ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. edu.gov.kz›fileadmin/user_upload/npa/2011–2020
.
2. ҚР ҰМ. 270-қ., 1-т., 68-іс.
3. Тасмагамбетов И.Н. Социальная политика и политическая трансформация. –
Алматы: Ғылым, 1997. – 250 с.
4. Кушербаев К.Е. и др. Проблемы финансирования и бюджета системы
образования в Казахстане: Национальный доклад Республики Казахстан. – Париж:
ЮНЕСКО, Международный институт планирования образования, 2001. – 160 с.
5. Нурмаганбетов А.А. Образовательная политика Республики Казахстан в
контексте трансформации системы высшего образования. – Алматы: Қазақ университеті,
2002. – 354 с.
6. Жакенова К.А. О некоторых этапах реформирования системы высшего
образования Казахстана // Философия образования и ее роль формирования
гуманитарного типа знания. Сборник ІІ: Материалы слушатели Летного университета. –
Алматы, 2002. – 147 с.
7. Елбасы және ел ісі /Егемен Қазақстан. №90-93 (25939) 12 наурыз, 2010.
8. ҚР ҰМ. 270-қ., 1-т., 236-іс.
9. Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттерін
модельдеу // Қазақстан жоғары мектебі, 2007. №1.
10. Инновационный потенциал: современные подходы к содержанию категории //
КазЭУ Хабаршысы, 2007. №6.
РЕЗЮМЕ
Аширбекова Ж.Б., к.и.н.,доцент
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Результаты и ход реформирование системы образования Республики
Казахстан
В статье рассматривается ход результата реформы: на системе образования и науки
в Республике Казахстан.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
13
Ключевые слова: система образования, реформа, новая формация, педагог.
SUMMARY
Zh.B. Ashirbekova -
Candidate of historical sciences,
associate professor
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
Results and the pace of reform the education system Republic of Kazakhstan
The article reviews the results of reform: on education and science system in the
Republic of Kazakhstan.
Keywords:
education system,
reform,
new formation,
teacher.
ӘОЖ 9(С)55 А 32
АУЫЗША ТАРИХ АЙТУ ДӘСТҮРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫНАН
Р.Т. Айтбай, т.ғ.к.,доцент
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада ауызша тарих айту дәстүрінің зерттелу тарихы
қарастырылған. Ауызша тарих айту дәстүрі шығармаларын өз туындыларында
пайдалануды Геродоттан бастап көптеген зерттеушілер қолданған. Бұл дәстүрдің
деректерінің маңызы халықтың белгілі бір тарихи оқиғаларға көзқарастарын білдіреді.
Жазба деректерде кездеспейтін мәліметтерді осы ауызша деректерден алуға болады.
Түйін сөздер: ауызша тарих айту дәстүрі, скифтер, түркі және моңғол тайпалары,
шежіре, фольклор, ауызша дерек, жазба дерек.
Халықтың ауызша тарих айту дәстүрі туындыларын жазба деректермен қатар
пайдалану
мысалын
дүниежүзілік
тарихнамада
антикалық
дәуірдегі
грек
тарихшыларының, орта ғасырдағы шығыс зерттеушілерінің еңбектерінен көптеп
кездестіруге болады.
Алғашқы грек тарихшылары өз еңбектерінде хроника, кітаптармен қатар халық
есінде сақталған эпикалық поэмаларды, әртүрлі аңыз-әңгімелерді пайдаланған.
«Тарихтың атасы» деп аталған грек тарихшысы Геродоттың да өз еңбегінде жазба
деректермен бірге ауызша тарих айту дәстүрі туындыларын қатар қолданғанын білеміз.
Геродоттың «Тарихы...» 9 кітаптан тұрады. Жалпы мазмұны жағынан еңбекті екі бөлімге
бөлуге болады. Бірінші бөлім бесінші кітаптың 27 тарауымен аяқталады, онда Кирдің
жорықтарына байланысты Лидия мемлекетінің тарихы, Кирдің баласы Камбистің
жорығының нысаны болған Египеттің тарихы жан-жақты әңгімеленеді. Сонымен қатар,
Дарийдің патшалық құруына байланысты Персияның ішкі тарихы баяндалады. Одан әрі
Дарийдің скифтерге жасаған жорығына, скифтердің тарихына тоқталған. Еңбектің осы
бөлімінде Ливия мен Фракияның тарихы туралы да мәліметтер келтірілген. Міне, өз
еңбегінің осы бөлімінде Геродот жазба деректерден гөрі ауызша айтылған деректерге
көбірек сүйенген. Ол жоғарыда аталған елдердің жекеленген тайпалардың тарихын, сол
елдердің, тайпалардың тұрғындарының арасында сақталған аңыз-әңгімелерді Митердің
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
14
негізінде баяндайды. Мысалы, Геродоттың скиф тайпалары туралы мәліметтері қазіргі
кезде олар туралы негізгі деректердің бірі ретінде пайдаланылуда. Өз кезінде Геродот ол
мәліметтердің бір бөлігін әртүрлі скиф тайпаларының тұрғындарының арасында
сақталған ауызша айту дәстүрі туындылары арқылы жинақтаған болатын. Тайпалардың
шығу тегі, мекенжайы, шаруашылығы, әдет-ғұрпы, діни нанымдары туралы айтқанда
автор аңыздарға, мифтерге, әртүрлі ауызша айтылған әңгімелерге сүйенген [1].
ХІІІ-ХІV ғғ. парсы тілінде шыққан Шығыс тарихы еңбектерінің ішінен түркі және
моңғол халықтарының тарихын тұтас қарастырған алғашқы еңбектердің бірі – Рашид-ад-
Дин Фазуллах Хамадиннің «Жами-ат-тауарих» /Шежірелер жинағы/ атты шығармасы.
Бұл еңбек те екі негізгі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Шыңғыс ханға дейінгі
түрік және моңғол тайпаларының тарихы айтылады. Шыңғыс хан империясынан бөлініп
шыққан мемлекеттердің тарихы сөз болады. Екінші бөлімде ислам дәуіріне дейінгі
жалпы тарих беттері баяндалған. Халифаттың моңғол шапқыншылығына дейінгі
мұсылман мемлекеттерінің, сондай-ақ мұсылман емес халықтар мен мемлекеттердің
тарихына тоқталған.
Рашид-ад-дин түркі және моңғол тайпаларының тарихы туралы айтқанда,олардың
этникалық байланыстарын, әлеуметтік өмірі, тұрмыс-салтын сөз етеді. Жалпы еңбектің
бірінші бөлімінде автордың жазба деректермен қатар ауызша айтылған деректерді де
пайдаланғандығын көруге болады. Жекелеген тайпалардың тарихы аңыздар мен ауызша
айтылған әңгімелердің негізінде баяндалған. Мысалы, Жалайыр тайпасы туралы Рашид-
ад-дин былай деп жазған: бұл тайпа ерте кездерде саны жағынан көп болған. Оның әрбір
бұтағынан өз өмірлері және билеушілері болған. Шыңғыс хан дәуірінде және қазіргі
кезде осы тайпадан шыққан өмірлер Тұран мен Иранда көп. Олардың қоныстарының бір
бөлігі Онон деген жерде орналасқан. Айтулары бойынша, Қытай әскерлері
жалайырлардың бұл бөлігіне қырғын соғыс ашқандары сондай, тек шамалы бөлігі ғана
қашып құтылған. Кетерлерінде Дутули Мэнэннің әйелі Мунулды өлтіріп
кеткен...Жалайырлардың басқа тайпалары «мұндай сұмдық іске неге бардыңдар?» деп
оларға тергеу жүргізеді және осы себептен олардың кейбіреулері өлтіріліп, қалғандары
Дутули Мэнэннің екінші ұлы Қайду ханның тұтқындарына және құлдарына
айналады...[2].
Автордың Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары туралы шежіресінде жазба
деректермен қатар ауызша айтылған шежірелерден, аңыздардан алынған мәліметтер
пайдаланылған деп айтуға болады. Жалпы ерте дүние мен орта ғасырлардағы
тарихшылардың көпшілігінің жазба дерек пен ауызша айтылған деректерді бір-бірінен
бөліп қарамай, олардың екеуіндегі бар материалдарды түгел қамтып қарастыруға
тырысқандықтарын байқаймыз.
Түркітілдес халықтардың, оның ішінде қазақ халқының көне тарихына, әдебиеті
мен мәдениетіне тікелей қатысты жазба ескерткіштердің ішінен Әбілғазы Баһадур
ханның «Шежіре-и-түрік» /Түріктер шежіресі/ атты кітабы елеулі орын алады.
Түрік шежіресі 9 тараудан тұрады. І тарауда – Адам атадан Моңғол ханға дейінгі
дәуірі, 2-тарауда моңғол ханнан Шыңғыс ханға дейінгі дәуір, соңғы тараулары
Шыңғыстан кейінгі кезеңнен автордың өз заманы ХІІІ ғ. қамтиды. Бұл тарауларда
Шыңғыс хан ұрпақтарының Моңғолстан, Иран, Қашқария жерінде билік жүргізуі, Жошы
балаларының Дешті-Қыпшақтағы әкімшілік істері, қазақ хандары жайлы айтылады.
Кітапта көне тайпалар – татар, ойрат, торғауыт, қырғыз, үйсін, қоңырат, найман, керей,
жалайыр, қият, ұйғыр, қаңлы, қыпшақ, қарлұқ, қалаш руларының тарихы баяндалады.
Жоғарыда аталған авторлар секілді Әбілғазы да көне тайпаларының тарихын ауызша
айтылған аңыздардың негізінде жазған. Мысалы, Керейт тайпасы туралы былай
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
15
айтылады: Керейт деген сөз «қара қой» деген мағынада беріледі. Бір адамның жеті ұлы
болған, барлығы да қара екен. Оларды бұл халықта керейт деп атаған. Сондай болып
туылғандардың барлығын да керейт деп атаған. Бұл ертеден келе жатқан халық, көп
малға ие. Олар өздерінің жеке билеушілерінің қол астында тұрғанда, олардан күшті
халық болмаған. Олардың иеліктері найман иеліктеріне жақын еді. Сондықтан да
керейттердің атақты патшасы Дергуз еді. Оның баласы Курчанку, оның ұлдары көп еді.
Соның біреуінің аты Торғұл, оны қытай билеушілері Унг деп атаған. Осы керейт Унг хан
Шыңғыс ханмен соғысқан [3].
Әбілғазы аңыздармен қатар жырлардан да үзінділер келтіріп отырады. Мысалы,
Оғыз ханның ата-бабаларының бірі Салор тайпасын билеген Огуржық алыптың
тарихына тоқталады. Бұл тайпаның Ираққа барып мекендеп, ол жердің жергілікті
тайпаларымен қақтығысқа түсіп, басқа да көп жерлерді аралап, соңында Балқан тауына
келіп мекен еткендігін баяндай отырып, «ол уақытта Огружықтың жыры мынадай еді:
Қашып шығып Қаңқылы ханмен құбылаға беттедім,
Қыр, ел асып, шығыстан жерді айналып өттім.
Қыршыларға, жершілерге жол бастаттым.
Қарлы-екі құла жолды ыңғайлы еттім [4], –
деп жырдан үзінді келтіріледі. Бұл жыр бір қарағанда түсініксіз болғанымен,
Огуржықтың өз тайпасымен бастарынан кешкендері баяндалған. Жалпы, автор Оғыз
ханға байланысты аңыздарды көп келтірген.
Қазақтың алғашқы тарихшыларының бірі Қадыр Әлі би Қошымбекұлы
жалайырдың «Жамаиг-ат-тауарих». Қоғам тарихы немесе көптеген тарихи еңбектермен
қатар халықтың ауызша айту дәстүрі туындыларын да пайдаланған.
Кітап төрт тараудан тұрады. Онда Қадыр Әлі би ертедегі Орта Азия тайпалары мен
руларының ата-тегі, Шыңғысхан ұрпақтары, қазақ хандары Орыс хан мен Тоқтамыс
жайында көптеген мәліметтер береді. Автордың шежірелік мәліметтерді жазуда ауызша
деректерді қолданғандығы даусыз. Мысалы, Дастан Едіге би 63 жасында қайтыс болды.
Оның арғы атасы Баба-Түктес – Қаратауды, Құмкентті мекендеген данышпан кісі. Баба-
Түктестің төрт ұлы бар еді. Төртінші ұлдың аты – Терме Еділ Жайық бойында тіршілік
етті. Терменің ұлы – Қырбыны, оның ұлы – Ислам-Қия, оның ұлы Қадыр-Қия – бұлар
түгелдей Еділ мен Жайық бойында өмір сүрген. Қадыр-Қияның ұлы Құтты-Қия –
Қаратауда, Құмкент қаласында жасаған. Ол көп жыл Орысханмен істес болған. Соңынан
Орысхан оны өлтіреді. Құтты-Қияның ұлы – Едіге әкесінің намысын жоқтап
Орысханмен өштесіпті [5].
Қадыр Әлі би өз еңбегін көркем тілмен, хандықтың мақал-мәтелдерін пайдалана
отырып жазған.
Сонымен, аталған еңбектер тарих ғылымының алғаш қалыптасу кезеңінде
тарихшылардың жазба дерек пен ауызша айтылған деректерді қатар пайдаланғандығын
көрсетеді. Жазба деректерді дәріптеп, халықтың ауызша айту дәстүрі туындыларына
менсінбей қарап, оларды тарихи деректердің бірі ретінде пайдалану мүмкіндігін жоққа
шығару тенденциясының Еуропа ғылымында, кейінірек, Еуропа елдерінің Азия мен
Африка халықтарына қарсы отарлық саясат жүргізуіне байланысты пайда болғандығын
атап өткіміз келеді. Бұл тенденция жергілікті халықты өзінің өткен тарихы туралы
мәлімет қалдыруда, оны бағалауда дәрменсіз етіп көрсетіп, бұдан олардың, тіпті, дербес
өмір сүруі мүмкін емес деген тұжырым жасай отырып, еуропалықтардың жаулап алу
саясатын ақтау үшін жасалған еді.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
16
Ресей империясының қол астындағы жергілікті халықтардың мәдениеті, тарихына
байланысты да осындай тенденция қолданылды. Дегенмен, қазақ тарихымен айналысқан
орыс зерттеушілерінің ішінде, өз зерттеулерінде қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі
туындыларын пайдаланғандары да болды. Мысалы, қазақтардың шығу тегі мәселесімен
айналысқан Н. Аристов қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі туындылары туралы былай
деген болатын: «Обычаи и предания составляют у не имевших литературы кочевники
почти все, что они сохранили в качестве памятников своего прошлого» [6]. Ол
қазақтардың шығу тегіне байланысты жазған еңбектерінде, осы мәселені шешуде
қазақтың ауызша айтылған шежірелерін, рулық таңбаларын, кейбір аңыздарды
пайдаланған.
Н. Крафтың «Из киргизской старины» деген мақалалар жинағында, автордың қазақ
қоғамының әлеуметтік құрылымы, саяси тарихы, тұрмысы туралы бірнеше мақалалар
бар: Соның ішінде «Қырғыз даласындағы құлдықтың жойылуы» деген мақаласында
қазақтардың он төртке жуық мақал-мәтелдерін келтірген. Солар арқылы қазақ даласында
болған құлдардың қоғамдағы орны, қызметі туралы тұжырым жасауға талпынған. Бірақ,
автор мақалдарды пайдаланғанымен, оларды зерттеп, ондағы айтылған тұжырымдардың
қазақ тарихының қай кезеңіне байланысты туғандығын анықтап жатпаған. «Құл» сөзі
бар мақалдардың барлығын алып пайдалана берген [7].
1911 жылы Орынбордан шыққан Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түріктердің,
қырғыздардың және династиясының шежіресі» атты еңбегінде, жазба деректермен қатар
ауызша тарих айту дәстүрі туындылары кеңінен пайдаланылған. Қазақтардың шығу тегі
туралы айтқанда автор халық арасындағы шежірелерді қолданған. Қазақ хандығына
байланысты тарауларында шежіремен қатар жырларды да қолданған. Мысалы, «Еңсегей
бойлы ер Есім» жырын, Абылайға байланысты тарихи жырды пайдаланған [8].
ХVІІІ ғ. байланысты бірқатар еңбегін М.Тынышбаев ауызша тарих айту дәстүрі
туындыларын пайдалана отырып жазған. Мысалы, автордың «17 және 18 ж. қырғыз-
қазақтар» деген еңбегінде бірнеше аңыздар келтірген. Ошақты руынан шыққан бір
ақсақалдың Тынышбаевқа айтқан Есім хан туралы аңызына тоқталған. Бұл аңыздың
мазмұны «Еңсегей бойлы ер Есім» дастанының мазмұнымен ұқсас.
Есім ханның қалмақтарға жасаған жорығы туралы қырғыз Ешенәлі Арамбаевтың
айтқан аңызын келтірген. Есімханның Қатаған еліне жасаған жорығының растығын
Шымкент, Ташкент, Қарақалпақ, Қырғыз елдерінде қариялардың айтқан аңыздары
дәлелдейді, – деп көрсеткен автор [9].
М.Тынышбаев «Ақтабан шұбырынды» деген еңбегінде де осы кезеңге байланысты
бірнеше аңызды пайдаланған. Шымкент және Әулиеата уездерін мекендеген Дулат
руының арасында таралған аңыз арқылы ғалым «Ақтабан шұбырынды» кезінде үш
жүздің қоныс аударған жерлерін анықтаған. Жоңғарларға қарсы күрес кезіндегі үлкен
шайқастың бірі Аңырақай шайқасына байланысты да аңыздарды қолданған [10].
М.Тынышбаевтың бұл еңбектері ауызша тарих айту дәстүрі туындыларының халық
тарихымен тығыз байланысты екендігін көрсетеді.
Қазақтың ауызша тарих айту дәстүрі туындыларын басқа деректермен қатар өз
зерттеуінде пайдаланған ғалым Е. Бекмаханов еді. Ғалым «ХІХ ғ. 20-40 жылдарындағы
Қазақстан» деген монографиясының деректік сипаттамасында «фольклорлық деректер»
деген тақырыпшамен өзі пайдаланған фольклорлық туындыларға тоқталған. Бұл
монография Кенесары Қасымовтың қозғалысы туралы болғандықтан, автор сол кісі
туралы тарихи жырды, көтеріліс куәгерлері, қатысқан кісілердің қалдырған, олардың
ұрпақтары білетін, ел арасында таралған әңгімелерді, мақал-мәтелдерді, халық ақындары
қалдырған естеліктерді, сол кезеңде туған әндерді пайдаланған.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
17
«ХІХ ғ. екінші жартысына дейін қазақ халқының жазба әдебиеті болғандықтан,
Қазақстан тарихын зерттеуде дерек ретінде фольклордың маңызының зор екендігін айта
келіп ғалым, «Ірі тарихи оқиғалар қазақ халқының есінде халықтың ауызша өнері:
поэмалар, жырлар, ертегілер, аңыздар арқылы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіліп
отырған. Бұл фольклорлық материалда қазақтардың қоғамдық және әлеуметтік
құрылысы, тұрмысы мен әдет-ғұрпы, халық өміріндегі маңызды тарихи оқиғалар
бейнеленген. Фольклорлық материалдың маңыздылығы мынада, халықтың өзі тарихты
жасаушы және сипатталып отырған оқиғаларға тікелей қатысушы болғандықтан, оның
тарихи оқиғалар мен қайраткерлерге дәл, кей жағдайда дұрыс баға беруінде деп
көрсеткен Бекмаханов. Қазақ фольклорының бай екендігін, оның түрінің де көптігін,
ондағы фактылардың молдығын айта келіп, ол фольклордың тарихшы үшін, әсіресе,
қоғамдық қатынастарға байланысты баға жетпес қазына екендігін айтқан. Сонымен
қатар фольклордың өзіндік ерекшелігін ескере білу керектігін де ескерткен [11].
Осы еңбек шыққаннан кейінгі кезеңде, яғни 50-80 жылдар аралығында,
тарихнамада қазақ тарихына байланысты жазба деректермен қатар ауызша деректерді
бірге пайдалануда тоқырау кезеңі басталады. Халықтың ауызша тарих айту дәстүрі
туындылары тек әдеби мұра ретінде қарастырылып, ондағы айтылғандардың шындыққа
еш қатысы жоқ, халықтың ғасырлар бойы жақсы өмір туралы аңсаған арманы
көрсетілген деген тенденция қалыптасты. Сондықтан да оларды зерттеумен әдебиетші,
фольклортанушы ғалымдар ғана айналысты.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Геродот. История в девяти книгах. – Л.,1972. – С.187–195.
2. Рашид-ад-Дин. Сборник летописей. Т.І-ІІІ. – М-Л.,1960. – С.92–93.
3. Абу-л-гази. Родословное древо тюрков. – Казань, 1906. – С.42.
4. Әбілғазының түркімен шежіресі //Жалын, 1991, №2, – Б. 26–28.
5. Жамиғат –тауарих. – Қазан, 1851, 141 б.
6. Аристов Н.А. Опыт выяснения этнического состава киргиз-казахов Большой
Орды и каракиргизов, на основании родословных сказаний о существующих родовых
делениях и о родовых тамгах, а также исторических данных и начинающихся
антропологических исследований. –Живая старина, год ІV. Спб-1894. вып. ІІІ – IV. – С.
392.
7. Крафт Н.Н. Уничтожение рабства в киргизской степи // Из киргизской старины –
Оренбург, 1900. – С.96.
8. Шакарим Кудайбердиулы. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских
династии. – Алматы, 1990. – С. 41 – 80.
9. Тынышбаев М. Киргиз-казахи в 17 и 18 веках. – Кзыл- Орда, 1926. – С.4.
10. Тынышбаев М. Ақтабан шұбырынды. – Ташкент, 1927. – С.10.
11. Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40-е годы ХІХ века. – Алма-Ата, 1948, – С.36.
РЕЗЮМЕ
Айтбай Р.Т., к.и.н., доцент
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)
Из истории исследования устной исторической традиции
Статья посвещена проблемам исследования устной исторической традиции. В
статье дан анализ произведениям Геродота, Рашид-ад-Дин Фазуллах Хамадини,
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
18
Абулгазы
Баһадура,
Н.Крафта,
Шакарим
Кудайбердиулы,
М.Тынышбаева,
Е.Бекмаханова.
Ключевые слова: устная историческая традиция, скифы, тюркские и монголские
племена, генеология, фольклор, устный источник, письменный источник.
SUMMARY
R.T. Aytbai,
Candidate of historical sciences,
associate professor
(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)
From the history of the study of oral historical tradition
Article is dedicated to the problems of studying oral history tradition.The paper analyzes
the works of Herodoutus,Rashid al-Din Fazullah Hamadini, Abulgaziev Bahadura, N.Krafta,
Shakarim Kudayberdy-Uly, M.Tynyshpaev, E.Bekmahanova.
Keywords:
oral historical tradition, the scythians, the turkic and mongolskie tribes,
geneology,
folklore, oral source, written source
ӘОЖ : 94 (574)
ХІХ ҒАСЫРДЫҢ АЯҒЫ МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАС КЕЗІНДЕГІ
ТҮРКІСТАН ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЛЫҒЫНДАҒЫ ЖЕР-СУ МӘСЕЛЕСІ
Ж.К. Ахметова, т. ғ. к., аға оқытушы,
А.С. Басшыбаева, аға оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Мақалада ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей
империясының ұстанған саясатынан туындаған Түркістан генерал-губернаторлығындағы
жер-су мәселелері жайлы баяндалады. Дәлірек айтсақ, 1886 жылғы Ереженің отарлық
сипаты патша үкіметінің жер саясатынан көрініс тапты. Жер мемлекеттің меншігі деп
жарияланды. Ереженің ІІІ тарауында жер мәселесі туралы «Мал жайылымы алып жатқан
мемлекет меншігіндегі жерлер көшпенділердің қоғамдық пайдалануына беріледі»
делінсе, 1891 жылы Ережеге мына бап қосылып, жерді күштеп тартып алуға заңдық негіз
қаланды: «Мал жайылымдары алып жатқан жерлер, сонымен қатар жер қойнауы мен
ормандар да мемлекет меншігі» деп танылады. Сол сияқты «Көшпенділерден артылып
қалған жерлер мемлекеттік мүлік министрлігінің қарамағына өтеді», «Көшпенділер
пайдаланған жер қыстауға, жайлауға және өңдейтін жерлерге бөлінеді», «Мал
жайылымдары жетіспеген жағдайда, мал иелері ауыл қоғамдары мен жеке адамдардың
жерінде мал жайғаны үшін ақы төлеуге тиіс болды» деген қағидаларды да ұстанды.
Түйін сөздер: Ресей империясы, реформа, Уақытша ереже, Түркістан, генерал-
губернатор, Жетісу, Сырдария.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Ресей империясының қоғамдық-
саяси өмірінде аграрлық мәселе маңызды орынға ие болды. Қазақстан отар ел ретінде
ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінен бастап Ресей империясының әлеуметтік-
экономикалық және саяси өмірімен тығыз байланысты болды. Әкімшілік-аумақтық
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
19
ереже, 1867-1868 және 1886-1891 жылдардағы реформалар Қазақстанның отар ел
ретіндегі метрополиядағы рөлін нығайта түсуге бағытталды. Империяның саяси
үстемдігі нәтижесінде бүгінгі Қазақстан алып отырған сол кездегі барлық аумақтарда
жерді иелену мен жерді пайдалануды реттеудің қажеттігі мейлінше айқын да өткір
қойылды.
1886-1891 жылдардағы Түркістан мен Дала өлкелері жөніндегі реформалар
бойынша Орынбор және Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы жойылып, оның орнына
орталығы Омбы қаласы болып табылатын Дала генерал-губернаторлығы құрылды. Оның
құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай және Жетісу облыстары енді. Осылардың ішінен
Жетісу облысы 1897 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының қарамағына берілді.
Реформа барысындағы жер-құқықтық нормалар ең алдымен отарлаушы халықты
артықшылыққа ие ететін құқықтар беру арқылы қазақтарды шеттегі қолдануға
жарамсыз, шұрайсыз жерлерге ығыстыру бағыты ұсталды. 1867–1868 жылдардағы
реформа жер қазына меншігі деп жариялап, қазақтарға жерді пайдалану құқығын ғана
берді. Мұның өзі оларды бұл жерлерден шеттетуге заңды негіз жасады. Орал, Торғай,
Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі «Уақытша ереженің» 210-бабында
айтылғандай, қазақ көшпенділері иеленіп отырған жерлер мемлекеттік деп танылады
және олардың қоғамдық пайдалануына уақытша берілетін болды.
Жетісу және Сырдария облыстары үшін де осындай құқықтық нормалар жасалды.
Жер дауларын шешу, көші-қон, шабындық орнын анықтау және т.б. мәселелерді кезінде
генерал-губернатордың жеке өзі бақылап, билігін айтып отырды. Осы уақытта Ресейдің
орталық аудандарындағы шаруалар арасында құнарлы қазақ жерлері және оны игеру
қоныс аудару қажеттігі туралы кеңінен өрістеген үгіт-насихат жұмысы нәтижесінде
көптеген шаруа отбасылары, тұтас қауымдар өз бетімен көшіп келіп, Қазақстанда
қоныстана бастады. Шаруалардың орталық губерниялардан Қазақстанға жаппай қоныс
аударуы өлкеге көшіп келушілердің заңды мәртебесін айқындау себептерінің бірі болды.
1868 жылы Жетісу генерал-губернаторы Г.А.Колпаковский алғаш рет қазақ халқын
жермен қамтамасыз етудің нормативтерін сақтай отырып, көшіп келушілер мәртебесін
заңдастыруға тырысты. Жетісудағы көшіп келген шаруалар туралы «Уақытша ереже»
жасалып, ол 1883 жылға дейін қолданылып келді. Қазақстанның барлық аумағы
бойынша өз бетімен көшіп келушілердің толассыз тасқыны патша үкіметіне қысқа
мерзімде оларға жер бекітіп берудің тәртібін айқындауға мүмкіндік берді. Сөйтіп 1889
жылы «Селолық тоғышарлар мен мещандардың бұрын қоныстанған қауымдар
адамдарына белгіленген қазыналық жерлерге қосып алу тәртібімен ерікті қоныс аударуы
туралы» ереже бекітілді. Ереже бойынша: «Қоныс аударуға тілек білдірген адамдарды
орналастыру үшін Мемлекеттік мүлік министрлігіне Еуропалық Ресейдегі, сондай-ақ
Жетісу, Ақмола және Семей облыстарындағы қазыналық жерлерден ауыл шаруашылық
жағдайына қарай оның иеленушілеріне нұқсан келтірмейтіндей және бос болуы мүмкін
деп танылатын ерекше учаскелер құруға құқық берілді». Сөйтіп, үкімет ресми түрде
оларға қазақ халқының жерін басып алуға мүмкіндік берді, өйткені бұл кезде
қазақтардың жерді иеленуге емес, оны пайдалануға ғана құқығы болды.
ХІХ ғасырдың 80-жылдарының соңғы кезінен бастап негізгі міндеті орталық
аудандардан қоныс аударушылар үшін қазақтардың жерлерін тартып алу болып
табылатын органдар мен ұйымдар құрылды. Тұтас алғанда, 1917 жылдың қарсаңында
қазақтардың пайдалануынан Дала өлкесі, Бөкей ордасы және Маңғыстау приставтығы
бойынша қазақтардан 40 млн. десятина жер алынды [1].
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
20
1917 жылға дейін тұтас алғанда Қазақстан бойынша 45 млн. десятина жер тартып
алынды. Бұл бүкіл жер қорының 0,25 процентіне жақындады. Бұлар ең құнарлы жерлер
еді. Сөйтіп қазақтар шөлейт және жартылай шөлейт, сортаң жерлерге қарай
тықсырылды. Жермен бірге барлық су көздері де алынып қойды, мұның өзі сайып
келгенде дәстүрлі шаруашылық жүйесін ауыр жағдайда қалдырды [1].
Патша үкіметі орыс қоныстанушыларын Орта Азияға да жайғастыруға үлкен мән
берді. 1869 жылы Түркістан генерал-губернаторлығының жеріне патша үкіметінің орыс
қоныстанушыларын Жетісуға қоныстандыру туралы жарлығы келіп жетті. Осы
жарлыққа сәйкес 1868–1882 жылдар аралығында Сырдария облысына келіп қоныстанған
орыс қоныстанушыларының 29 елді мекені құрылып, онда 25 мың адам тұрды [2; 287–
288]. 1891 жылға дейін Ресей жерінен қосымша 19 елді мекенге қоныстанушылар келді,
олардың саны 1300 адам еді.
1891 жылы Ресейде қуаңшылықтың болуы көптеген орыс халықтарын жаңа
жерлерді іздеуге итермеледі. Осының нәтижесінде көшіп-қонушылардың көпшілігі
Жетісу мен Сырдария облысына келіп, қоныстана бастады. Бос жатқан жер жоқ еді. Іс
жүзінде Түркістан өлкесі қоныстанушылар үшін жабық еді, бірақ, орыстар жергілікті
халықтың жерін тартып алып, қоныстанды. Сонымен 1910 жылы Түркістан генерал-
губернаторлығының территориясында: Сырдария, Самарқанд, Ферғана облыстарында
124 орыс поселкалары болды. Онда 70 мыңдай халық тұрды. Түркістан генерал-
губернаторлығына қоныс аударған орыстардың жалпы саны 200 мың адам болды [2;
289].
Ресейдегі тоқыма өнеркәсібінің сұранысы негізінен мақта болды. Америкадан
әкелінген мақта Ресейдің сұранысын қанағаттандырмады. Сондықтан да Ресей Орта
Азияны өзінің мақта өсіруге арналған шикізат көзі ретіндегі базасына айналдырды.
Түркістан генерал-губернаторлығының интеграциясының негізі де мақта шаруашылығы
болды. Орыстар Түркістанды жаулап алған алғашқы кезден бастап, мақта өндіру
тәсіліне, оны егіп баптауға баса назар аударды. 1884 жылы Ташкент қаласының түбінде
Американдық мақта мен Түркістандық мақтаны будандастырушы селекциондық
тәжірибе жинақтаушы база ашылды. Осының нәтижесінде 1884 жылы 300 десятина
жерге мақта егілді, 1866 жылы 12 мың десятина жерге, 1890 жылы 59 мың десятина,
1900 жылы 191 мың десятина жерге, 1910 жылы 350 мың десятина жерге мақта егілді.
Сөйтіп Түркістанның Ресейге барған сайын мақта арқылы тәуелділігі арта түсті. 1907
жылы Түркістан генерал-губернаторлығынан Ресейге 5 млн. пұт мақта жеткізілді. Енді
Түркістан генерал-губернаторлығында агроөнеркәсіптік комплекс: мақта егетін жер –
мақта тазалайтын завод – тоқыма фабрикасы пайда болды. Түркістан генерал-
губернаторлығында мақта егетін негізгі жер Ферғана жазығы болды.
Түркістан генерал-губернаторлығында мақта майын шығаратын «Беш-Бош» деп
аталатын серіктестік құрылды. Бұл серіктестік Түркістандағы өндірілетін мақтаның 30
пайызын сатып алып, қайта сатты. Бұл серіктестіктің мақта тазалайтын зауыты болды.
Олармен бәсекеге түсе алатын Вадьевтің үйі болды. Оның 30 зауыты болды. Ол да тек
Ферғана жазығынан жылына 7-8 млн. пұт мақтаны алып отырған. Патша үкіметі осы
қоныстандыру саясатында 1891 жылы 25 наурызда Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және
Торғай облыстарын басқару туралы ережені қабылдады. Ереженің негізгі баптарында
былай деп жазылды: «Көшпелілер тұрағы орналасқан жерлер, сондай-ақ орман-тоғайы
да мемлекет меншігі деп саналады. Көшпелілер тұрағы орналасқан жерлер, олардың
салт-дәстүрі мен осы ереже баптардың негізінде көшпелілердің пайдалануында мерзімсіз
қалдырылады» делінген [3].
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
21
Міне осындай заңдық негіз жасап алған отаршыл патша әкімшілігі Түркістан
жерлерін тартып алуды пәрменді жүзеге асыра бастады. Мәселен, 1893 жылдан 1905
жылға дейін қазақтардың 4 млн. десятина жері тартып алынса, 1906–1912 жылдар
аралығында 17 млн. десятина жері орыс шаруаларына таратылды.
1917 жылы қазан төңкерісінің қарсаңында жер көлемі 45 млн. десятинадан астам
жер орыстарға тартып алынып берілген. Сонымен қатар, 1847–1915 жылдар аралығында
Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Жетісу мен Сырдария облыстарының
халқынан 3 192008 десятина жер тартып алынып, орыс келімсектеріне берілген.
Осылайша жергілікті халықтардың ең шұрайлы, егін егуге қолайлы аудандарына орыс
қоныс аударушылары келіп қоныстанды. Ал керісінше, құмдауыт, егін шықпайтын
Перовск, Қазалы сияқты құмды өлкеге орыс қоныс аударушысы бармаған.
Түркістан өлкесін қоныс аударушылар арқылы отарлау саясатын 4 кезеңге бөліп
қарастыруға болады:
1.1847-1867 жылдар аралығы, бұл кезеңде казак әскерилерінің қоныстары салына
астады.
2.1868-1895 жылдар, бұл аралықта казак-орыстармен қатар өлкеге орыс мұжықтары
келе бастады.
3.1896-1906 жылдар, Түркістан өлкесі қоныс аударушыларға жабық аймақ болып
есептелді. Бірақ соған қарамай осы жылдардың өзінде қоныстану процесі жүріп жатты.
4.1907-1917 жылдар, бұл орыс қоныс аударушылары арқылы отарлау саясатының
шырқау шегіне жеткен кезеңі [3; 37], – дейді.
Қоныс аударушылар арқылы отарлаудың нәтижесінде Түркістан өлкесі толықтай
экономикалық және саяси жағынан тәуелді аймаққа айналды. Өлкеде миссионерлік
саясат пен орыстандыру жоспарлы түрде жүргізілді. Жергілікті жерде өзіне «тірек-күш»
таба білген отарлық аппараты оны өзіне отарлау барысында зор шеберлікпен пайдалана
білді. Осылайша, қоныс аударушылар арқылы отарлау саясаты біршама жақсы нәтиже
көрсетті.
1897 жылы Бүкілресейлік халық санағының мәліметтері бойынша Қазақстанның
қазіргі шекарасы шебіндегі территориясында 4147,8 мың адам тұрды, мұның 3 392,7
мыңы немесе 81,7 пайызы қазақтар болды. 1914 жылға қарай өлке халқының жалпы саны
5 910,0 мыңға жетті, солардың 3 845,2 мыңы немесе 65,1 пайызы қазақтар еді.
«Орыстардың Қазақстанды отарлауы» атты зерттеудің авторы Джордж Демко: «1896-
1916 жылдар аралығында орыстардың Шығысқа қарай миграциясы өте кең сипат алып, 5
миллионнан астам адам Азиялық Ресейге келіп қоныстанды [4]. Олардың 1,5 миллионы
немесе 29,5 пайызы Қазақстанның үлесіне тиді», – деп мәлімет берді. Бұл статистикалық
көрсеткіштер отарлық саясаттың нақты көрінісі болып табылады. Қазақ жерінде орыс
мұжықтарының көбеюі ұлттық келбетімізге кері әсерін тигізе бастады. Орыс мұжығы
өзін «жабайылар өлкесіне» мәдениет жеткізушіміз деп санады. Ресейдің ішкі
аймақтарында өмір сүру қабілеті төмен, ең мәдениетсіз, сауатсыз әрі арақ ішетін орыс
мұжығы болашақта патша үкіметінің қазақ жеріндегі «құлағы» мен «көзі», негізгі саяси
әрі әлеуметтік тірегі болуы тиіс еді. Сондықтан да 1891 жылы «Түркістан
қоныстанушыларын қаруландыру туралы заң» қабылданды. Осының нәтижесінде
өлкедегі орыс қоныстары «әскери-халықтық басқарма» жүйесіне көшірілді. Бұл өз
кезегінде Түркістандағы болуы ықтимал қарулы көтерілістер мен ұлт-азаттық
қозғалыстарына қарсы бағытталған алдын алу шараларының бірі болып табылды.
Нәтижеде, ХХ ғасырдың бас кезінде әрбір орыс отбасында дерлік винтовка болды.
Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №4 (52), 2014 г.
22
Орыс қоныс аударушыларын қаруландыру алғашқы кезеңде баяу жүргізілді. 1892
жылы орыс қоныстанушыларына таратып беру үшін Сырдария облысы 1500 винтовка
алды. Оның 1231 данасын 1897 жылы орыс шаруаларына таратып берген. 1894 жылы
Ферғана облысының Покровское селосы 17 винтовка алған. Ал 1897 жылы Ферғана
облысы тағы да 50 винтовка алады. Бірінші кезекте қаруды отаршыл орыс әкімшілігі
сенімді деп тапқан қоныс аударушылар тобына үлестірсе, бірте-бірте барлық
қоныстанушы мұжықтарға таратқан [3; 38].
1916 жылғы көтеріліс кезінде, одан кейінгі Түркістан (Қоқан) автономиясын
талқандауда және Ташкент Кеңесінің «пролетариат диктатурасын» жүзеге асыруда
қаруланған, ұлы орыстық, ұлы державалық шовинизм дертіне шалдыққан осы орыс
шаруалары негізгі саяси, әскери әрі әлеуметтік базаға айналды.
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Ресейдің орталық аудандарынан
Орта Азия және Қазақстанға қоныс аударып келгендерге де тән болды. Патшалық
Ресейден 1910–1911 жылдары Түркістан өлкесіне қоныс аударушылардың жай-күйін
көруге зерттеуші В. Вощинин олардың бұл жерлерге мәдениетсіздік, тұрпайылық,
алаяқтық жағымсыз қылықтарды өздерімен бірге ала келгенін жазды. Көнеден келе
жатқан ескерткіштерді қиратып, орман-тоғайлардың ағаштарын кесіп, арықтарды
бүлдіру, аң-құс, балықтарды жөн-жосықсыз аулау оларға үйреншікті іс болды. Оған
Арыстанбаб батырдың отырғызған бағының жай-күйі мысал бола алады. «Қоныс
аударушылар деп жазды – Вощинин, Арыстанбаб батыр отырғызған бақты бүлдіруде,
арықтарын күл-қоқыстармен толтырып, небір ағаштарын қарақшылықпен шауып-отауда,
кесіп, жөнсіз істер жасауда» [5].
Келімсектердің қазақ даласына өздерімен бірге алып келген «мәдениеттерінің» бірі
– араққұмарлық еді. Оны қоныс аударушылардың елді мекендеріндегі маскүнемдікке
салыну фактілерінің кең етек алуынан байқауға болады. Мәселен, 1910 жылы
Михайловка станциясындағы 200 семья тұрғындары 5000 шелек арақ ішкен және
жергілікті тұрғындарды да бұл әдетке баули бастаған [5].
Дала өлкесін отарлау тек қазақ жерін тартып алып, оған орыс мұжықтарын көшіріп
әкелу арқылы ғана толық орнығуы мүмкін емес еді. Батыс Сібір генерал-губернаторы
1875 жылғы есебінде: «…қырғыздар (қазақтар–А.Ж) орыс халқынан алыста өз
беттерімен шөл даланың кең жазығында оңаша көшіп жүре берсе, олардың бізге
бағыныштылығы жай сөз болып қалады», – деп жазды. Сондықтан олардың ғасырлар
бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылық жүйесін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын бұзуды
қажет деп тапты. Мұны патша үкіметі орыс мұжықтарын қазақ жеріне жаппай қоныс
аудару арқылы іске асырмақшы болды.
Біріншіден, 1861 жылғы 19 ақпанда жарияланған басыбайлықты жоюға
байланысты реформадан кейінгі уақытта метрополияда қалыптасқан әлеуметтік
шиеленісті, өздеріндегі ішкі қайшылықтарды жерге мұқтаж орыс мұжықтарын Қазақстан
сияқты отарлық тәуелді аймаққа қоныс аудару арқылы бәсеңдету болса, екіншіден,
қоныс аударушы орыс және басқа еуропалық шаруаларды жаңа елдердегі өзінің саяси-
әлеуметтік тірегіне айналдыра отырып, қазақ қоғамындағы отарлық билікке қарсы
күштерді біржола әлсірету, сөйтіп, болашақта қазақ елін, қазақ жерін империяның
географиялық құрамды бөлігіне айналдыру болды.
Қазақтар тіпті өз ата-қонысында отырып жатжұрттық тонаушы-қарақшылық
ниеттегі отарлаушыларға жерді пайдаланғандары үшін салық төлейтін сорақылыққа
дейін жетті. Мәселен, Кереку қазағы жылына жер үшін казак-орысқа 90 мың сом
шамасында алым төледі. Әрине, бұл шығын қазақ шаруасының жанына қатты батты,
оның еңсесін езіп, шарасыздыққа душар етті.
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №4 (52), 2014 ж.
23
Патша үкіметі әкімшіліктерінің қазақ даласындағы жүгенсіздіктері туралы сол
кездегі баспасөзде де аз айтылған жоқ. Газет сандарының бірінде Сырдария облысының
көші-қон ісінің меңгерушісі Тресвятскийдің жергілікті қазақтардың жерін иемдену үшін
олардың ашықтан-ашық алдап-арбағаны, жерді арзан алу үшін, кейбір жерлерде
жергілікті тұрғындарды арақ беріп мас қылып, мас адаммен сауда жасап, жерін тегін
алып отырғаны туралы, алданған қазақтар наразылық білдірсе, оларды қамшымен ұрып,
еріксіз көндіргені сөз болып, Тресвятскийдің жоғары білімді заң қызметкері екендігі
және ол өзінің барлық істерін заңмен бекітіп отырғандығы айтылды. Хат авторы
топограф болып істейтін Балхин деген адам. Бұдан басқа сауатты қазақ азаматтарының
арыз-шағымдары Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік архивінде де көптеп
кездеседі.
1892 жылы 10 маусымда Сырдария облысы Царское болыстығына қарасты 4-ші
ауылдың тұрғындары бас қосқан жиын болған. 145 түтіннен тұратын тұрғындар атынан
ауыл старшинасы Тұяқ Шәкиұлы бастаған 95 адам өздерінің күнкөріс көзі ретіндегі
малдарын бағып отырған шұрайлы жерлердің қаладан келген келімсектерге күштеп алып
беріліп отырғандығына наразылықтарын білдіріп, Сырдария облыстық қоныс аудару
басқармасына өтініштерін түсіреді. Өтініш соңында өздерінің араб әрпімен бедерленген
мөрлерін басқан. Алайда, мәселенің қалайша шешілгендігі жөнінде біз осы зерттеу
барысында нақты дерек кездестіре алмадық.
1905 жылы наурыз айында Сырдария облысының Әндижан уезінде мынадай бір
оқиға болған. Қоғарты болыстығы, Қотыма бөлімшесі, №2 қазақ ауылының жер
аумағында орыс-мұжықтары ешбір келісімсіз жер жыртқан. Осы кезде өз жерлерін
қорғамақ болған Жұмақұл Айбашұлын орыс мұжықтары мылтықпен атып өлтіріп, оның
жанындағы Бегәлі Әбдікәрімұлын ауыр жарақаттаған. Бұл оқиғадан кейін тексеру
комиссиясына орыс мұжықтары жалған түсініктеме жазып, «400-ге тарта жергілікті
қазақтар бізге келіп қоқан-лоққы жасады. Таспен және таяқпен ұрып соға бастаған соң,
амалсыздан мылтық атуымызға тура келді», – деп сендірмек болған.
Бұндай оқиғалар Түркістан генерал-губернаторлығында жиі болып отырған.
Осыған орай қазақтардың арасынан білімді азаматтар генерал-губернаторға өтініш
жазып, ешқандай нәтиже болмаған соң халықтың басын біріктіріп, үлкен жиын
ұйымдастырып отырған. Осы жиын үстінде жергілікті халықтың бірігіп әрекет істеуі,
орыс мұжықтарының жүгенсіздіктері, жергілікті басқару жүйелерінің оларға көмектесіп
отырғандығы ашық айтылады. Біріншіден, отарлау сипатының осылайша тереңдеуі
заңға, қару-жарақ әскери күшке сүйенген орыс отарлаушыларына қарсы әділеттің ақ
жолында қолдарындағы құр таяққа сүйенген қазақ халқын ашындырып әрі өшпенділік
сезімін оятып, ашық қарсылыққа шығуға, көтерілістерге итермелесе, екіншіден, елім деп
еңіреген, соның болашағы үшін өз өмірлерін сарп етіп, ұлт зиялыларының қалыптасуына
әсерін тигізіп, оларды саяси күреске итермеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |