Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


неге үйрететіндері емес,  қалай



Pdf көрінісі
бет267/282
Дата19.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#108736
түріОқулық
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   282
неге
үйрететіндері емес, 
қалай 
үйрететіндері.
Ең маңыздысы сол белгілі білім ақпараттарын тың-даушыға 
қандай әдіс-тәсілдерді қолдана отырып жеткізуінде. Оқыту мен жазу білім 
берудегі ең негізгі үдерістер болғандықтан, оқушыларды дұрыс жазып


340 
дұрыс оқу тәсілдеріне арнайы үйрету, ақпараттарға сын тұрғысынан қарап, 
ой елегінен өткізу тәсілдерін меңгерту қажет.
Оқуда кез келген ақпарат түрлі тәсілдермен талданып, мазмұны 
бойынша маңызды жақтары іріктеліп отырады. 
Түсіне оқу
деген ұғым-ның 
өзі педагогты ойландыруы керек. Мұғалім ақпараттың күрделілік деңгейін 
дұрыс таңдап, оның оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай келуін ескеруі 
қажет.
Сондай-ақ 
тиімді оқудың
өзі үлкен өнер. Ол үшін мұғалім ой 
еңбегінің нәтижесіне әсер ететін барлық факторлар дұрыс ойластыруы керек. 
Қанша уақыт жұмсау, нені анықтау, қандай сұрақтарға жауап іздеу, не үшін 
оқу – осының барлығын дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық 
шеберлігінің және технологиялық құзіреттілігінің айқын дәлелі бола алады. 
Рефлексиялық жазу
оқу барысында оқушылар көптеген жазба 
жұмыстарын атқарып отырады. Мысалы қысқаша конспект жасау, түртіп 
жазу, ұнаған ойларды жазып алу, ұлы адамдар сөздерін жазып алу. 
Сонымен қатар оқыған материал бойынша рефлексиялық жазба жұмыстарын 
жүргізу (оқылған материал бойынша эссе, шығарма, маз-мұндама жазу, 
т.с.с.) білімді меңгеру деңгейін дұрыс анықтауға мүмкіндік беретін маңызды 
тетіктердің бірі.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуда шетелдік білім беру үдерісіндекөп 
жылдардан бері қолданылып келе жатқан 
Блум таксономиясы
тиімді 
нәтижелер көрсетуде. Осы теория негізінде танымүдерісі ең қарапайымынан 
бастап 6 деңгейге бөлініп қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   263   264   265   266   267   268   269   270   ...   282




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет