1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді. Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).Қосшы одаған құрған және қызметтерді атқаруда Ж.Бөрібаев, О.Жандосов , А.Розыбакиев , т.б қоғам қайраткерлері ат салысты.17 мыңнан астам мүшесі бар 99 бөлім жұмыс істеді. Одақтың міндеттері : 1)Еңбек артельдерін құру. 2) Кедейлерге жер беру және олардың мүдделерін қорғау. 3) Еңбекшілердің саяси сана – сезімі мен мәдени деңгейін көтеру. 1921 – 1922 жылдардағы жер реформасының маңызы: 1) Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рөл атқарды. 2) Отаршылдық аграрлық саясатқа соққы берді. 3) Қазақ ауылындағы патриархаттық – феодалдық негізді әлсіретті. 4) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады. 5) Патша өкіметі алған жерлер қазақ еңбекшілеріне қайтарылып берілді. 19.Үйсін,қанлы,ғұндардың әлеуметтік-саяси және экономикалық- мәдени дамуы: дәстүрлер сабақтастығы және ерекшеліктері. Ғұндардың “халықтардың ұлы қоныс аудару” процестеріне қатысу
Үйсінндер мал шаруашылығының даму ерекшелігіне көбіне-көп Жетісудың географиялық жағдайы себеп болды. Мұндағы ерекшелік сол, «классикалық» егіншілік немесе көшпелі мал шаруашылығы аудандарынан өзгеше мұнда мал шаруашылығы егіншілікпен ұштастырыла жүргізілді, ал көшпелі тұрмыс салты жартылай отырықшылықпен ұштасты. Үйсіндердің шаруашылығы туралы жазбаша деректемелердің мәліметтері үздік-создық және олардың шаруашылығының бағытын бір жағынан ғана көрсетеді. Ежелгі заман авторларының үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысына берген сипаттамасы малға азық пен су іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп жүреді деп барынша қысқа қайырылады. Бұл - көшпелі және мал шаруашылығымен айналысатын халықтардың көпшілігі үшін дәстүрлі және ортақ тұжырым. Ертедегі Қазақстан аумағындағы мал шаруашылығы бірнеше кезеңнен өтті. Оның алғашқы кезеңі б. з. б. II мыңжылдыктың бірінші жартысынан бастап қола дәуіріндегі тайпалардың үй жанындағы бақташылық мал шаруашылығы болды. Б. з. б. IX—VIII ғасырларда ғана ол көшпелі мал шаруашылығына айналды. Бұл кезенде жайылымдар мен су көздерін маусымдық пайдалану қалыптасты, табында алысқа көшуге және қыс кезінде тебіндеп жайылуға мейлінше бейімделген қой мен жылқы басым болды. Мұндай жайылымдық-көшпелі жүйе тұрақты сипат алды. Ғасырлар бойы қоныстардың, қыстаулардың және жерлеу құрылыстарының белгілі бір жерлерде орналасуы нақ осыны дәлелдейді. Сан алуан үлгідегі ескерткіштерден тұратын үлкен зираттар мен көп кабатты қыстау-қоныстар осылайша пайда болды. Атап айтқанда, үйсіндер заманынан бастау алған осындай зираттар әсіресе Жетісудағы қыстаулы аймақтарда көп кездеседі. Ежелгі үйсіндердің қоныстары мен қабірлерінен табылған мал сүйектерінің калдықтарына жасалған статистикалық талдау оларда қандай мал табындары мен малдың қандай түліктері болғанын айырып білуге мүмкіндік береді. Өз кезегінде, мал түліктерінің осындай арасалмағына қарап, мал шаруашылығының формасы туралы және тайпалардың түрмыс салты туралы қорытынды шығаруға болады. Ақтас-2 (Шығыс Жетісу) және Луговое-холм (Батыс Жетісу) қыстау- қоныстарын қазғанда алынған остеологиялык материал үйсіндердегі малдың тәуліктік құрамы мал өсіруге негізделген жартылай көшпелі шаруашылыққа тән екендігін көрсетті. Луговое-холм қонысындағы ірі қараның (33,1%) және Ақтас қыстау конысындағы қой (48,4%) мен жылқының (32,7%) пайызы назар аудартады. Мал түліктерінің мұндай арақатынасы шығыс үйсіндеріне қарағанда батыс Жетісу үйсіндеріне көбінесе отырықшылықтән болғанын айқын көрсетеді. Мұндай айырмашылы Талас және Шу өзендерінің аңғарларындағы отырықшы егіншілікке жарамды жазық жерлердің ерекшеліктерінен. Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанның егіншілік орталықтарының батыс Жетісуға ықпалынан туындайды. Бүкіл Жетісу үйсіндерінің мал құрамында үй малдарыньщ барлық түрлері: қой, жылқы, сиыр, қос өркешті түйе, ешкі, есек болғанын статистика көрсетіп отыр. Хань әулеттік хроникаларында үйсіндерде жылқы шаруашылығының дамығаны атап өтілген. Байларындағы жылқы саны бес мыңға дейін жеткен, ал ұлы және кіші гуньмолардың жасағы 30 мың атты әскерден тұрған. Усун гуньмолары қытай ханшаларына үйленген кезде сөз байласу сыйы ретінде мындап жылқы мен қашыр айдатып жібереді . Таулы аудан- дарда қашырлар жүк артатын көлік ретінде пайдаланылған. Жетісуда асыл тұқымды жүйрік жылқы өсірген көрші елдердің білгірлері оларды төзімділігі мен жүйріктігі үшін бағалап, Даванның «қантерлі аспан» аттарынан кейінгі орынға қойған. Бір ғажабы, үйсіндердің жылқысы «батыс шек» деп аталған.