Сөздердің орын тәртібі орыс. порядок слов — сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті. Қазақ тіліндегі Сөздердің орын тәртібі типологиялық тұрғыда оның жалғамалы құрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Сөздердің орын тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар.
48.Иран және үнді тілдері жайлы
Иран- «Иран тілдері» атауының өзі 19 ғасырдың ортасынан басталады. Бұл тілдер тобы Иранмен өз этникалық топ ретінде мүмкіндігінше тығыз байланысты немесе, керісінше, одан біршама алшақ, тек кейбір туыстық белгілерін сақтай отырады.
Бұл жағдай ең алдымен көп жылдар бойы иран тобының жетекші тілі болып саналған парсы тіліне қатысты. «Иран» деген ұғымның астарында парсы тілін ғана емес, тұтас бір тіл кешенін түсіну керек.жоғарыда аталған парсы тілін қамтитын диалектілер.
Үнді тілдері, — үндіеуропа тілдер шоғырының көне үнді тармағынан тараған тілдер тобы. Үнді тілдері Үндістанда хинди, урду, бенгал, маратхи, гуджарати, панджаби, ория ассам, синдхи тілдері, Пәкістанда урду тілі, Бангладеште бенгал тілі, Непалда непал тілі, Шри-Ланкада (Цейлонда) сингал тілі ресми тілдер қатарында.
49.Сөз мағынасының кеңейіуі мен тарылуы
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады.
Сөз мағынасының тараюы тарихи, қоғамдық, әлеуметтік, т.б. жағдайларға байланысты сөздің кейбір мағынасының қолданыстан шығып қалуын білдіреді.
50.Көмекші сөздер тәсілі
Көмекші сөздер — Лексикалық мағынадан айырылып, грамматикалық қызметке ауысқан, сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер. Мыс., ең әдемі, көре алады, барса екен, айтуы керек, т.б. Көмекші сөздер көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер болып бірнеше түрге бөлінеді. Көмекші сөздер тілдің грамматик. құрылысына кең таралған.
51.Грамматикалық категориялар туралы түсінік
Грамматикалық категория (гр. grammatike гр. gramma әріп, жазу, гр. kategoria пікір айту, пайымдау орыс. грамматическая категория) — мағынасы біртиптес грамматикалық тұлғалардын бір-бірінен өзгеше жүйесі. Бұл жүйеде категорияландыратын белгі басты қызмет атқарады. Мысалы: шақ, жақ, етіс т. б. категориялардын жинақты мағыналары соларға сай тұлғалар жүйесін қалыптастыратын категориялық белгі болып тұр.
52.Сөз мағынасы ауыстырып қолдану жолдары және түрлері
Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы іске асады. Сөздің ауыспалы, келтірінді мағынада қолданылуы бірде метафора мен метономия тәсілі арқылы болса, бірде қызмет бірлігі мен синекдоха тәсілдері арқылы болады. Сөз ұғымды білдірудің материалдық формасы бола тұрып, сананың дамуымен байланысты болатын ұғымның өрісі де бейнелейді. Ойлаудың дамуына тән ауысу процестері, мысалы, нақтылықтан абстрактылыққа, жалқылықтан жалпылыққа ауысу және ұғымның дәлденіп жіктелуі сөз мағынасының дамуына әсер етпей қала алмайды.
53.Сан,жақ және род категориялары туралы
Сан категориялары- тілдердің барлығына дерлік тән,жалпылама ортақ грамматикалық категориялардың бірі- грамматикалық сан-мөлшер категориясы.Қандай бір тілде сөйлейтін адамдар болсын,олардың ертеден ақ бір заттан көп затты ажырата білгендігі белгілі.
54.Кавказ тілдері
Кавказ тілдері — Кавказдан тыс жерлерде таралған белгілі тілдік отбасылардың ешқайсысына кірмейтін Кавказ тілдерінің шартты атауы (мысалы, үндіеуропалық, Алтай). Кавказ тілдері әдетте екі топқа: солтүстік кавказ және картвел тілдеріне бөлінеді. XIX ғасырдағы дәстүрлі киімдегі Солтүстік Кавказ халықтары.
55.Табу және эвфемизидер
Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер.
Табу сөздер төмендегідей негізде қалыптасқан:
1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, «жай түсті» десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен «жай» сөзін «жасыл» сөзімен алмастырып қолданған;
2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан «қасқыр» сөзін «ит-құс», «ұлыма» деген сөздермен алмастырып қолданған;
Тіл білімінде құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз, тұрпайы естілетін сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. Эвфемизм ойды көркем түрде бейнелеп жеткізу үшін қолданылатын, мәдениеттілікті, сыпайылықты білдіретін сөздер болып табылады.
56.Септік категориясы туралы түсінік
Зат есімнің септік категориясының сөлемдегі сөздердің бір-бірімен қарым-қатынасын, байланысын жүзеге асыратын категория.. Сөз арысындағы қарым-қатынастың түрлілігіне қарай септік катгеориясының мағнасының түрлі болады. Септік категориясының мағынасының септік жалғаулары арқылы беріледі. Қазақ тіліндегі жеті септік бары, атау септіктің қосымшасы жоқ, қалған септіктердің арнайы қосымшаларының бары, әр септіктің өзінше сұрақтары болады.
57. Орал тілдер семьясы
Ғалымдар орал тілдері тобына фин-угор, самоди тілдерін, Алтай тілдері тобынатүркі, моңғол, туңғыс-маньчжур тілдерін жатқызады. 18 ғасырда пайда болған бұл теорияны қолдаушылар (Ф. Страленберг, В. Шотт, М. А. Кастрен, О. Бетлингк, В. Томсен, М. Рясянен, Дж. Киекбаев т. б.) орал-алтай тілдерін 4 географиялық топқа (оңтүстік, солтүстік, батыс, шығыс) бөліп қарастырады.
58.Тіл біліміне кіріспе пәнінің мақсаты мен міндеті
"Тіл біліміне кіріспе" - жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде өтілетін теориялық пән. Пәннің мақсаты мен міндеті - студенттерді тіл білімінің негізгі үғымдарымен, терминдерімен таныстыру, оның басты-басты теориялық кағидаларын баяндап беру. “Тіл білімінің негіздері”- университеттер мен пединституттардың филология факультеттерінде өтілетін теориялық пән .Пәннің мақсаты мен міндетіне орай, бұл оқулықта тіл білімінің негізгі ұғымдары мен терминдері қарастырылып, оның басты –басты теорияларық мәселері бандалады.
Мақсаты:тілдің шығуы мен оның ішкі құрылымы мәселелері бойынша базалық білім беру 2.тілдің қоғамдық мәні мен оның негізгі қызметтерімен таныстыру.
59.Омонимдер және олардың түрлері
Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер мен көп мағыналы сөздер ұқсас болып келеді.
Түрлері: Тура омоним,туынды омоним
60.Палеоазит тілдер жайлы
Достарыңызбен бөлісу: |