Ғұндардың “халықтардың ұлы қоныс аудару” процестеріне қатысу Ғұндардың жылжуы басқа да ірі тайпалардың жылжуына әсерін тигізді. Бұл тарихта “Халықтардың ұлы қоныс аударуы” деген оқиғамен белгілі. Ғұндар Қазақстан және Еуразия жерінде өмір сүрген тайпалар мен халықтардың құрамына үлкен өзгерістер әкелді. Тарихтағы "Ұлы қоныс аудару" Орталық Азияның саяси картасына, этникалық құрамына өзгерістер әкелді. Қытайдың ығыстыруымен ғұндар Алтай, Сарыарқа арқылы Батыс Қазақстанға жылжыды. Олар жолшыбай көптеген тайпалардың орын ауыстыруына әсер етті. Жалпы ғұн тайпаларының шығыстан батысқа қарай жылжуы б. з. д. II ғасырдан басталып, б. з. IV ғасырына дейін созылған. Тарихта бұл жылжу тек ғұндарға ғана тән құбылыс емес, басқа да ірі тайпаларға да әсерін тигізді. Тарихта бұл тарихи кұбылысты "Халықтардың ұлы қоныс аударуы" деп атайды. Әсіресе Қазақстанға үлкен әсерін тигізді: жергілікті сақ, юэчжи, үйсін, қаңлы сияқты тайпалардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруына әкелді.Ғұндар Еділден өтіп, алдарына сармат - аландарды сала отырып, Еуропаға енді. Енді азиялық ғұндар Еуропалық жазбаларда "гундер" деп атала бастады. Батысқа бет алған ғұндар жол бойындағы халықтарды да қосыла көшуге мәжбүрледі. Сөйтіп, ғұндардың көші Еуразия даласындағы этникалық құрамы әртүрлі көшпелі тайпалардың Орталық Азиядан Қазақстан аумағын басып, батысқа қарай жылжыған әлемдік қоныс аударуды тудырды. Ғұндардың батысқа қарай көшуінің екінші легі жыл санауымыздың ІІ ғасырынан басталады. Қоныс аудару кезінде бәзбір тайпалар ғұндармен одақтасса, енді бірі қуғын көрді. Ғұндардың бұл көші-қон үдерісі Қазақстан мен Орталық Азияны жайлаған халықтарға тұтас қозғау салып, қоныс аудару ілгерінді-кейінді үздік-создық үш жүз жылдай жүрді. Еуропаға жеткен ғұндар Шығыс Рим империясын талқандап, қазіргі Венгрия жерінде Батыс ғұн империясын құрды.
20.Бөкей хандығының (Ішкі Орданың) кұрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, териториясы. Бөкей ханнын билігі. Жәнгір хан билігінің сипаттамасы: жерге инелік ету мен жерді пайдаланудын жаңа нысандары. Жәнгір ханның ағартушылық саясаты.
1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды.Бөкей хандығының құрылуы - 1801 жылы Еділ мен Жайық аралығына Кіші жүз қазақтарының бір бөлігі көшіп барды. 1812 жылы онда Бөкей хандығы құрылды. Ол 1845жылға дейін өмір сүрді. 1812 жылы Бөкей сұлтанға хан лауазымы берілді. Жартылай тәуелді жаңа мемлекеттік құрылым епдігі жерде Бөкей хандығы (Ішкі Орда) деген атқа ие болды. Патша үкіметі келешекте одан империяға толық тәуелді мемлекеттік құрылым жасамақ ниетте еді. Бұл ретте хандықтың жаңа билеушісі Жәңгірге үлкен үміт артылды. Жәңгір 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. 1827 жылы ол хандықтың орталығы — Хан ордасының негізін қалады. Хан ордасы Нарын құмының батыс бөлігінде салынды. Хандыққа біртұтас басшылық осы жерден жүргізілді. Ханның үлгісі бойынша және оның тікелей нұсқауымен Хан ордасында сұлтандар мен билер, старшындар да үй сала бастады.Жәңгір хан билік басында болған уақыт қазақтардың бүрынғы дәстүрлі тұрмысына елеулі өзгеріс жасалған, хан билігі күшейген, ислам дінінің ықпалы артқан, тауар-ақшақатынастары айналымға енгізілген маңызды кезең болды. 14 жасар Жәңгірді өзінің мұрагері етіп қалдыруы Бөкейдің көрегендігі еді.. Хандық 14 аймаққа бөлінді. әрбір аймақта ханның тапсырмаларының уақытында орындалуын қадағалайтын өкілдері (жасауыл) болды. Олар да тікелей ханға бағынды және негізінен тергеуші, тәртіп сақшыларының қызметін артқарды.Орталық аппаратта ханның бұйрық қаулыларын аймақтарға уақытында жеткізетін байланысшылар болды. Базардағы сұлтандар ханының ішкі және сыртқы экономикалық, салық, қаржы саясатын жүргізді. Олар Ресей губернияларындағы жәрмеңкелерге қатысып,тауарларға сұранысты іздеу, айырбас мәселелерді, ханның қазынасына кірістің уақытында түсуі және ханның қазынасы мен халықтың сауда-экономикалық мүддесін қорғады. Ханның жанында 175адамнан тұратын әскери күзет болды. Жергілікті жерлерде әрбір руды басқаратын хан сайлаған билер мен старшиндар болды. Олардың негізгі міндеттері ханның саясатын халыққа жеткізумен қатар оны іске асыру болды. Хандықтың құрамындағы 17 ру ірілендіріліп, 10-ға дейін қысқарды. Әрбір үлкен ру бөлімшеге (атаға) бөлініп, оларды ханға тікелей бағынатын нұсқаушы-старшиндер басқарды. Барлығы 120 отбасы болды. Бөкей хандығында барлығы 1500 ауыл болды. Олар да әкімшілік бірлік болып саналды.Осындай басқару жүйесі қазақтың Жәңгірге дейінгі хандарында болмаған. Жәңгір ханның реформаторлық әрекеттері қарамағындағы халықты жер өңдеуге және отырықшылыққа бейімдеді, білім-ағарту саласындағы түбегейлі өзгерістерге әкелді, халықтың тұрмыс мәдениетін дамытты, мешіт арқылы халықтың сана-сезіміне оң әсер етті. 1815 жылы әкесі мұрагерлік салтқа сәйкес хандық тақты Жәңгірге берген. Алайда, Жәңгір хан жас болғандықтан, Бөкейдің тапсыруы бойынша хандықты Бөкейдің інісі Шығай сұлтан басқарады. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахан губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленіп, еуропаша білім алады. Сол жерде хандықты әкімшілік тұрғыдан басқару әдіс-тәсілдерін үйренеді. Жәңгір хан тұсында Бөкей ордасында басқарудың жаңа жүйесі енгізіліп, хандық билер басқарған 12 әкімшілік орталыққа бөлінеді. Билер мен хандар кеңесі, тархандар институты қайта құрылған.