Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


  11.5. Оқытудың интербелсенді әдістері: пікірсайыс, тренинг



Pdf көрінісі
бет234/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

 


298 
11.5. Оқытудың интербелсенді әдістері: пікірсайыс, тренинг, 
диалог, дебат, пікірталас, т.б. Оқыту әдістерін таңдау мәселе-лері. 
Мұғалімнің оқытудың қозғаушы тетіктерін тиімді басқа-руындағы 
әдістемелік және технологиялық құзыреттілігі. 
Интербелсенді (интерактивті) оқу/оқыту
бірінші мезетте бі-лім 
игеру үдерісіне қатысушылардың тиімді қарым-қатынасына негіз-деледі. 
Ағылшын тілінен келген 
«интерактив»
сөзі де осы ұғымды білдіреді: 
«inter»
дегеніміз 
«өзара»
мағынасында, ал 
«act»

«әрекет жасау»
дегенді 
білдіреді.
Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қоян-қолтық 
қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру.
«Интербелсенді» дегеніміз
диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни 
«үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші - өзімен өзі» 
форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен 
әрекеттер»). 
Интербелсенді оқу/оқыту білім игеру үдерісін келесідей ұйым-
дастыруға ынталы: 
1)
барлық үйренушілерге бірлескен таным үдерісіне белсенді 
араласуға мүмкіндік жасау; 
2)
әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы
түсініктерін ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғауына 
мүмкіндік жасау. 
Сонымен, интербелсенді оқу/оқыту 
бірлесе үйрену
идеяларын 
ұстанады. Бірлесе үйренуде әрбір үйренуші танымның (оқу, үйрену-дің) 
ортақ мағынасына және аяққы нәтижесіне өз үлесін қосып, бас-қалармен 
өзінің білгенімен, идеяларымен, ойларымен алмасады, тиімді нәтижеге 
(білімге) қандай бірлескен үйрену/оқу әрекеттері арқылы жете алатындығын
анықтайды.
Мұндай қарым-қатынастағы бірлескен әрекеттер бірін-бірі жақ-тыру, 
өзара сыйласымдық пен қолдау атмосферасында өтіп, тек қана жаңа білім 
игеруге жағдай жасап қана қоймай, сонымен бірге таным үдерсін өзара 
ынтымақтастық пен бірлесу деңгейлеріне көтереді, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет