Тірек сөздер: Ұлттық мұрағат, архив іс, дипломатия, көпвекторлық саясат, архив құжаттар, халықаралық конфе-
ренция, ұлттық қор, мəдениетті мұра, ынтымақтастық, болашақтар
Summary
The national archive of РК contains a vast historical base. In the funds of the «National archive of РК», located in the
capital of our state Astana, documents and materials of modern scientific researches are collected and systematized on ancient,
medieval, new and newest history of Kazakhstan within the framework of the government program "Cultural heritage". In
addition active public and diplomatic activity is included in the sphere of the National archive. Annually Archive conducts
international conferences, round, seminars, meeting and conversations table with the representatives of different countries of
foreignness within the framework of realization of multivectorial politics of the state.
Therefore in a modern period the National archive of РК because of the multifunctionness purchased the special position
among public institutions of country. He executes cultural and educational, scientific, social, historical and foreign-policy
functions and the same is one of basic sources of modern internal and external processes in Kazakhstan.
Keywords: National archive, archived business, diplomacy, multivectorial politics, archived documents, international
conference, national fund, Cultural heritage, collaboration, prospects
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г.
48
ЖАЛПЫ ТАРИХ
ВСЕОБЩАЯ ИСТОРИЯ
УДК 327.821 (574)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖƏНЕ ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ АРАСЫНДАҒЫ
ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Л. Ж. Абжапарова – Абылай хан атындағы аза; халы;аралы; ;атынастар жəне əлем тілдері
университеті, халы;аралы; ;атынастар мамандығыны PhD докторанты
Аталмыш мақала Қазақстан Республикасы жəне Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарға
арналған.Түркия мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастырының жиырма жылдық
мерзімі ішінде қазақ-түрік қарым-қатынастары ынтымақтастықтың алуан түрлі кезеңдерінен стратегиялық əріптестік
деңгейіне жетті. Екі мемлекет те халықаралық аренада бейбітшіл саясатты жүргізеді. Сонымен қатар екі мемлекеттің
де жаһандық жəне аймақтық мəселелерге деген əдістемесі негізінен дəлме-дəл келеді.
Түркияның сыртқы саясатында Орталық Азия аймағы негізгі маңызды аймақ деп белгіленген. Бұл аймаққа жиі іс-
сапарлармен келетін делегациялардан да байқалады. Олардың мақсаты көбінесе экономикалық жəне техникалық
ынтымақтастық болса, тағы бір жағынан орталық-азиялық аймақ мемлекеттерімен мəдени байланысты одан əрі
дамыту болып табылады. Жəне де делегациялардың келуіне түрік тарапы аса сондай саяси сипат беретіні бірден
көрінеді. Көбіне максималды түрде нақты экономикалық бағдарламаларға негізделгендігін ұйғарады жəне бұл
акценттің қарапайым халыққа сезілуін артық көреді. Түркия үкіметі Орталық Аймағының жергілікті энергия қайнар
көздерін пайдаланып, техникалық ынтымақтастық саласын одан əрі бекіту мақсаты бар.
Мақалада автор қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы жəне Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық
қатынастарға тоқталып, екі елдің бейбітшіл саясатына тоқталған.
Тірек сөздер: Қазақстан Республикасы, Түркия Республикасы, дипломатиялық қатынастар, сыртқы саясат,
халықаралық арена
ХХІ ғасыр басы – екі ел арасындағы саяси жəне экономикалық, қоғамдық жəне əлеуметтік қарым-
қатынастардың жаңакезеңі басталғаынның куəсі. Оған дəлел, Түркия Н.Назарбаевтың түркітілдес елдер
Парламенттік Ассамблеясын құру жөніндегі бастамасын қолдайды. Бүгінде екіжақты ынтымақтастық
саясат, сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық сала-ларда дамуда. Жаһандасу көшінде өзіндік келбе-
ті мен кемелін сақтағасы келетін ұлттық құндылықтар да құндылығымен даралануда. Сонымен, қазір
біздің өркениетті əлемімізде Батыстың Шығысқа ұмтылуы басым келуде. Бұны Батыс елдерінің Шығыс-
тық мəдениет пен өмірлік философиясына, өнері мен тұрмысына бет бұруынан аңғаруға болады. Бұл
заңды да құбылыс. Бірақ бұл үдеріс біржақты емес. Оның екіжақты да қайтарымы бар жəне болатын
үдеріс. Əрине, шығыстық жəне батыстық, керісінше батыстық жəне шығыстық өркениет өзара ықпалда-
сып, бірін-бірі өркендетуінің өзі осы жаһандық ғаламды ортақтандыра түссе керек. Өйткені бұлай деуіміз-
ге, зерттеушілердің пайымдауынша, «Адамзаттың тұрақтылығы екі түрлі бастаулардың – Шығыс пен
Батыстың бірін бірі толықтырылуына негізделеді», - деуі себеп [1].
Қазақстан Республикасы жəне Түркия Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992
жылғы 2 наурызда орнатылды. Екі халықтың көптеген өңірлік жəне халықаралық мəселелер, энергетика-
лық қауіпсіздік пен экономикалық өзара іс-қимыл бойынша Астана мен Анкара мүдделерінің сəйкестігіне
негізделген Қазақстан-Түркия қатынастарының даму қарқыны екі мемлекет ынтымақтастығының страте-
гиялық сипатын көрсетеді. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2003 жылғы Түркияға жасаған ресми сапары-
нан бастап жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу тұрақты өтуде. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2009
жылғы 21-23 қазанда Түркияға жасаған ресми сапары екіжақты қатынастардың дамуына айтарлықтай
серпін берді. Сапар бағдарламасының саяси бөлігінің өзекті тармағы – алғашқы рет қол қойылған
Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық əріптестік туралы шарт болып табылды.
“Түркі өркениеті, оның мəңгі өшпестей болып, тура мың жарым жылға жуық уақыт бұрын Еуразия
құрлығының төсінде бедерленген көне жазбалары – жалпы адамзат өркениетінің үлкен қазынасы…”, -
деп толғануы көп ойларды аңғартса керек [2].
2010 жылғы 23-26 мамырда ТР Президенті А.Гүлдің Қазақстанға ресми сапары ұйымдастырылды. Екі
ел президенттерінің кездесулері Астана күнін (2010 жылғы 6 шілде) тойлау, АӨСШК-нің III Саммиті
(2010 жылғы 7 маусым, Стамбұл) жəне Түркітілдес мемлекеттер басшыларының X Саммиті (2010 жылғы
16 қыркүйек, Стамбұл) аясында жалғасты. ТР Президенті А.Гүл 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда Астанада
өткен ЕҚЫҰ Саммитіне қатысты. 2011 жылғы 2-4 тамызда ҚР Сыртқы істер министрі Е.Қазыхановтың
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж.
49
Түркияға ресми сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында Е.Қазыханов ТР Президенті А.Гүлдің жəне
ТҰҰЖ төрағасы Ж.Чичектің қабылдауында болды, сондай-ақ ТР Сыртқы істер министрі А.Давутоғлумен
келіссөздер жүргізді.
Түркия Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық əріптестерінің бірі болып табылады. ҚР Статис-
тика жөніндегі агенттігінің мəліметтері бойынша Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты сауда
көлемі 2011 жылдың қорытындылары бойынша 3,303 млрд. АҚШ долл. (экспорт – 2,574 млрд. долл,
импорт – 729 млн. долл.) құрады. Екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің
тиімді тетігі – Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түркия Үкіметаралық комиссиясы
болып табылады. Мəдени-гуманитарлық саладағы қазақстан-түрік ынтымақтастығы жоғары белсенділік
сипатына ие. Бұл бағытта тараптар өкілдерінің мəдени шараларға қатысуына, шығармашылық делегация-
лармен алмасу практикасын жалғастыруға, екі ел қалалары мен аймақтары арасындағы бауырластық
қатынастарды дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Түркістандағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-
түрік университетінің, Алматыдағы мемлекеттік емес С.Демирел атындағы университеттің, Жамбыл
есептік-несиелік экономикалық колледжінің, 29 қазақ-түрік лицейінің, «Достық» білім беру орталығы-
ның, «Шахлан» бастауыш мектебінің қызметі білім саласындағы өзара ықпалдасудың табысты үлгісі
болып табылады. Түрік тарапының бастамасымен Түркия аумағында қазақ халқының қайраткерлеріне:
Абай Құнанбаевқа, Мұхтар Əуезовке, Мағжан Жұмабаевқа, Абылай ханға, Қабанбай батырға ескерткіш-
тер орнатылған.
Сонымен қатар түркі мəдениетін жəне өнерін ортақ дамыту халықаралық ұйымы(ТҮРКСОЙ)
жұмысын жалғастыруда. Түркі мəдениетін жəне өнерін ортақ дамыту халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ)
1993 жылы 12 шілдеде құрылды.2011 жылғы 20-21 қыркүйекте Астана қаласында ТҮРКСОЙ Мəдениет
министрлерінің Тұрақты Кеңесінің 29-шы отырысында Қазақстан өкілі Д.Қасейінов ТҮРКСОЙ-дың Бас
хатшысы болып 3 жылға қайта сайланды. ТҮРКСОЙ түркітілдес халықтардың арасындағы рухани байла-
ныстар дəстүрлерін жаңғырту мақсатында құрылған. Ұйымның сан-салалы қызметі мүше елдер арасын-
дағы мəдени алмасу мен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. ТҮРКСОЙ мүше-елдерінің ортақ
жігерімен түркі халықтарының материалдық жəне материалдық емес мəдени мұраларын қорғау бойынша
үлкен жемісті жұмыс жүргізілуде, оның ішінде, тарих жəне мəдениет ескерткіштерін жаңғырту, түркі
халықтарының ұлттық мəдениеті үшін ерекше маңызды болып табылатын сирек тарихи-мəдени, архитек-
туралық жəне археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сонымен қатар фольклор, дəстүр мен əдет-ғұрып
мəселелері кіреді. Соңғы жылдары ортақ тарихы, мəдениеті, тілі жəне ұлттық мəдени құндылықтары бар
бүкіл түркітілдес мемлекеттердің арасында мəдени, рухани, гуманитарлық жəне басқа да салаларда байла-
ныстары кеңеюде.
Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік Ассамблеясы – ТүркПА 2008 жылы 21 қарашада ҚР
Президенті Н.Ə. Назарбаевтың бастамасымен құрылды.ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қ.Мəми
жəне ҚР Парламенті Мəжілісінің төрағасы Н.Нығматулин ТүркПА Кеңесінің мүшелері, Сенат депутатта-
ры С.Ақылбай, С.Еңсегенов, О.Əбдікəрімов, Г.Есім (ТүркПА мəдени-гуманитарлық мəселелері бойынша
комиссиясының төрағасы) жəне Мəжіліс депутаттары М.Əшімбаев, Н.Əбдіров, С.Қанаев, А.Смайыл,
Е.Шпанов ТүркПА делегациясының мүшелері болып табылады.
ТүркПА-ның негізгі мақсаттары - парламенттік дипломатия, заңнаманы үндестіру арқылы елдер
арасындағы саяси диалогтың дамуына жəне тарихи, мəдени жəне тіл бірлігі, сондай-ақ басқа өңірлердің
түркітілдес халықтары мен елдері арасындағы өзара тиімді жəне тең құқылы ынтымақтастық негізінде
парламенттік ынтымақтастықтың нығаюына жəрдемдесу.2009 жылғы 28-29 қыркүйекте Бакуде ТүркПА-
ның 1-ші пленарлық отырысы өтті, оған ҚР Парламенті Мəжілісінің төрағасы О.Мұхамеджанов бастаған
қазақстандық делегация қатысты.Отырыс барысында ТүркПА Регламенті, ТүркПА Хатшылығы туралы
ереже жəне 2010 жылға арналған Хатшылық бюджеті бекітілді. Отырыс қорытындысы бойынша Баку
Декларациясы қабылданды. ТүркПА Кеңесінің қарарымен келесі пленарлық отырыс 2010 жылғы қазанда
Астанада өткізілуі туралы шешілді. Алайда, 2010 жылы көктемде Қырғызстанда болған оқиғалардан жəне
ҚР Парламентінің таралуынан кейін, ҚР Парламенті Мəжілісінің төрағасы О.Мұхамеджанов ТүркПА-
ның екінші отырысының мерзімін 2011 жылдың бірінші жартысына қалдыруды ұсынды.2011 жылғы 27-
28 сəуірде Астанада ТүркПА-ның екінші пленарлық отырысы өтті. Отырыс барысында Экономикалық,
сауда жəне қаржылық мəселелері бойынша, қоғамдық жəне мəдени-гуманитарлық мəселелері бойынша
тұрақты комиссиялардың төрағалары сайланды. Отырыс қорытындысы бойынша Астана Декларациясы
қабылданды.2012 жылғы 14-15 маусымда Бішкек қаласында ТүркПА-ның үшінші пленарлық отырысы
өтіп, Бішкек Декларациясы қабылданды. Сонымен бірге, Ұйым шеңберіндегі бірқатар комиссиялардың
төрағалары мен хатшылары тағайындалды. 2013 жылғы 10-11 маусымда Анкара қаласында ТүркПА-ның
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г.
50
төртінші пленарлық отырысы өтіп, Анкара Декларациясы қабылданды. Отырыс кезеңінде ТүркПА Бас
хатшысы лауазымына келесі төрт жылға ҚР Парламенті Сенаты аппараты басшысының орынбасары
Ж.Асанов сайланды [3].
Түркия мен Қазақстан Республикасы арасындағы дипломатиялык қатынастырының жирма жылдық
мерзімі ішінде қазақ-түрік қарым-қатынастары ынтымақтастықтың алуан түрлі кезеңдерінен, мінеки
стратегиялық əріптестік деңгейіне де жетті. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Түркияға үшінші ресми сапары барысында екіжақтың өзара достық, əріптестік жəне
ынтымақтастық жөніндегі Біріккен мəлімдемесінде айтылады. Екіжақты қарым-қатынастардың даму
динамикасына Түркия президенті Т.Озалдың дипломатиясы позитивті əсерін тигізді. Бұл саясатта
Түркияның Орталық Азия аймағына қатысты сыртқы саясат бағдары белгіленген. Екі мемлекет те халық-
аралық аренада бейбітшіл саясатты жүргізеді. Сонымен қатар екі мемлекеттің де жаһандық жəне аймақ-
тық мəселелерге деген əдістемесі негізінен дəлме-дəл келеді. Мысалы, Түркия Қазақстанның ядролық
қарулардан бас тарту шешімін құшақ жайып қарсалды. Оған қоса Қазақстан Республикасының Ядролық
қаруды таратпау келісіміне (ДНЯО) қосылуы барысында қолғабыс танытып, əлі күнге дейін Семей
полигонындағы ядролық сынақтардың қасіретті зардаптарын бастан кешіруге маңызды көмек көрсетіп
отыр. Сонымен қатар Қазақстан Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мəселелерін шешуге қызмет ететін
Азиядағы өзара іс-қимыл жəне сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) өмірге енгізді, сол
кеңесте Түркия оның тұрақты мүшесі болды. Екі мемлекетте халықаралық терроризмге қарсы күрес пен
Ауғаныстанның қалпына келу іс-шараларына белсене араласады. Бұл - екі елдің де мүдделерінің сəйкес-
тігінің көрсеткіші болып табылады. Бұдан басқа біздің мемлекеттер халықарлық ұйымдарда да өзара
əрекеттеседі. Əсіресе НАТО шеңберіндегі серіктестікті атап өткен жөн. Түркия мен Қазақстанның екіжақ-
ты қатынасында экономикалық ынтымақтастықтың орны ерекше бөлек болып табылады. Бұл саладағы
ынтымақтастықтың негізгі тізгіні ретінде түрік үкіметінің бауырлас халықтарға көмек атты бағдарламасы
болып табылады. Бүгінгі күнде Түркия Қазақстан үшін сауда жəне құрылыс саладағы ең ірі əрі жетекші
донор мемлекет болып саналады. Яғни осыған байланысты, Қазақстан бүкіл Орталық Азия аймағы мен
Закавказье елдері арасындағы түріктік көшбасшылық орында. Қазіргі кезеңде техникалық ынтымақтас-
тық жобалары шамамен 40 млн. АҚШ доллары болса, ал гуманитарлық саладағы проектілері 34 млн.
АҚШ долларын құрады. Түркия Қазақстанға жеңілдік шарт түрінде бөлінетін ұзақ мерзімді несиелердің
жалпы көлемі 550 млн. АҚШ долларына тең келеді. Ал соңғы кезде екі ел арасындағы эконо-микалық
байланыстарға келетін болсақ 2011 жылдың алғашқы 6 айында сауда көлемі 2,8 миллиард доллар болға-
нын жəне бұл көрсеткіштің 10 миллиард долларға жетуі мүмкіндігі бар [4]. Түркия тұрақты сауда айналы-
мының нəтижесінде кіріс деңгейі де өсті əрі сауда құрылымы сапалы түрде жақсарған сипаты байқалады.
Түркия сыртқы сауда айналымы жөнінен Қазақстан ТМД елдері ішінде Ресей Федерациясы мен Украина-
дан кейінгі үшінші орында екенін атап өту қажет. Екі мемлекет арасындағы мəдени жəне гуманитарлық
қарым-қатынастар да сəтті даму үстінде. Бұл халықтық дипломатияның айқын көрінісі. Мəселен, Түркия-
да қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен бірқатар концерттік бағдарламалар өтті. Сонымен қатар
түрік фильмдер қазақстандық телебағдарламалар жергілікті телевидениеден көрсетіледі. Дəл солай қазақ-
стандық журналистері мен əртістері бірнеше рет Түркияға барып, сонда интервью беріп, əр түрлі доку-
менталды, көркемфильмдерді түсіріп, алуан түрлі көрсетілімдерді ұйымдастырған. Яғни екі мемлекет
арасында əр түрлі салалар бойынша кең əрі оң əріптестік тəжірибенің жиналғанын байқатады. Қазақстан-
ның шетелдік əріптестері арасынан Түркия өзінің интенсивті əрі тиімді байланыстарымен көшбасшылық
орындардың біріне иемденеді. Бұл - өз алдына қазақ-түрік қатынастарының стратегиялық сипатына ие
екендігін көрсетеді. Түркия əрдайым Қазақстанға оның нарықтық экономикаға даму жолында саяси,
экономикалық, оның ішінде қаржылық-экономикалық, əр түрлі ірі проектілерді жүзеге асыруда техника-
лық көмек көрсетеді. Оған қоса инвестициялық салада, ғылым мен жаңа технологиялар саласындағы
ынтымақтастықтың перспективасы байқалады. Осыған орай Түркияның іскер топтары динамкалық түрде
дамып жатқан қазақстандық нарыққа инвестицияларды салуды жігерлендіруге мүдделі болып отыр. Сол
үшін екі жақ та сауда-экономикалық жəне қаржы-экономикалық əріптестікті сапалы жаңа деңгейге өткізу
мақсатында өзара ынтымақтастықтың қосымша механизмдерін құруға мүдделілігін білдіреді. Сонымен
қатар Түркия үкіметі Қазақстан Республикасы басшысының жаңа геосаяси жағдайдағы, яғни дəстүрлі
қауіптердің асқынуы жəне жаңа шақырыстар мен қауіптердің пайда болуымен сипатталатын қазіргі заман
халықаралық қатынастар жүйесін жетілдіру қажеттілігі бар екендігін көрсететін позициясы мен Азиядағы
өзара іс-қимыл жəне сенім білдіру шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) идеясына қолдау көрсетсе,
Қазақстан дипломатиясы болса, Түркияның НАТО ұйымындағы ролін жəне Түркияның ЕО кірудегі
саясатын қолдайды. Түркия қазіргі заман əлемінің ірі экономикаларының бірі ретінде тиісті өкілеттік
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж.
51
деңгейге ие болуы тиіс деген позицияға қолдау көрсетеді. Түркия мен Қазақстанның кейбір халықаралық
мəселелерде ұқсас позициялары байқалады. Олардың қатарында Орталық Азия аймағындағы жəне
посткеңестік кеңістіктегі жалпы интеграциялық процестер, аймақтың жəне жалпы азиаттық қауіпсіздік
мəселелері, Таяу Шығыс мəселесін реттеу бар. Түркия мен Қазақстанның экономикалық саладағы
ынтымақтастығының əлеуеті өте үлкен. Өйткені Қазақстан минералдық ресурстарға өте бай əрі адам
ресурстары да жақсы. Ал Түркия болса, қаржы ресурстары жетерлік, оның экономикалық жағдайы
əлемдегі жетекші орын алады. Сондықтан да екі мемлекет те бір бірін толықтырады. Екіжақтың экономи-
калық саладағы жағдайы жайында жалғасты айта берсек, жалпы экономикалық қатынас өзінен өзі салыс-
тырмалы жағдайда берік. Өйткені Түркия Қазақстанның ірі донор болып табылады. 1991 жылдың өзінде
Түркия Орталық Азияға көрсетілетін көмегі алуан түрлі болып келді, оның инициативасы бойынша
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының Дамудағы көмек көрсету комитеті Орталық Азия
мемлекеттерін дамудағы ресми көмек көрсету тізіміне енгізді. Сондағы Қазақстанның дамуына бағыттал-
ған көмек көлемі 1998 жылы 95,2 млн. АҚШ доллары болды, ал 2001 жылы 43,9 млн. АҚШ доллары ғана
болды (бұл Қазақстанның басқа орталықазиялық мемлекеттерге қарағанда тұрақтанған жағдайға байла-
нысты. Орталық Азия мемлекеттері оның ішінде Қазақстанға да бағытталған көмектің негізгі мақсаттары:
• Демократия мен нарықтық экономикаға көшу жолындағы жүйені беріктету мен кадрларды
дайындау;
• Инфракұрылымды дамыту, əсіресе транспорт пен байланыс құралдарына қатысты;
• Денсаулық сақтау мен білім беруге қолдау көрсету;
• Қоршаған ортаны қорғау.
Осының негізінде Түркия Қазақстанға теміржол құрылымдарын модернизациялауға (əсіресе Қытай-
мен шекаралас «Достық» станциясы), Атыраудағы құрылыс саласында, Алматы мен Астана əуежайының
реконструкциясына, Батыс Қазақстандағы автомобиль жолдарының реконструкциясына займдар берді
жəне қазақстандық жоғарғы оқу орындарына қайтарымсыз оқу құралдары мен театр, ауруханаларға
қажетті жабдықтарды берді. Оған қоса Түркия қазақстандық шенеуніктерді, кəсіпкерлер мен студенттерді
тəжірибелерге жиі шақырады. Сонымен қатар жоғарыда айтылған бағдарлама шеңберінде экономикалық
дамудың алғышарттарына зерттеу жүргізіледі (мысалы, табиғат байлықтарын жəне су ресурстарын игеру-
де) [5]. Бұдан басқа Түркия Қазақстанға қаржылық көмек көрсететін барлық халықаралық ұйымдарға тұ-
рақты түрде жəрдемдеседі. Сауда қатынастары жөнінен Орталық Азия аймағындағы мемлекеттердің іші-
нен Қазақстан Түркия үшін ең маңызды стартегиялық əріптес болып табылады. Түркияның ірі сауда ком-
панияларының барлығы 1990 жылдьщ бірінші жартысының өзінде Алматыда өздерінің өкілдіктерін аш-
ты. 1994 жылдан бастап көптеген жапондық бизнесмендердің қатысуымен жыл сайынғы Түрік-Қазақстан
жəне Қазақстан-Түрік экономикалық ынтымақтастық комитеттерінің біріккен отырыстары өтіп жатты.
2002 жылы Түркиядан Қазақстанға бағытталған экспорт көлемі шамамен 92 млн. АҚШ доллары болса, ал
Қазақстаннан Түркияға импортты шамамен 98 млн. АҚШ долларын құрады. Бірақ жалпы Түркия үшін
бұл цифрлар үлкен көлемді кұрамайды, өйткені бұл оның жалпы сыртқы сауда айналымының азғантай
бөлігі болғанмен Қазақтан үшін пайдасы зор.
Түркия европалық мем-лекет ретінде демократияда үш маңызды нəрсеге басты назар аударады. Бірін-
шіден, билік тарауларының, яғни атқарушы, құқықтық жəне соттық тараулардың балансы. Кейде олардың
қатарына БАҚ-ты да төртінші етіп қосады. Осы тараулардың барлығы да қарсыластық заңдылықтарының
негізінде бірін бірі бақылап тұруы қажет. Екіншіден, негізгі əрі ең соңғы билік халықтың қолында болуы
тиіс. Ал халықтың еркі сайлау кезінде өз көрінісін табады. Сондықтан сайлау анық жəне əділетті өтуі тиіс.
Соның негізінде халықтың қалауын байқауға мүмкіндік туады. Жəне ең соңғысы үшіншіден, адам абыро-
йы мен ар-намысын құрметтеу. Түркияда Ататүрк кезінде осы үш мəселе Конституцияға енгізілген
болатын. Жəне демократияның барлық принциптері сақталады. Осы орайда түрік саясаткерлер мен
шенеуніктер демократияны сырттан еріксіз таңуға болмайды деп жиі айтады. Өйткені əрбір мемлекет
өзіндік демократия моделін иемденуге əбден құқылы деп жиі айтады [6]. Əсіресе ең алдымен ел экономи-
касын тұрақтандыру қажет жағдайда демократиями енгізуді біртіндеп, сатылай жүзеге асыру кажет.
Сондықтанда Түркия өзінің стратегиялық саясатының негізінде демократияны енгізу принциптерін де
ескерсе де бұдан бұрын аймақтағы мемлекеттердің оның ішінде тікелей Қазақстанның да экономикалық
жағдайын реттеуге көмек көрсетіп, аймақтағы қауіпсіздік мəселелерге көңіл бөлуді үйғарады. Екі ел
тұрмақ бүгінгі күнде Қазақстан мен Түркия компаниялары арасында стратегиялық əріптестікті орнатып
отырған ортақ проект бойынша бірлесіп жүмыс жасап жатқан компаниялар да бар. Қазіргі күнде бүкіл дү-
ние жүзінде энергетиканың жаһандық диверсикациясы жүріп жатыр жəне əлемдік қаржы дағдарысы осы
процестерде маңызды рөл атқарады. Осы жағдайда жоғарыда аталған түрік компаниялар үшін Қазақстан
Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №2(41), 2014 г.
52
сияқты пайдалы қазбаларына бай мемлекетпен əріптестікке келу өте маңызды. Ал осы проектілердің
жалғасты оның əрі сəтті дамып кетуі Қазақстан Республикасы мен Түркияның өзара ынтымақтастық
қарым-қатынастарының даму деңгейіне байланысты. 2001 жылы экономикалық ынтымақтастықтың
екіжақты үкіметаралық комитеттің отырысы кезіндегі Қазақстан Республикасының премьер-министрі
Қ.Тоқаев Қазақстанның Орталық Азия мен Закавказье елдері арасындағы Түркия үшін ең жақыны деп
атап өтуі жəне өз кезегінде Түркияда Қазақстанды өз ретінде қабылдайды. Соңғы жылдары Қазақстан мен
Түркия арасында болған кемшіліктерге қарамастан Түркия сонау Ұлы Жібек жолы заманынан келе
жатқан тарихи байланыстарды қайта жаңғыртуға мүдделі. Сондықтан да өзара тиімді ынтымақтастық
негізінде құрылған Қазақстан мен Түрік елінің стратегиялық қатынастары XXI ғасырда да талай рет
жетістіктерін көрсетініне сенімділік бар.
Түркияның аймақтағы қазіргі кездегі саясаты. Түркия Орталық Азия аймағына қатысты саяси бағытын
ең бірінші орында тек қана экономикалық мақсат содан кейін барып, нақты саяси мақсаттар белгіленген.
Ал оның бұрынғы Кеңестік елдермен экономикалық ынтымақтастығы үш бағытта жүреді - экономикалық
көмек, сауда мен инвестициялар. Түрік үкіметінің Орталық Азия мемлекеттері үшін арнайы тұжырымдал-
ған бағдарламалары болмасада ОА үшін нарықтық жолында көмек көрсету мен əлемдік экономика
шеңберінде ынтымақтастыққа келу болып табылады. Өйткені ОА-ғы тұрақтылық жағдайдың жайлы
болуы Түркияға жəне əлем қауымдастығының басқа да мемлекеттерінің жалпы тұрақтылығын қамтама-
сыз етеді. Сондықтан да түрік үкіметінің пайымдауы бойынша ауыспалы кезеңдегі мемлекеттерге көмек
корсету Түркияның өз мүддесі үшін пайдалы. Яғни бұдан шығатын қорытынды «дамудағы ресми көмек»
шеңберінде жасалатын барлық шаралар түрік халқының амандығына қолдау жасаумен тең келеді.
Сондықтан бүгінгі күні Түркиямен Орталық Азия мемлекеттеріне донор елдердің ішінде жетекші орында.
Түркия Орталық Азия елдерімен екіжақты экономикалық ынтымақтастық деңгейі көбіне ТМД-дағы
экономикалық реформалар бағдарламасы шеңберінде жасалатын проектлермен сипатталады. 2001
жылдан кейін Түркия стратегиясы шеңберінде жаңа сыртқы саяси бағдардың жүзеге асырылуына кірісті.
Ол саясат үш құрамдас бөліктен тұрады: бірінші - өзара сенімділік пен түсіністікті арттыру мақсатындағы
саяси сұхбат, екінші - аймақтың гүлденуі мен дамуы мақсатындағы табиғи ресурстарды игеруде экономи-
калық ынтымақтастық, үшінші – НАТО шеңберінде тұрақтылықты сақтау арқылы аймақтағы бейбітші-
ліктің болуын қамтамасыз ету. Жəне де Түркия Орталық Азия қазба байлықтарын игеруде, сонымен қатар
транспорттық, коммуникациялық жəне энергетикамен қамтамасыз ету жүйесін кұруда ішкі аймақтық
өзара ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру факторы ретінде қалыптасуы керек [7].
Осындай сыртқы саяси вектордың негізінде Түркия үкіметі «Ұлы Жібек жолы жөніндегі дипломатия-
сын» жəне «Үлкен Орталық Азия» бағдарламасына қосылды. Бұл бағдарламар Түркияның Орталық Азия
мемлекеттеріне нарықтық экономикаға өтуге қолғабыс жасап, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту
болжамдалады.Ұлы Жібек жолы үш негізде салыбақшы болды - энергетика, трансконтинентальді транс-
порттық жүйе жəне телекоммуникация. Жобаның өзегі ретінде бірінші орында ресурстарды игеру, əсіресе
мұнай мен газды. Орталық Азияның шикізат қорын пайдаланған кезде ол жергілікті экономикаға
диномизмді əкеліп, ал ірі импорттаушыларға тұрақты шикізат жеткізулерімен қамтамасыз етеді. Бұл өз
алдына аймақтағы интеграциялық процестерге түрткі болып, жаһандық шеңбердегі транспорттық жəне
ақпараттық коммуникациялар жүйесіне интеграциялауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда аталғанның барлығы Түркияның Орталық Азия аймағына бағытталған аса маңызды сыртқы
саяси бағдар болды. Бірақ 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған оқиғадан кейін аймақтағы стратегиялық
өзгерістерден соң, Түркия да аймаққа қатысты өз саясатын қайта қарастыра бастады. Осы орайда екі
қорытынды тұжырымдама пайда болды. Олар мыналар:
1. Орталық Азия мемлекеттерімен екі жақты қарым-қатынасын жалғасты тереңдету мен кеңейту;
2. Біріншімен байланысты, жалпы Орталық Азия аймағымен ынтымақтастық пен саяси сұхбат-
ты дамыту.
Осыған байланысты Түркия АҚШ-пен бірге Орталық Азия мемлекеттерімен жаңа деңгейдегі қатынас-
қа түсуге бет бұрды. Яғни жоғарыдағы екі принцип жаңа ғасырдың жаңа жағдайындағы Түркияның
ерекше бағытына негізделген. Бұл өз алдына даму жөніндегі жаңа «Үлкен Орталық Азия жəне Түркия»
атты сұхбаттың пайда болуына əкелді. Бұл бағытта Түркия Орталық Азия аймағындағы сыртқы саясаты-
ның құрылымдық өзгеруі туралы айтылып жəне сол жаңа саясаттың жоғарыда аталған, Орталық Азия
мемлекеттерімен екі жақты қарым-қатынасын жалғасты тереңдету мен кеңейту жəне жалпылай Орталық
Азия аймағымен ынтымақтастық пен саяси сұхбатты дамыту пинциптері негізінде құрылғаны айтылады.
Сонымен қатар,Түркия премьер-министрі Орталық Азия мемлекеттерінің нарықтық экономика жолына
ауысуы мен демократияны дамыту жəне аймақ мемлекеттерінің өз ішінде бір-бірімен интеграциялық
Абай атындағы аз ПУ-ні Хабаршысы, «Тарих жəне саяси-əлеуметтік ғылымдар» сериясы, №2(41), 2014 ж.
53
ынтымақтастық Орталықазиаттық мемлекеттер үшін өте маңызды екенін бөліп айтты.Қорыта айтқанда
Түркия позициясы біріншіден, Орталық Азия мемлекеттерінің əлі де өзекті блып отырған есірткі, су жəне
энергетика ресурстарын пайдалану, сауда саласындағы кедергілер, экология жəне басқа да мəселелерді
өздері дербес түрде шеше алмаса, екіншіден, Орталық Азия аймағының келешекте тұрақты əрі біртұтас
қауымдастық ретінде динамикалық түрде өсуі мен гүлденуін қамтамасыз ете алатындай ішкі аймақтық
ынтымақтастықка бар күш-жігерін координациялауға ұмтылса, үшіншіден, жоғарыда аталған мəселелерді
шешу мақсатында ішкі аймақтық ынтымақтастыққа бағытталған коллективті іс-əрекетттерді ұйымдас-
тырса, онда Түркия мемлекеті ондай əрекеттерді қолдап көмек көрсетуге əрдайым дайын. Түркия жағы
көз қарасы бойынша, Орталық Азия елдері мен Түркия арасындағы өзара ынтымақтастық үш негізгі
принциптің негізінде дамуы тиіс: «əр түрлілікті құрметтеу», «бəсекелестік пен координациялылық»,
«ашық ынтымақтастық». «Əр түрлілікті құрметтеу» принципі, яғни бұл дегеніміз əр бір жеке мемлекеттің
өзіндік бірегей мəдениеті мен өзіндік құрылымын құрметтеу, ал «бəсекелестік пен координациялылық»
бұл - нарықтық экономика негізіндегі ерікті бəсекелестікті жүргізе отырып, аймақтың өз ішінде бес
мемлекеттің күш-жігерін біртұтас, бір бағытқа координациялап, нарықтық экономика принциптеріне сай
өзара бəсекелестікті тудыру болса, үшінші «ашық ынтымақтастық» принципі бұл дегеніміз егер де ішікі
аймақтық кооперация, аймақтың жекелеген мемлекеттері арасындағы қатынаста ешбір ерекше талапсыз
дамитын жағдайда болғанда ғана, тиімді ынтымақтастыққа жетуге болатынын білдіреді. Əрине Түркия
үшін аймақтың əрбір мемлекетімен жекелеген екіжақты қатынастар да маңызды орында, бірақ кейбір
жағдайларда тек бір мемлекетке қатысы бар мəселені ұлттық шекара шеңберінде шешу келмейді. Əсіресе
Орталық Азия елдеріне қарайтын болсақ, олардың барлығы да негізінен мəселені шеигу жолын бір бағыт-
та іздейді. Жай ғана қарапайым мысал, су-энергетикалық консорциумды құру қай заманда көзделген,
бірақ еш нəтиже жоқ, ол əлі құрылған жоқ. Бұл тағы бір əріптесті қажет етіп тұрғанын білдіреді. Сондық-
тан да Орталық Азия мемлекеттерімен қатар Түркия да өз көмегін білдіруге дайын, өйткені онда ЕО пен
НАТО шеңберінде экономикасы мен саяси жағдайын қалпын келтіруден тəжірибе жиналды. Түркияның
сыртқы саясатында Орталық Азия аймағы негізгі маңызды аймақ деп белгіленген. Бұл аймаққа жиі іс-
сапарлармен келетін делегациялардан да байқалады. Олардың мақсаты көбінесе экономикалық жəне
техникалық ынтымақтастық болса, тағы бір жағынан орталық-азиялық аймақ мемлекеттерімен мəдени
байланысты одан əрі дамыту болып табылады. Жəне де делегациялардың келуін түрік тарапы аса сондай
саяси сипат беретіні бірден көрінеді. Көбіне максималды түрде нақты экономикалық бағдарламаларға
негізделгенді ұйғарады жəне бұл акценттің қарапайым халыққа сезілуін артық көреді. Түркия үкіметі
Орталық Аймағының жергілікті энергия қайнар көздерін пайдаланып, техникалық ынтымақтастық
саласын одан əрі бекіту мақсаты бар. Қорытындылай келе, Түркия мен ОА мемлекеттерінің қарым-қаты-
настарында бес бағытты белгілеуге болады. Бірінші - экономикалық, екінші - туризм, үшінші - саяси сұх-
бат, ішкі аймақтық ынтымақтастық, төртінші - бизнес жүргізуді қолдау, бесінші - интеллектуалды сұхбат.
Достарыңызбен бөлісу: |