Тарих – история – history әож 378: 001



Pdf көрінісі
бет29/31
Дата03.03.2017
өлшемі2,59 Mb.
#6097
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
 
 
1. http:kz.wikipedia.Геронтология.  
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі.– Алматы, 2007. –
327 б. 
3. Проблемы геронтологии в современной России (материалы научно- 
практической конференций). – М., 2007. – 256 с. 
4.  http://www.zhardem.kz/Kartaiy  kubylysy  zhane  kart  adamdardyn  omir  sanasyndagy 
problemalar/. 
5. malimetter.kz/Egde-zhas-demografiyasy/. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Куленбек А., магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
Взаимоотношения биологических, социальных, медицинских сторон 
геронтологической науки 
В  данной  статье  рассматриваются  одна  из  актуальных  проблем  которая  тревожит 
весь мир – старение населения процесс резкого старения человека и мера выделяемой им 
социологический  помощи,  также  процесс  контролирования  геронтологических 
процессов  в  стране.  А  также  взаимосвязь  биологических,  медицинских  и  социальных 
аспектов геронтологии. 
Ключевые слова: Геронтология, гериатрия, прогерия, синдром Вернера.    
 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
237 
 
SUMMARY 
 
A.
 
Kulenbek - master of Kazakh State Women’s Teacher Training University 
 
Relationship of biological, social, medical science sides gerontological 
This  article  is  about  one  of  the  actual  problems,  which  disturbs  the  whole  world- 
population  ageing,  the  process  of  sharply  ageing  of  human,  measures  of  control  and 
socialogical  assistance.  Also  the  relationship  of  biological,  medical  and  social  aspects  of 
gerontology. 
Keywords: Gerontology, Geriatrics, progeria, Werner syndrome. 
 
 
 
ӘОЖ 316.3/4:364 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ГЕНДЕРЛІК МӘСЕЛЕ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК 
ЖҰМЫСТЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ  
  
А.Т. Койчиева, магистрант 
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік 
қыздар педагогикалық университеті) 
 
Аңдатпа:  Мақала  Қазақстандағы  гендер  мәселесі  мен  әлеуметтік  жұмыстың 
арақатынасына  арналған.  Мақалада  гендерлік  саясат,  ген,  әлеуметтік  жұмыс,  гендерлік 
мәселе  ұғымдарына  анықтама  беріліп,  Қазақстандағы  гендерлік  мәселелерге  тоқталдық 
және әлеуметтік жұмыспен арақатынасы қарастырылған.  
Түйін сөздер: гендерлік мәселе, теңдік, гендерлік саясат, әлеуметтік жұмыс. 
Әлемдегі  әрбір  мемлекет  өзінің  Конституциясына  сәйкес  сыртқы  және  ішкі 
саясатпен айналысатыны белгілі.  Өзінің атауы айтып отырғандай, сыртқы саясат  – шет 
мемлекеттермен жүргізілетін қарым-қатынас, ал ішкі саясат – мемлекеттің тәуелсіздігін 
нығайтып, жаһандану процесінен қалмай, алға қарай даму үшін қажетті тетіктердің бірі. 
Ал соңғы жылдары ішкі саясаттың бір құрылымы ретінде «гендерлік саясат», «гендерлік 
мәселе» деген ұғым көп айтылып жүр.  
Гендер  дегеніміз  –  ерлер  мен  әйелдердiң  мiнез-құлқын,  сондай-ақ,  олардың 
арасындағы әлеуметтiк өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтiк және 
мәдени  нормалары  мен  рөлдерiнiң  жиынтығы.  «Gender»  сөзi  ағылшын  тiлiнен 
аударғанда жыныс (еркек, әйел) дегендi бiлдiредi. Танымал ағылшын социологы Энтони 
Гидденс  «Социология» атты еңбегінде:  «Гендер дегеніміз  – еркек пен әйел арасындағы 
дене  бітімінің  айырмасы  емес,  ер  азаматқа  тән  қасиеттер  мен  әйелдік  болмыстың 
әлеуметтік  тұрғыдан  қалыптасқан  өзіндік  ерекшеліктері»  деп  анықтама  берген  [1]. 
Жоғарыда берілген анықтамаларды талдасақ, «гендер» сөзі ерлер мен әйелдердің мінез-
құлқын,  әлеуметтік  қарым-қатынасын  айқындайтын  әлеуметтік  норма,  әлеуметтік 
ерекшелік екенін аңғаруға болады. Ендеше гендер мәселесі мен әлеуметтік жұмыс тығыз 
байланыста екенін түсінуге болады.  
Әлеуметтік  жұмыс  пен  гендерлік  мәселе  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Себебі, 
«әлеуметтік  жұмыс»  түсінігінің  түп  төркіні  «әлеуметтану»  ғылымынан  шығып  тұр.  Ал 
әлеуметтану – қоғам туралы ілім дегенді білдіреді. Яғни қоғамда және адамдар арасында 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
238 
не  болып  жатқанын,  әлеуметтік  өзгерістердің  қалай  жүзеге  асырылатынын  білуге 
мүмкіндік береді. Қоғамдық мәселелерді айқын түсіне отырып саналы түрде алға басуға 
жәрдемдеседі.  Олай  болса,  қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік  мәселелер  әлеуметтік 
жұмыс  барысында  реттеліп,  өзінің  оңтайлы  шешімін  тауып  отырады.  Әлеуметтік 
құбылыстарды,  нақтылы  әлеуметтік  жағдайды  талдап,  бағалай  білу,  әлеуметтік 
проблемаларды  тиімді  шешудің  жолдары  мен  тәсілдерін  білікті  түрде  анықтауда 
әлеуметтік жұмыстың алар орны орасан зор. 
«Әлеуметтік  жұмыс»  –  бұл  тарихымыздағы  жаңа  атау,  жаңа  прогресс  болып 
саналады.  Жалпы  әлеуметтік  жұмыс  бірнеше  мағынаға  ие,  мәселен  адамдарға  көмек 
көрсету  –  ежелгі  римдік  философтар  «қайырымдылықтың  қажеттілігі  мен  қоғамдағы 
тұрақтылықты  сақтау»  десе,  антикалық  философтар  «құлдарға  жанашырлық  көзқарас» 
деп  анықтама  берген  [2].  Сонымен,  әлеуметтік  жұмыс  –  жеке  адамдардың  әлеуметтік 
мәселелерін,  ең  алдымен  әлеуметтік  жәбір  шеккен  жеке  тұлғалар  мен  қоғамдық 
топтардың  әлеуметтік  мәселелерін  шешуге,  азаматтардың  әлеуметтік  кепілдігі  бар 
құқықтары мен қажеттіліктерін қамтамасыз етуге,  әлеуметтік қызметін атқару қабілетін 
қалпына келтіруге немесе көтеруге қолайлық туғызатын жағдайлар жасауға бағытталған 
кәсіптік іс-әрекеттің ерекше бірлестірілген, пәнаралық түрі.  
Халықаралық  әлеуметтік  қызметкерлер  федерациясы  әлеуметтік  жұмысқа 
«Әлеуметтік  жұмыс  қоғамдағы  жағымды  өзгерістерді  бастайтын,  адамдық  қарым-
қатынастық  мәселелерді  шешіп,  олардың  құқықтарының  орындалуын  қадағалайтын  іс-
шара  болып  табылады.  Адам  құқығы  мен  әділеттілік  әлеуметтік  жұмыстың  негізгі 
принциптеріне  жатады»  деп  анықтама  берген  [3].  Әлеуметтік  жұмыс  әрбір  адамның 
мүмкіндіктерін  ашып,  қоғамның  дұрыс  қызмет  жасауына  бағытталған  іс-шараларды 
қамтиды.  Яғни  әлеуметтік  қызметкерлер  әрбір  отбасының  бақытты,  қиындықсыз  өмір 
сүруіне септігін тигізуге тырысады.  
Әлеуметтік жұмыс мынадай үш негізгі мақсатқа бағытталған іс-әрекет:  
-  әртүрлі  қауіпті  жағдайларда  (ауру,  жұмысқа  жарамсыздық,  кіріс  көзін  жоғалту, 
отбасының құлдырауы) әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамсыздандыру; 
- адамның өзін-өзі қамсыздандыруға деген қабілеттілігін арттыру; 
- халықтың таптық айырмашылықтарын жою. 
Әлеуметтік жұмыс мынадай екі қызмет түрін қарастырады:  
- қоғамның атқаратын қызметі; 
- адамның сол қоғамдағы қызметі. 
Әлеуметтік  жұмыс  қоғамдық  мәселені  тиімді  жағынан  шешіп,  яғни  қоғамға  кері 
әсерін  тигізбейтіндей  шешімдерді  жүзеге  асырады.  Соның  ішінде  гендерлік  мәселені 
шешумен  де  айналысады.  Себебі  «гендер»  термині  әлеуметтік  жұмыстың  әлеуметтік 
процестерді түсінуге арналған талдау құралы. 
Әлуметтік  жұмыс  –  әйелдер  мен  ерлердің  әлеуметтік-экономикалық,  саяси  және 
мәдени  мәртебесін,  гендерлік  рөлдері  мен  гендерлік  қарым-қатынасын  тиімді  қоғамға 
кері  әсер  етпейтіндей  жағынан  қарастырады.  Қоғамдағы  гендерлік  қатынастарға  ықпал 
ету  жөніндегі  саясатты,  стратегиялар  мен  бағдарламаларды  әзірлеу  мен  жоспарлау 
кезінде ерлердің де, әйелдердің де жеке тұлғалық ерекшеліктерінің ескерілуін қадағалап, 
ақпарат  береді.  Сол  себепті  де  гендерлік  тұрғыда  әйел  мен  еркектің  қоғамда  өзінің 
алатын  орны  бар.  Әйел  адамдар  қоғамдағы  орнын  ерлермен  теңестіргісі  келетіндіктері 
байқалады.  Осы  тұрғыдан  алғанда  әйелдердің  ер  адам  ісіне  араласуы  да  көрініс  алуда. 
Ерге  бергісіз  қызмет  көрсетіп  жатқан  әйел  адамдар  да  жоқ  емес,  бірақ  теңдік  ұғымын 
дұрыс қабылдамай, зиянды іс-әрекеттерді жасауда. Өкінішке орай, қазіргі кезде бойында 
болуға  тиісті  сыпайылық,  инабаттылық,  ізгілік,  нәзіктік,  имандылық  қасиеттер  кеміп 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
239 
 
барады. Бұл мәселе бүгінгі таңда кімді болса да алаңдатады. Қыздардың өздері келеңсіз 
іс-әрекеттерін  (шылым  шегу,  ішімдік  ішу  және  т.б)  «еуропалану»,  «теңдесу»  деп 
түсінгілері  келеді.  Алайда  «теңесу»,  «гендер»  ұғымын  қыздарымыз  теріс  жолға 
салынсын  деп  енгізіп  отырған  жоқ.  Керісінше  әйелдер  мен  ерлердің  отбасы,  еңбек, 
саясат  салаларындағы  мүмкіндіктерін  теңестіріп,  қоғамды  алға  қарай  дамыту.  Біздің 
елімізде гендерлік саясатты жүзеге асыру іс-шаралары оң нәтижелерді берді. Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  «Гендерлік  теңдік,  әйелдердің 
экономикалық  және  саяси  өмірге  кеңінен  қатыстыруға  байланысты  біздің  саясатымыз 
әлемдік қауымдастықтың жоғары бағасын алды», – деп айтқан болатын.   
«Теңдік» терминін түсіну демократиялық қоғамның барлық азаматтары құқығының 
теңдігіне  деген  қажеттілік  саналады.  Қазіргі  кездегі  ер  мен  әйел  арасындағы  гендерлік 
аспектілеріне  келетін  болсақ,  онда  дәстүр  мен  ырымды,  аймақтық  ерекшеліктерді, 
сонымен  қатар  отбасын  материалдық  қамтамасыз  ету,  билік  пен  жауапкершілік 
қызметтерін бөлуді ескеру қажет. 
Әлеуметтік  жұмыстың  қағидаларын  реттеуде  мемлекеттің  саясаты  басты  негіз 
болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін әлеуметтік технологияларды қарапайым 
(арнайы мамандығы жоқ адамдарда жүргізген), күрделі (мамандықты қажет ететін) және 
комплексті  (бірнеше  мамандықтарды  қажет  ететін)  болып  бөлінеді.  Әлеуметтік 
жұмыстың  жалпы  психологиясымен  бірге  (диагноз,  экспертиза,  болжау,  көпшілікпен 
байланыс) әлеуметтік жұмыстың нақты әдістері мен үлгілері іске асырылуы керек. 
Гендерлік 
саясаттың 
негізгі 
қағидаттары 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясымен  кепілдік  берілген  әйелдер  мен  ерлердің  тең  құқығы  мен  еркіндігін 
белгілейді. Қазақстандағы гендерлік саясаттың міндеттеріне әйелдер мен ерлердің билік 
құрылымдарында  тең  қатысуына  қол  жеткізу,  экономикалық  тәуелсіздіктің  барлық  тең 
мүмкіндіктерін  қамтамасыз  ету,  өз  бизнесін  дамыту  және  қызмет  бабында  ілгерілеу, 
отбасында  құқықтар  мен  міндеттерді  тең  жүзеге  асыру  үшін  жағдайлар  жасау, 
жыныстық  белгісі  бойынша  зорлықтан  еркін  болу  жатқызылады.  2000  жылғы 
қыркүйекте  өткен  мыңжылдық  саммитінде  әлемнің  көптеген  елдерінің  лидерлері 
Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  Мыңжылдық  Декларациясын  қабылдады,  оның  сегіз 
мақсатының бірі –гендерлік теңдікті қолдау болып айқындалған. 
«Ер  адамның»  және  «әйел  адамның»  бірдей  мінез-құлық  сипаты,  іс-әрекет 
сфералары да өз кезегінде маңызды болып табылады. Барлығыныңда өзіндік орны бар: 
ана,  әйел,  әке,  ұстаз,  дәрігер,  медбике  және  т.б.  Адамның  құндылығы  тек 
декларацияланған  ұрандарда  ғана  емес,  индивидтің  қандай  да  бір  сападағы  еңбегін 
шынайы  қоғамдық  өлшеммен  бағалауында  көрініс  табуы  қажет.  Қазіргі  біздің 
қоғамымызда әйел мен ер адам болсын жеке тұлға ретінде қоғамның алға дамуына қарай 
бірдей үлестерін қосуы тиіс. 
Бұл  орайда  Қазақстан  халқының,  атап  айтсақ,  гендерлік  дамуын  және 
ерекшеліктерін  зерттеу  мақсатында  әлеуметтік  жұмыстар  жүргізілген.  Жұмыс 
барысында  қоғамның  гендерлік  рөлдік  ұстанымдары  анықталды.  Әйел  –  ана  рөлімен 
ғана  шектеліп  қоймай,  еңбек  ұжымында  жұмыс  істеп,  өзінің  кәсіби  іс-әрекетіне  көңіл 
бөлетіндіктерін білдірген.  
Қазіргі  кездегі  беделді  ағылшын  әлеуметтанушыларының  бірі  Э.Гидденс  әйелдер 
мен  ер  адамдардың  мамандығы,  іс-әрекет  түрлері,  мінез-құлық  моделі,  психологиялық 
қасиеттерін  анықтайтын  биологиялық  жынысы  емес,  әлеуметтік  нормалар  деп 
түсіндіреді [4].  

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
240 
Қазіргі кезеңнің ерекшелігі – адамгершілік, азаматтық т.б. қасиеттер сынға түсуде. 
Біздің қоғамымыз жаңаруы үшін, адамдардың мінез-құлқы жаңаруы керек. Бүгінгі қоғам 
адамы  жан-жақты  дамыған  тұлға  болуы  керек.  Экономикалық  және  әлеуметтік 
табыстардың  түп-төркіні  моральдық  және  мәдениеттілік  шарттарында  жатыр.  Әрбір 
адамзат адамгершілігі жоғары болып, уақыт пен қоғам алдындағы жауапкершілігін жете 
сезінуі керек. Мұндай қасиеттерді адам өз бойына еңбек, саяси, құқықтық, эстетикалық 
ұлттық  сана  тәрбиесі  арқылы  ғана  дамыта  алады.  Сол  себепті  де  әлеуметтік  жұмыс 
барысында  гендерлік  ерекшеліктер  немесе  қоғамның  тарихи  даму  барысында 
қалыптасқан  өз  мүшелеріне,  яғни  адамдарға  қоятын  мәдени-әлеуметтік  талаптары, 
ұйғарымдары  ел  арасында  «ер  адам»,  «әйел  адам»,  «ер  мінезділік»  сияқты  жұптық 
қасиеттерді қалыптастырады.  
«Әйел  –  үйдің  шырағы,  еркек  –  үйдің  тірегі»  деп  қабылдау  ата-бабамыздан 
жалғасып  келе  жатқан  менталитет.  Сондықтан  да  әр  жыныс  өкілдері  өз  істеріне  осы 
тұрғыдан да қарауы тиіс. Дүниеге ұрпақ әкелу кез келген әйел адамның басты парызы. 
Ер адам ұрпағымен сипатталады. Осы қасиеттерді де ұмытпаған абзал. Кейінгі кездерде 
ғалымдар  адамның  жынысынан,  яғни  биологиялық  жынысынан  гөрі  жыныс  иесінің 
әлеуметтік  қызметін  сөз  етуге  бет  алды.  Бұл  ретте  белгілі  бір  мәдениет  аясында  ер 
адаммен  әйелге  тән  (еркектік,  әйелдік)  қалыптасқан  тілде  көрініс  беретін  мінез-құлық 
(стереотип) ерекшеліктерін біліп, түюдің мәні зор. 
Гендер әйел мен ердің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы (отбасы, саясат,  мәдениет, 
білім беру т.б.) орны мен рөлін анықтайды. Жалпы халықаралық гендерлік тәжірибе мен 
стратегияларды  зерттеу  негізінде  гендер  ұғымы  жеке  даралықтан  әлеуметтік­мәдени 
және саяси категорияға айналды. 
Әлеуметтік  жұмыстың  мемлекеттік  гендерлік  саясат  негізінде  гендерлік  теңдік 
үшін қажетті  шарттармен қамтамасыз ету  міндеттері  тұр.  Гендерлік саясат  өркениеттің 
алға  қойып  отырған  талаптарының  бірі  болғандықтан  ғана  емес,  нәзік  жандардың  өз 
мүмкіндіктерін  ерлермен  тең  жүзеге  асыра  алатындығын  дәлелдеу.  Себебі,  бұл  – 
соңымыздан еріп келе жатқан қыздарымыздың келешегі. Гендер тек әйелдерге қатысты 
мәселе емес. Ол барлық проблемаларды жынысқа бөлмей, тең шешу дегенді білдіреді.  
Гендерлік  теңдікке  кешенді  қарау  әйелдердің  жеке  гендерлік  топ  ретіндегі 
сұраныстарына  емес,  гендерлік  қатынастарға  тұтас  қарауға  бағыттылығымен,  әйелдер 
мен  ерлердің  мүдделерін  шешім  қабылдау  деңгейінде  ұстануымен  ерекшеленеді. 
Гендерлік даму моделіне қарағанда мақсаттарды кеңінен  қою гендерлік саясатты басты 
қызмет түріне қосуға қатысты мемлекеттік орындарды нығайтуға бағытталған. 
Қазақстанда  гендерлік  саясаттың  тиімді  дамуы  үшін  әлеуметтік  жұмыс  қоғамдық 
саясаттың  басқа  бағыттарымен  салыстырғанда  әйелдердің  үкіметтік  емес  ұйымдары, 
олардың  гендерлік  теңдік  идеясын  қолдауының  маңыздылығына  жағдай  туғызу. 
Гендердің субъектілері ретінде мемлекет пен ұйымдар ғана емес, индивидтер де болып 
табылатынын  атап  өту  керек.  Г.Г.Соловьева  ұсынғандай,  тұлғаны  негізгі  субъекті 
ретінде көру басты болып саналатын гендерлік саясатты қайта құру керек. Бұндай саясат 
әйелдер  құндылықтарын  енгізуге  мүмкіндік  береді.  Егер  «гендерді  бөлу»  негізінен 
тұлғааралық  деңгейде  жүзеге  асырылса,  онда  оны  мемлекет  емес,  нақты  адамдар 
атқарады [5].  
Қазақстанда  нарықтық  экономиканың  орнауы,  мемлекеттік  реттеудің  маңызды 
компоненті  әлеуметтік  жұмыстың  анықталуына  әкелді.  Әлеуметтік  жұмыстың  негізгі 
бағыттары: халыққа әлеуметтік көмек көрсетудегі әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін 
құрастырудан  тұрады.  Қазақстан  халқының  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы 
әлеуметтік  жұмыстың,  соның  ішінде  әлеуметтік  жұмыстың  жүзеге  асырылуының 

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                           Хабаршы №4 (52), 2014 ж.  
 
241 
 
көрсеткіші  болып  табылады.  Қазақстан  Республикасында  әлеуметтік  жұмысты 
жетілдіріп, оны әрі қарай дамытуда көптеген мекемелер айналысады.  
Қазіргі  уақытта  әлеуметтік  қызмет  көрсету  орталықтарының  айтарлықтай  көп 
болуы  –  отбасыларға,  балаларға,  жасы  ұлғайған  қарттарға,  мүгедектерге  әртүрлі 
қызметтер түрін көрсету:  
1. Әлеуметтік-медициналық;  
2. Психологиялық-педагогикалық;  
3. Әлеуметтік тұрмыстық. 
Әлеуметтік  жұмыста,  басқа  ғылымдағы  тәрізді,  жалпы  айқындау  әдістері  анализ, 
синтез,  салыстыру,  бақылау,  эксперимент  және  т.б.  қолданылады.  Жалпы  ғылыми 
әдістермен  бірге,  әлеуметтік  жұмыспен  тығыз  байланысты  социология  (анкета  әдісі, 
социометрия), 
психология 
(тест 
әдісі), 
педагогика 
ғылымдар 
әдістері 
пайдаланылады.Осы  әдістерден  басқа  әлеуметтік  жұмыста  клиентті  тәрбиелеу  әдістері 
қолданылады. 
Осындай 
әдістерді: 
қоғамдық-экономикалық, 
психологияның 
педагогикалық және ұйымдастыру-басқару әдістер түрлеріне бөлуге болады. Қоғамдық-
экономикалық 
әдістер 
клиенттің 
қызығушылығы 
мен 
тұрмыс 
мұқтажын 
қанағаттандыруға байланысты, яғни онда азық-түлік, зат, ақша, жеңілдік, ақшалай көмек 
т.б.  тәріздер  беріледі.  «Әлеумет»  сөзі  қазақ  тілі  сөздігінде  «Адамдар  қауымы»  деп 
түсіндірсе, яғни социология (лат. Satsiolist қоғам, жалпы) деген мағына білдіреді [6]. Ол 
бірге  өмір  сүрген  адамдардың  тұрмысын,  олардың  қарым-қатынастарын  және 
формаларын,  оның  салаларын  зерттейтін  ғылымы.  Белгілі  үрдісінде  бірге  білім  алып, 
қоғамдық іс-шараларға қатысып, әлеуметтік тәжірибе жинақтап, «Әлеуметтану» үрдісіне 
қатысады. 
Әлеуметтік  жұмыс  қоғамдық  мәселені  тиімді  жағынан  шешіп,  яғни  қоғамға  кері 
әсерін  тигізбейтіндей  шешімдерді  жүзеге  асырады.  Соның  ішінде  гендерлік  мәселені 
шешумен де айналысады. 
Гендерлік  саясатты  дамытудың  негізгі  бағыты  ретінде  гендерлік  білім  беруді 
дамыту  қолға  алынып  жатыр.  Гендерлік  мәселені  жоғары  мектеп  жүйесіне  енгізу 
ғылыми  зерттеу  салаларын  кеңітіп  қана  қоймай,  қалыптасқан  гендерлік  стереотиптерді 
жеңіп,  жыныстар  арасындағы  қарым-қатынастарға  жаңа  әлеуметтік,  мәдени  және 
дүниетанымдық  ұстанымдардың  қалыптасуына  ықпал  етеді.  Жалпы  ТМД  елдерінде 
гендер  ұғымы  1992  жылдан  бастап  қолданыла  бастады.  Қазіргі  кезеңде  оған  бірнеше 
тұрғыда анықтама беріледі:  
- Гендер – жыныстың әлеуметтік құрылымы; 
- Гендер – әлеуметтік институт; 
- Гендер – үстем қарым-қатынас жүйесі ретінде; 
- Гендер – әйелдер мен ерлердің қоғамдағы әлеуметтік мәні. 
Осыған  орай,  жоғары  оқу  орындарында  гендерлік  білім  беру  мазмұны  іріктеліп, 
қазіргі  кездегі  ұл  мен  қыздардың  бейнесі  халықтың  менталитетіне  сай  болуы 
қадағалануы  тиіс.  Қазақстанда  гендерлік  саясаттың  тиімді  дамуы  үшін  қоғамдық 
саясаттың  басқа  бағыттарымен  салыстырғанда  әйелдердің  үкіметтік  емес  ұйымдары, 
олардың гендерлік теңдік идеясын қолдауы маңызды жағдай болып табылады.  
Қорыта  айтқанда,  «гендер»  терминінің  анықтамасы  шетелдерде  де,  отандық 
әдебиеттерде де жоқ, дегенмен бұл түсінікті анализдеп және мазмұнын ашуда көптеген 
зерттеушілермен қолданылды. Мысалы, психолог Н.И. Абубакирова «Гендер әлеуметтік 
қарым-қатынасының  көрінісі»  [7].  Отандық  зерттеушілердің  феминистік  О.Воронина 
мен  Т.Клименковтың  ойынша  «Гендер»  термині  жыныстардың  нені  білдіретінінде 

Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                            Вестник №4 (52), 2014 г. 
242 
қолданылады,  ол  «белгілі  бір»  морфологиялық  және  физиологиялық  ерекшеліктерінің 
жиынтығына,  жыныстың  биологиялық  (Sex)  жағына  қарағанда  әлеуметтік  түсінік  және 
құбылыс. Басқаша айтқанда әйел немесе ер болу тіпті де мәнді емес, тек әйел немесе ер 
аналогиясындағы  адам  болу.  Бұл  дегеніміз  –  адамға  қай  жыныс  берілді,  соған  сәйкес 
белгілі бір әлеуметтік мәдениетпен жүру дегенді білдіреді [8]. 
С. Айвазова «гендер» түсінігін талдай отыра, ол орыс тілінде аналогиялық термин 
болғандықтан  бұл  түсінікті  «жыныстардың  әлеуметтік  қатынасы»  немесе  «әлеуметтік 
ұйымдастырылған  рөлдердің»  ерлерге  және  әйелдерге  бөліп  бекіткен  сияқты  мәнді 
фразалармен аударады.  
Әлеуметтік  жұмыс  пен  гендерлік  мәселе  бір-бірімен  тығыз  байланысты.  Себебі, 
«әлеуметтік  жұмыс»  түсінігінің  түп  төркіні  «әлеуметтану»  ғылымынан  шығып  тұр.  Ал 
әлеуметтану – қоғам туралы ілім дегенді білдіреді. Яғни қоғамда және адамдар арасында 
не  болып  жатқанын,  әлеуметтік  өзгерістердің  қалай  жүзеге  асырылатынын  білуге 
мүмкіндік береді. Қоғамдық мәселелерді айқын түсіне отырып саналы түрде алға басуға 
жәрдемдеседі.  Олай  болса,  қоғамда  болып  жатқан  әлеуметтік  мәселелер  әлеуметтік 
жұмыс  барысында  реттеліп,  өзінің  оңтайлы  шешімін  тауып  отырады.  Әлеуметтік 
құбылыстарды,  нақтылы  әлеуметтік  жағдайды  талдап,  бағалай  білу,  әлеуметтік 
проблемаларды  тиімді  шешудің  жолдары  мен  тәсілдерін  білікті  түрде  анықтауда 
әлеуметтік жұмыстың алар орны орасан зор. Қазақстандағы гендерлік мәселе әлеуметтік 
жұмыстың  арақатынасы  әйелдер  мен  ерлердің  әлеуметтік  сипаты  мен  мәртебелерінің 
ұқсастығы  мен  айырмашылығының  әлеуметтік  механизмдерін  зерттеуге  бағытталған. 
Қоғамның мүддесін, болжам нәтижелерін түсіне отырып саналы түрде алға басуға әсер 
етеді. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
 
1. Әлеуметтану. – Алматы: Қазақ Университеті, 2005. 
2. Абубакирова Н. И. Что такое «гендер»? // Общественные науки и современность, 
1996. 
3. Айвазова С. Гендерное равенство в контексте прав человека. – Москва, 2001. 
 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Койчиева А.Т., магистрант 
(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
 
Взаимоотношения гендерной проблемы и социальной работы в Казахстане 
В статье рассматривается соотношения гендерного вопроса  и социальной работы в 
Казахстане. 
Ключевые  слова:  гендерная  проблема,  равноправие,  гендерная  политика, 
социальная работа. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет