«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата09.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#8608
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23

Резюме 
В  статье  автор  рассматривает  интеграциоонную  идею  Президента  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаева  и  ее 
роль в мировой истории. Глава Государства в своей статье «Евразийский союз:от идеи к будущему» подчеркивает 
основные четыре этапа которые приведут к Евразийской интеграции независимый Казахстан. Таким образом, автор 
убежден, что Президент Н.А. Назарбаев как государственный деятель предвидит будущее страны в международном 
развитии. По инициативе Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева до 2014 года в Евразийском простран-
стве экономические интеграционные процессы шагнули на новую ступень развития преодолев немало препятствий 
на своем пути к достижению своих целей. Поэтому основной целью данной идеи остается создание Единого эконо-
мического пространства. 
Ключевые слова: Глава государства, интеграция, идея, Евразийцы, Союз, геополитика, экономика, стратегия 
 
Summary 
In the article an author examines the интеграциоонную idea of President of Republic of Kazakhstan and her role is in 
world history. The Country's leader in the article is "Eurasian союз:от ideas to the future" are underlined by basic four stages 
that  will  bring  independent  Kazakhstan  over  to  Eurasian  integration.  Thus,  an  author  is  convinced,  that  President  as  a 
statesman foresees the future of country in international development. On initiative of President of Republic of Kazakhstan 
2014 to in Eurasian space economic integration прцессы took a step on the new stage of development overcoming quite a bit 
obstacles on the way to the achievement of the aims. Therefore the primary purpose of this idea is remained by creation Single 
economic пространствоа. 
Keywords: country's Leader, integration, idea, Eurasians Union, economy, strategy 
 
УДК 316.2(574) 
 
ЖАҺАНДАНУ ҮДЕРІСІНІҢ ƏЛЕУМЕТТІК САЛДАРЛАРЫ 
 
М.Д. Дакенов – Абай атындағы  аз ПУ профессоры, т.ғ.к. 
 
Жаһандануды жалпы əлеуметтік проблема ретінде зерттеу, оны мойындау жаһандану феноменін терең түсінуде 
жатыр. Егерде микроəлеуметтанумен жəне макроəлеуметтанудың талдау деңгейінің арасындағы шартты айырмашы-
лық алынса жəне адам қызметінің бірде-бір формасы басқаларға қатысты басымдық ретінде қаралмаса сол жағдайда 
ғана жаһанданудың динамикасы зерттеуге беріледі. Алайда практикада жаһандану феноменіне бірөлшемді амалмен 
қарау жиі кездеседі. ХХ ғасыр соңындағы жаһандану кезеңінің бір ерекшелігі оның масштабы мен көлемінен, терең-
дігінен  тұрады  деген  түсінік  қате.  Бүгінгі  күні  жаһандану  ақпараттық  жəне  мəдени  сипат  алып,  өзінің  əлеуметтік 
əрекет ретіндегі сипатын жоғалтуда. Қоғамдар, мəдениеттер жəне индивидтер арасындағы шекаралар анық болмау-
да.  Кейбір  мемлекеттердің  күші  жаһанданудың  арқасында  енді  ғана  артып  келе  жатса,  ал  басқа  мемлекеттерде  ол 
əлсіретуші фактор ретінде көрініп отыр. Жаһандық капиталистік жүйе əлем елдерін тең емес жағдайға қойды. Байлар 
мен кедейлердің арасындағы шыңырау кеңейіп барады. 
Тірек  сөздер:  жаһандану,  жаһандық  қоғам,  локалдану,  факторлар,  жаһандану  үдерісі,  жаһандық  мəдениет, 
жаһандану динамикасы, индивид, мемлекеттер, элита  
 
Жаһандану үдерісінің нақты нəтижелерін шартты шекаралардың экономикалық, мəдени жəне сая-
си қызмет үшін барған сайын мөлдір болып бара жатқанынан көруге болады жəне трансұлттық жүйе-
лер – өнеркəсіп монополялары, ғаламтор студенттермен жəне кəсіби мамандармен өзара алмасу, қыз-

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
69 
мет  көрсету  саласы,  «жасыладрдың»  ұйымы  жəне  адам  құқын  қорғау  қозғалысы  –  шын  мəнінде 
жаһандық мəдениет пен экономика жүйесін құруға ықпал етті. Барлық осы факторлардың əрекеттері-
нің арқасында ХХ ғасыр үшін əлемді кеңістіктерге, аумақтарға жəне идеологиялық блоктарға бөліп 
қараудан тұрған дəстүрлі «геосаяси қиялдың» іргесі шайқалды. Жаһандану «ағыстар» мен «жүйелер-
ден» тұратын, барған сайын бір тұтастықтың бейнесін қабылдаған жаңаша геосаясат пен əлемге жаңа 
қарауды қалыптастыруға алып келді. 
Əрине күнделікті өмірде «шекаралар, құрылымдар жəне жиіліктер» əлі де болса сақталған. Жаһандық 
қоғам əзірге тек трансұлттық корпорациялар, трансұлттық қоғамдар мен құрылымдар формасында өмір 
сүруде. Жаһандану əлеуметтік-саяси өмірдің ғаламдық сыртқы бейнесіндегі қандайда бір мəнді бірлікті 
туындатқаны мен оны таза біртекті дүние деп түсінуге болмайды. Локалдандыру акторалары мен жаһан-
дандырушы  күштердің  арасындағы,  тірі  локалдықтар  мен  виртуальді  қауымдастықтар  арасындағы 
қатынастарда жаһандандырушы қысымның абсолютті басымдыққа жетуі сирек болады. Əдетте зерттеу-
шілер көрсеткен көптеп саналатын пішіндері бар жаһандық жүйені бақылап,  олардың кейде бір-бірінің 
үстіне қаланатынын, ал кейде бір-бірімен қиын үйлесетін де көреміз.  
Мұндай бейнелердің біріншісі  - бұл тұтынудың  тұтас жүйесі ретіндегі əлем  бейнесі.  Екіншісі – бұл 
локалданған индивидтердің күнделікті өмір салтымен байланысқан «үйреншікті маңыздылық» түріндегі 
локалдық  жəне  жаһандық  құрылымдануының  арасындағы  əлем.  «Үйреншікті  маңыздылық»  деңгейінде 
ғалымдар  жаһандық  əлемді  локалдық  мүмкіншіліктердің  жаһандықпен  қиысуы  ретінде  қабылдайды. 
Үшінші  –  бұл  «мəдени  будандардан»  тұратын  əлем,  индивидтің  айтарлықтай  мөлшерде  мəдени,  діни 
жəне  ұлттық  ұқсастыру  мүмкіндігін  жоғалтатын  əлемі.  Б.Аксфорд,  мысалы,  мұндай  будандастыру  «ес 
кетіру мəдениетті» тудырады деп есептейді. 
Жаһандық сана акторлардың қайсыбір аспектілерін қабылдауға итермелеуі мүмкін, ал кейбіреулеріне 
қарсы  шығуы  да  мүмкін.  Салқындатқыш  сусындарды,  мультимедиа  технологиясын  немесе  секулярлы 
мəдениетті  қабылдамау  формасында  жаһандануға  қарсылық  көрсетудің  көбіне  –  көп  антиамерикандық 
немесе  антибатыстық  бағыты  бар.  Басқа  да  акторлар  жаһандануға  қарсылық  көрсетуде,  өйткені  оны 
«капиталдың шексіз қорлануының» бөлігі ретінде қабылдайды. Жаһандануды қабылдамаудың бір себебі 
оның мəдениеттегі дəстүрге деген сенімді жəне адамгершілікті ығыстырады деген сезімде жатыр. 
Осылайша  «жаһандық»  феноменіне  əзірге  ортақ  түсінік  жоқ.  Жаһандану  үдерісі  барысында  бір  – 
біріне қарсы тұрған үрдістердің ғаламдық масштабта өзара байланысының артуы жəне одан əрі фрагмен-
тациялануы  көрінеді.  Жаһандану  қоғамдарда  байланыстардың  алуан  типін  орнатады.  Ол  У.Ханнерцтің 
еңбегінде «жаһандық ойкумен» деген атаумен берілген. Бұл ойкумен түгелдей шекарасынан айырылған. 
Осы  жаһандық  түзілімнің  жүйелігі  немесе  бірлігі  локалды  субъектілердің  жаһандық  құрылымдармен 
өзара əрекетінің нəтижесі болып табылады. 
Жаһанданудан  жасырынып,  бұғып  қалу  мүмкін  емес.  Жаһандану  үдерісі  күн  өткен  сайын  локалды 
жүйелерге үлкен ықпал етуде жəне оған ашық қарсылық көрсеткеніне қарамастан негізгі режимдердің өзі 
де қайсыбір дəрежеде жаһандық жүйемен өздерін ұқсастандыруға мəжбүр болуда. 
Егерде  микроəлеуметтанумен  жəне  макроəлеуметтанудың  талдау  деңгейінің  арасындағы  шартты 
айырмашылық  алынса  жəне  адам  қызметінің  бірде-бір  формасы  басқаларға  қатысты  басымдық  ретінде 
қаралмаса сол жағдайда ғана жаһанданудың динамикасы зерттеуге беріледі. Алайда практикада жаһанда-
ну феноменіне бірөлшемді амалмен қарау жиі кездеседі. Мысалы, көптеген экономистер мен менеджмент 
теоретиктері  жаһандануды  неолиберализмнің  қазіргі  идеологиясының  жəне  практикасының  желісі 
ретінде карастырады. Бұл көзқарас жаһанданудың мəдени жəне технологиялық өлшемдерінің бар екендігі 
туралы сөз қозғамайды, ал бірақ олармен байланысқан саяси мəселелерді екінші қатардағы мəселелер деп 
санайды.  Жаһандану,  бұл  жағдайда,  тұтас  дүние  жүзілік  сауда  жəне  каржы  жүйесін  қалыптастырудың 
қарапайым үдерісіне айналады, сонымен қатар ол А.Амин көрсеткеніндей, бай мемлекеттердің, мультұлт-
тық корпорациялардың жəне халықаралық реттеуші институттардың арасында коалиция құрудан көріне-
ді. Бірақ мұндай амалда ірі қателесу бар, өйткені ол мəдени үдерістерінің жаһандануымен байланысқан 
мəселені назардан тыс қалдырады. Шындығында мəдениет – бұл жаһандану аспектісін зерттеуде аса үл-
кен жеміс беретін сала. Тек мəдениет қана индивидтердің əлеуметтік ұқсастығына ықпал етеді жəне олар-
ды маңыздылығымен бір-бірімен жақындатады. Бұл жерде мəселе, А.Аппадюре, М.Фридман, У.Ханнец 
сияқты  əлеуметтік  антропологтардың  жəне  Р.Робертсон,  З.Бауман,  М.Физерстоун  сынды  бірқатар 
əлеуметтанушылардың  соңғы  жылдардағы  зерттеулері  көрсеткеніндей,  мəдениеттің  жиі  шеттетілуінде 
болып  отыр  жəне  оны  өзіндік  əлеуметтік  іргетас  ретінде  немесе  үстем  етуші  жіктердің  экономикалық 
мүдделерін  идеологиялық  тұрғыдан  қамтамасыз  ету  жүйесі  ретінде  қарастыруда  болып  отыр.  Мұндай 
амалда мəдениеттің индивидтердің күнделікті нақты өзара əрекеттерінің жемісі екені, мəдениеттің оларға 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
70 
сырттан енетіні, өздерін өзгерткені жəне өзгертпегені есепке алынбай қалады. Ғаламторды пайдаланатын-
дар саналы түрде жəне мақсатты түрде, сондай-ақ мінез-құлықтың бекітілген моделдерін ғаламға тарату-
шы жаһандық əлеуметтік қозғалыстың мүшесі ретінде жаһандық мəдениет кеңістігін жасауға қатысады. 
У.Ханнерц атап өткеніндей, саналы жауынгер антижаһандануда жаһандану үдерісі диалектикасының бір 
ғана бөлігін құрайтын болады. 
Жаһандану  əлеуметтік  ұйымды  өзгертумен  қатар  əлем  халықтары  санасына  да  өзгерістер  енгізеді. 
Дж.Арриджи  жаһандануды  дүние  жүзілік  капиталистік  жүйенің  эволюциялық  өзгеру  үдерісінің  бір 
буыны санайды. Алайда мұндай түсінудің жеткіліксіздігі анық. Өйткені ол барлық байлықты жəне дүние 
жүзі тарихының күрделігін бір ғана капиталистік жүйенің құрылуына əкеп тірейді. 
Ресейдің  кейбір  зерттеушілерді  жаһанданудың  тарихи  тұрғыдан  кең  түсінуді  ұсынып  жүр.  Мысалы, 
Г.Г. Дилигентскийдің пікірінше «Жаһандану - бұл тіптен де жаңа құбылыс емес. Ол адамзат тарихының 
əртүрлі  кезеңінде  əртүрлі  формада  болған»  [1].
 
Адамзаттың  бүкіл  тарихы,  осы  көзқарас  контексінде, 
үлкен жаһандануға қарай бірте-бірте қозғалу үдерісіне көшкенін байқатады. 
Жаһандану, Э.А. Азроянцтың пікірі бойынша, тарихи үдерістің мақсатын құрайды. Оның динамика-
сын ықпалдасу жəне ықпалдаспау үдерісінің теке тіресі анықтайды. Жаһандану үдерісінің қазіргі кезеңін 
интернационализациялану кезеңі ретінде сипаттауға болады [2].
 
ХХ ғасыр соңындағы жаһандану кезеңінің бір ерекшелігі оның масштабы мен көлемінен, тереңдігінен 
тұрады деген түсінік қате. Шын мəнінде басты айырмашылық мынаған саяды. ХХ ғасыр соңында жаһан-
дану аумақтық сипат алған емес. Егерде ХІХ ғасырда капитализмнің жаһандық дамуы ең алдымен оның 
аумақтық  деңгейде  кеңінен  жайылуынан,  империализмнің  отарлау  жүйесінің  дамуынан,  шиказат  пен 
капитал  шығаруынан  көрінсе,  бүгінгі  күні  жаһандану  ақпараттық  жəне  мəдени  сипат  алып,  өзінің 
əлеуметтік əрекет ретіндегі сипатын жоғалтуда. 
Соңғы  уақытта  қоғамдар,  мəдениеттер  жəне  индивидтер  арасындағы  шекаралар  анық  болмай  бара 
жатыр.  Ұқсастырудың  кеңістіктік-уақыттық  моделдерінің  қазіргі  тұжырымдамалары,  индивидтердің 
ұқсатуларын олардың өмірін кеңістікте-уақытта ұйымдасуымен байланыстыратын, жаһандану тұрғысын-
дағы посткеңістік тұжырымдамаларына орын беруде. Осы орайда жаһандану əрбір жеке елдің үйреншікті 
əлеуметтік кеңістігінің үстінде жаңа мегакеңістік құру іспетті нəрсе. Бұл қосымша кеңістік өзіне интел-
лектуалдық, ақпараттық, коммуникативтік ресурстарды қосқан. Осыдан, бұл үдеріске қосылған əр мемле-
кет өзінің ішкі кеңістігіне толық бақылау жасау қабілетінен айырылуы, оның өткізгіштігінің артуы, жаңа 
мемлекет  үсті  элитаның  қалыптасуы  жəне  бұрынғылардың  билігінің  жарым-жартылай  шектелуі  келіп 
шығады. Əлбетте бұл үдеріс «азаматтық қоғамның бүкіл ішкі ұйымдасу жүйесін, əлеуметтік өзара əрекеті 
жүйесін  жəне  оның  құқықтық  қамтамасыз  етілуін»  [3]  түбегейлі  өзгертуге  əкеп  соқтырады.  Б.Бербер 
жазғандай, аумақтық əлемдік тəртіптің күні барған сайын келмеске кетіп барады, оның орнын салалық 
экономика өндірісі мен тұтыну басады. 
Алайда «шекарасыз жаһандық капитализм туралы» түсінік, қазіргі бірқатар авторлардың пікірі бойын-
ша – мифтік деңгейде қалған. Мысалы, П.Херст пен Г.Томпсон жаһандану идеясын мемлекеттік басқару 
эрозиясының  сөздігінің  жəне  жаһандық  еркін  рыноктың  қажеттігін  талап  еткен  неолиберализмнің 
туындысы  санайды.  Олар  байқалып  отырған  жаһандануды  «Экономикалық  үштік»  –  Еуропа,  Америка 
жəне  Оңтүстік-Шығыс  Азия  бөлігінің  шеңберінде  айтарлықтай  шектелген  халықаралық  сауданың  жəй 
ғана интенсификациясы деп есептейді. Бұған дəлел ретінде, аталмыш авторлар үкіметтердің трансұлттық 
корпорацияларды  басқаруға  белсенді  қатысуына  сілтеме  жасайды.  Сонымен  қатар  Херст  пен  Томпсон 
нағыз жаһандық корпорациялар өте аз жəне олар өзара қарым-қатынасын үзген деген пікірде айтуда. Осы 
зерттеушілер  ХІХ  ғ.  Соңы  мен  ХХ  ғ.  бас  кезеңін  дүние  жүзілік  капитализмнің,  халықаралық  тауар 
айналысының, капитал бөлудің жəне халықтардың көші-қонының «тамаша дəуірі» болды деп сендіреді. 
Алайда жаһандану деп аталатын тек экономикалық үдерістерге жəне неолиберализмге сайып қоймайды. 
Қазіргі жаһандану үдерістері тек халықаралық рыноктарды дамытумен шектеліп қалмайды. Бұл жоғары 
əлеуметтік-қайта құрушылық тиімділікті игерген бірқатар технологиялық инновациялар.  
Бұл менеджмент деңгейінде жер шарын тұтас операционалды алаңға айналдыратын жаһандық байла-
ныстарды орнату. Мысалы, М.Кастельс жаһандану ең алдымен еңбектің басқа түрлерінен ерекшеленетін 
ақпараттық  еңбектің  рөлінің  артуынан  көрінеді  деп  есептейді.  Кастельстің  пікіріне  сəйкес,  жаһандық 
экономикалық тəртіп – бұл «экономиканы басқарудың тарихи қалыптасқан архитектониканың» тіптен де 
жаңа  күштерге  қарсы  –  техникалық  инновациялардың  жаңа  ұрпақтарына  жəне  орнаған  шекараларды 
мойындамайтын экономикалық бəсекелестікке қарсы күрестің тəртібі. 
Егеменді елдердің сақталған күші, жаһандануды жеңе алмаған деген пікір бар, бірақ бұл да айтарлық-
тай  миф  болып  саналады.  Біріншіден,  Я.Петерс  көрсетіп  отырғанындай,  қазіргі  ұлттық  мемлекет  ұйым 

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
71 
стандарты ретінде жаһанданудың формасы іспетті. Əлем егеменді аумақтың бірліктеріне бөлінсе де олар 
саналы түрде құрылған əлемдік тəртіптің құрамдас бөлігі. 
Екіншіден,  егеменді  мемлекеттер  –  бұлар  əлемдік  экономикалық  үдерістерде  əрекет  етуші  жəне 
социентальды құндылықтарды сақтаушы мемлекеттер. Бірақ олардың жаһандану үдерісіндегі орындары 
əртүрлі, бірдей емес. Кейбір мемлекеттердің күші жаһанданудың арқасында енді ғана артып келе жатса, 
ал  басқа  мемлекеттерде  ол  əлсіретуші  фактор  ретінде  көрініп  отыр.  Мысалы,  Шығыс  Азияның  кейбір 
мемлекеттері мобилді капитал тартып, өздерін сақтай алды. Бұл құбылыстың негізгі, қазірде «азиаттық 
капитализм»  деген  атпен  белгілі,  жаһандық  қаржы  экспансияның  мемлекеттік  орталықтану  моделінде 
жатыр.  Бұл  модель  мемлекетті  күйрететін  жаһанданудың  сыртқы  ықпалына  қарсы  тұруға  мүмкіндік 
береді,  ал  басқа  жағдайда  олар  ұлттық  қаржы  жүйесінде  жанжал  шығарады.  90  ж.  соңында  «азиаттық 
капитализм»  əлі  де  болса  өзін-өзі  сақтады.  Кеңес  Одағының  ыдырауы,  тіптен  əлемдік  державалардың 
жаһандық экономиканың тықсыруына қарсы тұра алмайтынын көрсетті, ал мүмкіншілігі шектеулі «азия-
лық мемлекеттердің», көпшілігі бұрынғы отарлар, ол əлдеқайда осал етеді. Тіптен капиталистік əлемнің 
кейбір аса бай елдері, Германия жəне Жапония сияқты, жартылай егеменді елдер тік биліктің «төменнен» 
(аймақтың  сепаратистік  күштерінен)  жəне  «жоғарыдан»  (жаһандық  жəне  трансұлттық  институттармен) 
шəйілуі үдерісінің жүруі мемлекеттік басқару архитектоникасын қайта құруға əкеп соқтырады. 
Осылайша,  мемлекеттің  сақталған  күшін  мойындау  үшін  жаһандануды  миф  ретінде  қарастырудың 
ешбірде қажеттігі жоқ. Нақтылық одан да күрделі, ол мемлекеттің жəне мемлекеттік саясаттың бүгінде 
жаһандану контексіне қоса өрілуінен байқалады. 
Биліктің  жауапкершіліктен  бөлінуі  жаһандану  феноменінің  екінші  жағы.  Қалыптасқан  жаһандық 
элита,  мемлекет  үстінде  құрылған,  елдердің  халықтары  алдында  кез  келген  мемлекеттің  қандайда  бір 
дəрежедегі  дəстүрлі  жауапкершілігін  өз  мойнына  алмайды.  Бұл  жағдай  адамдардың  алдында  ешбір 
міндет алмай, оларды тоқтаусыз қанауға, езуге мүмкіндік жасайды. Жаһандық элита пайда болған эколо-
гиялық  жəне  əлеуметтік  мəселелерді  жоққа  шығарады,  əлеуметтік  қорғалмаған  адамдардың  тағдыры 
туралы,  дүниеге  келмеген  ұрпақтардың  болашағы  жөнінде  басын  ауыртып,  ойланбайды.  Сондықтан 
жаһандану – бұл терең қарама-қайшылықты құбылыс. Ол тек қана қоғамдарды, олардың саналарын бірік-
тіріп қоймайды, сонымен бірге бөледі де, байытып қана қоймайды, сонымен қатар айтарлықтай шектейді 
де. Жаһанданудың көрінісін ең алдымен локалдық деңгейде байқауға да болады. Р.Робертсонның пікірі 
бойынша жаһандану локалдық мəдениетті өзіне жинап тұтастырады, қақтығысытырады, осы қақтығыста 
локалдықты қайта анықтауы тиіс. Қаржы, сауда жəне ақпараттық ағымдар үшін қандайда бір шекараның 
болмауы, халықтың көптеген топтары үшін өмір мен қызмет орындарын айқындауға итермелейді, күшей-
теді. Көптеген адамдар үшін бұл əлеуметтік кері кетуді, ашықтан-ашық, кеңістігін жоғалтуды: олардың 
біртұтас  жаһандық  орталықтардан  алыс  жерлерді  мекендеуі  оларды  өздерінің  əлеуметтік  мағыналар 
жасауға,  шешім  қабылдауға  қатысу  мүмкіндігін  жоюды  əкеледі.  Олар  əлде  бір  алыс  жақта  шешілген 
мағына мен маңыздың енжар реципиенттері болып қалады. Осылайша əңгіме кең көлемдегі сеграгация 
туралы,  жаһандық  элита  мен  əртүрлі  елдер  халықтарының  арасында  қашықтықтың  орнауы  жəне  оның 
өсуін  анықтау  жөнінде  болып  отыр.  Бұл  туралы  Дж.Сорж  былай  деп  жазған:  «Жаһандық  капиталистік 
жүйе  əлем  елдерін  тең  емес  жағдайға  қойды.  Байлар  мен  кедейлердің  арасындағы  шыңырау  кеңейіп 
барады. Ал жеңілгендерге ешқандай үміт пен ешбір қолдау бермейтін жүйе, оларды деструктивтік əрекет-
тер жасауға итермелейді, сондықтан ол іштен зиян келтіру тəуекеліне барады» [4]. 
Жаһандану,  оны  қалай  деп  бағаласақ  та,  қазіргі  өмір  сүру  фактісі  екенін  мойындау  қажет. 
С.Сильвестров  жаһандану  «қайтымсыз  үдеріс,  əлемдік  дамудың  болмай  қоймайтын  заңды  жағдайы, 
жаһанданудың жаманы немесе жақсысы болмайды» [5] – деп атап көрсетті. 
Сайып келгенде жаһандану ұғымы өте көп жақты түсінік. Əлеуметтік ғылымдар үшін оның құндылы-
ғы əлемді бір тұтастыққа – жаһандық жүйеге айналдыратын үдерістерге көңіл аударатындығында жатыр. 
Жаһандануды зерттеу жалпы əлеуметтік-ғылыми мойындаудың шартты талдау бірліктері мен деңгейлері-
индивидуалды, локалды, социеталді, ұлттық жəне халықаралық-əлеуметтік практика мен ұйымның жеке 
салалары емес, керісінше олардың барған сайын жинақталуы мен шырмалулары. Осы мойындауда жаһан-
дану феноменін терең түсіну жатыр.  
 
1
 
Актуальные вопросы глобализации. // Мировая экономика и международные отношения. 1999. - №4, 5. 
2
 
Азроянц Э.А. Глобализация как научная проблема // Полигнозис. 2000. - №4. - с. 106.  
3
 
Сильвестров  С.  Глобальная  модернизация:  последствия  для  человека  и  общества  //  Общество  и  экономика. 
2000. - №5-6. - С. 2247 
4
 
Сорж Дж. Открытое общество. Реформируя глобальный капитализм. – М., 2001. - с. 20-21. 
5
 
Сильвестров  С.  Глобальная  модернизация:  последствия  для  человека  и  общества  //  Общество  и  экономика. 
2000. - №5-6. - С. 223. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
72 
Резюме 
Исследование  глобализацию как общую  социальную  проблему,  и  признавать ее,  лежит в глубоком  понимании 
феномена глобализации. Если взять микросоциолгию и условное различие уровня анализа между макросоциологией
и деятельность человеческой жизни не рассматривается приоритетным, только в этом случае динамика глобализации 
подлежит исследованию. Но, часто встречается на практике смотреть на феномен глобализации одномерно. Неверно, 
считать, одной особенностью конца ХХ века, что глобализация состоит из объема, масштаба и глубины. На сегод-
няшний день глобализация имея информационный и культурный характер, теряет свою роль социальных действий. 
Границы между обществом, культурой и индивидами постепенно исчезают. Если в некоторых государствах, благо-
даря  глобализации,  увеличивается сила государства,  то  в  других государствах она является ослабевающим  факто-
ром. Глобальная капиталистическая система поставила перед странами мира нелегкую задачу, и показала их нерав-
ными. Разрыв между богатыми и бедными расскрывается с каждым днем. 
Ключевые  слова:  глобализация,  локализация,  факторы,  динамика  глобализации,  индивид,  государства,  элита, 
культура глобализации 
 
Summary 
Research  globalization  as  social  problem  comes  from  understanding  of  the  phenomenon  of  globalization.  However  in 
practice  globalization  is  examined  only  in  one  of  variants.To  date  globalization  carries  informative  and  cultural  character, 
losing character of social actions. At the same time, borders are presently lost between public, culture and individuals. Due to 
the process of globalization of force and power of some states spinups, and in other countries he is examined as a braking 
factor.  To  date,  with  the  globalization  of  information  and  cultural  nature,  losing  its  role  of  social  action.  The  boundaries 
between society, culture and individuals are gradually disappearing. While in some countries, due to globalization, increased 
power of the state, while in other countries it is sagging factor. The global capitalist system is put in front of the world no easy 
task, and showed them unequal. The gap between the rich and the poor opens up every day. 
Keywords: globalization, localization, factors, dynamics of globalization, individual, states, elite, culture of globalization 
 
УДК 323.172:321.7(574) 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТАЛЫҚСЫЗДАНДЫРУ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ 
МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУ КЕЗЕҢІ ІСПЕТТІ 
 
Г.И. Досмағамбетова –  Р Президентіні  жанындағы Мемлекеттік бас;ару академиясыны  
«Мемлекетті  саяси стратегиясы» кафедрасыны  профессор м.а, саяси ғылымдарыны  кандидаты 
 
Мақалада  орталықсыздандыру  процесі  қоғамды  демократизациялауға  ықпал  ететіні,  əсіресе  Қазақстан  тəрізді 
заманауи мемлекет үшін өзекті болып табылатыны дəлелденген. Аталған саяси процесті жəне оған тікелей қатысы 
бар басқа да шараларды іске асыру мемлекеттік функцияларды оңтайландыруға жəне тиімді бөлуге, барлық деңгей-
дегі  мемлекеттік  биліктің  тұрақты  жұмыс  істеуін  қамтамасыз  ететін  бюджетаралық  қатынастардың  рационалды 
үлгісін құруға ықпал етеді.  
Тұрғындарды қоғамдық басқару мəселелерін шешуге тарту – негізгі мақсаттан басқа орталықсыздандыру мəселе-
сі де өмір сүру деңгейінің сапасын арттыру жəне қоғамдық құрылым жүйесінің жекелеген элементтерінің əлеуетін 
дамыту мақсатына ие болып отыр.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет