшін,  алдымен,  жалпы  қартаю 
құбылысының мағынасын ашып алуды жөн көрдік.  
Қартаю  –  қайтыс  болу  ықтималдылығының  артуымен  және  жасқа  байланысты 
ауытқудың  дамуымен  сипатталатын,  организмнің  бейімделу  мүмкіндігін  шектеуге 
әкелетін, түбінде жасқа байланысты өрбитін, биологиялық бұзушы үрдіс [2,327 б].  
Осыған орай, біз де мынадай өз анықтамамызды ұсына аламыз: «Қартаю» дегеніміз 
– барлық тіршілік иелеріне тән, жеке өмірдің болмай қоймайтын ақырына таяған шартты 
уақыт  кезеңі  болып  табылатын  эволюциядағы  қайтымсыз  биологиялық  үдеріс.  Бұл 
үдеріс ғылыми зерттеулер көрсеткендей, оның түрлері, сипаттамасы, себептері, белгілері 
т.б. арқылы анықтала түседі.  
Қартаюдың түрлері: табиғи; баяуланған, бұл ұзақ жасайтындарға тән; жедел, яғни, 
уақытынан  ерте,  акцелерациялық,  балаларда  да  қартаю  белгілерінің  өрбуінің  кездесуі, 
оны – прогерия деп те атайды. Қартаю себептері: зат алмасудың генетикалық алдын ала 
айқындалған  ерекшеліктері;  күйзелістер;  аурулар;  бос  радикалдар;  ксенобиотиктер 
(бөгде заттардың енуі); сутек иондарының концентрациясының өзгеруі; температуралық 
бұзылулар; оттектік ашығу; кейбір жоғары белсенді ферменттер әсерінен лизосомдардың 
бұзылуы; белок ыдырауының немесе басқа да организмнің тіршілік әрекеті нәтижесінде 
түзілген  өнімдердің  жиналуы  т.б.  Қартаюдың  нәтижесі:  физиологиялық  қызметтің 
жетіспеушілігіне;  жасушалар  өліміне;  организмнің  бейімделу  мүмкіндіктерінің 
шектелуіне; организм сенімділігінің төмендеуіне; жасқа байланысты ауытқудың өрбуіне 
(артериялық гипертония, жүрек немесе мидың ишемия ауруы, қатерлі ісік, қант диабеті 
және  т.б.);  қайтыс  болу  мүмкіндігінің  артуына  алып  келеді.  Осыдан  қартаюдың 
биомедициналық  қырлары  туындайды.  Ол  өз  кезегінде  физиологиялық  және  ерте 
қартаюға  байланысты  болып  келеді.  Физиологиялық  қартаю
 
–  адам  егде  тартқан  жасқа 
келсе  де,  денсаулығы
 
жақсы,
 
ширақ,  өзін-өзі  күтіп,  айналасына
 
назар
 
аударып, 
белсенділік көрсете алатын жағдайда болуы.  
Ерте  қартаюда  кәріліктің  белгілері  мезгілінен  бұрын  байқалады.  Бұған  адамның 
созылмалы  аурумен  ауыруы  немесе  қоршаған  ортаның  жағымсыз  әсері  себеп  болады. 
Қартаюды  қазіргі  биомедициналық  теориялар  жас  шамасының  ұлғаюына  байланысты
 
белок  синтезінің  бұзылуы  деп  түсіндіреді.  Ал  мұның  өзі
   
нуклеин  қышқылдары
 
(ДНК) 
қызметінің  бұзылуына  байланысты  болады.  Кейінгі  жылдары  иммунитет  жүйесі
 
бұзылған  организмде  түзілген
 
антиденелер
 
бөгде  заттарды  ғана  емес,  қалыпты 
клеткаларды да бұзып, жоятыны анықталды.  
Генетика  бойынша  қартаюда
 
тұқым  қуалаушылық
 
факторы  үлкен  рөл  атқарады. 
Жоғарыда  атап  өткендей,  кейбір  адамдардың  қалыптан  тыс  ерте  қартаюы  байқалады, 
мұны
  «
прогерий»
 
деп  атайды.  Бұл  сирек  кездесетін  тұқым  қуалайтын
 
синдромдар
 
кездерінде  байқалады.  Солардың  бірі  –  Гетчинсон-Гильфорд  синдромы
  
–  балалардың,
 
аутосомдық-рецессивтік
 
жолмен  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін  ауруы.  Бұл  аурудың 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
235 
 
алғашқы  көрінісі  баланың  бір  жасар  кезінде  байқалып,  тез  қарқынмен  дамып,  10  –  20 
жаста  жүрек
 
инфарктысынан
 
өлімге
 
әкеледі.  Негізгі  белгілері:  баланың  бойы  өсуі 
баяулайды,  шашы  ағарып,  түсе  бастайды,  терісі  жұқарып,  қатпарланып  кетеді.  Көз 
бұршағының 
бұлыңғырлануы 
(катаракта),
 
өкпе 
эмфиземасы, 
қан 
тамырларының
 
атеросклерозы  т.б.  дамиды.  Осындай  кәрілікке  тән  белгілердің  15  –  25 
жас  арасында  дамуы  –
 «
Вернер  синдромы»  деп  аталады.  Ерте  қартаюдың  ең  негізгі 
себебі – қозғалудың азаюы, бұлшық ет жұмысының жеткіліксіздігі (гиподинамия) [3,37 
б.].  
Қартаюға 
байланысты 
организмде
 
зат 
алмасу 
процесі
  
нашарлайды, 
сондықтан
 
қуатты тағамдарға
 
қажеттілік те төмендейді. Мысалы, қалада тұратын 60 – 74 
жастағы ер адамдардың тәуліктік энергетикалық қажеттілігі 2300 ккал болса, әйелдерде 
–  2100  ккал,  ал  жасы  75-тен  асқан  адамдарда  бұл  қажеттілік  2000  және  1900  ккал 
шамасында болады. Бұл кезде тағам құрамындағы жануар майлары
 
мен
 
көмірсу
 
мөлшері 
аз  болуы  тиіс.  Қартаю  заңдылықтарын  зерттейтін  ілім
 «
геронтология
»
  деп  аталса, 
жастары 
ұлғайған 
адамдар 
мен 
кәрі 
адамдардың 
ауруларын 
зерттейтін 
ілім
 «
гериатрия
» 
деп аталады.  
Осыдан  қартаюдың  әлеуметтік  мәселелері  туындайды,  ол  сәйкесінше  мынадай 
статистикалық  мәліметтер  арқылы  өзектілене  түседі.  БҰҰ-ның  мәліметтері  бойынша, 
1950  жылы  әлемде  200  млн.  шамасында  60  және  одан  жоғары  жастағы  адамдар  болса, 
1975 жылға дейін олардың саны 550 млн-ға өскен. Болжам бойынша, 2025 жылы 60-тан 
жоғары  жастағылар  саны  1  млрд.  100  млн.  адамға  5  есе  өседі,  ол  кезде  планета 
тұрғындарының саны 3 есеге артады екен. 
Соңғы  10  жылда  әлемнің  дамыған  елдерінде  байқалып  отырған  үдерістің  бірі  – 
халықтың жалпы санында және оның үлес салмағында қарт адамдардың жылдан-жылға 
өсіп  отыруы.  Халықтың  қартаюының  басты  себептері  –  бала  туудың  кемуі,  медицина 
прогресінің  арқасында  жасы  үлкен  адамдар  топтарының  өмір  сүруінің  жалғасуының 
көбеюі, халықтың өмір сүру деңгейінің артуына байланысты орташа жасы ұзақтылықтың 
өсуі.  Экономикалық  бірігіп  қызмет  істейтін  және  дамушы  елдерде  орташа   есеппен 
ерлердің өмір  сүру ұзақтығы 30 жыл ішінде 6 жылға, әйелдерде  – 6,5 жылға өскен. Ал 
кейбір елдерде, мысалы, Ресейде соңғы 10 жылда өмір сүру ұзақтығының төмендегені де 
байқалады[4].  
Осы  көрсетілген  сандық  мәліметтерге  сәйкес  соңғы  10  жылдықтарда  өзгелерден 
бұрын  қарттар  категориясының  жылдам  көбеюге  бейімделгендігіне  көз  жеткіземіз. 
Батыс Еуропа елдерінде қарт адамдар саны шамамен халық санының 15%-ын құрайды. 
Халықтың  қартаюы,  әсіресе,  АҚШ  пен  Жапония  елдерінде  айқын  байқалады.  Орта 
Азияда  бала  туу  қарқынының  жоғары  болуына  байланысты  қарт  адамдар  саны  бүкіл 
халық санының 5-6%-ын құрайды. 
Өкінішке орай, соңғы жылдары қазақ халқының жалпы санында қарт адамдардың 
үлес салмағының арту үдерісі, яғни, халықтың қартаюы да қылаң беріп келеді. Мысалы, 
2006  жылдың  басында  65  жастан  асқан  адамдардың  үлесі  7,4  пайыз  болса,  2030  жылы 
бұл  көрсеткіш  елімізде  11,5  пайызға  жетпек  деп  болжамданған.  Ол  сәйкесінше, 
демографиялық  өсімге  де  байланысты  десек,  соңғы  10  жыл  ішінде  еліміздегі  жас 
ұрпақтың  үлес  салмағы  24-44  пайызға  қысқарған.  Осының  нәтижесінде  зейнеткерлік 
жастағы  адамдардың  үлес  салмағы  15  жасқа  дейінгі  балалардың  үлесінен  асып  түсіп 
отыр. Болашақта бұл жағдай одан ары күрделене түсіп, егде жастағы адамдардың саны 
арта түсетіндігі байқалуда [5]. 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
236 
Халықаралық  жіктеу  көрсетіп  отырғандай,  2008  жылдың  өзінде  еліміздегі 
халықтың  құрылымы  демографиялық  қартаю  кезеңіне  сәйкес  келетіндей  болады. 
Балалар мен жасөспірімдердің үлесі 65 және одан да жоғары егде адамдар үлесінен сәл 
ғана артылуы мүмкін. Жетпістен және одан да жоғарғы адамдар халықтың 28,3 пайызын 
құрады. Бұл  еңбекке жарамды қабілетті  жастан біршама жоғары. Міне, бұндай әлемдік 
физиологиялық жас ерекшелікке байланысты туындаған ахуалдардан біздің еліміз де тыс 
қалмақ емес, сондықтан, бұл геронтологияның әлеуметтік мәселелерінің маңыздылығын 
паш етеді. 
Қорыта  айтқанда,  геронтологияның:  биологиялық,  медициналық  және  әлеуметтік 
қырларының  арақатынасы,  сәйкесінше  мынадай  тараптарда  ашыла  түседі: 
биомедициналық  геронтология,  биоәлеуметтік  геронтология,  әлеуметтік  медициналық 
геронтология.  Осыдан  әртүрлі  аралық  ғылымдар  туындайды.  Бұл  ғылымдар  қоғамдағы 
осындай күрделі  ахуалдарды зерттеп, мүмкіндігінше оны шешудің  жолдарын ұсынады. 
Қазіргі  ғылымаралық  интеграция  беталысы  мен  дифференциациясына  сәйкес, 
геронтология  ілімі  де  өз  ішінен  жеке  ғылымдарға  жіктеліп,  әрі  басқа  да  ғылымдармен 
бірігіп  отыр.  Бұл  жай  ғана  ғылым  эволюциясындағы  үдеріс  емес,  өзекті  мәселелерді, 
адамзатты  алаңдатып  отырған  күрделі  ахуалдарды  шешу  үшін  қажетті  құрылым. 
Жоғарыда 
көрсетілген 
мәліметтерге 
қарап, 
геронтологияның 
медициналық, 
биологиялық,  әлеуметтік  қырларының  арабайланысына  көз  жібере  отырып,  мәселенің 
қаншалықты  өзекті  болып  отырғандығын  бағамдауымызға  болады.  Біздіңше,  атап 
өтілген статистикалық мәліметтер мен оның болашақтағы беталысына зер салсақ, қартаю 
үдерісі  де  келешекте  ғаламдық  мәселелер  қатарынан  орын  алуы  ықтимал  деп 
тұжырымдай аламыз.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет