Ресми құжат – мекеме немесе лауазымды тұлғамен жасалып белгілі тәртіпте ресімделетін құжат. Лауазымды тұлға деп өкімет өкілдігі қызметін жүзеге асыратын немесе ұйымдастыру-басқару, әрі әкімшілік міндеттерді орындаумен байланысты қызметтегі тұлғаны түсіну қажет. Ресми құжат қолданылуы бойынша бірнеше түрге бөлінеді. Оның түпнұсқасы алғашқы және жалғыз данасы болып есептеледі.
Кейде “түпнұсқа” сөзінің синонимі ретінде “оригинал” ұғымы қолданылады. Дегенмен “түпнұсқа” (шындыққа сай, анық, ақиқат) өзінің мәнінде басқа мағынаны білдіріп, “оригинал” (бастапқы, өзіндік, төл) түсінігінен ерекшеленеді. Оригинал қандай да жеке немесе ұжымды авто.рмен алғаш жасалған құжат. Жасалу барысында оның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін.
Құжат көшірмесі латынша “соріа” сөзінің көптеген деген мағынасын білдіреді. Құжат көшірмесі деп құжаттың ақпараты мен оның барлық сыртқы ерекшеліктерін толықтай көрсететін құжатты айтады.
Көшірмелер еркін және факсимильді болып бөлінеді. Еркін көшірме түпнұсқадан көшіріліп, міндетті түрде куәландырылады. Механикалық жолмен көбейту барысында құжаттың қойылған қолымен қоса оның толық көшірмесін беретін факсимильді көшірме болады. Оған көшіру аппараты, фото және жарық көшірмесі көмегімен алынатын көшірмелер жатады. Факсимильді көшірмелерге талап етілген жағдайда куәландыру белгісі қойылады. Көшірмелер куәландыру белгісі (мөр соғылып, қолы, күні) бойынша куәландырылған көшірмелер және куәландырылмаған көшірмелерге бөлінеді.
Көшірмелердің келесі түрі дипломатиялық көшірмелер. Олардың атауы ежелгі актілерді зерттейтін қосалқы тарихи пәнді білдіретін “дипломатика” сөзінен алынған. Олар құжатты барлық ерекшеліктерімен (ескі жазылуы, қателіктері, пунктуация т.б.) көшірмелейді. Түпнұсқаның заңдық күшін иемденетін көшірменің ерекше түрі дубликат деп аталады. Ол көшірменің мәнді белгілерін көрсете отырып құжатты толық қайталайды.
Құжаттар мазмұны, шығу төркіні, мақсаты, жасалған орны, заңдық күші және сақтау мерзімдері бойынша да бөлінеді.
Мазмұны бойынша құжаттар мазмұны бір мәселеге арналған жай немесе бірнеше мәселелерді қамтитын күрделі құжаттарға бөлінеді.
Шығу төркіні бойынша құжаттар ресми – мекеме, ұйым немесе олардың өкілі – лауазымды тұлға атынан берілетін және жеке адаммен жасалатын жеке құжаттарға бөлінеді.
Мақсаты бойынша құжаттар қандай да фактілер, оқиғалар, құбылыстарды жазып алу құралы ретінде және ақпаратты уақыт пен
кеңістікте жеткізу үшін қарым-қатынас, байланыс құралы ретінде пайдаланылады. Әрі адамның парасатты қызметін бекіту және сақтау құралы ретінде де қолданылады.