«Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата09.03.2017
өлшемі1,9 Mb.
#8608
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

Түйіндеме 
Мақалада Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің (Сингапур, Малайзия жəне Тайланд елдерінің мысалында) модерниза-
ция тəжірибесі мен мемлекеттердің даму моделіне сараптама жасай отырып, мемлекет өз даму стратегиясын таңдау-
да.  Шикізатты  экспорттау  моделін  қолдана  отырып,  Қазақстан  Республикасының  стратегиясын  сараптай  келе, 
мұнай-газ жəне металлургия саласының рөлі айқын көрінеді. Бүгінгі таңда, Қазақстан Республикасының модерниза-
циялау үрдісінде мұнай-газ саласының маңызы өте зор. Қазақстан Республикасы өзін энергетикалық секторы қалып-
тасып  келе  жатқан  мемлекет  ретінде  сондай  ақ  жалпы  мемлекет  халқының  əл  ауқатының  дамуы  мен  өсуі  ретінде 
қарастырады.  Қазіргі  таңда  шикізатты  экспорттауға  биімделген  бірден-бір  моделі  болып  табылады.  Өйткені 
аталмыш модель 15-20 жыл бойы өз орнын тауып басты рөль атқаратын моделге айналды. Сондай ақ, бұл моделдің 
ерекшелігі пайдалы қазбаларды өндіру жəне сату болып табылады. Қазақстанда ғылыми жəне техникалық потенци-
алға  ие  бола  отырып,  осыған  байланысты  іс  шараларды  іске  асыра  отырып  эксортқа  биімделген  инновациялық 
моделге көшу ретінде қарастыруға болады. 
Тірек сөздер: шикізат экспорт қалыбы, көмірсутектің шикізаты, антидемпинговые тарифтер, өнім, шоғырлану. 
 
Summary 
This  article  analyzes  the  experience  of  modernization  and  growth  patterns  of  Southeast  Asia  (Singapore,  Malaysia  and 
Thailand),  where  the  government  chooses  the  strategy  development.  Analyzes  the  strategy  of  the  Republic  of  Kazakhstan, 
which uses export oriented resource model, where the leading role is played by the oil and gas sector and metallurgy. Today, 
the  oil  and  gas  sector  plays  a  crucial  role  in  the  process  of  modernization  of  the  Republic  of  Kazakhstan.  Republic  of 
Kazakhstan has positioned itself as a country where the energy sector is an important element of the economic welfare of the 
population and the rapid  growth of the  welfare of the country as a  whole.  Currently,  the  most accepted  is export-oriented, 
resource model that within 15-20 years will play a dominant role in this model it is important to develop and sale extracted 
natural  resources.  Kazakhstan  gained  sufficient  scientific  and  technical  potential,  which  is  likely  due  to  the  transition  to 
export-oriented innovation model. 
Keywords: eksportnoorietirovanno-resource model, the hydrocarbon feedstock, anti-dumping tariffs, high-tech products, 
integration 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
64 
САЯСИ ТАРИХ 
ПОЛИТИЧЕСКАЯ ИСТОРИЯ 
 
ƏӨЖ: 381(524) 
 
Н.Ə. НАЗАРБАЕВТЫҢ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯСЫ ЖƏНЕ ОНЫҢ ƏЛЕМДІК ДАМУ 
ТАРИХЫНДА ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ 
 
Р.Т. Байгондин – Л.Н. Гумилев атындағы Е У-ні  Ph.d докторанты 
 
Мақалада  автор  ҚР  Республикасының  Президенті  Н.Ə.  Назарбаевтың  елімідің  тəуелсіздік  алғаннан  кейінгі 
жылдар аралығында көтерген интеграциялық идеяларын іске асыруға бар күшін салып, соған байланысты «Еуразия-
лық  одақ:  идеядан  болашаққа»  атты  мақаласында  өзінің  негізгі  төрт  ұстанымды  бөліп  көрсеткендігіне  тоқталады. 
Яғни, мұнда Елбасы мəдени жəне өркениеттілік факторлардың маңызын теріске шығармай-ақ экономикалық прагма-
тизм  негізіндегі  интеграцияны  құруды ұсынғанын  баян етеді. 2014  жылға дейін  Н.Ə.  Назарбаевтың  бастамасымен 
жəне басшылығымен Еуразия кеңістігінде экономикалық интеграциялық үдерістер жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, 
өз  жемісті  нəтижесін  беріп  үлгерді.  Елбасы  2014  жылғы  дəрісінде  Еуразиялық  экономикалық  одақ  алдында  жаңа 
белестерден асуды мақсат етіп отыр. Оның пікірінше, абстрактілі геосаяси идеялар мен ұрандар емес, экономикалық 
мүдделер интеграциялық үдерістердің басты қозғаушысы болмақ. Сондықтан болашақ Еуразиялық Одақтың бастап-
қы  негізі – Біртұтас экономикалық  кеңістік біздің  халықтарымыздың  бірлесе табысты дамуының ауқымды ареалы 
ретінде көрініс табатындығы туралы айтылады.. 
Тірек сөздер: Елбасы, интеграция, идея, Еуразиялық Одақ, геосаяси, экономика, стратегия  
 
М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университеті қабырғасында əлем назарына ұсынылған 
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  еуразиялық  стратегиясы  1994-2014  жылдар  аралығында  жүйелі  түрде  дами 
отырып, тиімді қызмет атқарып келе жатқан ЕурАзЭҚ, Кедендік одақ жəне Біртұтас экономикалық кеңіс-
тік сияқты құрылымдар интеграциялық структуралар түрінде іске асырылды.  
Мемлекеттік қайраткер ретінде Н.Назарбаевтың аса маңызды қырларының бірі оның бірнеше қадамды 
алдын ала ойлайтындығы жəне халықаралық дамудағы негізгі бағыттардың өзгерісін болжап, қорытынды 
шығаратындығында. Президент аймақтық интеграцияны жаһандық қауіп-қатерге бірігіп қарсы тұрудағы 
тиімді əрі жүзеге асыруға болатын əдіс ретінде қарастырды. Ол Қазақстанның посткеңестік кеңістіктегі 
əріптестерінің  назарын  əлемдік  саяси  жəне  экономикалық  интеграцияның  мемлекеттілік  деңгейден 
аймақтыққа өзгеріп жатқан үрдісіне аударды. Осылайша, интеграцияға дайын емес елдер əлемдік тарих-
тың бір шетінде қалып қою қатерінде тұрды.  
1994 жылдың наурыз айында Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекеттердің еуразиялық одағын құру туралы 
ұсынысын  білдірген  болатын.  Президентіміз  20  жыл  бұрынғы  сөзінде:  «ТМД-ның  болашақтағы  дамуы 
жайлы ойыммен бөліскім келеді. Өкінішке орай, ТМД бүгінгі таңда құрамындағы мемлекеттердің, біздің 
халықтарымызға  қажетті,  интеграциясын  қамтамасыз  ете  алмай  отыр.  Достастықтың  құрылғанынан 
бастап  оның  мүшелері  жақындасудың  орнына  бір-бірінен  одан  ары  алшақтап  барады».  Елбасымыздың 
пікірінше, Достастық мүшелерінің қарым-қатынастың жаңа сапалық дегейіне өту уақыты келген болатын. 
Бұл  қарым-қатынас  «теңқұқықтық  жəне  еріктілік  ұстанымдарына  негізделген  жаңа  мемлекетаралық 
бірлестік».  «Осындай  бірлестіктің  қызметі  екі  негізгі  мəселені  шешуге  бағытталған,  яғни,  Біртұстас 
экономикалық  кеңістікті  жəне  біріккен  қорғаныс  саясатын  қамтамасыз  ететін,  Еуразиялық  одақ  атқара 
алуы мүмкін». 
Посткеңестік  кеңістіктегі  мемлекетаралық  қарым-қатынастар  еуразиялық  идеяның  қажеттілігіне  көз 
жеткізді.  2000  жылы  10  қазанда  Қазақстан,  Ресей,  Беларусия,  Қырғызстан  жəне  Тəжікстан  бүгінде  өте 
тиімді жəне пайдалы экономикалық интеграциялық жобаға айналған Еуразиялық экономикалық одақтың 
негізін қалаған болатын.  
Дегенмен, Еуразиялық Одақ жобасы 2010 жылға дейін тек қағаз жүзінде қалып келді. 2010 ж. желтоқ-
сандағы  Еуразиялық  экономикалық  қауымдастықтың  отырысы,  одан  кейін  2011  ж.  Н.Назарбаевтың 
"Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тарихына", Ресейдің сол кездегі премьер-министрі В.В. Путиннің 
"Еуразия  үшін  жаңа  интеграциялық  жоба  –  бүгіннен  басталатын  болашақ",  Беларусия  президенті 
А.Лукашенконың "Біздің интеграцияның тағдыры туралы" атты мақалалары Еуразиялық одақ жобасына 
жаңа серпін берді. 
Қазіргі  уақытта  тұрақты  əрі  əділетті  əлемдік  тəртіпті  орнатудың  басты  құралына  экономикалық 
интеграция  айналып  отыр.  Əлемді  түбірімен  өзгеріске  ұшыратып  отырған  алмасулар  "экономикалық 
білімге" ауысуға жаңаша бірегей мүмкіндіктер жасап, үздік технологиялардың таралуына жəне иннова-

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
65 
циялық дамудың əлеуетін ұтымды пайдалануға жағдай қалыптастырады. Посткеңестік кеңістіктегі қазіргі 
күнгі  интеграциялық  құрылымдар  еуразия  халықтарының  сан  ғасырлық  көршілік  дəстүрлер  мен  өзара 
сыйластыққа  негіз  артады.  Қалай  дегенмен  де,  қазіргі  еуразиялық  интеграциялық  идея,  бұл  –  іргелес 
елдердің экономикалық қарым-қатынасын одан ары кеңейтуге арналған "практикалық нұсқаулық" болып 
табылады.  
Еуразиялық мемлекеттер интеграциясының басты мақсаты ретінде аймақтың тұрақтылығы мен қауіп-
сіздігін нығайту жəне əлеуметтік-экономикалық модернизация жүргізу аталды. Бүгінгі Еуразиялық эконо-
микалық қауымдастық, Кедендік одақ, Біртұтас экономикалық кеңістік тəрізді интеграциялық құрылым-
дар – Еуразиялық жобаны жүзеге асырушы негізгі құралдар болып саналады [1]. 
1995-2000 жылдардың аралығында посткеңестік кеңістіктегі барлық маңызды интеграциялық бас-
тамалар Қазақстан тарапынан, дəлірек айтсақ, ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаевтан шығып отырды.1994 
жылғы ұсыныстан кейін Кедендік одақ құрыла бастады, 1996 жылы оның құрамына 3 мемлекет кірді. 
2013  жылы  Астандағы  кездесу  кезінде  РФ  Президенті  В.Путин.  Назарбаевтың  бастамасына  байла-
нысты былай баға берген еді: «Сіз, негізінен алып қарағанда, Кедендік одақтың негізін қалаушысыз, 
бұл  сіздің  ойыңыз  еді,  ал  біз  оны  біртіндеп  дамытудамыз.  Бұл  посткеңестік  кеңістіктегі  өте  үлкен 
қадам болғандығын атап өтуім керек» [2]. 
Кедендік  одақтың  құрылғанынан  кейін  2010  жылы  ЕурАЗЭҚ-дың  Мəскеуде  өткен  саммитінде 
Беларусия, Қазақстан жəне Ресей БЭК негізінде Еуразиялық одақ құру шешімін қабылдаған болатын. 
2012  жылдың  1  қаңтарынан  бастап  Кедендік  одаққа  мүше  мемлекеттер  территориясында  Біртұстас 
экономикалық кеңістік құрылады. БЭК-тың интеграциялық келісімдері толығымен 2012 жылдың шілдесі-
нен бастап іске қосылады. БЭК құрудың мақсаты мүше мемлекеттердің экономикаларының тұрақты жəне 
тиімді дамуына жəне тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеруге жағдай жасау болатын [3]. 
Елбасымыз  Еуразиялық  экономикалық  одақтың  құрылуының  əр  сатысын  анықтап,  оған  қалай  жету 
жолдарын айқындап берген. Еуразиялық экономикалық интеграция үдерісі сатылы түрде өз уақытымен 
жүргізілуі қажет: ЕурАЗЭҚ-тен Кедендік одаққа, одан кейін Біртұтас экономикалық кеңістік, жəне соңғы 
кезең Еуразиялық экономикалық одақтың құрылуы [4].  
Н.Ə.  Назарбаевтың  сатылы  түрде  əрекет  етуді  баса  айта  отырып,  Еуразиялық  экономикалық 
одақтың құрылуы жайлы ЕЭК «барлықтарыз үшін толығымен тəуелсіз жəне таза болғанда» ғана айта 
аламыз деп айтқан [5]. 
Елбасымыз  осы  жылдар  аралығында  көтерген  интеграциялық  идеяларын  іске  асыруға  бар  күшін 
салып келеді. «Еуразиялық одақ: идеядан болашаққа» мақаласында Елбасы негізгі төрт ұстанымды бөліп 
көрсеткен: Біріншіден, мəдени жəне өркениеттілік факторлардың маңызын теріске шығармай-ақ, мен ең 
алдымен,  экономикалық  прагматизм  негізіндегі  интеграцияны  құруды  ұсындым.  Абстрактілі  геосаяси 
идеялар  мен  ұрандар  емес,  экономикалық  мүдделер  интеграциялық  үдерістердің  басты  қозғаушысы 
болмақ.  Сондықтан  болашақ  Еуразиялық  Одақтың  бастапқы  негізі  –  Біртұтас  экономикалық  кеңістік 
біздің халықтарымыздың бірлесе табысты дамуының ауқымды ареалы ретінде болмақ. 
Екіншіден,  мен  əрқашанда  ерікті  интеграцияны  жақтаушы  болып  келдім  жəне  болып  қала  беремін. 
Əрбір мемлекет пен қоғам жаһанданушы əлемде өзіндік болмысқа шексіз бас ұра берушіліктің жəне өз 
шекараларында тұйықталып қалудың мағынасы жоқ екендігін түсінуге дербес келуі тиіс. 
Халық пен елдің мүдделерін басшылыққа алған ерікті интеграция – өркендеудің ең қысқа жолы 
да осы. 
Үшіншіден, Еуразиялық Одақты мен əу бастан-ақ мемлекеттердің теңдік, бір-бірінің ішкі ісіне аралас-
паушылық,  егемендік  пен  мемлекеттік  шекаралардың  қол  сұғылмастығын  құрметтеу  қағидаттары 
негізіндегі бірлестік ретінде көрдім. 
Төртіншіден,  мен  Еуразиялық  Одақтың  əрбір  мүше  елдің  мүдделерін  ескеретін,  нақты  да  шынайы 
өкілеттіктерге ие, консенсус негізінде іс-қимылдар жасайтын ұлтүстілік органын құруды ұсындым. Бірақ 
бұл саяси егемендікті беру дегенді тіптен де қарастырмайды. Бұл аксиома. Негізінен интеграция бойынша 
əріптестердің теңдігі алынған Еуразиялық Одақ құрудың табысты тəжірибесі дəл осындай болатын [6]. 
2006  жылдың  26  мамырында  Л.Н.  Гумилев  атындағы  ЕҰУ-де  «Экономика  біліміне  инновация  жəне 
ғылым арқылы» атты өзінің дəрісінде Елбасы Н.Ə. Назарбаев былай деді: «Еуразиялық идея теория секіл-
ді өткен ғасырда туды. Бірақ, еуразиялық идея тəжірибе жүзінде осы ғасырда жүзеге асады. Еуразияшыл-
дық  –  ХХ  ғасырдың  басты  идеялардың  бірі.  Мұны  өздеріңіз  түсініп,  көретін  боласыздар.  Еуразиялық 
идеяның  Қазақстан  инициативасы  негізінде  орындалған  үш  басты  көрінісі  –  ЕурАзЭҚ,  АӨСШК  жəне 
ШЫҰ. Жəне бұл үш ұйым мызғымас Орталық, Біріккен Еуразиялық Идеяның тəжірибелік келбеті» [7]. 
Елбасының аймақтағы экономикалық интеграция идеялары мен оның іске асырылуы өзінің жемісін де 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
66 
беріп үлгірді. Экономикаға келген пайдасын цифлармен келтірсек. Еуразиялық экономикалық қауымдас-
тық  бұл  –  əлемдегі  ең  ірі  территорияда  орналасқан  (қоныстануға  жарамды  жердің  15%),  минералды-
шикізат базасы өте жоғары жəне экономикалық əлеуеті айтарлықтай ірі аймақтық нарық (ш.а. 181 млн. 
тұтынушы)  болып  табылады.  ТМД-ның  статистикалық  комитетінің  мəліметтеріне  қарағанда  оның 
əлемдік ішкі өнім бойынша 2010 ж. көрсеткіші 4,4% құраған. Қауымдастық дүние жүзі бойынша барлау 
жасалған  мұнайдың  8,5%,  табиғи  газдың  25%,  көмірдің  22%,  тұщы  су  мен  орман  алқабының  20% 
еншілейді. 
Еуразиялық экономикалық қауымдастық мүше елдердің шеңберінде еркін сауда жүйесін қамтамасыз 
етіп, нəтижесінде 2000 жылы 29 млрд болған сауда айналымы 2008 жылы 123 млрд. жетті, яғни 4 есе өсті. 
Бұл өз кезегінде экономикалық интеграцияның келесі сатысы – Кедендік одақтың қалыптасуына сенімді 
база  жəне  де  логикалық  негіздеме  жасады.  Осылайша  2007  жылы  қазан  айында  Қазақстан,  Беларусия 
жəне Ресейдің бірінші басшыларының Кедендік одақ құру туралы шешімдері келесі саты болып табылды. 
Бəріміз білетіндей, Кедендік одақ өзінің қызметін  2010 жылы 1 қаңтардан бастап, осы  уақыттан Ортақ 
кедендік тариф енгізілді. 2011 жылдың 1 шілдесінен шекарадағы кедендік бақылау толығымен алынып 
тасталып,  кедендік  бақылаудың  барлық  түрлері  Кедендік  одақтың  сыртқы  шекарасына  көшірілді. 
Осылайша,  Кедендік  одақ  ортақ  кедендік  территориясы,  біртұтас  тарифы  мен  Кедендік  кодексі  бар 
халықаралық стандарттар бойынша жүзеге асырылуда. 
Кедендік  одақтың  құрылуы  мүше-елдердің  ішкі  нарығында  сауда  мен  экономиканың  өркендеуіне, 
еркін бəсекелестіктің дамуы мен инновациялық белсенділіктің артуына қалыпты жағдай жасады. Кеден-
дік одақ мүшелерінің өзара сауда айналымы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 21% өсіп 88,4 млрд. 
құрады. 2011 жылы 110 млрд. асып түсті. Кеден одағы қазақстандық өндірісшілер үшін өткізу нарығының 
шекарасын  Бресттен  Владивостокқа  дейін  кеңейтті.  2011  жылы  біздің  экспорт  Ресейге  60  пайызға,  ал 
Беларусь мемлекетіне 2,3 еседен астамға өсті. 
Экономика  секторы,  бизнеспен  айналысушы  қауымдастық  жəне  Қазақстан,  Ресей  мен  Беларусия 
тұрғындары Кедендік одақтан пайда көріп отыр, олай дейтініміз аталғандардың барлығы үш ел арасында-
ғы өзара сауда қатынастарының  түрлі кедергілерден босатылған, ал Кедендік одақтың сыртқы шекара-
сында рəсімделген шет елдік тауарлар одақ территориясында біздің елдің тауарларымен еркін бəсекеде 
жүр. Бұлардың барлығы Кедендік одаққа қатысушы мемлекеттердің экономикалық секторындағы өндіріс 
орындарының  жұмысы  мен  дамуына,  атап  айтқанда,  біріккен  өндіріс  орындарын  құруға,  жаңа  жұмыс 
орындарын ашуға жəне  т.б. үлкен мүмкіндіктер береді. Бұл өз кезегінде  экономиканың инвестициялық 
тартымдылығы  мен  бəсекеге  қабілеттілігін  өсіруге  жағдай  тудырады.  Ресей  ғылым  академиясының 
Халық  шаруашылығын  болжау  институты  ғалымдарының  есептеуінше  Кедендік  одақ  пен  Бірыңғай 
экономикалық кеңістікті құру барысындағы "макроэкономикалық əсер" ішкі өнімнің бес жылдықта 5%, 
ал алдағы он жылдықта 10% өсуін қамтамасыз етеді [1]. 
Мемлекеттердің еуразиялық одағын құру идеясы бірауыздан «Нұрсұлтан Назарбаевтың жобасы» деп 
аталуда [8]. 
Сонымен қатар,  Н.Ə.  Назарбаев осы жылдар аралығында Орталық  Азиядағы интеграциялық үдеріс-
тердің  дамуына  ерекше  назар  аударып  келді.  Аймақтық  интеграция  –  бұл  тұрақтылыққа,  аймақтың 
дамуына, экономикалық жəне əскери-саяси тəуелсіздікке алып келетін төте жол. «Тек осы жағдайда ғана 
аймақты  əлем  сыйлайтын  болады.  Тек  осылай  ғана  біз  қауіпсіздікті  қамтамасыз  етіп,  терроризм  мен 
экстремизмге қарсы тиімді күрес жүргізе аламыз. Осындай бірігу, шындығына келгенде, біздің аймақта 
тұратын қарапайым халықтың мүддесіне сай келеді» - деп, Н.Ə. Назарбаев баса атады.  
2005 жылдың 18 ақпанында Елбасы Орталық Азия мемлекеттерінің одағын құру идеясын айт-
қан болатын [9]. 
Орталық Азия бүкіл əлемді қамтыған интеграциялық үдерістерден тыс қалмады. Орталық Азияда 
55 миллион халық тұрады. Осы халықтардадың арасында тілдік шектеу жоқ, мемлекеттер арасында-
ғы экономика, көліктік жəне энергетикалық байланыстар бір-бірін кеңейтуде. 2002 жылы құрамына 
Қазақстан,  Өзбекстан,  Тəжікстан  жəне  Қырғызстан  кіретін  Орталықазиялық  одақтың  құрылуының 
маңызы өте зор болды [10].  
ММУ  қабырғасында  оқыған  екінші  дəрісінде  Елбасымыз  Еуразиялық  экономикалық  одақтың  ХХІ 
ғасырдың  бірінші  жартысындағы  негізгі  мақсатының  2  тұсын  анық  атады.  Біріншіден,  ЕЭО  əлемнің 
негізгі  макрорегиондарының  біріне  айналуы  керек.  «Сарапшылардың  есептеуінше  үстіміздегі  ғасырда 
«экономикалық гравитацияның» əлемдік орталығы Шығысқа қарай, Азияға ығысады, соның ішінде біздің 
болашақ  экономикалық  одағымызға  қарай»  -  деп  топшалады  Н.Назарбаев.  Екіншіден,  еуразиялық 
интеграцияның басты міндеті оған мүше елдердің əлемнің ең дамыған елдерінің қатарына енуі. «Еуразия-

Абай атындағы  аз ПУ-ні  Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж. 
67 
лық  экономикалық  одақ  халықтар  мен  ұлттық  экономикалар  үшін  ауыртпалық  емес,  жемісті  болуы 
керек» - деп атап өтті Елбасымыз [2].  
Еуразиялық  экономикалық  қауымдастық  пен  Кедендік  одақты  құру  барысында  сол  кезеңдегі  өте 
тиімді  əрі  өзінің  алғашқы  міндеттерін  ақтаған  интеграциялық  құрылым  –  Еуропалық  құрылым  басшы-
лыққа алынды. Өзінің қарым-қатынас динамикасы мен стратегиялық даму бағыттары бойынша Еуразия-
лық  экономикалық  қауымдастық  Еуропалық  одақтың  үлгісін  елестеткенімен,  бірақ  ол  посткеңестік 
елдердегі макроэкономикалық үдерістердің ерекшелігі мен дамуына бейімделген құрылым. 
Еске  сала  кететін  жайт  Еуропалық  Одақтың  бастаулары  1950  жылдардың  басына  барады.  Оның 
жекелеген элементтері Еуропалық көмір мен болатты біріктіру келісімінде (1951) жəне атомдық энергия-
ның Еуропалық қауымдастығы келісімінде (1957) қарастырылды. Ал Еуропалық одақты құрудағы жаңа 
кезең 1957 ж. Римде еуропалық экономикалық қауымдастық келісім шартына қол қойғаннан кейін бастал-
ды. Осылайша еуропа елдері арасында кедендік одақты құруға 11 жыл, бірыңғай ішкі нарықты қалыптас-
тыруға  34  жыл,  экономикалық  жəне  валюталық  одақты  құруға  43  жыл  кетті.  Ал  Қазақстан,  Беларусия 
жəне  Ресей  бұл  бағыттыөте  қарқынды  қадамдармен  аттап  келеді:  Еуразиялық  қауымдастықты  құрудан 
Кедендік одақтың жұмыс істеуіне дейін 10 жыл, ал Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жүзеге асуына 12 
жыл  кетті.  Еуразиялық  қауымдастықтың  Кеден  одағын  құрудың  толық  аяқталуын  күтпестен,  үш  елдің 
басшылары 2009 жылдың 19 желтоқсанында Алматыда өткен бейресми саммитте Бірыңғай экономика-
лық кеңістікті қалыптастырудың жоспарын жасады. 
Мемлекет басшыларының саяси күш-жігерінің арқасында, үкіметтердің жіті қызметінің нəтижесінде 
Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құқықтық базасын құрудағы күрделі міндеттер қысқа мерзім ішінде 
орындалды (алғашында жоспарланғандай екі жыл емес, бір жылда жүзеге асты). 2010 жылдың желтоқса-
ны  қарсаңында  Бірыңғай  экономикалық  кеңістікті  қалыптастырушы  негізгі  17  келісім  қабылданды. 
Бірыңғай  экономикалық  кеңістіктің  құқықтық  негізін  қалыптастырушы  келісімдерді  6  топқа  жіктеуге 
болады: өзара келісілген экономикалық саясат жүргізу; қызмет көрсетудің ортақ нарығын қалыптастыру; 
капиталдың ортақ нарығын құру жəне өзара келісілген валюта саясатын жүргізу; еңбек ресурстарының 
ортақ нарығын құру; ортақ энергетикалық нарық қалыптастыру жəне энергетика мен көлік саласындағы 
табиғи монополиялардың қызметіне қол жетімділік; техникалық реттеу. 
Бірыңғай  экономикалық  кеңістікті  құру  –  бұл  ең  алдымен  еркін  бəсекелестікті  дамыту  мен  жалпы 
кеңістіктегі инновациялық белсенділікті күшейту мүмкіндігі болып табылады [1].  
«Еуразиялық  одақ  идеясынан  –  еуразиялық  интеграцияның  кемелденген  көкжиегіне»  атты 
Н.Назарбаевтың  дəрісінде  еуразиялық  интеграцияның  потенциалы  өте  жоғары  екенін  ашық  айтты.  Тек 
үш мүше мемлекеттің ортақ экономикасының көлемі 2,2 трлн долл. құрайды. Елбасы өз сөзінде: «Жақын-
даған үшінші жаһандық индустриалды революция қарсаңында Еуразиялық интеграция ортақ стратегия-
лық  артықшылықты  қамтамасыз  етеді.  Қазіргі  əлемдік  тұрақсыздық  тек  экономиканың  ғана  емес, 
сонымен  қатар  халықаралық  құқықтың,  əлемдік  саясаттың  да  дағдарысы»  деп  атап  өтті.  Мемлекет 
басшысы бірлестіктің мақсаты мемлекеттеріміздің бəсекеге қабілеттігін арттыру екенін жəне ол экономи-
калық саладан шықпайтынын атап көрсетті. Еуразиялық экономикалық одақ туралы айтқанда сарапшы-
лар мен саясаткерлердің кейбірі əлемдік қоғамдық пікірге Кеңестер одағының мифтік «қайта тірілетінін» 
айтып, үрей салады. Бұл жөніндегі пайымдарды шындықтан алыс əрі негізсіз деп есептеймін. Біріншіден, 
бүгінде  кеңестік  үлгімен  қайта  ықпалдасу  үшін  институционалдық  база  жоқ.  Екіншіден,  посткеңестік 
кеңістіктегі халықтар өздерінің дербес мемлекеттерін құрды. Үшіншіден, қазіргі меншік жүйесі, əлеумет-
тік құрылым жəне қоғамдарымыздың экономикалық қалыбы кеңестік ескіліктен əлдеқайда алға озып кет-
ті. Бұл тұста біз Ресей жəне Беларус басшылығымен бір пікірдеміз, – деп атап өтті Қазақстан Президенті. 
2014 жылға дейін Н.Ə. Назарбаевтың бастамасымен жəне басшылығымен Еуразия кеңістігінде эконо-
микалық интеграциялық үдерістер жаңа сапалық деңгейге көтеріліп, өз жемісті нəтижесін беріп үлгерді. 
Елбасы 2014 жылғы дəрісінде Еуразиялық экономикалық одақ алдында жаңа белестерден асуды мақсат 
етіп отыр. Елбасының сөзімен келтіретін болсақ, Еуразялық экономикалық одақтың болашағы айқындал-
ды:  «Еуразиялық  экономикалық  одақ  аясындағы  біздің  əріптестерге  2050  жылға  қарай  əлемнің  300 
бірлестіктерінің ішінде ең мықты интеграциялық ұйымдардың үштігіне ену мақсатын қоюды ұсынамын. 
Қазірдің өзінде мен мұндай ықпалдастықтың тек үш-төртеуін көріп отырмын. Бізге де неге талпынбас-
қа?»  Ресей  экономикасының  рөлі  өте  маңызды.  Сондықтан  біздің  бірлестіктің  дамуы  экономикалық 
прагматизм, жауапкершілік, эволюциялық, ашықтық шеңберінде жүргізілуі тиіс» [11]. 
 
1
 
Мансуров Т. Евразийский проект Нурсултана Назарбаева, воплощенный в жизнь // http://www.nomad.su/?a=3-
201112070036. 
2
 
Евразийскому  союзу  нет  альтернативы  //  http://www.russianskz.info/frontpage/print:page,1,5610-evraziyskomu-
soyuzu-net-alternativy-nazarbaev-modificiruet-integracionnyy-proekt-rossii-kazahstana-i-belorussii.html. 

Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г. 
68 
3
 
Ауанасова  А.М.,  Сулейменов  А.М.  Евразийские  интеграционные  инициативы  Нурсултана  Назарбаева  // 
Евразийский юридический журнал. – 2013. – №5(60).  
4
 
Султанов Б.К., Додонов В.Ю. Таможенный союз, Единое экономическое пространство: мифы и действитель-
ность // Таможенный союз и Единое экономическое пространство: проблемы экономической интеграции. Сборник 
научных трудов / Под общ. ред. Б.К. Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2012. – 176 с. 
5
 
Назарбаев Н.А. Выступление на встрече с главами зарубежных дипломатических миссий, аккредитованных в 
Казахстане. - Астана, 2.03.2012 // www.akorda.kz.ru. 
6
 
НазарбаевН.G. Еуразиялы; ода;: идеядан болаша;ты  тарихына // А;и;ат. – 2011. – 30 ;араша. 
7
 
Мырзатаев  Е. .  Президент  Н.  Назарбаевты   еуразиялы;  идеясы  жəне  оны   дамуы  //  http://e-
history.kz/kz/contents/view/1002 
8
 
Спицын А.Т., Инициативы Н.А. Назарбаева и глобальные стратегии модернизации экономики / А.Т. Спицын. – 
М.: Экономика, 2012. - 114 с. 
9
 
Ауанасова 
А.М. 
Евразийские 
интеграционные 
инициативы 
Нурсултана 
Назарбаева 
// 
http://e-
history.kz/ru/expert/view/30. 
10
 
Дашзэвэг  Б.  Интеграционные  идеи  президента  РК  Н.А.  Назарбаева  //  Вестник  КазНУ,  Международные 
отношения – 2011. – №1-2. 
11
 
Назарбаев Н.G. Еуразиялы; ода; идеясынан – еуразиялы; интеграцияны  кемелденген к9кжиегіне // Егемен 
аза;стан. – 2014. – 29 сəуір. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет