Тарих гос ответы 1-билет. Абдреева Аружан


Ислам және оның түркі әлеміне таралуы



бет35/46
Дата09.05.2023
өлшемі121,77 Kb.
#91214
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46
Байланысты:
тарих гос 40

31.Ислам және оның түркі әлеміне таралуы.
31.Қазіргі Қазақстан жері мен Орта Азияға Ислам дінінің таралуы VI-VIII ғасырларда басталған. Атақты араб қолбасшысы Қутайба ибн Муслим 709 жылы Бұхараны соғыссыз алып, 710-712 жылдары Самарқанды, 714-жылы Шаш (Ташкент) пен Фараб қалаларын да Умәуи халифатының қол астына қаратты. Сол кездегі Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың Ислам дінін қабылдай бастауы да осы жылдарға сәйкес келеді. Алайда, осы аймақта өмір сүретін соғдылар мен түркілер Умәуилерден саяси тұрғыдан жеңіліс тапқанымен, рухани тұрғыдан Исламға бірден мойынсұна қоймады. 720-740 жылдары Түркеш қағанаты Умәуилерге ұдайы қарсы тұрды. Себебі, түркештердің бір бөлігі будда сенімінде болса, Орталық Азияның көптеген қалалық аумақтарында зорастризм мен манихейлік сенім басым болатын. Осы ескі сенімдер мен жаңа Ислам дінінің арасындағы күрес ондаған жылдарға созылды. IX ғасырда Қарлұқ қағанаты ыдырап, тарих сахнасына Қарахан мемлекеті (IX ғ.аяғы –XIII ғ.басы) келді. Аумағы – Жетісу мен Шығыс Түркістан аймағын қамтыды. Бұл мемлекет екі ғасырдан астам өмір сүрді. 942 жылы Сатұқ Боғра хан өзін жоғары қаған деп жариялауынан кейін Қарахандар мемлекетінің тарихы басталды. Сатұқ Боғра хан 955 жылдан бастап Ислам дінін қабылдап, өзіне «Әбулкәрім» деп мұсылманша есім алғандығын жариялады. «Қарахандар шежіресінде» Боғра ханның діншілдігі, білім сүйгіштігі және әр жұма білімділерді жинайтындығы жайлы деректер келген. Сондай- ақ ол өзіне «Тәңірі жіберген құлы» деп айтылуын және солай жазылу керектігін құптайтын.960 жылы Харун Мұса қаған (Боғра ханнан кейін) Ислам дінін мемлекеттік дін деп жариялады. Бұл шешімнен соң, тарихшы З.Китапчы, В. Кляшторний, С.Сұлтановтардың деректерінде бір күнде он мың отбасы Ислам дінін қабылдаған кездер де болғаны айтылған. Ал «Тарихи рашиди» кітабында бір күнде 360 мың адамның мұсылман аталғандығы айтылады. Қорыта айтқанда, Қарахан түркілерінің исламдануы дін таратушылардың белгілі бір күштеуімен емес, бірыңғай мемлекеттік діннің ықпалы негізіндегі экономикалық және саяси пайда күшімен дами түсті. Ал Қарахандықтардың саяси және әскери жеңістері Орталық Азия аумағына Ислам дінінің кеңінен таралып қана қоймай, тұрғылықты халықтың бұқаралық идеологиясы ретінде ресми мәртебеге ие болуына өз әсерін тигізді.

32.Көшпелі қазақ ауылының егіншілікке көшу процестері. Жатақтар. Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымының трансформациясы: жаңа таптар (шенеуніктер, дворяндар, құрметті азаматтар, қазақ көпестері, саудагерлер). ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан халқының этнодемографиялық сипаттамасы.
32. Қазақ халқының Ресейге бодан бол­ғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақ­станның Ресейдің отары, қазақтардың этно­демографиялық дамуы отарлық-миграция­лық (соның ішінде қоныстандыру) саяса­тының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзге­рістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болға­ны­мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңын­да, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Сол­түстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең. Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршы­лық­ты (1918, 1921 және 1931-1933 жылда­ры), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қоны­сында азшылыққа айналған тұс. Көшпелілердің тарихына арналған еңбектер XVIII ғасырдан бастап пайда болды. Оның көпшілігінде көшпелілердің саяси-әлеуметтік мәселелері қарастырылып, көшпелілер ешқашан таптық, қоғамға жетпеген, оларда мемлекет болмаған делінді. Ал мемлекеттің алғашқы нышандары бар деп есептеген зерттеушілер оны өте беделді тайпа көсемдерінің релімен байланыстырды.
Осындай мағынадағы еңбектер XIX—XX ғасырларда да жарық көрді. Дегенмен шетелдерде жарияланған еңбектердің көпшілігінде көшпелілерде мемлекет болғандығы мойындалды. Олар бірақ көшпелілердегі мемлекеттіктің және империялардың пайда болуын тек жаулап алушылықпен байланыстырды. Олардың ойынша, көшпелілердегі мемлекеттер сол қоғамның өз ішінде қалыптасқан өндірістік заңдылықтар арқылы емес, көшпелілердің отырықшы халықтарды жаулап алуы, солардан үйрену арқылы пайда болған дейді.
Көшпелілер өркениетінің құрамдас белігі болып табылатын қазақ мемлекетінің пайда болуы мен дамуының тарихы тереңде жатыр. Негізін Керей мен Жәнібек салған Қазақ хандыгы XV ғасырдың 60—70-жылдары құрылды. "Сонда Қазақстан аумағында оған дейін мемлекет болмаған ба?" деген заңды сұрақ туады. Жалпы, бұған дейінгі Қазақстан тарихнамасында XV ғасырдың екінші жартысынан XIX ғасырға дейін өмір сүрген Қазақ хандығы да мемлекет ретінде саналған жоқ. Тек "қыргыз- қайсақтардың үш ордасы" деп есептелді. Көшпелі қоғам рулық-тайпалық. бірлестіктерден ғана тұрады. Сондықтан "көшпелілер отырықшы-егінші елдер мен халықтарды жаулап алмайынша, өз мемлекетін құра алмайды" делінді. Бұл ұлыдержавалық көзқарас патша үкіметінің ресми өкілдері ғана емес, буржуазиялық тарихнама өкілдері тарапынан да қолдау тапты. Отарлық саясат патша үкіметінің "мәдениет пен өркениет" миссиялары туралы сөздерімен бүркемеленді. Патша шенеуніктері: "Қазақтар — жартылай жабайы, көшпелі халық", — десе, буржуазиялық тарихшылар: "Қазақтар — жартылай алғашқы қауымдық сатыда тұрған халық, оларда рулық құрылыс үстемдік етеді", — деген қорытынды жасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет